Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"География әлеміне саяхат" интеллектуалдық ойын»
География пәнінен 7,9 сынып оқшылары арасында өткізілген «География әлеміне саяхат» атты топтық интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
Балалардың география пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесіге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге ,жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Ойын кезеңдері:
І айналым – Таныстыру;
ІІ айналым - Ой қозғау (бұл айналым 3 кезеңнен тұрады)
Сөйлемді аяқтау
Сәйкестігін тап
Адасқан әріптер –деп аталады
ІІІ айналым - Сиқырлы шаршы (бұл айналым тест сұрақтарынан тұрады)
ІY айналым – Арнайы сұрақ (бұ айналымда әр топ үш нұсқадан тұратын 1 сұрақ дайындап келу керек. Оны қарсылас топқа жасырады)
Y айналым – Тікелей сұрақтар ( топ басшыларына сұрақтың жауабы ған беріледі. Сол топтың ойыншылары сұрақтың жауабын табу керек. Ол үшін топ басшысы жауапқа сай сұрақ дайындайды)
І айналым
-таныстыру-
Топтың басшысы өз ойыншыларын жеке-жеке таныстырып шығып, топтың атын , ұранымен айтады.
ІІ айналым
-ой қозғау-
Бұл айналым үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезен – «Сөйлемді аяқтау» деп аталады.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою арқылы сөйлемді толықтыру қажет.
Оның тапсырмасы төмендегідей:
Қазыр Республикада .... облыс бар, олар .... экономикалық ауданға топтастырылған . (14 облыс, 5 экономикалық аудан)
Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің ..... бөлігінде орналасқан мемлекет. (Орталық)
2724,9 мың км2 Бұл Қазақстан Республикасының ..... . (жер көлемі)
Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша ...... орнында. (Тоғызыншы)
Қазақстан оңтүстік-шығысында ....... шектеседі. (Қытай Халық Республикасы)
Дүние жүзінде көлемі жағынан Оңтүстік Америка ....... орында. (4-ші)
Американы ашқан саяхатшы ..... . (Америго Веспуччи)
Жердің жасы ...... жылға жуық . (5 млрд)
А. Вегенер ...... теориясын енгізді. (Литосфералық тақталар)
Үшінші кезең- «Адасқан әріптер» деп аталады
Берілген әріптерден тиісті сөзді шығару керек.
Тапсырмасы:
а в з р я и а л – лавразия
л а м г е л н а – магеллан
т а р к а – карта
и а н м е д р и – меридиан
м т у з и а – азимут
ұ ш ң ы ғ м а- шұңғыма
а л л ь л е п р а – паралель
с п м а о к – компас
ь п л а і – альпі
а б к й л а – байкал
ІІІ айналым
сиқырлы шаршы-
Бұл турда шағын тест жұмысы жүреді.
Әр топтың ойыншылары бір ұяшықты ғана таңдап , оған жуап беруге мүмкіндік алады.