№ | | География | 6-сынып |
| Сабақтың тақырыбы | Физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы? |
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту. |
| Оқу нәтижесі | География ұғымы анықтамасын; География ғылымының салаларын ажырата алады; География ғылымының түсініктерін қалыптастырып, географиялық мазмұндағы таным-түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыра алады. |
| Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей (базалық); 6-сыныпқа арналған оқулық «Физикалық география» Алматы «Атамұра» 2006 ж; Бейсенбаев А. Бейсенбаева Н. Оқушы анықтамасы «Арман» баспасы, 2004ж. |
| Тапсырмалар | Жүректен жүрекке, анықтама бер, «түртіп алу» әдісі |
| Сабақта қолданылатын материалдар | Оқулық, қарындаш, бағалу жетондары, т.б. |
| Қамтылатын модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті |
І | Ұйымдастыру 4 мин | Оқушылармен сәлемдесіп, ынтымақтастықты қалыптастыруда «Жүректен жүрекке» тілектерін білдіреді. Топқа бөлу | Оқушылар сәлемдесіп, бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді және топқа бөлініп отырады. |
ІІ | Жаңа сабақ 9 мин 5+(3*5)=20 мин | Анықтама бер География – Физикалық география – Экономикалық география – | Оқушылар жеке қол көтеру арқылы жауап береді. |
«Түртіп алу әдісі» Әр топқа мәтін бөліп беріледі. Оқушылар мәтінмен таныса отырып, төмендегі жоспар бойынша белгі қояды. «V» - маған таныс; «+» - мен үшін жаңа; «-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді; «?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді. | Оқушылар мәтінді өз бетімен оқып шығады және жоспарға сәйкес белгі қойып, сипаттайды. |
ІІІ | Бекіту 7 мин | Сұрақ-жауап Жаңа тақырыбы бойынша бір топ екінші топқа сұрақ қою. | Оқушылар өз ойларын білдіреді. |
ІV | Бағалау, Кері байланыс 3 мин | Жетон арқылы топ бір-бірін бағалайды. Сабақ туралы пікірлері сұралады. | Бір топ екінші топты бағалайды және пікірлерін айтады. |
V | Үйге тапсырма 2 мин | §1 оқып келу және тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау | Дәптерлеріне жазып алады. |