kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геогрфиялы? ала?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

1. О?ушылар д?ниетанымын ке?ейту;

 Жа?аны білуге ?ызы?тыру;

2. Картамен ж?мыс жасай білу да?дыларын ?алыптастыру;

3. Географиядан ал?ан білімдерін орта?а салу.

?олданылатын ??рал - жабды?тар: Интерактивті та?та, слайд, карта, кестелер.

Ба?алау жетондары:

К?к жетон - 1 ?пай.

Сары жетон - 3 ?пай.

?ызыл жетон - 10 ?пай.

Ойынны? ж?ру барысы:

І. ?йымдастыру б?лімі: О?ушыларды топтар?а б?лу, белгіленген орындарына отыр?ызу, ?діл - ?азылар ал?асын белгілеу, барлы? ?атысушыларды? назарын аудару.

ІІ.  Кіріспе б?лім

М??алімні? кіріспе с?зі:

Ойынны? ма?саты мен шарттары  мен, ойын?а ?атысатын топтар мен ?діл - ?азылар ??рамы мен таныстыру.

ІІІ.  Негізгі б?лім.

1 тур: ?зін - ?зі таныстыру

2 тур: «Зымыран» ойыны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геогрфиялы? ала?. »

Географиялық алаң (сыныптан тыс сабақ)

Тақырыбы: Географиялық алаң.

Мақсаты:

1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;

Жаңаны білуге қызықтыру;

2. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

3. Географиядан алған білімдерін ортаға салу.

Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, карта, кестелер.

Бағалау жетондары:

Көк жетон - 1 ұпай.

Сары жетон - 3 ұпай.

Қызыл жетон - 10 ұпай.

Ойынның жүру барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топтарға бөлу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.

ІІ. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ойынның мақсаты мен шарттары мен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамы мен таныстыру.

ІІІ. Негізгі бөлім.

1 тур: Өзін - өзі таныстыру

2 тур: «Зымыран» ойыны

Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез -тез берілу керек.

І топтың сұрақтары.

1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар. (Меркурий)

2) Жер шары бетінің жалпы ауданы. (510,2 млн км)

3) Жер экваторының ұзындығы қанша? ( 40000 км)

4) Қытай мемлекетінің астанасы . (Пекин)

5) Жер бетінің ауа қабаты. (атмосфера)

6) Жазықтар картада қандай түспен боялады? (жасыл)

7) Дүние жүзіндегі ең ұзын тау. (Анд)

8) География ғылымының атасы атанған грек оқымыстысы. (Эратосфен)

9) Тіршілік қабаты (биосфера)

10) Ең алғаш глобусты кім ойлап тапқан? (Бехайм.)

11)Атмосфераның ең төменгі қабаты. (Тропосфера)

12) Жер серігі. (ай)

13) Қазақстанның ең биік нүктесі. (Хантәңірі)

14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

15) Ең ұзын параллель . (Экватор)

16) Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен. (Конго)

17) Жер бетіндегі ең ірі құс. (түйеқұс)

18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы. (шық)

19) Мойны ұзын жануар .(керік)

20) Жыртқыш ұсақ балық. (Пиранья)

ІІ топтың сұрақтары.

1) Күн жүйесінде үшінші орналасқан ғаламшар. (Жер)

2) Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы. (361 млн км )

3) Жер радиусы қанша? ( 6371 км)

4) Жан-жағынан материктермен шектесетін орасан зор су алқабы. (Мұхит)

5) Жер бетіндегі су қабаты. (гидросфера)

6) Таулар картада қандай түспен боялады? (қоңыр)

7) Жер шарындағы жылдық жауын-шашын ең көп түсетін жер. (Черапунджи)

8) Жердің шар тәрізді екенін іс жүзінде дәлелдеген саяхатшы. (Магеллан)

9) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)

10) Жол деген мағынаны білдіретін араб сөзі. (Азимут)

11) Американы ашқан кім? (Христофор Колумб)

12) География ғылымы ең алғаш қай мемлекетте пайда болды? ( Грекияда)

13) Қазақстанның ең төмен нүктесі. (Қарақия ойысы)

14) Жерінің көлемі жағынан дүние жүзінде ең ірі мемлекет. (Ресей)

15) Муссон деген не? (жел)

16) Жер шарындағы ең мол сулы өзен. (Амазонка)

17) Қалталы аю. (коала)

18) Эифель мұнарасы орналасқан қала. (Париж)

19) Әлемдегі ең үлкен жылан. ( Анаконда)

20) Қазақтың тұңғыш географы. (Шоқан Уалиханов)

3 тур: «Елтану» ойыны

Әрбір топқа тақтада 3 елдердің мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақта құралдарын пайдалана отырып оларды бір - бірімен сәйкестендіруі керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 3 ұпай.

І топтың сұрақтары.

ІІ топтың сұрақтары.

4 тур: «Бұл қай ел?»

Бір елдің сипаттамасы беріледі, сол бойынша елді картадан тауып көрсетулері керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.

І топқа:

Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.

Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Пирамидалар елі.

Үшінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Жауап: Египет

ІІ топқа:

Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер" деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.

Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.

Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.

Жауап: Нидерланд

5 тур: «Ойлан тап» ойыны

«Ойын толқын жатқандай асып - тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.» - дегендей «Ойлан, тап!» ойынын бастаймыз. Ойын шарты экраннан «Әлемнің кереметтері», «Қорық» суреттері көрсетіліп қысқаша мағұлматтар беріледі, әр топ олардың атын қай жерде орналасқанын айтуы керек.

І топқа: Бұл мүсін осы елдің символы және атақты ескерткіші болып табылады. Мүсін өте үлкен, бірнеше бөліктен тұрады, оның бір қолының ұзындығы 2 метр 40 см. Мүсінді бұдан 100 жыл бұрын Парижде жасаған. Одан оны мұхит су жолы арқылы осы елге Франция халқы атынан сыйлық ретінде алып келген. Мүсін қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: АҚШ - тың Нью - Йорк қаласында орналасқан, «Бостандық мүсіні» деп аталады.)

ІІ топқа: Бұл пирамидалар қатар - қатар тізілген төбесі сүйір сарғылт түсті жасанды таулар секілді. Бұл пирамидалар осы ел патшаларының табытханасы болып табылады. Пирамидалар қасында жартастан қашап жасалған денесі арыстан, басы адам бейнесіндегі тас мүсін бар. Ол сенім бойынша «Патшаны күзетіп тұр» мыс. Пирамидалар « Перғаун құдайы – мәңгілік» деген идеяны танытады. Олардың ішіндегі ең алыбы – осы пирамида. Оның биіктігі 447 метр. Бұл пирамидалар ежелгі патшалық дәуіріндегі сәулет өнерінің ең үздігі. Әлемнің жеті кереметінің біріне жатады. Пирамида қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: Египет астанасы Каирде орналасқан, Хеопс пирамидасы.)

І топқа: Әлемдегі ең әсем мұражай. Оны осы ел билеушісі сұлтан – Шах - Джахан өте сұлу әйелі Мумтаз - Махалдың құрметіне, табытхана ретінде, 1630 - 1652 жылдары 22жыл бойы, 20 мың ұстаны жалдап, ақ мрамрдан салдырған. (Жауабы: Үндістанның, Агра қаласындағы Таж - Махал мұражайы.)

ІІ топқа: Бұл қорған 3 - 4 ғасырларда осы елдің солтүстігін жау шапқыншылығынан қорғау мақсатында салынған. (Жауабы: Қытайдағы «Ұлы Қытай қорғаны.)

І топқа: 1927 ж құрылды. Бұл қорық Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85, 4 мың га - дан астам жерді алып жатыр. Бұл қай қорық. ( Ақсу - Жабағылы)

ІІ топқа: 1992 ж құрылған қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің Қазақстандық бөлігінің солт - батыс жағын, Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды. Бұл қай қорық? ( Батыс Алтай қорығы)

І топқа: 1984 ж Маңғыстау облысында «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен құстарды сақтап қалу үшін құрылған қорық. Бұл қай қорық? ( Үстірт)

ІІ топқа: 1998 ж Алматы облысындағы Алакөл жүйесіне енетін көлдерде мекендейтін су құстарын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында ұйымдастырылған қорық. Бұл қай қорық? (Алакөл қорығы.)

6 тур: «Географиялық ассоциация»

Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

І топқа:

1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну.

«Цунами»

2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.

«Дүние жүзілік су айналымы»

3. Анталия, Майами.

«Курортты жерлер»

4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.

«Астаналар»

5. Жерорта,Қара,Қызыл.

«Теңіздер»

6. Игуасу, Анхель, Виктория.

«Сарқырамалар»

7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия

«Жылы ағыстар»

8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.

.Шұңғымалар»

9. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю.

«Аралдар»

10. Атлас, Аппалач, Анд, Кордильер.

«Таулар»

ІІ топқа:

1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп - қатер.

«Айсберг»

2. Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра.

«Сарқырама»

3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.

«Желдер»

4. Гвинея, Бискай, Парсы.

«Шығанақтар»

5. Гоби, Сахара, Такла - Макан, Тар.

« Шөлдер»

6. Ганг Ніл, Сырдария, Хуанхэ, Дунай.

«Өзендер»

7. Байкал Зайсан Балхаш, Эри, Виктория.

«Көлдер»

8. Саванна, тундра ,тайга.

«Табиғат зоналар»

9. Рим, Пекин,Париж, Ташкент, Каир.

«Астаналар»

10. Ла-Манш, Беринг, Гибралтар.

«Бұғаздар»

7 тур: «Интеллектуалды жекпе-жек» капитандар сайысы.

20 сұрақ қойылады, екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезек-кезек жауап береді. Біреуінің жауап бере алмағанына екіншісі жауап беріп ұпайын алуға болады. Тез - тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Ең ұзын өзен. (Ніл)

2. Ең үлкен түбек. (Сауд Арабиясы)

3 Ең суыққа төзімді құс. (Пингвин)

4 Ең үлкен мұхит. (Тынық мұхиты)

5. Ең үлкен арал. (Гренландия)

6. Ең терең көл. (Байкал)

7. Ең биік шың. (Эверест)

8. Ең биік сарқырама. (Анхель)

9. Ең суық материк. (Антарктида)

10. Ең үлкен шөл. (Сахара)

11. Ең төмен теңіз. (Өлі теңіз)

12. Ең биік тау көлі. (Титикака)

13. Ең тұзды теңіз. (Қызыл теңіз)

14. Ең кішкентай құс. (Колибри)

15. Ең терең шұңғыма. (Мариан)

16. Ең ыстық материк. (Африка)

17.Ең үлкен материк. (Еуразия)

18. Ең үлкен жазық. (Амазонка)

19. Ең кіші материк. (Аустралия)

20. Ең биік ағаш. (Секвойя)

8 тур: Сәйкестігін табыңдар.

І топқа:

1. Арал а) Биіктен төмен қарай құлай аққан су.

2. Арасан ә) Құрлық үстіне жинақталған мұз.

3. Архипелаг б) Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім бөлігі.

4. Шұңғыма в) Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.

5. Сарқырама с) Минералды немесе жылы сулар.

6. Шығанақ д) Жер бетінде табиғи ойыстарға жинақталған су.

7. Мұздық г) Бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы.

8. Көл е) Мұхиттардың ең терең жері.

9. Конденсация ж) Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, суларының бір бөлігі.

Жауабы: 1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә, 8-д, 9-в.

ІІ топқа:

1. Түбек                        а) Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.

2. Гейзер                     ә) Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі.

3. Минерал б) Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі.

4. Шұңғыма                  в) Судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.

5. Көл            с) Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шашып тұратын көз.

6. Бұғаз                д) Жер  бетінде табиғи  ойыстарға жинақталған  су.

7. Үгілу г)Тау жыныстарын құрайтын заттар.

8. Көл                             е) Мұхиттардың  ең  терең  жері.

9. Булану           ж)Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны.

Жауабы: 1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә,  8-д,  9-в.

9 тур: «Ойлы болсаң, озып көр»

Бой сергіту. Жұмбақ сауалнама.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - дей отырып сайысымыздың «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты бойынша әр командаға мақал айтылады, оның жалғасын табу керек және жұмбақ қойылады, жұмбақты шешу керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай

І топқа:

Мақал - мәтел

Көлдің көркі - құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

ІІ топқа:

Мақал – мәтел

Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас.

Жұмбақ:

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

І топқа:

Мақал - мәтел

Сағынған елін аңсайды,

Сарала қаз көлін аңсайды.

Жұмбақ

1.Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ - сылқ күледі. (су)

2. Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің . (жел)

ІІ топқа:

Мақал - мәтел

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

Жұмбақ:

1.Кең әлемді кернейді,

Көзі бірақ көрмейді. ( ауа)

2. Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер. (карта)

Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

1.Сайыстың қорытындысын шығару;

2.Әділ қазыларға сөз беру;

3.Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Геогрфиялы? ала?.

Автор: Мухамедярова Гульшат Жакановна

Дата: 05.03.2015

Номер свидетельства: 182678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "§49 Географиялы? белдеулер мен зоналар "
    ["seo_title"] => string(46) "ss49-gieoghrafiialyk-bieldieulier-mien-zonalar"
    ["file_id"] => string(6) "197748"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428307062"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства