9.Тасмания аралында ?андай ерекше жануарларды? т?рлері мекендейді?
10.Аустралияны? елта?басы мен к?міс а?шаларында нені? бейнесі та?балан?ан?
Ол кім,б?л не? (Суретке ?арап,с?ра?ты? жауабын тап).
1.Б?л а?ылшын ?алымы 1770 жылы Австралияны? шы?ыс жа?алауын ашады. Ол оны Жа?а О?т?стік Уэльс (англ. Неу Со?т? Уалес) деп атайды ж?не оны ?лыбритания жері деп жария етті.2.Б?л голландиялы? ?алым те?ізде ж?зуші,саяхатшы,к?пес бол?ан.Оны? 1642-1644 жылдарда?ы саяхатын д?ние ж?зі мойында?ан.?йткені осы саяхатында ол жа?а жерлер Жа?а Зеландия, Тонга, Фиджи аралдары мен Аустралия материгіні? солт?стік жа?алауын аш?ан.Аустралия материгін жеке материк екендігін д?лелдеген.?азіргі кезде оны? ??рметіне арал мен те?ізді? атауы берілген.
Б?л а?ашты ауыр ?рі ты?ыз с?регіні? ?те беріктігіне байланысты, ?сіресе кеме жасауда, телеграф ба?аналарын, жапыра?тарынан д?рі-д?рмек алуда пайдаланады. Тез ?седі, ыл?ал к?п ?ажет етеді. Олар топыра? ?абатында?ы суды сорады, сонды?тан топыра?ты жа?сы ??р?атады. Оны «безгекке ?арсы» а?аш деп те атайды. Ол ?скен жерде батпа? болмайды. Сонды?тан да безгек ?оздыратын маса ?ры?ыны? ?суіне жа?дай жо?. Батпа?ты жерді ??р?ату ?шін осы ?сімдікті отыр?ызады. Б?л ?арапайым с?т?оректі – су астында к?рмейді де, естімейді де. Ол су астында бір минут?а жа?ын шыдай алады, т?беті адам айт?ысыз к?шті. Ол к?ніне 1 кг, я?ни ?зіні? жеке салма?ыны? жартысындай ас жейді, біра? оны? тісі жо?, ол асты та?дайына ыс?ылап, ?сатып жейді, 2 см-дей 2-3 а? д??гелек ж?мырт?а салады, 10 к?ннен кейін ж?мырт?а жарып шы??ан балаларын бес ай с?тімен асырайды екен. Б?л жануар – эвкалиптті? жапыра?ын жеп к?нелтеді, 1 а?ашты жеп біткенше т?спейді, егер ?ажетті жапыра? болмаса ол аштан ?леді, бас?а азы? жемейді. Жапыра?та ыл?ал жеткілікті болатын к?рінеді. Австралиялы? тайпа оны «су ішпеу» деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салма?ы 10 кг жуы?. Жа?а туыл?ан баласыны? ?зынды?ы 2 см, ал салма?ы 5 г болады. 5-6 ай с?т емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын «?олына алып» тербетіп ?ам?орлы? жасайды екен.Б?л ??с Аустралияны? ш?л зонасында мекендейді.Ол, ??с бол?анмен ?ша алмайды. Сырт?ы пішіні казуар?а ??сайды,?зіні? ?лкен денесіне ?арамастан суда еркін ж?зеді.Оны? бейнесі Аустралияны? мемлекеттік елта?басында бейнеленген.
Жа?а саба?
Аустралия Ода?ы
Жа?а саба?Австралия, ресми атауы - Австралия Ода?ы
Жер аума?ы – 7,6 млн. км²
Хал?ыны? саны- 21 миллион адам
Австралияны? астанасы – Канберра ?аласы.
Мемлекеттік ??рылымы- Британ бірлестігі ??рамында?ы мемлекет
а)Аустралия Одағының мемлекеттік құрылымы,қалыптасу тарихы, шаруашылығының маманданған салалары сияқты т.б даму ерекшеліктерімен таныстыру.
ә)Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның жалпы табиғатының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру; Өз ойларын жүйелеп жеткізуге бейімдеу.
б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерінің сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:тарих,экономика,информатика
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Үйтапсырмасын сұрау. Сәлемдесу.Оушыларды түгелдеу
«Кім жылдам?»
(Үй тапсырмасы бойынша сұрақ қою.)
1.Аустралия материгінде қандай табиғат зоналары кездеседі?
2.Аустралияға ғана тән эндемик өсімдіктер мен жануарлардың үлесі.
3.Неліктен Аустралияда өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлері сақталып қалған?
4.Материкте шөлдердің қандай түрлері кездеседі?
5.1841 жылы саяхатшы Джон Эйр материктің оңтүстік жағалауындағы шөлді не деп атаған?
6.Маргината эвкалипттерінен тұратын қатты жапырақты ормандар материктің қай жағында көп таралған?
7.Сирек ормандар мен саванналар материктің қай бөлігін алып жатыр, және онда қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?
8.Үлкен суайрық жотасының шығысында қандай табиғат зонасы орналасқан,онда қандай өсімдіктер көп өседі?
9.Тасмания аралында қандай ерекше жануарлардың түрлері мекендейді?
10.Аустралияның елтаңбасы мен күміс ақшаларында ненің бейнесі таңбаланған?
Ол кім,бұл не? (Суретке қарап,сұрақтың жауабын тап).
1.Бұл ағылшын ғалымы 1770 жылы Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. Неу Соұтһ Уалес) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.
2.Бұл голландиялық ғалым теңізде жүзуші,саяхатшы,көпес болған.Оның 1642-1644 жылдардағы саяхатын дүние жүзі мойындаған.Өйткені осы саяхатында ол жаңа жерлер Жаңа Зеландия, Тонга, Фиджи аралдары мен Аустралия материгінің солтүстік жағалауын ашқан.Аустралия материгін жеке материк екендігін дәлелдеген.Қазіргі кезде оның құрметіне арал мен теңіздің атауы берілген.
Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішін тексергенде қоңыр-жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустарын көреді. Әп-сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып, әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес кәдімгі жеміс екендігін дәлелдейді.
Бұл жемісті жинау бүкілхалықтық мереке. Жаңа Зеландияда, Те-Пуке қаласы осы жемістің астанасы, 0ْْ С температура жағдайында ол дәмді және хош иісті күйінде жарты жыл, ал уйдегі тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады, ол 30 елге тасымалданады.
Бұл ағашты ауыр әрі тығыз сүрегінің өте беріктігіне байланысты, әсіресе кеме жасауда, телеграф бағаналарын, жапырақтарынан дәрі-дәрмек алуда пайдаланады. Тез өседі, ылғал көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындағы суды сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Оны «безгекке қарсы» ағаш деп те атайды. Ол өскен жерде батпақ болмайды. Сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрығының өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерді құрғату үшін осы өсімдікті отырғызады. Бұл қарапайым сүтқоректі – су астында көрмейді де, естімейді де. Ол су астында бір минутқа жақын шыдай алады, тәбеті адам айтқысыз күшті. Ол күніне 1 кг, яғни өзінің жеке салмағының жартысындай ас жейді, бірақ оның тісі жоқ, ол асты таңдайына ысқылап, ұсатып жейді, 2 см-дей 2-3 ақ дөңгелек жұмыртқа салады, 10 күннен кейін жұмыртқа жарып шыққан балаларын бес ай сүтімен асырайды екен.
Бұл жануар – эвкалипттің жапырағын жеп күнелтеді, 1 ағашты жеп біткенше түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса ол аштан өледі, басқа азық жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болатын көрінеді. Австралиялық тайпа оны «су ішпеу» деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салмағы 10 кг жуық. Жаңа туылған баласының ұзындығы 2 см, ал салмағы 5 г болады. 5-6 ай сүт емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын «қолына алып» тербетіп қамқорлық жасайды екен.
Бұл құс Аустралияның шөл зонасында мекендейді.Ол, құс болғанмен ұша алмайды. Сыртқы пішіні казуарға ұқсайды,өзінің үлкен денесіне қарамастан суда еркін жүзеді.Оның бейнесі Аустралияның мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген.
Жаңа сабақ
Аустралия Одағы
Жаңа сабақ Австралия, ресми атауы - Австралия Одағы
Жер аумағы – 7,6 млн. км²
Халқының саны- 21 миллион адам
Австралияның астанасы – Канберра қаласы.
Мемлекеттік құрылымы- Британ бірлестігі құрамындағы мемлекет
Мемлекет басшысы- Ұлыбритания королевасы
Үкімет басшысы-премьер-министр
Мемлекеттік тілі- ағылшын тілі
Ақша бірлігі- аустралия доллары
Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн.Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған ағаш түрінде болады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді,егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді. Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау-кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде 1-ші орында. Елдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қамысы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.
Семантикалық карта.
Қ/с
Атауы
Арал
Астана
Ғалым
Тау
Өсімдік
Жануар
Көл
Өзен
1
Эйр
2
Тасмания
3
Кенгуру
4
Эвкалипт
5
Муррей
6
Үлкен Суайрық
7
Коала
8
А.Тасман
9
Канберра
10
Ж.Гвинея
Сабақты бекіту үшін сәйкестік тесті.
1.Аустралияның өлі жүрегі а) коала 2.Аустралияның құйын тәрізді соғатын желі б)Үлкен тосқауыл
3.Аустралияның байырғы халқы с)Эйр көлі
4.Қарапайым сүтқореқті д)Вилли-вилли
5.Ең ірі маржан рифі е)абориген
6.Ағашсыз кеңістік деп аталатын жазық ж)скреб
7.Материкте кездесетін тартылып қалатын өзендер з)Налларбор
8.Ішкі аудандарда өсетін қалың ну бұталар к)Криктер
9.Аустралия өсірілетін қойдың түрі л) ехидна
10.Аустралияда кездесетін жалқау қалталы аю м)меринос