kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аустралияны? физикалы?-географиялы? орны, материк жа?алауын шайып жат?ан м?хиттар мен те?іздер, Аустралия ж?не М?хитты? аралдарыны? зерттелуі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?. 7-сынып. Саба?ты? та?ырыбы: Аустралияны? физикалы?-географиялы? орны, шайып жат?ан м?хиттар мен те?іздер, Аустралия мен м?хитты? аралдарды? зерттелуі.

Саба?ты? ?дісі: де?гейлеп о?ыту, топты? ж?не жеке ж?мыс.

Саба?ты? т?рі:жа?а саба?ты игеру.

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і.

С?лемдесу. Т?гендеу. Топ?а б?лу.

2.Психологиялы? дайынды?.

3.Жа?а саба?.?ызы?ушылы?ын ояту.

1-б?лім.Мені? білетін деректерім.

2-б?лім.Мені? м?ны білген ж?н.

Жеке ж?мыс.

Еркін талдау ?дісі. Топты? ж?мыс

 Бекіту тесті.

Ба?алау.

?йге тапсырма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аустралияны? физикалы?-географиялы? орны, материк жа?алауын шайып жат?ан м?хиттар мен те?іздер, Аустралия ж?не М?хитты? аралдарыны? зерттелуі. »

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Аустралия және Мұхиттық аралдарының зерттелуі.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға аустралияның зерттелу ерекшелігін, қаситеттерін,даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. 
Дамытушылық:Білімге құштарлығын,дүниетанымдылық көзқарасын,жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып,деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Тәрбиелік:Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану,өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға,ұлтаралық сыйластыққа,шындыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу. 
Сабақ көрнекілігі:Дүние жүзінің физикалық картасы,саяси карта,атлас,кескін карта,оқулық,интерактивті тақта,плакаттар. 
Сабақ әдісі: деңгейлеп оқыту,СТО,Инсерт,Венн диаграммасы,сұрақ-жауап,жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Кезбе тіліші» әдісі, «Еркін талқылау» әдісі, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, рефлексия парағы
Сабақ түрі: жаңа сабақты игеру. 
Сабақ барысы:
І. 1.Ұйымдастыру.Класты топқа бөлу. 

2.Психологиялық дайындық.

ІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықтарын ояту.

Ертеде ренжіп мен ағаларға,
Кетіп ем жылжып жағалауға 
Оңтүстік жарты шарды мекен еттім,
Талайлар келді көшіп паналауға.
Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ,
Ойпат көп, шығысымда жоталар көп.
Шағыл құм басады баурайымды.
Сөнбеген өзгелердей вулканым жоқ.
Тұрсада ортасында мұхиттардың 
суына жауын-шашын қанықпадым. 
оңтүстік тропигі кесіп өтіп,
Келтірмей жүр шудасын бұлттардың.
Менде бар жануарлар өзгеде жоқ
Қалталы аю, қалталы кенгуру көп.
Мен өзім кіп-кішкене болғанменен
Материкпін сыры мен жұмбағы көп.
-Балалар бұл қандай материк туралы айтылған?

Жаңа сабақтың тақырыбы: Аустралияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Аустралия және Мұхиттық аралдарының зерттелуі.

І бөлім «Менің білетін деректерім» деп аталады.

Инсерт стратегиясы. Кестені толтыру.


Білемін

Білдім

Не білгім келеді?














ІІ бөлім «Менің мұны білгенім жөн».
Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысамыз. Ол үшін әдеттегіше төмендегіше жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.
Жоспар:


1. Географиялық орны.
2. Материктің табиғат ерекшеліктері.
3. Зерттеу тарихы.

  1. Жеке жұмыс. Материктің төлқұжатын құрастыру.

Атласты пайдалана отырып, анықтау. Кескін картаға түсіру.

Күтілетін жауап:
1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда, түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.
2. Шеткі нүктелері: Солтүстік - Иорк - 10 о. е; 142 ш. б
Оңтүстік - Саут - Ист - Пойнт - 26 о. е: 113 ш. б
Батыс - Стип Пойнт - 26 о. е; 113 ш. б
Шығыста – Байрон - 28 о. е; 153 ш. б
3. Батыстан шығысқа -
1) а) 153°– 113°=40°
б) 100 км Х 40* =4000 км;
2) Солтүстіктен оңтүстікке -
а) 39°– 10°=29°;
б) 111 км Х 29* = 3219 км.

Бағалау бетшесін толтырып отыру.

Бағалау бетшесі:

Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс.

Материктің төлқұжатын құрастыру

Топтық жұмыс.

Тест

Қалың және жұқа сұрақтар”

Жалпы ұпай



2. «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыстар

Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру

I топ. Зерделеу. Аустралия табиғатының ерекшеліктері. «Кезбе тілші» әдісі бойынша интернет желісінен қосымша материалдар алып, жаңалықтар бағдарламасын дайындау

1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.

( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда «Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асыру.)

IІ топ. Салыстыру. Аустралия мен Африканың географиялық орнын салыстыру. Венн диаграммасын толтыру.

Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.
Ұқсастығы Айырмашылығы
1.Екі материк те Гондвана қалдығы 1. Сейсмикалық белдеуАфриканы басып өтеді, Аустралияны айналып өтеді.
2. Екі материк те платформада орналасқан 2. Африкада жанартау бар, Австралияда жанартау жоқ
3.Африкада қар мен мұз биік шың бар, Аустралияда жоқ
4. Аустралияда ойпат көп, Африкада үстірт көп.

III топ. Анықтау. Ашылу және зерттелу тарихы. Материктер мен мұхиттық аралдардың зерттеген ғалымдарды анықтау.

Зерттеушілері: 
Биллем Янсзон. 1606ж –Голландиялық Дуивкен атты кемесінің капитаны Б.Янсзон Австралияны ашады.17ғ голландиялықтар дүниежінің картасына аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді. 
Дж Кук. 
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 
1770ж Дж Кук Аустралияның шығыс жағалауын ашады.Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс деп атайды. және оны Ұлыбританияның жері деп жария етеді.

ІІІ. Бекіту.

1.Бекіту тесті. 
1.Жер шарындағы ең кіші материк 
А)Африка 
Ә)Еуропа 
Б)Аустралия 
В)Антрактида 
2.Аустралия материгінің жер көлемі 
А)7,6 млн км 
Ә)7,2 млн км 
Б)7 млн км 
В)9 млн км 
3.Эйр көлінің деңгейі 
А) 12 м 
Ә) 14 м 
Б) 8 м 
В) 10 м 
4.Аустралия одағының астанасы 
А)Сидней 
Ә)Марлен 
Б)Клаид 
В)Канберра 
5.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш 
А) Баобаб 
Ә)Эвкалипт 
Б)Емен 
В)Папортник 
6.Аустралия сөзінің латыншадан аударғандағы мағынасы: 
А) Солтүстік 
Ә)Оңтүстік 
Б)Шығыс 
В)Құрғақ 

7.Австралияның шығыс бөлігін,Жаңа Гвинеяны ашқан:

А) Ф.Магеллан
Ә) Х.Колумб 
Б) Д.Кук
В) А.Тасман

  1. «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі.


Білемін

Білдім

Не білгім келеді?













Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

ІҮ. Үйге тапсырма.

1.Міндетті деңгейлі тапсырма.

Кескін картаға материктің жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бұғаздарды белгіле

  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Аустралияның табиғат ерекшеліктері мен физикалық-географиялық орныны таныстырылым дайындау.


Ү. Бағалау бетшесін тексеру.

Бағалау парақтарын толтырып отыру.

Бағалау бетшесі:

Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс.

Материктің төлқұжатын құрастыру

Топтық жұмыс.

Тест

Қалың және жұқа сұрақтар”

Жалпы ұпай



Мен сұрақтың жауабын таба алмадым, қиналдым - 1 бал
Мен сұрақтың жауабын білдім, бірақ жауап бермедім - 2 бал
Мен жауапты біліп, өз тобымда талқылауға араластым - 3 бал
Мен сұрақтың жауабын білдім, өзімнің білгенімді басқаға айттым - 5 бал
20 - 25 балл -«5»
15- 19 балл - «4»
14- 10 балл - «3»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Бидахметова Альмира Муратовна

Дата: 26.10.2015

Номер свидетельства: 244066


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства