Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карта дегеніміз не және олардың негізгі түрлері мен маңызы жайлы білімді молайту, картаның қасиеттері мен картография, проекция ұғымдарын түсіндіру. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысын ашу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер»
Тақырыбы: Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Географиялық карта дегеніміз не және олардың негізгі түрлері мен маңызы жайлы білімді молайту, картаның қасиеттері мен картография, проекция ұғымдарын түсіндіру. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысын ашу.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІVкезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
І
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ
Сабақтың келесі кезеңінде географиялық картаның маңызын атап шығады, сосын жалпы географиялық картаның негізі мен кескіндеулерді сызғызады. Сосын тақырыптық карталардың мазмұнын айтып, сызғызады. Одан кейін бедерлі карта, фотокарта, карта-транспортир, глобус, атлас терминдерге түсінік береді және картографияның бөлімдерін атап шығады. Оқушыларға өз беттерінше оқып талдаңдар деп береді және барлық терминдерді теріп жазып, жаттауға береді.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар жалпы географиялық картаның негізі мен кескіндеулерді сызып, барлық терминдерді теріп жазады.
ІІІ
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға екі параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі сұрақтарды қояды.
1. Карталар мазмұнына, машстабына және қолданылу сипатына нешеге бөлінеді?
2. Глобус пен картаның айырмашылығы неде?
3. Картографиялық проекция дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
4. Азимут дегеніміз не?
Тапсырмалар.
1. Жарты шарлар картасы мен глобус бойынша Сахалин аралының солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған ұзындығын анықтаңдар (картада 1200, глобуста 950 км-ге тең).
2. Топографиялық карталардың шартты белгілері қандай негізгі түрлерге бөлінеді?
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын параграф соңындағы тапсырмаларды орындайды.
ІV
Үй жұмысы:
1. §2, 3 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Тапсырмаларды аяқтау.
3. Параграф соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
V
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.