kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Францияны? шаруашылы?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен ?асенов Бекзат Назарбек?лы 2015 жылы ?азИГЗУ бітіріп, 2015 жылды? 7 ?ырк?йектен бастап  "?айы?ды орта мектеп-ба?ша" КММ география п?ніні? м??алімі болып ж?мыс ат?арамын. жас маманмын. Е?бек ?тілім 0,4 ай. Проблемалы? та?ырыбым: Ойын технологиясы ар?ылы о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, тілін дамыту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Францияны? шаруашылы?ы ашы? саба?»

География 9. 12 .15 11 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Францияның шаруашылығы.

Сабақтың мақсат:

Білімділік мақсаты – Франция шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Франция шаруашылығының дамуына әсер етуші факторларға, Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымындағы айырмашылықтарға, елдегі аса ірі жол тораптары мен порттардың орналасу заңдылықтарына баға беруді үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас түрлерімен, Францияның туристік объектілерімен танысу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар:  11 сынып Атлас картасы , Францияның экономикалық картасы, постер

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : АКТ пайдалана отырып (слайдтар арқылы ) түсіндіру , топтық жұмыс , "Бумеранг" ойыны, « Постер қорғау» .

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезеңі :

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  • Оқушыларды екі топқа қалаған түстерді таңдау арқылы бөлу

I . Үй жұмысын тексеру :

Картадан оқушылардың Франция туралы білімін тексеру , сұрақтар қойып топпен жұмыс жүргізу.

Жерінің ауданы -551 мың км2 Халқы -64,1млн адам(2014ж) Астанасы –Париж Мемлекеттік құрылымы –республика Мемлекет басшысы- приезидент Үкімет басшысы –премьер-министр Заң шығарушы органы-екі палаталы парламент Мемлекеттік тілі –француз тілі Ақша бірлігі-еуро.

Батыс Еуропадағы ең биік шыңы.? -Монблан 4807 м. Францияға жылына қаншаға жуық туристтер келеді ? -80 миллионға жуық адам. Наполен Банопарт дүниеге келген аралды ата? – Корсика. Франция жерінің қанша % ормандар алып жатыр? - 30 % . Франция халқының қанша % қалаларда тұрады ? - 78 % . Париж округі мен өзендер бойында өнеркәсіпті аудандарда 1км-ге қанша адамнан келеді ?-500 адамнан асады. Париждегі БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы ... орналасқан ? - ЮНЕСКО штаб пәтері . Мешеу елдерге көрсетілетін қайырымдылық мөлшері жөнінен Франция нешінші орынды иеленеді? 3 орынды . Ел тұрғындарының өмір сүру жасының орташы ұзақтығы ер және әйел адамдарында қанша? Әйел-85жас,79-ерлер . Ел тұрғындарының қанша % француздар?-90% .

II . Жаңа сабақ

Франция – жоғары дәрежедеге дамығын индустриялы – аграрлы ел. Ұлттық табыстың мөлшері мен экономикасының дамуы жөнінен Франция дүниежүзі бойынша сегізінші орын алады (2013 ж.) .Франция экономикасының басты ерекшелігі шаруашлық жүйесінде мемлекеттік монополияның үстем болуы . Мемлекет тарапынан ел экономикасының аса маңызды салалары (газ және электр энергиясын өндіру , көмір мен атом өнеркәсібі , теміржол көлігі) бақылауға алынған . Мемлекеттік кәсіпорындарға жалпы өнімнің 20 % -ы сырқа шығарылатын өнімнің 30 % -ы тиесілі .Ел экономикасында ұлтаралық ірі компаниялар , әсіресе АҚШ компаниялары белсенді әрекет етеді .Шетел қаржысы көбінесе ақпараттық экономикаға , дәрі –дәрмек жасау саласына , станок жасау мен дәл приборлар өндірісін дамытуға жұмсалуда .Елде шетел қаржысымен жұмыс істейтін 2,5 мыңнан астам кәсіпорын бар , олар өнеркәсіп өнімінің 28 %-ын береді .

Өнеркәсібі . Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Франция үкіметі соғыста күйзелген экономикасын қалпына келтіру мен қатар өндірістің мүлдем жаңа салаларын дамыта бастады . 1950 жылдан бері өнеркәсіп өндірісі 4 есеге жуық өсіп , өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны соңғы 20 жылда 1,5 млн адамға қысқарды . Мұның өзі еңбек өнімділігінің артуы мен өнеркәсіп жүйесінің құрылымдық өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды . Қазіргі кезде ел өнеркәсіп өндірісінің мөлшері жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады . Өнеркәсіп елдегі ұлттық жиынтық өнімнің 20,3 % -ын береді . Елдің экономикалық қуаттылығының символы болып келген дәстүрлі өнеркәсіп салалары соңғы оңжылжықтарда өзінің жетекші рөлінен айырылып жаңа салаларға жол беруде .

Лотарингия темір кені алабының қорын пайдаланатын қара металлургия өнеркәсібі XX ғасырдың 70 – жылдарынан бастап дағдарысқа ұшырады . Оған Еуропа мен дүниежүзі нарығында неғұрлым қуатты бәсекелестердің пайда болуы (Бразилия ,Шығыс Еуропа елдері , Корея және т.б ) . Орталық аудандардағы тиімсіз кәсіпорындар жабылып , негізгі металлургиялық кешендер солтүстіктегі Дюнкерк маңы мен Лотарингиядағы Мозель өзені аңғарында шоғырланған . Қазіргі кезде елде жылына 19 млн т болат өндіріледі .

Алюминий өндірісінде де аумақтық өзгерістер болды : бұрын олар , негізінен , Альпі мен Пиреней аудандарындағы су электрстансылары маңында орналасса, қазіргі кезде шеттен әкелінетін шикізатты қабылдап алатын портты қалаларға көшірілген .

Отын –энергетика саласы – жергілікті ресурстар мен сырттан әкелінетін шикізат негізінде дамуда . Елдегі барлық дерлік елді мекендер электрлендірілген . Жылына әр тұрғынға 4 мың кВт/ сағ электр энергиясынан келеді . Елде 500 СЭС , 19 АЭС жұмыс жасайды . Аса ірі СЭС Рона өзені бойында салынған . Мұнай мен газдың жергілікті кен орындары елдің қажетін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан Норвегия мен Нидерландтан , Алжирден газ , ал Сауд Арабиясы мен Парсы елдерінен мұнай сатып алынады.

Машина жасау - өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған . Дүниежүзілік автомобиль өндірісіанің дамуында елдің айрықша орны бар . 1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығарған болатын . Францияда жылына 2 млн –ға жуық автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады. Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен "Рено" кәсіпорны мен жекеменшік" Пежо-Ситроен" концернінде жасалады.

Химия өнеркәсібі – елде XX ғасырдың екінші жартысында жедел дами бастады . Оған осы сала өнімдеріне деген сұраныстың артуы және мұнай мен газдың таскөмірді ығыстыра бастауы әсер етті . Қазірде ел химия өнеркәсібі өнімдерінің мөлшері жөнінен 4 –ші орын алады .

Аэроғарыштық өнеркәсіптің- кәсіпорындары Париж округі мен Тулуза , Бордо қалаларында орналасқан . Оның өнімдерінің жартысы экспортқа шығарылады. Мемлекеттік "Аэроспасьяль" және "Снекма" компаниялары шетел компанияларымен бірге ішкі әуе тасымалына пайдаланылатын "Каравелла","Конкорд" реактивті ұшағын және тікұшақтар жасайды. Францияның "Мираж"," Мистер"," Рафаль" тәрізді әскери ұшақтарын сатып алады .

Электротехника мен электроника саласы – автоматтындырылған басқару жүйелері мен телекоммуникация құралдарынан бастап тұрмыстық техникаға дейінгі алуан түрлі өнімдерді шығарады . Бұл саланың кәсіпорындары барлық ірі қалаларда және Шербур , Кан, Тур тәрізді маманданған шағын қалаларда бар . Электронды техника жасау саласында "Томсон" , телекоммуникация саласында "Алькател-Альстом" электр құралдарын жасауда "Легран" фирмалары жетекші орын алады .

Ауыл шаруашлығы –Франция дүниежүзіндегі ауылшаруашлық өнімдерін экспортқа шығарушы аса ірі ел,ол дүниежүзінде ауыл шаруашлығы өнімдерін сыртқа шығару жөнінен АҚШ –тан кейінгі екінші орында . Ауыл шаруашылығы ұлттық жиынтық өнімнің 2,2 %-ын береді . Ел аумағының жартысынан астамын өңделетін жерлер алып жатыр , оның құрылымына жыртылған жерлер (61%) , шалғындар (35%) , бақтар мен жүзімдіктер (4%) енеді . Париж алабындағы құнарлы ойпаттарда ірі шаруашлықтар басым , ал оңтүстік –батыс пен Жерорта теңізі жағалауына ұсақ шаруашлықтар тән .

Мал шаруашлығы – Елдің солтүстік аудандары мен таулы бөлігінде орналасқан мал шаруашлығы ауыл шаруашлығы өнімінің 3/5 бөлігін береді . Франция Еуропалық Одақ аумағында мүйізді ірі қара саны жөнінен бірінші орында . Соның нәтижесінде ірімшік пен сарымай , сүт өнімдерін өндіруден дүниежүзілік нарықта айрықша орын алады . Францияда тек ірімшіктің 400 –ге жуық түрі жасалады . Батыс пен оңтүстік –батыста құс шаруашлығы дамыған . Елдің солтүстігі мен солтүстік –батысында өнеркәсіптік негіздегі шошқа шаруашлықтары орналасқан .

Өсімдік шаруашлығы - басты дақылы бидайды өндіру жөнінен Франция Қытай , Үндістан,АҚШ, Ресейден кейінгі бесінші орында . Мұнда 2012 жылы 38,2 млн т бидай өнімі жиналды . Бидай егістіктері Париж алабы мен Тулуза аудандарында шоғырланған. Арпа, жүгері дақылдарымен қатар сұлы мен қарақұмық (солтүстік-батыс),қарабидай(Орталық массив), күріш (Рона алқабы) ,барлық жерже дерлік картоп ,Солтүстік Француз жазығында қант қызылшасы өсіріледі . Кейбір дақылдар белгілі бір шағын ауданда ғана таралған : Сена сағасында зығыр , Рейн алабында темекі мен құлмақ ,Ривьерада гүлдер күтіп –бапталады . Гүлдерден елдегі парфюмерия өнеркәсібіне қажетті хош иіс эссенциялар алынады .

Францияның нағыз мақтанышы –жүзімдіктер , мұнда жылына 10 млн т –ға дейін жүзім жиналады . Елде жүзімнің 550 –дей түрі өсіріледі , олар көбінесе шарап өндірісіне жұмсалады. Дүниежүзіне әйгілі француз шараптары көбінесе өндірілген жерінің атымен аталады.Мұндай аудандарға Шампань, Бордо, Бургундия,Коньяк және т.б провинциялар жатады Мұнда аудандық мамандану айқын байқалады : солтүстікте алма бақтары , Эльзас пен Лотарингияда шие , Жерорта теңізі жағалауында шабдалы ,бадам, өрік, зәйтүн , ал Ривьера мен Корсикада цитрус дақылдары өсіріледі .

Көлік географиясы -Францияда тасжолдар өте жиі орналасқан , ел олардың жалпы ұзындығы(951 мың) жөнінен ЕО аумағында бірінші орында . Соңғы жылдары жол сапасының жақсаруы автокөліктің жүк айналымындағы маңызын арттырды . Елдегі автокөлік саны 40 млн –нан асты , олардың 37 млн –ы жеңіл автокөліктер . Теміржолдың жалпы ұзындығы (29,9мың км) жөнінен Еуропада Германиядан кейінгі екінші орын алады. Елдегі 50 қала бір бірімен аса жүрдек теміржол магистральдарымен жалғасқан . Париж –Бордо аралығындағы жолда жүрдек пойыздар сағатына 350 км жылдамдықпен қозғалады .Теміржол көлігі жылына 900 млн –нан астам жолаушы тасымалдайды .Теңіз көлігінің маңызы зор . Жүк тасымалының 90%-ы Марсель, Гавр, Дюнкерк, Нант, Руан ,Бордо порттарына келеді .Бір ғана Марсель портының жүк айналымы жылына 90 млн т-ға жетеді . Елде әуе қатынасы күшті дамыған .Францияда ұшатын аппараттарды жасаудың негізі қаланды деуге болады : дүниежүзіндегі адам ұшқан ең алғашқы әуе шарлары 1783 жылы осы елде жасалған болатын . 1906 жылы Еуропадағы алғашқы ұшақ та осында сыналды .Бұл бағытта Франция Еуропадағы жетекші орнын сақтауда : елде 80 әуежай бар, аса ірі үш әуе компаниясы ("Эр Франс" ,"УТА","Эр Интер" ) жылына 60 млн жолаушы тасымалдайды .Париж аса ірі көлік торабы болып отыр : елдегі көлік желілерінің барлығы да осы қаладан жан-жаққа тарайды .Париждегі Шарль де Голь әуежайы арқылы жылына 61,5 млн жолаушы тасымалданады .

Сыртқы экономикалық байланыстары . Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашлықтың ажырамас бөлігіне айналған . Экспорт мөлшері жөнінен ел Батыс Еуропадағы Германиядан кейінгі орынды алады . Францияның сырқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниедүзілік тауар экспортының 5,1%-ын құрайды . Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар (43) және ауыл шаруашлық өнімдері мен шикізаты (20)басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару –жарақты сыртқа сату жөнінен АҚШ –тан кейін екінші орыеға шықты . Жалпы сыртқа шығарылатын өнімнің 60 %-ы ЕО елдеріне жөнелтіледі, басты сауда әріптесі –Германия.

Франция- халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 80 млн –дай шетел туристерін қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризнің маңызы зор .

Франция мен Қазақстан арасындағы өзара байланыстар.Француз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым –қатнастар Франция Сыртқы істер министрі Роллан Дюманың 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында орнады .Көп ұзамай Алматыда Франция елшілігі ашылды .1992 жылы қыркүйек айында Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасындағы өзара достық , түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды . Франция үкіметі Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн француз франкі мөлшерінде несие берді.Францияның еліміз экономикасына салған тікелей инвестиция мөлшері 2008-2012 жылдар аралығында 6,8 млрд АҚШ долларын құрады .Сонымен қатар елімізде экономикалық қайта құрулар жүргізу мақсатында 20 млн франк ,ал Арал маңы аймағын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 5 млн франк қаржы берді.Қазіргі кезде Қазақстанда 129 қазақ-француз бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейді . Алматы және Астана қалаларында шамамен 40 француз фирмасы өз өкілдіктерін ашты . Олардың қатарына аса ірі "Эль-Акитен" , "Эль-Нефтегаз","Женераль де Жеофизик" компаниялары бар .Екі ел арасындағы келісімдер негізінде Францияда "Болашақ" бағдарламасы бойынша жастар білім алуда .

Қорытынды .

  1. Екі топқа шаруашылық саласы бойынша постерге түсіру.

1-ші топқа Өнеркәсібі жайлы.

2 топқа ауыл шаруашлығы туралы жаңа сабақтан түсінгендерін жазу.

  1. Ұлыбритания мен Франция елдерінің жетістіктерін қорғап шығу . постерге түсіріп береді ,екі топ спикері қорғап береді .

Критериалды бағалау

Үй тапсырмасын толық жеткізе алуы,

Тақырыптың мазмұнын аша алуы .

Берілген уақытты тиімді пайдалануы.

1.




2.




1.




2.






Үй тапсырмасы : "Францияның туристік обьектілері" тақырыбына хабарлама дайындап келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Францияны? шаруашылы?ы ашы? саба?

Автор: ?асенов Бекзат Назарбек?лы

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292712


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства