kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалана отырып о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заман ал?а жылжып, ?о?ам ?згерген сайын жа?а мазм?нды о?у ж?йесін ?алыптастыру ?мір талабы. Сонды?тан да ?азіргі кезде білім беру саласында болып жат?ан ау?ымды ?згерістер жа?а технологияны пайдалану жолдары т?рлі ынталы бастамалар мен т?рлендірулерге ке?інен жол ашуда. Осы орайда ?рпа??а ?о?ам талабына сай т?рбие мен білім беруде м??алімдерді? инновация -
лы? іс - ?рекетті? ?ылыми - практикалы? негіздерін ме?геруі ма?ызды м?селелер -
ді? бірі болып отыр.

Мектепте о?у - т?рбие процесін д?рыс ?йымдастыруды? бірден - бір жолы - ?ылым негіздерінен білім берумен ?атар, сол білімді алу?а ынталылы?ты, я?ни о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын ояту, ?з бетінше ізденуін арттыру.
?рбір м??алімні? шы?армашылы? ж?мысы белгілі бір ма?сатты к?здейтіні с?зсіз. О?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын арттыруда?ы негізгі ма?сат - оларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту. Ал, б?л ма?сат?а жету о?ытуды? к?птеген міндеттерін шешуге м?мкіндік береді, я?ни:
• жа?а материалды берік ж?не т?сініп о?уына;
• білімін ?з бетімен о?ып толы?тыру?а;
• жо?ары о?у орындарына жа?сы дайындал?ан талапкерлерді беруге;
• сол талапкерді? та?да?ан маманды?ын шы?армашылы?пен игеруге.

М??алімні? барлы? ?абілеті - оны? шы?армашылы? ж?мысынан к?рінеді.
Б?л т?жырым - психологияны? негізгі принциптеріні? бірі. О?ушыны? білім алуда?ы жо?ары белсенділігін ?алыптастыру ?шін о?ытуды? ?дістері мен т?сіл -
дерін д?рыс ?олдану - о?ушыларды? танымды? ?абілетін дамытуды? е? басты ??ралы болып табылады. Сонды?тан да о?ушыны? танымды? дамуын ?амтама -
сыз ету ?шін, о?ытуды? белсенді ?діс - т?сілдерін жиі ?олдану ?те ?ажет. Біра? т?рі ?діс - т?сілдерді пайдалан?анда, о?ушыны? бойында танымды? ?абілетті? бар - жо?ын ескеру ?ажет. К?рделі танымды? тапсырмаларды тек ?ана ?абілеті жо?ары о?ушылар?а беру керек. Таным ?абілетіні? дамуына сай емес, о?ушыны? м?мкіндігінен жо?ары тапсырмалар, о?ушыны? ?з ?абілеті мен к?шіне деген сенімін жояды. Олай болса, о?ушыны? танымды? ?абілетін дамыту – ?за? ?рдіс деген ?орытынды?а келуге болады. Ол ?шін м??алімні? ж?мыс ж?йесі біртіндеп, жоспарлы ж?не к?здеген ма?сат?а жетуге ба?ыттал?ан болуы ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалана отырып о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?тарын дамыту »

[right]ШҚО Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы

Балабақша тәрбиешісі:[b] Тлегенова Ләззат Едилханқызы[/b][/right]


[right] «М. Ломоносов атындағы орта мектеп»КММ[/right]


[Ғылыми зерттеу жұмысы.

«0 – 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл – ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі»


КІРІСПЕ


Тақырып өзектілігі: Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады.

Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамымызға сай келетін баланың тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген.


Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады.

Бала тәрбиесімен айналысатындардың балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс - әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. Баланың мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі. Соған байланысты балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез - құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.

Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асады. Баланың балабақшаға келуімен кейбір жағдайларда көптеген мәселелер де туындап жатады. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды.


Педагог ұқыпты, шын мәніндегі өнегелі ұстаз – тәрбиеші болуға тиіс.

Ақыл – парасатты, қажырлы өтірік айтпайтын, қолайсыз іске бармайтын, дүние қоңыздыққа

салынбайтын, өз нәпсісін тыйып ұстайтын адал да, шыншыл адам болуға тиіс. (В. Н. Татищев)


Ақыл - ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаю мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне пайдалы болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейіні шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл - ойы дамуын қамтамасыз етуінің барлық кейінгі іс - әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл - ойдың дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым - қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесі игереді. Ақыл – ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негіздері жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл – ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл – ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл – ой олардың ақыл – ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл – ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.

Ақыл – ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дауына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.


