kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дала,шөл,шөлейт зоналары. 8-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанның  табиғат зоналарын жан-жақты оқып үйрену, географиялық ұғымдармен заңдылықтарды терең меңгеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дала,шөл,шөлейт зоналары. 8-сынып»

Пән:


Күні:


Пән мұғалімі:

Қазақстанның физикалық географиясы

8а-сынып

09/02/2017 сағ:1110


Еспентаева Г.С

Тақырыбы:

Қазақстанның табиғат зоналары. Дала ,шөл және шөлейт зоналары.

Мақсаты:

Қазақстанның табиғат зоналарын жан-жақты оқып үйрену, географиялық ұғымдармен заңдылықтарды терең меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

Қазақстан табиғат зоналарын біледі, ажырата алады, оқулықпен жұмыстана отырып, кескін картамен жұмыстанады, өлең мәтінін қолданып сыныпқа ұсынады.

Керекті жабдықтар:

8-сынып оқулығы, Интербелсенді тақта, аудиодиск, Қазақстанның физикалық картасы, Атлас 8-сынып,Бағдаршам, кері байланыс парақтары.


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.

/Бүгінгі сабақққа қандай мақсатпен күш жігермен келдіңіздер, сабаққа деген бар ынта-жігерімізді көрсету арқылы ұйымшылдықта, бірлікте топпен жұмыстанайық деп тілек білдіргім келеді../

«Түрлі суреттер арқылы топқа бөлініп алайық»

Суреттердің басқы әріптері бойынша оқушылар 3 топқа бөлінед .

1-топ «Дала» тобы ІІ-топ-«Шөл» ІІІ-топ-«Шөлейт»зонасы

Мұғаліммен амандасады. Топқа бөлінеді.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


«Географиялық диктант» бойынша. Үйлестірме беріліп өзбетінше орындалып тексеріледі

1.Табиғат компоненттеріне .........,...........,......,..........жамылғысы кіреді.

2.Температурасы,ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болып келетін ірі табиғат кешенін...............................деп атайды.

3.Табиғи зонаның ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуін............................деп атайды.

3.Табиғаттың зоналылығы-басты ..........................................

4.Қазақстанда.......................,...............,.............,.................таралған.

5. Орманды дала зонасында......................астам көл бар.

6.Қысы суық, аяз ауа температурасы ...........,......... дейін төмендейді.

7. ............,..............,..............,............. өзендерін тұрмыстық қажеттілік пен өнеркәсіп мақсатында пайдаланылады.

8.Зонаныңсолтүстік бөлігі қалыңдығы................, құрамында ......гумус бар қара топырақты болып келеді.

9.Бұл зонады өсімдіктерден боз, ..........,...........,..............,............. мен ......................өседі.

10.Зонада көбінесе .............және ............... өсімдіктері, ал солтүстігі мен солтүстік батысында ........................, өзен аңғарлары мен көл жағалауларында ............,..............,...............өседі.

11.Орманды дала зонасында ...............,.................,............,.............,.............. жануарлар мекендейді.

12. Орманды зонада жануардан басқа құстар ...........,...............,...............,........,............. ұялайды.

13.Орманды дала зонасы .......................шаруашылығына қолайлы, өйткені көп бөлігі......................





Тұсаукесер


Қызығушылықты ояту.

Бейнеролик арқылы ой қозғау.

Оқушылармен бірге табыс өлшемдерін құру.

Бейне көріністі көргенде не байқадыңыздар?

Бүгінгі тақырып немен байланысты деп ойлайсыздар?

3 минут

Интербелсенді тақтаны көре отырып болжап айтады.

Негізгі бөлім





















































/5мин/


Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты «Ойлан,топтас, бөліс» әдісі арқылы түсінеді, талдайды.10 минут.

1-топ «Дала зонасы»

2-топ «Шөл зонасы»

3-топ «Шөлейт зонасы»

1-тапсырма. Топта оқулықты оқып, талдай отырып, тұжырымдамалық карта дайындайды, сыныпқа ұсынады. /10 минут/

2-тапсырма

Мына сипаттама бойынша қандай табиғат зона екенін тап

1 топқа:

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы- қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп- өнген.

Жәндіктің киік деген баласы бар.

Бетпақта қысы- жазы ел болмайды,

Ел- жайлау, өзен яғни көл болмайды.

Бұтасы қи болады, қара жусан

Көгара бетегелі бел болмайды.

С. Сейфуллиннің “ Ақсақ киік” поэмасынан алынған өлең шумағы қандай табиғат зонасы туралы айтылған?












2-топқа

Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,

Кеудені керіп өкке сермеп кеткен.

Қия- құз, жоқпар сарай, бура тастар,

Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен

І.Жансүгіровтың поэмасынан алынған өлеңде қай жер туралы айтылған?

3 топқа: Бұл табиғат зонасы Қазақстан жерінің 27% алып жатыр. Көп жері жыртылған. Жаздық бидай мен тағы басқа дәнді дақылдар егіледі. Климатты континентті, жауын- шашын 220- 310 ммдейін түседі. Жазы ыстық, қысы суық . Боз , бетеге, атқонақ , еркекшөп өсімдіктері өседі. Бұл қандай зона ?

3-тапсырма.

«Пікір ме , айғақ па..»

  1. Шөлейт зонасының экологиясы қауіпті кезеңде.

  2. Шөлдің климаты тым континенттіи және аса құрғақ.

  3. Шөлейт зонасының суының кермек немесе ащы болуы сол жердің топырағына байланысты болуы мүмкін.

  4. Дала зонасының топырағы екі типке бөлінеді: қара және қызыл қоңыр топырақ.

  5. Дала зонасында болашақта қуаңшылықтың болуы мүмкін деген дерек бар.

  6. Батыс Тянь-Шань Қаратау бөктерінде Қазақстан эндемигі өседі.

  7. Шөл зонасының ауданы ұлғаюда деген дерек бар.

  8. Шөл зонасында көктемде алуан түрлі гүлдер:қызғалдақ, шөл көкнәрі бой көтереді.

  9. Дала зонасындағы құстардың жылдам ұшатын түрлерін Қызыл кітапқа енгізу ұсынылуда.

  10. Шөл зонасында үлкенді-кішілі 3000-нан астам көл бар.


Жауабы


  1. Пікір

  2. Айғақ

  3. пікір

  4. Айғақ

  5. Пікір

  6. Айғақ

  7. Пікір

  8. Айғақ

  9. Пікір

  10. Айғақ

Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер

Мәтінді оқып, топта талдайды. Бір оқушы келесі топқа барып, бір-біріне түсіндіреді.





Оқушылар флипчартқа өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыстанады.












Оқушылар мұғалімнің берген өлең шумақтарын зерделей отырып бүгінгі тақырыпты жинақтап, талдай отырып қандай табиғат зонасы екенін тауып топпен шешім қабылдап, сыныпқа айтады. Басқа топтар дұрыс , бұрыс екеніне көз жеткізетін болады.































Бүгінгі сабақта алған білімдерін қолдана отырып, пікір ме, айғақ па сағат тілі бойынша экранда берілген жауаппен сәйкестендіріп тексеріп тиісті бағасын алады.












Бағалау

/2 мин/

Мұғалім сабақтың барысында белсене қатысқан оқушыларды бағалайды.Мадақтайды!!


Рефлексия

/2 мин/

«КЕС» әдісі. /Көру,есту,сезіну арқылы бүгінгі сабақтан алған әсеріңді кері байланыс парақшасына аты-жөніңізбен жазыңыз/

«Кес»толтырады

Үйге тапсырма

/1мин/

1.Тақырыпты түсініп оқу.

2.Зоналарды кескінге түсіру.


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.



М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп






Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Дала, шөлейт және шөл зоналары»

(8а-сынып)


Пән мұғалімі: Еспентаева Г.С







2016-2017 оқу жылы





«Географиялық диктант» бойынша. Үйлестірме беріліп өзбетінше орындалып тексеріледі

1.Табиғат компоненттеріне ауа, су, өсімдіктер, жануар, топырақ жамылғысы кіреді.

2.Температурасы,ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болып келетін ірі табиғат кешенін табиғат зонасы деп атайды.

3.Табиғи зонаның ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуін ендік зоналылық деп атайды.

3.Табиғаттың зоналылығы-басты географиялық заңдылықтардың бірі.

4.Қазақстанда.орманды дала,дала,шөл,шөлейт зоналары таралған.

5. Орманды дала зонасында 6мыңнан астам көл бар.

6.Қысы суық, аяз ауа температурасы -51 0 С -530 Стөмендейді.

7.Ертіс,Жайық,Тобыл, Есіл өзендерін тұрмыстық қажеттілік пен өнеркәсіп мақсатында пайдаланылады.

8.Зонаныңсолтүстік бөлігі қалыңдығы.75см-ге , құрамында .9% гумус бар қара топырақты болып келеді.

9.Бұл зонады өсімдіктерден боз, бетеге, жербидайық,қарабас шалғын менқылқансыз арпабас өседі.

10.Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері, ал солтүстігі мен солтүстік батысында шоқ-шоқ ормандар, өзен аңғарлары мен көл жағалауларында өлеңшөп, бидайық, түлкіқұйрық өседі.

11.Орманды дала зонасында қасқыр, түлкі, қоян, сусар, қосаяқ, сарышұнақ жануарлары мекендейді.

12. Орманды зонада жануардан басқа құстар ақ құр, қарға, сауысқан, тоқылдақ, сұңқар ұялайды.



13.Орманды дала зонасы егін .шаруашылығына қолайлы, өйткені көп бөлігі жыртылған.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Дала,шөл,шөлейт зоналары. 8-сынып

Автор: Еспентаева Гульшат Сапаргалиевна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416267


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства