kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атмосфера, онын курылысы, ауанын курамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

атмосфера туралы тусиник калыптастыру, атмосфера кабаттарын билу, окушыларга тусиндиру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атмосфера, онын курылысы, ауанын курамы»

Бекітемін

мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________ М. Бердекеева


САБАҚ: География

Мектеп: №273 орта мектебi

Күнi:30.01.2017ж.

Мұғалiмнiң аты-жөні: Емешова А. Т.

СЫНЫП: 6 «Б»-сынып

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Сабақ негiзделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Атмосфера туралы түсінік қалыптасады және оның құрылысы мен қабаттары туралы біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Атмосфера құрамы туралы түсінік қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлiгi:

Атмосфераның қабаттарын ажырата біледі.

Кейбiр оқушылар:

Атмосфераны зерттеу тәсілдері мен қорғау мәселелерін біледі.

Тiлдiк мақсат

Оқушылар:


Тропосфера,стратосфера,озон,мезосфера,ионосфера,экзосфера,термосфера,

шар-зонд,аэростат.

Алдыңғы оқу

«Гидросфера» тарауын қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелердi жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


5 мин








2 мин

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2.Топқа бөлу. The hat бағдарламасы арқылы топқа бөлу.

1 топ – тропосфера

2 топ – стратосфера

3 топ – мезосфера

4 топ – экзосфера

3. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.


«Шаттық шеңбері» Қайырлы күн, достым

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі ашық сабақ

Сәттілікке толы бол

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын

Мақсаты: бір-біріне сыйластықтары артады, жақсы көңіл күй

Қалыптасады.









презентация


7 мин





































5 мин



























4 мин











6 мин


































1 мин

















3 мин

















5 мин






























3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Географиялық диктант

Мақсаты: бос орындарға тиісті сөздерді жазады.

1.Гірек тілінен аударғанда «Гидро»- су, «Сфера»- шар деген мағынаны білдіреді.

2. Гидросфераның 2,5 % ғана тұщы су.

3. Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады

4. Мұхит суының басты қасиеттеріне температурасы мен тұздылығы жатады.

5. Тереңдеген сайын судың температурасы төмендейді.

6. Мұхит бетінің орташа температурасы +17,7 °С

7. Мұхит суының тұздылығы промиллемен өлшейді

8. Цунами-жер сілкінуден немесе су түбіндегі жанартаудың атқылауынан туатын толқындар

9. Толқындар желдің әсерінен болатын су бетіндегі үздіксіз қозғалыс.

10. Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, жер асты сулары сондайақ жасанды су көздері (тоғандар, бөгендер, каналдар) жатады.













Бағалау шкаласы:

10-9 сұрақ – 5 ұпай

8-7 сұрақ – 4 ұпай

6-5 сұрақ – 3 ұпай

1-4 сұрақ – 2 ұпай


  1. Жаңа тақырыпқа шығу үшін шағын әңгіме оқылды Қызығушылықты ояту.
    «Көрінбейтін сиқыршы»
    Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
    Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
    Ауа туралы не білесіңдер?
    Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
    Мақсаты: сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады.


ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Сабақтың мақсаты: Атмосфераның құрамы және құрылысы жайлы ақпаратымен кеңінен танысып, атмосфера қабатының жер беті үшін маңыздылығын ұғыну.


Тропосфера,стратосфера,озон,мезосфера,ионосфера,экзосфера,термосфера,шар-зонд,аэростат.

«Кинокөрсетілім» әдісі бойынша. Атмосфера туралы бейне баян көрсетіледі












IV. «Постер» әдісі бойынша топтық жұмыс.

Жұмыс критерийі:

1. Тақырыптың ашылуы.

2. Көркемдік безендірілуі.

3. Толық мәлімет берілуі.







1 топ – тропосфера Атмосфераның құрамы, қабаттары, тропосфера туралы қорғайды.

2 топ – стратосфера. Стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера қабаттарын қорғайды.








3 топ – мезосфера Атмосфераның маңызы, зерттеу жолдары туралы қорғайды.

4 топ – экзосфера Атмосфераның ластануы мен қорғауы шаралары.









Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



«Сергіту сәті»









Географиялық есеп


Адам бір рет тыныс алса 500 мл ауа жұтады. Минутына 18 рет тыныс алса, қанша ауа жұтады ?

500*18=9000 мл

Адам 1 тәулікте қанша ауа жұтады?

9000*24=216000 мл

Мектепте 470 оқушы 1 минутта қанша ауа жұтады?

9000*470=4230000 мл

Адам 1 рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Әр жұтқан сайын 5% оттегін қабылдайды. Сонда қанша оттегін қабылдайды.

500*0,05=25 мл







V. Бекіту сұрақтары

1. Жердің орнымен бірге айналып жүріп, оны қоршап тұрған газды орта атмосфера деп аталады.

2. Атмосфераның құрылысы: тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера және термосфера.

3. Тропосфераның қалыңдығы – экваторда -16-18 км, орта ендіктерде -10-12 км, ал полюстерде -7-10 км.

4. Атмосфераның химиялық құрамы: 78,08% -азот, 20,9% -оттегі, 0,93 % -аргон, 0,03 %-көмір қышқыл газы бар.

5. Атмосфералық ауаның ластану себебі Адамның биосфералық үдірістерге белсенді түрде араласа бастауы, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару қалалар мен өндіріс орындарының көптен салынуы.

6. Вен диаграммасы арқылы табиғи ластану мен жасанды ластануды салыстыр

Табиғи ластану Жасанды ластану

Көлік түрлері, электр,

жылу стансалары, радиоактивті элементтер

Екеуі де ластаушы акторлар

Тау жыныстары үгітіледі

Жанартаулар атқылайды, орман,дала, шымтезектер өртенеді.








8. Атмосфераның жер бетінде ең жақын қабаты – тропосфера

9. Атмосферада озонның көп бөлігі жинақталатын қабаты – стратосфера

10. 50 км биіктікте орналасқан қабат – мезосфера

11. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ қабат – термосфера

12. Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта орналасқан қабат – Экзосфера.

VI. Қорытынды. Оқушылардың жаңа сабақта алған білімін бекіту мақсатында «Атмосфера» деп аталатын сөзжұмбақ шешеді.


А

У

А




А

З

О

Т


Ө

С

І

М

Д

І

К


О

З

О

Н

С

Т

Р

А

Т

О

С

Ф

Е

Р

А

Т

Р

О

П

О

С

Ф

Е

Р

А



О

Т

Т

Е

Г

І


Я

Д

Р

О


К

А

Н

А

Л



  1. Әр түрлі газдардың қоспасын не дейміз?

  2. Ауаның құрамында ең көп кездесетін газ?

  3. Көмірқышқыл газы өте қажет тіршілік иесі?

  4. Стратосферадағы күн сәулелерін сүзетін қабат?

  5. Тропосфераның үстіндегі қабат?

  6. Атмосфера қалыңдығы 8-18 км аралығында алып жатқан ең төменгі ауа қабаты?

  7. Тіршілік үшін өте маңызды газ?

  8. Жердің ең орталық өзегі?

  9. Жасанды өзен?


Интерактивтi тақта







Аяқталуы

4 мин

IX. Бағалау. Оқушылар өздерін жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Топ басшысы кестедегі ұпайларды есептеп бағалайды.

X. Үйге тапсырма. §36 Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамын оқу. 47 суретті салу,140 беттегі берілген тапсырмаларға жауап жазу.

Кескін картаға дүниежүзі және Қазақстандағы ластанған қалаларды түсіру

Бағалау кестесі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атмосфера, онын курылысы, ауанын курамы

Автор: Емешова Айманай Темирбаевна

Дата: 08.04.2017

Номер свидетельства: 407618


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства