Просмотр содержимого документа
«Аустралияның жер бедері және пайдалы қазбалары,климаты,өзендері мен көлдері.»
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 7
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері және пайдалы қазбалары,климаты,өзендері мен көлдері.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар Аустралияның жер бедері және пайдалықазбалары,
климаты,өзендері мен көлдері туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйренеді
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Аустралияның жер бедері және пайдалы қазбалары,климаты,өзендері мен көлдері.туралы біледі.
Түсіну: Аусталия материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары ,өзендері мен көлдері туралы түсінді.
Қолдану:Аустралия материгін басқа материктерден ажырата біледі..
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық,карта, постер,суреттер.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, оқушылар бір-бірін өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды сөз тіркестері арқылы тілек білдіреді Шаттық шеңбер
2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөледі
1.Оқушылар топтарға бөлінеді.
10 мин
Үй жұмысын сұрау.
Географиялық диктант
1. Материктің ең биік нүктесі.
2. Ең аласа нүктесі.
3. Шығысындағы маржандық құрылым.
4. Аустралия материгі қай жарты шарда орналасқан
5.Аустралия жер шарындағы қандай материк?
6.Материктің атауы латын тілінен аударғандағы мағынасы
7.Материктің ауданы
8.Ең биік ағаш
9.Аусталия материгін қандай ел алып жатыр
10 Неше мұхит шаяды
Жауаптың нұсқалары:
1. Үлкен Тосқауыл рифі
2. шығыс
3. Косцюшко
4. оңтүстік
5. Аустралия Одағы
6.құрғақ,аласа
7. 2(Тынық,Үнді)
8. Эйр көлі (- 16 м)
9. 7,6 млн.км²
10 Эвкалипт
Дұрыс жауаптары: 1-3,2-8,3-1,4-2,5-6,6-4,7-9,8-10,9-5,10-7
Картадан көрсету
2.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге тақырыпты жазып алады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып
І топ- Жер бедері мен пайдалы қазбалар
ІІ-топ Климаты
ІІІ-топ Өзендері мен көлдері
Сергіту сәті
Қорытындылау Әр топқа тапсырма беру
1 топ Картаға географиялық нысандарды орналастыру
Косцюшко
Виктория шөлі
Тасман аралы
Жаңа гвинея
2-топ Диаграмманы талдау
3-топ
Венн диаграммасы Аустралия мен Африканың климатын салыстырады
Бекіту сұрақтары
-Крик дегеніміз не?
-Ең ірі көлі?
-Неше артезиан алаптары бар?
-Аустралияның өзендерін ата
-Қандай климат белдеулері кесіп өтеді?
Қыс айлары мен жаз айларын ата
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
Сергіту сәтін орындайды
Оқушылар берілген картаға нысандарды белгілейді
Диаграмманы талдайды
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: 54 тақырып
1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
2.Оқушылар кері байланыс жасайды
Не ұнады: ..........................................