3 | Жаңа сабақты түсіндіру | 1.Географиялық қабық туралы жалпы түсінік 2. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы 3. Зат және энергия алмасу. Көптеген елдердің ғалымдары ерте кезден бері Жер шары және ондағы табиғат жағдайлары туралы алуан түрлі мәліметтер мен нақты деректерді жинақтады. XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың басында осы мәліметтерді талдау мен қорытындылаудын нәтижесінде географиялық қабық туралы ілімнің негізі қаланды. Географиялық қабық туралы ілімнің қалыптасуында, әсіресе А. Гумбольдт, В. В. Докучаев және В. И. Вернадский енбектерінің маңызы зор болды. Географиялық қабық ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйықжәне газ) болады. Екінші ерекшелігі — Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергияайналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі мех. қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі хим. трансформация (биол. айналым). Айналымдар нәтижесінде Жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрон. және геол. факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді. 1-топқа.Литосфера 2-топқа.Гидросфера 3-топқа.Атмосфера Сұрақтар қойылады? |