Саба?ты? білімділік ма?саты: О?ушылар?а Шы?ыс ?аза?стан таби?атыны? алуан т?рлілігі ж?не арзан су энергиясымен бай полиметалл кені негізінде дамы?ан т?сті металлургия салалары мен ауыл шаруашылы?ы туралы білім беру.
Саба?ты? дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? карталармен, сызбамен ж?не ?осымша материалдарды іріктей алу ?абілетін ?алыптастыру.
Саба?ты? т?рбиелік ма?саты: Шы?ыс ?аза?стан экономикалы? ауданыны? шаруашылы? мамандануы мен ?нім т?рлеріні? республика экономикасында?ы алатын орнына ба?а беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
№ 15 орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Акимова Сауле Куанышевна
Матақ ауылы Қарқаралы ауданы
Қарағанды облысы.
9-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық -географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясымен бай полиметалл кені негізінде дамыған түсті металлургия салалары мен ауыл шаруашылығы туралы білім беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың карталармен, сызбамен және қосымша материалдарды іріктей алу қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық мамандануы мен өнім түрлерінің республика экономикасындағы алатын орнына баға беру.
Сабақтың көрнекілігі:карта,сызба,кестелер (қосымша материалдар). Сабақтың түрі және әдісі: аралас және қарқынды шоғырландыру технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру кезеңін өткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау.
Тест.
1.орталық аудандағы өнеркәсіп салаларының жақсы дамығаны:
А) мұнай және газ өндіру; ә)көмір және қара металлургия; б) түсті металлургия және тамақ өнеркәсібінің салалары; в) ауыл шаруашылық салалары; г) жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
2. Негізгі мамандануы түсті металлургия болатын өнеркәсіп орталықтарын атаңдар:а) Қарағанды-Теміртау; ә) Балқаш; б) Жезқазған; в)Петропавл; г) Семей.
3.Орталық Қазақстанда дамыған көлік түрі:
А) автокөлік; ә) әуә көлігі;б) теңіз;в) темір жол;г)құбыр.
А) ет өндіру; ә) көмір өндіру; б)болат өндіру; в) мыс өндіру;
г) күкірт қышқылын өндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғат жағдайы
Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Бұл аймақта Азияның ыстық ауа райынан Сібірдің суық суық ауа райына дейінгі ландшафтың бірнеше типтері кездеседі. Ол дегеніміз жалтырап жатқан таулардағы мұздықтар, су айрықтарында жазықтар, дала мен шөлейтті жерлер, сансыз өзендер мен көлдер.
Алтай монғол тілінен аударғанда «алтын тау» деген мағынаны білдіреді. Шығыс Қазақстан өлкесі қылқан жапырақты ормандарымен, өзен жағалауының көрікті табиғатымен адамдарды тәнті қылса, Марқакөл қорығының сұлулығы туристердің сүйікті демалыс зонасына айналды.
Шығыс Қазақстан – Республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Қазақстанның шығысында, Ресей және Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан (картадан көрсету)
Аумағының біраз тулы және ұсақ шоқылы рельеф алып жатыр.
Ауданның Батысы Сарыарқа, оңтүстігі мен оңтүстік шығысы Балқаш-Алакөл ойысы мен Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектесіп жатыр
Ауданы 283 мың км2
Халқы 1425 мың адам
Орташа тығыздығы 5,0адам/км2
Қыс боранды, суық болып келсе, жазы ыстық. Ылғалдың түсуі рельефіне байланысты біркелкі емес. Жазық жерлерге түсетін жауын шашын 150мм –ден басталса, етегінде 1500 мм-ге дейін жетеді.
Табиғи-климат жағдайы өсімдік шаруашылығын, әсіресе батыс бөлігінде жазық жерлерде және шығысында мал шаруашылығын дамытуға қолайлы.(картадан көрсету)
2. Халқы (республикадағы орны, тығыздығы, орналасуы)
Шығыс Қазақстан ерте замандардан бері халық жиі қоныстанған жер. Алтай тауындағы, Зайсан ойысындағы және Сауыр мен Тарбағатай жоталарындағы ежелгі қазба жұмыстарының ошақтары, суырмалы егіншілікке арналған каналдар, ежелгі қалалардың орны дәлел болды.
Халқының саны жағынан экономикалық аудандар арасында соңғы орында, еліміздің 11 –ге жуық халқы тұрады. Аудандағы 10 қала мен 3 кентте халықтың 60 –ы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 5,0 адамнан келеді. Тығыз қоныстанған аймаққа солтүстік батысындағы тау етегі және Кенді Алтай аңғарларындағы өнеркәсібі дамыған қалалар жатады.
Бұл ауданға қала мен кенттердің, ауылды мекендердің көптеп шоғырлануына пайдалы қазбалардың мол қорын әсер етті.
Алтайдың биік таулы зоналарында және батысындағы ұсақ шоқылы аймақтарда халық аз қоныстанған.
Экономикалық аудандармен салыстырғанда, жұмыс істейтін халқы бойынша Шығыс Қазақстанның үлес салмағы Республика бойынша ең жоғары, жалпы халықтың 66 –сы экономикалық белсенді халыққа жатады.Жұмыссыздық басқа аудандарға қарағанда ең төменгі дәрежеде 6,9 . Экономикалық белсенділігі халықтың 31-ы өнеркәсіпте жұмыс істейді. Ал қалған бөлігі өндеуші кәсіпорын салаларында еңбек етеді.
3. Табиғат ресурстары:
Шығыс Қазақстан аумағында, әсіресе Кенді алтайда минералды ресурстардың қомақты қорығы шоғырланған.
Олар мырыш, қорғасын, (Малеев, Риддер, Тишин,Грехов, Зырян кең орындары), титан, магний, алтын (Бақыршық, Большевик), күміс, мыс (Николаев), темір және сирек кездесетін металдар. Оңтүстік Алтай мен қалба жотасында қалайы, вольфрам кен орындары кездеседі.
Аудан аймағында отын ресурстары жеткіліксіз болғанымен, соңғы кезде Қаражыра тас көмір жаңғыш тақтас кені анықталып, игеру жұмыстары жүргізілуде. Зерттеушілердің анықтауы бойынша Қаражыраның көмірі ауданды толық қамтамасыз ете алады.
Құрылыс материалдарынан : құрылыс тасы,гипс, әктас, минералды бояулар кездеседі. Ауданның жалпы жер ресурсының 80 ауыл шаруашылығына жарамды, жайылымдық жерлері басым.
«Қазмырыштың» үш тағаны –Риддер полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш және Зырян қорғасын комбинаттары акционерлік қоғамдары, түсті металлургияның аталған үш алабы да нарық қиыншылықтарына қарамастан уақыт ағымымен жеке жүріп келе жатқан ұжымдар екені айтылады.
Алғашқы алтын қоры еліміздің егемендік алғаннан кейін 1994 жылы Өскемен комбинатында алынды (оқушы қосымша 24 зат алынатынын айтады).
Риддер полиметалл комбинаты аталу себебі онда қорғасын, мырыш, алтын, күміс, мыс, сурьма мышьяк,висмут, кадмий, индий т.б. түсті металл бірге алынады. (оқушы қосымша старкота алтын кен орны ашылғаны туралы айтады).
Зырян қорғасын комбинаты (ХҮІІ-ХІХ ғасырдан қазіргі кезең 1998-2000 жылдары атты сызбаны пайдалана отырып өткен ғасыр мен қазіргі өндіруді салыстыру) (оқушы қосымша газеттен оқығанымен толықтырады).
Шығыс Қазақстан түсті металлургиясымен машина жасау және металл өндеу өнеркәсібі тығыз байланысты («Шығысмаш» конденсатор зауытының өнімдері туралы оқушы суретті көрсетіп толықтырады).
Ү. Биология сабағы.
1) Ауыл шаруашылығы: егін, мал, марал, омарта салалары дамыған.
Теңбілбұғы, Кермарал, АҚ патокриннен дәрі-дәрмек жасау қолға алынып аз жылда әлемге әйгілі бола бастаған.
Биотехнологиялық әдістер тек ұсақ ағзалармен жұмыста ғана қолданып қоймады.Оңтүстік – батыс ғылыми зерттеу орталығында 2003 ж
Биотехнологиялық әдістері қолданып , кортоптың түсімді іріктемесі пахтақор алынды.
Гендік инженерия жасалуы үш маңызды жаңалықтарға негізделген.
ДНҚ-ны кескілейтін ферменттердің эндонуклеаза және экзонуклеаза ферменттердің ашылуы.
ДНҚ-ны тізетін ферменттердің лигазалардың ашылуы
РНҚ матрицасы бойынша ДНҚ синтезін іске асыратын, кері транскрипция жасайтын ферменттердің – вирустардың кері транскриптазасының ашылуы.
ҮІ. Қалалары: Өскемен, Семей (тарихына, шаруашылығына тоқталу). Шығыс қазақстанда
10қала мен 3 кент бар.
Олардың дамуы пайдалы қазбалардың игерілуімен байланысты. Қалалар кенді Алтайда (Өскемен, Риддер, Зырян, Серебрянск, т.б.) көбірек шоғырланған.
Кейбір елді мекендердің іргесі ауыл шаруашылық орталықтары негізінде (Семей, Аягөз, т.б.)қаланған.
ҮІІ.Экологиялық проблемасы.
Ауа бассейнін ластайтын заттарды шығару жағынан ауданның шығысында орналасқан қалалар мен кенттердегі түсті металлургия кәсіпорындары жетекші рөл атқарады.
Атмосферадағы зиянды заттардың белгілеген нормадан артық концентрациясы жел арқылы таралып, өнеркәсіп орындарынан оңтүстік батыс бағытта 40 км-ге дейін, шығыс батыста 80 км-ге дейін, солтүстік шығыс және солтүстік батыс бағытта 110 км-ге дейін жетеді.
Ал олардың жерге түсетін аумағы 3000км2-ден артады.
Облыс аумағындағы 10 мың ластаушы Көздің атмосфераға шығаратын лас заттарды салмағы жылына 240 мың тоннадан артады.
ҮІІІ. Шет елмен байланыс: 36 елге өнім шығарады.Шығыс аудан су ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген ауданға жатады. Қатын жотасындағы ауданы 890 км2 болатын мұздықтан бірнеше өзендер бастау алады. Ең ірі су магистралі Ертіс өзені мен оның салалары. Көлден көп болғанымен, балық өнеркәсібінде маңыздылығы бар көлге Зайсан, Марқакөл, Алакөл және Сасықкөл жатады, соңғы екеуі Алматы облысымен шекаралас орналасқан.Солтүстік батысындағы көлдерге кәдімгі ас тұзының мол қоры бар. Шығыс Қазақстан энергетика ресурстарына бай аудан болып есептеледі.Сондықтанда отын ресурсының жетіспеген бөлігін көбінесе осы су ресурстарымен толықтырады. Негізгі су ресурсы бар өзендерге Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Күршім, Үлбі, Нарын өзендері жатады.Ертіс өзенінде мемлекетіміздегі ірі Бұқтырма ( сыйымдылығы 50 км2) және Шүлбі, Өскемен қоймалары салынған.Шығыс Қазақстан-ірі полиметалл өнеркәсібі мен су электр энергиясы өндірісінің орталығы.
4. Орман алқабының 40 % астамы осы ауданда
1. Қытай медицинасында жас маралдың кесілген мүйізінің емдік қасиеті ерте кезеңдерден бері жоғары бағаланған.1986 жылдары маралдың 2 мүйізі 150 күміс ақшаға бағаланған.Алғашқы кезде, маралды атып алатын болса, кейінірек өсіріп арнайы бағатын болған (марал саябағы). Саябақ деп отырғанымыз айналасы қоршалған 5-10 га жер.
2.Шығыс Қазақстанның маралшылары жылына 10000 кг консервіленген панта (мүйіз) дайындайды.Негізгі бөлігі Қытай мен Оңтүстік Кореяға экспортқа шығарылады. Қалған бөлігін жергілікті жерде өңдей (құрамында пантасы бар 20 түрлі өнім шығарады). Катонқарағай бальзамы халықаралық ғарыш экипажының арнайы тамақ құрамына енгізілген. Кеме командирі Т.Мұсабае, бортинженер Ю.Батурин және бірінші ғарыштық турист Д.Тито бальзамды жоғары бағалады.
Шығыс Қазақстан түсті металлургия кәсіпорнында 74 элемент өндіреді.
Қазақстанның түсті металлды өндіруде әлемдегі үлесі
ХҮІІІ-ХІХ ғғ
(Алтайда)
Қазіргі кезеңі (1998-2000ж)
%есебімен
Өндіру (тонна)
Орны
Алтын
3т
1
14
7
Молибден
3
Мыс
31000т
3
320000
4
Титан
26
Мырыш
7
18000
2
Вольфрам
12
1
Күміс
2650т
6
400
2
Қорғасын
150000т
7
90000
Барий
7
Тантал
33
Ванадий
1
Рений
1
Висмут
1
Түсті металлды топқа бөлу:
А) Жеңіл металлдар- Al,Ti,Mg б) ауыр металлдар- Cu, Pb, Zn ,Ni ,Sn в)асыл металлдар –Au, Ag ,Pt г) сирек металлдар-Mo, Ве.
Ерекшілігі:
1.Құрамы бөлігінің аз мөлшерде болуы: Галий 1т -20г. Бар; 1т. кен алу үшін 50000т. кен керек.