Сыныбы : 10 сынып 2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылық салалары және Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны.
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Өнеркәсіп салаларын, ауылшаруашылығы мен көлік жүйесі тақырыбын оқу барысында алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: «Ойлан да ізден» проблемасымен жұмс жүргізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: «Туған жердің қара тасын қадірлей білмеген адам, бөгде жердің алтынын да бағалай білмес» деген Қ.Сәтпаевтің даналық сөзі арқылы туған ө лкенің жетістігін, байлығын бағалап құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Алған теориялық мағлұматтарды анықтап талдау жасау, картамен байланыстыру. Слаид арқылы өтілген тақырыптарға шолу жасау. Картамен, мәтінмен жұмыс істеу, ұғымдарға анықтама беру, сұрақтарға жауап беру, пікір таласқа түсе білу.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, атластар, мұнай өнімдерінің коллекциясы, интер белсенді тақта,компьютер, слайдтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Іздену, проблемалық оқыту әдісі.
Сабақтың тәсілі: Сайысқа түсу, топпен, ұжымдық, жеке-дара жұмыс.
Сабақ 4 негізгі блок бойынша жинақталады:
Зерделік блогы – әр топ слайд арқылы тақырыптарды қорғайды.
Ақпарат блогы – термин сөздердің мағынасын ашу.
Жаттықтыру блогы – есептер шығару, кескін картамен жұмыс.
Қорытындылау блогы – тест тапсырмасын орындау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сыныпты 3 топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату.
ІІ. Өтілген тақырыптарды пысықтау:
Сұрақтарға жауап: 1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?
2. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық құрылымыны қарай
қалай бөлінеді?
3. Дүниежүзінің салаларына не жатады?
ІІІ. Зерделеу блогы: №1 слаид
Орман, ағаш өңдеу
Жеңіл өнеркәсіп
Химия өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Машина жасау
Металлргия. Қара және түсті металлургия
Көмекші сала
Маманданған сала
Өнеркәсіп салалары
Отын энергетика, мұнай, газ, көмір
№2 слаид
Өсімдік шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы
№3 слаид
Теміржол көлігі
Құбыр көлігі
Әуе көлігі
Автомобиль
Метро
Теңіз және өзен көлігі
Көлік жүйесі
Ақпарат блогы. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
Термин сөздердің мағынасын тауып жауабын сәйкестендіру. 1-топ
1) Иммигрант 1. Халықтар туралы, оның санын, және
құрамы мен құрылымын
зерттейтін ғылым
2) Серіктестік 2. Айналыстағы қағаз ақшаның немесе
валютаның құнсыздануы
3) Инфляция 3. Коммерциялық ұйымдар қызметінің
негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны
4) Демография 4. Бір мемлекеттің басқа мемлекетте
ұзақ уақыт немесе тұрақты
тұрғылықты мекенге қоныстанушы
азаматтары
Термин сөздердің мағынасын тауып жауабын сәйкестендір. 2-топ
1) Демаркация ең алдымен өнеркәсіпте ішкі
машиналық өндірністі орнату.
2) Демографиялық саясат шекараны жергілікті жерде шекаралық белгілер арқылы көрсетіп белгілеу
3) Индустриаландыру Ірі қалалардың маңында кіші
қалалардың бой көтеруі
4.Агломерация елдегі жайына мемлекет тарапынан
қабылдаған шаралар
Термин сөздердің мағынасын тауып жауабын сәйкестендір. 3-топ
1.Халықаралық географиялық 1. Адамның рухани және физикалық
еңбек бөлінісі күшін қалпына келтіретін демалыс-
тың бір түрі.
2. Мегаполис. 2. Өнімнің бір түрін өндіріп және сол
өнімді айырбас жасауға маманданған
елдер.
3.Рекреация. 3. Өндірістік және өндірістік емес
салалардағы жұмыспен қамтылған
немесе жұмысты қарқынды іздеп
жүрген халықтың бір түрі.
4.Экономикалық активті халық. 4. Қала агломерациясының өзара
қосылуы және біртұтас қалалық
ареалды құрайтын аумақ.
Жаттықтыру блогы.
№ 1 карточка Есептеп шығар
Әлемдегі жер көлемі жөнінен бірінші ел Ресей Федерациясы мен Қазақстан халқының орташа тығыздығын есептеп шығару.
Ресей халқының саны ----- 145 млн. адам
Жерінің көлемі ------- 17 млн км ²
Халықтың орташа тығыздығы 1 км² -қа қанша адамнан келеді?
Қазақстан халқының орташа тығыздығы қанша?
Жауабы: тығыздық=халық саны:жер көлемі; 1) 1км 2 = 8,5 адам
2)1 км 2 =5,5 адам
№ 2 карточка Есептеп шығар.
Қазақстан Республикасы Еуразияның орталығында кең байтақ жерді алып жатыр.
ҚР-ң шекарасының жалпы ұзындығы қанша?
ҚР-ң құрлықтағы шекарасының ұзындығы және су арқылы өтетін шекараның ұзындығы қанша?
Жеке компоненттердің пайыздық және градустық өлшемінесептеп шығару және дөңгелек диаграммада белгілеу.
Жауабы: 1500 шқ--- 100%
1200шқ---Х х=80% 72
80% құрлық, 20% су арқылы өтеді
360 ° --- 100 % 1%=3,6 ° 80%*3,6°=288° 288
Х----- 1% 20%*3,6°=72°
№ 3 карточка. Есептеп шығар.
Таудың етегінде атмосфералық қысым 760 мм , ал оның басындағы қысым 270 мм.
Есепті шығарсаң Іле Алатауынындағы Талғар шыңының биіктігін табасың .
Жауабы: (760 мл-270мл)*10м=490*10=4900м
Іле Алатауының Талғар шыңының биіктігі 4900 м
Кескін картамен және дәптермен жұмыс
Парсы шығанағы
Парсы шығанағы
Кариб теңізі
Оңтүстік Шығыс
Солтүстік Африка
Ресей
АҚШ --------------
ОАР --------------
Аустралия ---------
Аустралия---------
Ресей ---------------
а) «Тайота», «Ниссан»,«Хонда»
ә) «Фольксваген»
б) «Фиат»
в) «Дженерал Моторс», «Форд»,«Крайслер»
1. АҚШ -------------------
2.Жапония --------------
3.ГФР --------------------
4. Италия ---------------
Білімді жинақтап қайталау тесті
1топ тест
1.Дүниежүзі елдерінің тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ұлттық шаруашылығының жиынтығы не деп аталады?
А) феодалдық шаруашылық Ә) Ұлттық шаруашылық
Б)Дүниежүзілік шаруашылық В) Аймақаралық шаруашылық
2.Жоғары дамыған елдер -------- тобы
А) « Үлкен жетілік Ә) Жаңа индустриалы елдер
Б) Өтп елі экономикалық елдер В)АСЕАН- ға мүше елдер
3. Автомобиль өндіруден алдыңғы қатардағы елдер
А) Ұлыбритания, Италия Ә)Бразилия ,Испания
Б) АҚШ Жапония В) Жапония, Оңтүстік Корея
4.Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығында орналасқан мемлекет
А) Тәжікстан Ә)Қыта Б)Түрікменстан В) Өзбекстан
5. Дүние жүзінде көмір өндіруден 1-ші орын алатын ел
А) Ресей Ә) АҚШ Б) Қытай В) Бразилия
6 . Экономиканың жетекші саласы:
А)салааралық кешен Ә) Қызмет көрсету саласы .
Б.) Еңбек саласы В) кәсіпорын
7. Ең жоғары жылу коэффициенті бар отын түрі :
А)мұнай мен қоңыр көмір Ә) мұнай мен тас көмір
Б) мұнай мен газ В) шымтезек пен көмір
8) АҚШ-тың ең басты « автомобиль штаты»
А) Калифорния
Ә) Техас
Б) Мичиган
В) Чикаго
2 топ тест
1. Тамақ өнеркәсібі салаларын дамытуға және орналастыруғаәсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
А) отын-энергетикаға жақын Ә) арзан энергия көзіне жақын
С) дәнді дақыл өсіретін ауданға жақын Д) шикізат көздері мен тұтынушыға жақын
2. Кндитер фабрикасы бар қала
А) Ақтау ә)Алматы
Б)Семей Б) Ақсу
3.Бау-бақша, жүзім өсіруге барынша дамыған экономикалық аудан
А)Солтүстік Ә) Оңтүстік Б) Шығыс В)Батыс
4. Екібастұз көмірінің күлі көп,алыс жерге тасымалдау тиімсіз болғандықтан ,
------------------ пайдаланылады.
А) ЖЭС-терде Ә) АЭС-терде Б) СЭС -терде
5.Д. Ж. бойынша кеме жасау өндірісінде жетекші орынды қай елдер алады
А) Жапония, Корея Республикасы
Ә) Ұлыбритания, Грекия
Б) ГФР , Испания
В) АҚШ, Франция
6.Аспап және радиоэлектроника, дәл машиналар жасау салаларын қайда
орналастырған тиімді?
А)Білікті еңбек ресурстары бар аудандарға
Ә) Тұтынушыға жақын
Б)Отын энергетика ресурстарына жақын
В) Шикізат көздеріне жақын
7. Отаны Орталық Америка мен Мексикакейін дүние жүзінетаралған дақыл:
А) Жүгері , Ә) Бидай Б. Арпа В. Сұлы
8.. Экономикасы дамыған, әсіресе кейінгі индустриалық сатыға жеткен елдерде қандай шаруашылық басым .
А) Тауарлы ауылшаруашылығы
Ә) Тұтынушы ауылшаруашылығы
Б) дәнді-дақыл шаруашылығы
В) Мал шаруашылығы
3 топ Тест
1. Әлемдегі ең ірі «әуе держабаларын» атаңдар
А) АҚШ, Жапония., Ресей
Ә) ГФР, Жапония, Испания
Б( АҚШ, Испания, Малайзия
В) Италия,Монголия, Швеция
2.Ұн-жарма өнеркәсібінің орналасу принципі қандай?
А) Тұтынушыға жақын
Ә) Энергетикалық тиімді жерде
Б) Еңбек ресурстары мол жерде
В) Шикізатқа жақын
3.Шикізатты өңдеу (консервілеу) кезінде пайдаланатын қосымша материалдар
А) Су, сірке қышқылы, арнаулы заттар
Ә) тұз, сірке қышқылы,арнаулы заттар
Б) Су, тұз, бояулар
В) Су, бу, желатин, лимон қышқылы
4..Атыра менМаңғыстау облыстарында ауыл шаруашылығының қай саласы дамыған
А) Мал шаруашылығы Ә) Егін шаруашылығы
Б(Техникалық дақыл В) Жаздық бидай
5.Бекіре тұқымдас балықтар ауланатын теңіз
А) Каспий теңізі Ә) Балтық теңізі
Б) Баренц теңізі В) Қара теңізі
6.Дамушы елдер көпшілігінің жетекші салалары
А)Өсімдік шаруашылығы
Ә) Мал шаруашылығы
Б) Техникелық дақылдар
В) Түйнек жемісті дақылдар
7. Қазақстанның қандай облысындаірі отын-энергетика кешені дамыған
А)Батыс Қазақстан Ә) Атырау
Б( Павлодар В) Жезқазған
8.Дүние жүзінде 2 орман белдеуі бар,оның солтүстігінде қамтитын елдері:
А) АҚШ, Финляндия, Швеция,Канада.
Ә) АҚШ,Норвегия, Испания
Б) Ресей, Ұлыбритания, Дания
В) Ресей, Германия, Франция
Бағалау. Жеке бағалау парағы арқылы
Үй тапсырмасы. Тест құрастыру және жаттау.
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгершісі:
Шындаулетова Н.С.
...........................
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылық салалары және Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны.
Сыныбы: 10 «А»
Мұғалімі: Төлебаева Ұ
2012-2013 оқу жылы