2. Ақыл – ой тәрбиесінің басты құралы – айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымды дамиды. Ақыл – ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі – ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қимылы әсер етеді. мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл – ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі - оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді. Ақыл – ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы – еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен, олардың пішіндері, көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.


3. Ақыл – ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру, әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелесу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру, т. б. Ақыл – ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор – латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие – ақыл – ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным - ақыл – ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері ақыл – ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз – түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс - әрекеттің тиімді түрі – көркем сурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс - әрекет болып табылады.


Сенсорлық тәрбие мазмұны – баланың түстерді ажырата алуы, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластыру түс немесе реңк пайда болатынын үйрету. сондай – ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады. Мектепке дейінгі шақта «алға - артқа», «жоғары - төмен», «алыс - жақын», «солдан - оңнан»т. б. кеңістік туралы түсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдарды: «кеше», «бүгін», «ертең», т. б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін дамыту енеді. Сондай – ақ заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір – бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы, т. б. деп дұрыс атай білуге үйренеді.


Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғаға айналады.

Мектепке дейінгі жастың психологиялық ерекшеліктері

Жетекші іс - әрекет – ойын, адамдардың іс - әрекеті және мінез - құлық нормаларын игеру.

• 1 жасқа дейін бала 7 - 14 сөз қолданады, бір іске назары ауып 15 минут айналысады, «болмайды» деген сөздің мағынасын түсінеді, жүре бастайды (+2 ай).

• 1, 5 жасқа дейін баланың сөздік қоры 30 - 40 сөзді құрайды, ол жақсы жүреді, тамақ ішеді және оған айтылып отырған сөз екенін түсініп, суреттердегі бейнелерді танып, көрсетеді. Баланың негізгі сұрақтары: не? Кім?

• 2 жасқа дейінгі сөздік қоры – 300 - 400сөзді құрайды, Баланың негізгі сұрақтары: мынау не? мынау кім? Зат есім, есімдік, сын есім, одағай, етістіктерді игереді. Сөйлем құрауы қалыптасады (қыз балаларда жиі 1, 5 жаста). Сұрақтарды қоя білуі баланың ақыл ойының «жақсы» дамуын көрсетеді. Қаламды жұдырығына ұстап сызықтар сала бастайды, текшелерден мұнара орнатады.

• 2, 5 жасқа қарай сөздік қоры 1000 сөзді құрайды. Бағыт - бағдарлы сұрақтар қояды: қайда? қалай? қашан? Бұл жаста тіл дамының тежелуі ойландыруы керек, психикалық дамуы және құлағының ауыр естуіне күмән бар.

• 3 жасқа қарай – Неге? Деген сұрақ туындайды. Балаға бағыт беретін сұрақтар қойып отырса ол көрген - білгенін айтып береді. Салалас құрмалас тіпті бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолданады, бұл оның ойлау қабілетінің жетілгендігін көрсетеді. Біреу, аз, көп деген не екенін түсінеді. Бүтін заттың бөлігін көріп танып біледі: құлағынан – қоянды, тұмсығынан – пілді.

• 3, 5 жаста құрастыруды игереді, жоспарлау қасиеттері болады. Түрлі заттармен және сәл кейін – өз құрдастарымен сюжетті - рөлдік ойындардың үзінділері пайда болады. Бала әсерге берілгіш: ұялады, ренжиді, қуанады, қайғырады, мейірімді, қызғаншақ, ниет білдіруге қабілетті.

• 3 - 4 жаста – өзін таныту: мүмкін қылықтар: тыңдамау, қырсықтық, теріс қылықтар, қыңырлық, «үлкендерді балағаттау» («Мен, өзім» өзін мақтайды). Жалғыз ойнайды (заттық, құрастыру, сюжетті - рөлдік ойындар).

• 4 жаста өзі көрмегенді оған түсіндіріп айтып бергенді түсінуге қабілетті. Сурет бойынша мүмкіндігінше толық қарапайым әңгіме құрай алады, ересектердің бастаған сөйлемін ойланып толықтырады, қарым - қатынасқа қабілетті. Негізгі сұрақтары неге? Құрдастарымен сюжетті - рөлдік ойындар ойнайды. Бір іспен 40 - 50 минутқа дейін айналыса алады.

• 4, 5 жасқа қарай алдына мақсат қоя біледі және оған жетуді жоспарлайды. Не үшін? деген сұрақтар қояды.

• 5 жаста бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын, жасын, мекен жайын, үйге баратын көлікті айта біледі. Құрастырма ойыншықтарды қолдану біледі, кесте бойынша ойыншықты жинайды. Адамның бейнесінің негізгі мүшелерімен суретін салады.

• 5, 5 жаста оқытудың барлық түрлері қолжетімді, ол негізінде оқытуға дайын.

• 5 - 6 жаста ересектермен дұрыс сөйлесе алады, ата - аналар тарапынан сүйіспеншілікке, мейірімділікке деген қажеттілігі жоғары, ата - анаға деген махаббаты, бауырмалдығы өседі – басқа адамды жақсы көру қабілетінің қалыптасуы үшін қиын кезең.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.


Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.

Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5 - 6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс - әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып - білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі [4, 41 б.].


В. С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.


Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс - әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс - әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады [10, 96 б.].

Сондай - ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс - әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс - әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс - әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс - әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс - әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.


В. С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т. б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс - әрекеттері қалыптаса бастайды

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс - әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен - ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.


Д. Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс - әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл - ой дамуының ілгерілеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30 - 50 минут ойнайтын болса, 5 - 6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1, 5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс - әрекеттері мен қарым - қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей - тегжейлерін бөліп алады


Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10 - 12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез - құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.


В. С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс - әрекетке зейін қою қиынға түседі, сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс - әрекеттің нәтижелі түрлері, іс - әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді

Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.


Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс - әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс - әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады

К. Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі - өнегесінің маңызы да зор


В. С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс - әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс - әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс - әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.


Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс - әрекет істеуіне іс - әрекет процесінде оларды егжей - тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс - әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады


Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден - бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау - көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем - үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс - әрекеттері байқалмады


В. С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.


Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс - әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады

В. С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады

Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды.


Сондай - ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл - ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл - қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады

Бала дамуындағы іс - әрекеттің ықпалы.

Бала дамуындағы іс - әрекеттің ықпал етуін айқындауда тәрбиеші іс - әрекеттің түрлерімен танысады.


Олар:

1. Ойын әрекеті – негізгі болып табылады.

2. Оқу әрекеті – жоспарлы, жүйелі жүргізуді талап етеді.

3. Еңбек әрекеті – оның мазмұнын, әдіс - тәсілдерін игеруді көздейді.

4. Қоғамдық әрекеттерде балаларды ұжымдық жалпы тапсырмаларды орындауға үйретеді.

5. Көркем өнер әрекеті – барысында баланың көркемдік ой - қиялын, арманың, елестету сезімін, логикасын дамытуға назар аударады.

6. Спорттық әрекетте баланың денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс үйлесімділігін дамыту жолдары қарастырылады.

Қорытынды. Қорыта келе ақыл – ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге, танымдық психикалық процестерді дамытуға мән береді. Ақыл – ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері, баланың ақыл – ойын дамытуға сенсорикалық тәрбиенің маңызын түсінеді.


Сонымен, мектепке дейінгі баламен жұмыс жасайтын тәрбиешінің балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс - әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығын анықтадық. Баланың мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын. Соған байланысты балабақша қызметкерінің балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез - құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс екендігін қарастырдық.

Зерттеу жұмысы барысында балалар психологиясымен айналысқан ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер еңбектеріне талдау жасалды.


Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асып, көптеген мәселелер де туындайды. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды. Зерттеу жұмысымыз барысында балалардың балабақшаға алғаш келу кезеңінде анықтаушы эксперимент жүргізіліп, зерттеу нәтижесіне байланысты балалардың ойын іс - әрекеті белгілі бағдарламалық кешен бойынша жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жүргізілген соңғы зерттеу жұмысы барысында балалардың зерттеу жүргізуге таңдап алынған зерттеу әдістемелерінің қорытындысы оң нәтижелер көрсетті. Алғашқы және соңғы алынған зерттеу нәтижелерінің арифметикалық орташа көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтар статистикалық мәнділік көрсетті. Мұның өзі балаларға жүргізілген жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Олай болса, біздің зерттеу жұмысымыздың ойын іс - әрекетін ұйымдастыру баланың психологиялық дамуына оңтайлы әсер етеді болжамы дәлелденді.

Бірақ бала жанын түсіну өте күрделі және әрбір балаға жұмыс барысында индивидуалды жол таба білу әрбір тәрбиешінің мамандық даярлығына, құзіреттілігіне байланысты. Сондықтан балабақша мәселесіне байланысты біздің жұмысымыз бұл мәселенің бір қырын ғана аша алды. Жалпы бұл мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары болашақтың еншісінде деп білеміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Т?леубекова Жансулу ?уаныш?ызы

Дата: 19.03.2015

Номер свидетельства: 188824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства