kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білім бәйгесі" тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Білім бәйгесі" тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білім бәйгесі" тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ»

Білім бәйгесі

Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыл андыру мақсатында 5,6 сыныптар үшін «Білім бәйгесі» танымдық ойыны өткізілді. Ойын барысында география пәнімен қатар қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен де қосымша сұрақтар қойылды, яғни пәнаралық байланыстар ұйымдастырылды.

Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны, ат жарысы. Осы бәйгеден озып келу аттың жүйрік те, төзімді болуына, шабандоздың шеберлігіне байланысты. Сабақтың өту барысы да осы ат жарысына, бәйгеге ұқсас болып келеді.

Сөйтіп, «Білім бәйгесінің» ұраны «Күш – білімде!»

Оқушылар «Құлагер» және «Керқұла» атты екі топқа бөлініп білімдерін жарыстырады.

Бәйге 7 жарыс түрінен болады.

  1. Тіркелу

  2. Жорға жарыс

  3. Желіс жарыс

  4. Теңге алу

  5. Қыз қуу

  6. Аударыспақ

  7. Бәйге төбе

Бәйге басталмас бұрын әділқазылар алқасы құрылады. Олар жарыс сайын, әр топтың бағаларын беріп отырады.

І. Тіркелу

Әр топ өз тобының атын, төсбелгісін қорғайды да, жарысқа топтарын тіркейді.

ІІ. Жорға жарыс

Сұрақ – жауап. Әр топқа 10 сұрақтардан қойылады. Сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы 1 ұпаймен бағаланып отырады.

«Құлагер» тобына сұрақтар.

  1. Қазақстан қай материкте орналасқан?

  2. Қазақстан Республикасының президенті?

  3. Жүретін жолды дәлме-дәл анықтайтын құрал?

  4. Қазақ халқының батырлар жырларын атаңдар?

  5. Қазақтың тұңғыш географ ғалымы?

  6. Экватор ұзындығы?

  7. Күнге ең жақын айналтын ғаламшар?

  8. Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі болса, көбейтінді қандай сан болады?

  9. Тең бүйірлі ұшбұрыштың өзара тең екі қабырғасы деп нені айтады?

  10. Ең үлкен материк?

«Керқұла» тобына сұрақтар.

  1. Ғаламшарлардың Күн төңірегіндегі жолы?

  2. Ол жаратылыстанушы ғалым, оны Аристотельден кейінгі Екінші Ұстаз деп атаған?

  3. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін қалай атайды?

  4. Тең бүйірлі ұшбұрыштың өзара тең екі қабырғасы деп нені айтады?

  5. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі?

  6. Жердің өз осінен бір рет айналып шығуына кеткен уақыт?

  7. Процентті ондық бөлшекке айналдыру үшін процент санын не істеу керек?

  8. Еуразия материгінде неше дүние бөлігі бар?

  9. Ең шағын материк?

  10. Адамдар тіршілігін заттың деректері бойынша реттейтін ғылым?

ІІІ. Желіс жарыс

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша үйде дайындап келген мақалдың бірінші жолын оқиды, екінші топ мақал-мәтелді жалғастыру керек.

ІV. Теңге алу

Топ мүшелері қызықты сұрақтарға жауап береді. Әр топқа үш сұрақтан беріледі.

«Құлагер» тобына

  1. Шай қайнатып шағала,

Бәрін шайға шақырды.

Келді тоғыз шағала,

Неше шағала шай ішті

  1. Корзинада 5 алма бар екен. Оны 5 балаға таратқанда, корзинада 1 алма қалыпты. Ол неліктен?

  2. 1килограмм тас ауыр ма, 1 килограмм мақта ауыр ма?

«Керқұла» тобына

  1. Екі әкесімен екі баласы келе жатып, 3 алма тауып алады. Теңдей етіп бөлгенде әрқайсысына 1 алмадан келеді. Бұл қалай?

  2. Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық оыр, әр мысықтың қарсында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық?

  3. Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады?

V. Қыз қуу.

Әр топтан екі жұп шығады (1ұл, 1қыз). Бұлар бір-біріне 5 сауалдан сұрақтар қояды.Әр сұраққа жауап берілсе, бір қадам жұбына жылжиді.Сұраққа жауап беру арқылы жігіт қызға жету керек.

VІ. Аударыспақ.

Географиялық жұмбақтардың шешуін табады. Әр топ дайындап келген табиғат тақырыбында жұмбақтарын бір-біріне жасырады.(5 жұмбақтан)

VІІ. «Бәйге төбе»

Білім бәйгесі қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Білім бәйгесі" тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ

Автор: Шенгельбаев Нуркан Шахабаевич

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400678


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства