kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДЖИГСО ?ДІСІ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАР?А К?ЛЕМІ АУ?ЫМДЫ МАТЕРИАЛДЫ ИГЕРТУ. 6 сынып Та?ырыбы: "К?лдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:      К?лдер                                                                                                                                                                                                                                                              Саба?ты?  жалпы  ма?саты:                                                                                     1.О?ушыларды?  «к?л»  ж?не оларды?  т?рлері  жайлы  ??ымын  ?алыптастыру.                                                                                                                                                   2. Джигсо ?дісі ар?ылы о?ушылар?а к?лемі ау?ымды материалды ме?герту.                                            3. «О?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту» технологиясын ?олдану ар?ылы  о?ушыларды?  ойлау ?абілетін дамыту.                                                                                                                                                       4. Ба?алау.                                                                                                                                             Сілтеме: Интерактивті та?та, Д?ниеж?зіні? физикалы? картасы, Жарты  шарлар  картасы,  ?аза?станны?  физикалы? картасы,  глобус, 6 сынып  атласы,  суреттер, стикерлер,  о?улы?та  берілген  материалдар  т.б.                                                                                                                        Топ тапсырмаларымен  таныстыру:                                                                                                              1 топ. К?лдер.                                                                                                                                                                2 топ. К?л ?азанш???ырлары ?алай пайда бол?ан?                                                                                            3.топ. А?ынды  ж?не  а?ынсыз к?лдер.                                                                                                                      4 топ. К?лді?  батпа??а  айналуы.                                                                                                                                    5 топ. К?лдерді?  шаруашылы?  ма?ызы.                                                                                                         

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДЖИГСО ?ДІСІ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАР?А К?ЛЕМІ АУ?ЫМДЫ МАТЕРИАЛДЫ ИГЕРТУ. 6 сынып Та?ырыбы: "К?лдер" »

6-сынып Физикалық география

Сабақтың тақырыбы: Көлдер Сабақтың жалпы мақсаты: 1.Оқушылардың «көл» және олардың түрлері жайлы ұғымын қалыптастыру. 2. Джигсо әдісі арқылы оқушыларға көлемі ауқымды материалды меңгерту. 3. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 4. Бағалау. Сілтеме: Интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, глобус, 6 сынып атласы, суреттер, стикерлер, оқулықта берілген материалдар т.б. Топ тапсырмаларымен таныстыру: 1 топ. Көлдер. 2 топ. Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған? 3.топ. Ағынды және ағынсыз көлдер. 4 топ. Көлдің батпаққа айналуы. 5 топ. Көлдердің шаруашылық маңызы. Үлестірме материалдар: 1. Көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі табиғи тұйық шұңқырларды көл деп атайды. Көлдің өзеннен айырмашылығы – ол бір бағытта ағып жатпайды, ал теңізден айырмашылығы – ол мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі.. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана болатын өте шағын көлдер де кездеседі. Сонымен қатар «теңіз» деп аталатын көлдер де бар. (Қазақстан аумағында қандай көлдерді «теңіз» деп атайтынын сұраймын) Каспий теңізі неоген аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізінен бөлінеді. Аты XVI – ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Ауданы 390 мың км2. Беті мұхит деңгейінен 27м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері 435км ал енсіз жері 143км Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 7000 км. Оның суы бес мемлекет жағалауын шайып жатыр. Ең терең жері: Солтүстікте 26 м. Орталық бөлігі 788м. Оңтүстік бөлігі 1025м. Арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады. Сырдария мен Амудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп, босаған жерлерді тұз бен құм басуда. Қазіргі кезде теңіз екі су қоймаға, яғни Үлкен және Кіші Аралға бөлініп кеткен. Балқаш көлі Қазақстанда көлемі жөнінен үшінші орында. Батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің ащы. 2. Жер шарында терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. Мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Мысалы: Сібірдегі Байкал,Тянь-Шандағы Ыстықкөл, Алтайдағы Зайсан жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де, көлдер пайда болады. Мысалы: Памирдегі Сарез,

Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлдері. Мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері осындай қалдық көлдер. Кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болады. Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Мұндай көлдер Ява аралында, Куриль аралында, Камчатка түбегінде бар. Жазық жердегі өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналады. Бұлар ескі арна көлдері немесе қарасулар. 3. Көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Ондай көлге тұз жиналмайды, өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Ешбір өзен ағып шықпайтын өзендер де бар. Оларды ағынсыз көлдер деп атайды. Су ағып шықпайтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинақтала береді. Мұндай көлдерге құятын өзендер жерден шайынды қалпында әр түрлі тұздарды алып келіп отырады. Көлдегі судың біразы буланып кетеді, ал қалған судағы тұздың мөлшері бірте-бірте арта түседі де көл тұзды көлге айналады. Құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де түбінде тек тұз қалады, осындай көлдерді шөкпе немесе тұнба көл деп атайды. 4. Жаңбыр және қар суы жер бетін шайып, көлге әр түрлі заттарды ағызып алып келеді. Сол сияқты көлдің түбіне өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шөгеді. Көл бірте – бірте тайыздайды да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді. Көлдің тайыздаған жеріне қамыс, құрақ, қияқ, мүктер қаулап өседі. Шіріген өсімдік қалдықтары көлдің түбіне жиылып, соның салдарынан көл тайыздай бастайды. Нәтижесінде көлдің орны болады. 5. Көлдердің шаруашылықта маңызы үлкен. Олардың бірінші байлығы – тұщы су. Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатнасы үшін пайдаланылады. Мысалы: Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады. Сол сияқты Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер (Жоғарғы көл, Мичиган, Герон, Эри, Онтарио.) АҚШ пен Канаданың арасында су жолы қызметін атқарады. Ресейдегі Онега мен Ладога көлдерінде де кеме қатынасы үзілмейді. Көлдер әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерге бай. Олардың кәсіптік маңызы бар балықтардың түр-түрі ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі. Қазақстанның кіші-гірім көлдерінен әр түрлі тұздардың орасан зор қоры табылды, оның химия өнеркәсібін өркендету үшін зор маңызы бар. Сонымен қатар көлдер өзен ағыстарын реттеп отырады, мәселен олар қуаңшылық кезде өзенді сумен қамтамасыз етсе, су тасуы кезінде артығын өз шарасында жинайды. Сергіту сәті: Оқушылар бейнежазбаға қарап, би қимылдарын қайталайды. Оқушылардың көңіл күйлері жақсарып, тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады. Постер қорғау: Оқушылар орындаған тапсырмалары бойынша тақтаға шығып постер қорғайды. Күтілетін нәтиже: 1. Көл және олардың түрлері жайлы түсінік қалыптасты. 2. Көлдің теңізден айырмашылығын біледі. 3. Не себепті көлдердің суы тұщы және ащы болатыны жайлы түсінік қалыптасты. 4. Пікірлерін анық жеткізу арқылы тақырыптың негізгі идеясын айқындады. Оқушылардың жұмысын бағалау: Топ басшысы ұпайларын топ мүшелеріне тапсырманы орындау барысында қосқан үлестерін есепке алып бөлістіреді және бағалау бетшесін толтырады. Қорытынды: Қазақстандағы көлдер де өзендер сияқты көп-ақ, бес мыңдай. Солардың ішінде ең үлкендері – Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз көлдері. Бұл көлдердің көбісінен өзен ағып шықпайды, сондықтан тұзды, кермек немесе Балқаш тәрізді жартылай тұщы келеді. Ал Зайсан мен Марқакөл көлдеріндегі судың мөлдірлігі сондай, қанша ішсең де құмарың қанбайды. Қосымша тапсырма: Аты аталған көлдерді кескін картадан белгілеу. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып қалдырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
ДЖИГСО ?ДІСІ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАР?А К?ЛЕМІ АУ?ЫМДЫ МАТЕРИАЛДЫ ИГЕРТУ. 6 сынып Та?ырыбы: "К?лдер"

Автор: МАТОВА УЛБУЛСИН УТЕГЕНОВНА

Дата: 12.04.2015

Номер свидетельства: 200573


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства