Е?бек жолын жа?а баста?ан жас мамандар?а ?ажет болады деген оймен география п?нінен ?ткізілген сыныптан тыс шараны ?сынып отырмын. Ма?саты: жер таби?аты мен тарихын, байлы?ын о?ып ?йрену ар?ылы о?ушыларды? білімін, ?орша?ан орта туралы д?ние танымын толы?тыру, ой-?рісін дамып, зердесін ашу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Атаж?рт»- этногеографиялы? ойыны»
Шығыс Қазақстан Облысы
Көкпекті ауданы
Көкжота орта мектебінің
География пәні мұғалімі
Белдеубаева Сайла Қасымбайқызы
І-санатты мұғалім
Еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға қажет болама деген оймен география пәнінен өткізілген сыныптан тыс шараның бірін ұсынып отырмын.
Тақырыбы:«Атажұрт»- этногеографиялық ойыны
Мақсаты: Жер табиғаты мен тарихын, байлығын оқып-үйрену арқылы оқушылардың білімін, қоршаған орта туралы дүние танымдарын толықтыру, ой-өрісін дамытып, зердесін ашу.
1.Ұйымдастыру
2.Ойынға қатысушы ІІ топ
І-кезең «Таныстыру»
Топ басшылары ортаға шығып өзін және топ мүшелерін таныстырады.
ІІ-кезең «Қанат қақты»
Топ басшыларына 7 сұрақ
1 топқа:
1.Қазақстан аумағының көлемі
2.Шығыс Қазақстан аумағы жөнінен нешінші орында?
3.Қазақстан тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған ел.
4.Атырау қаласынан 55 шақырым жерде қираған қала орны жатыр.
Бұл қай қала?
5.Ең арзан көмір өндіретін кеніш?
6.Қазақстанның әлемдік нарықтағы стратегиялық шикізат өнімі.
7.Қазақстанның ұсақ шоқысы басқаша қалай аталады?
ІІ топқа сұрақ
1.Теңіз жағалауында соғылатын жел.
2.Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі.
3.Аустралия тіліндегі «Вилли-вилли» сөзі қандай мағына білдіреді.
4.Планеталардың күн төңірегіндегі жолы.
5.Құрлықтың теңізге,көлге сұғына еніп тұрған бөлігі.
6.Адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері бойынша біріктірілетін топтары.
7.Қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуы.
ІІІ –кезең «Самғау»
1 топқа: Сурет сұрақ
Субарктикалық белдеу мүкті-қыналы өсімдіктерден тұратын климаты қатал белдеу.
Мұнда желдер мен қарлы - борандар жиі соғады.Мұнде ең көп тараған өсімдік – бұғы мүгі,солтүстік бұғының негізгі азығы.
Сұрақ: Бұл зона қалай аталады?
2 .Адамзат тарихында құпиясы ашылмаған «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғажайып ескерткіштердің 5-еуі Еуразияда орналасқан.
Сұрақ: Осы ғажайып ескерткіштерден 5 ескерткішті атаңыздар.
2-топқа сұрақ
1.Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы. Ал биік нүктесі Хан Тәңірі шыңына сәйкес келеді.
Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша?
2 сұрақ.
Мұнда әдемі мұнарлар, қорған, салт атты жұмбақтасты кездестіруге болады. Сыңсыған қарағай, мөп-мөлдір көгілдір көлдер кездеседі. Бұл қандай тау.
ІV. « Шарықтау»
І топ жанашырларына сұрақ
1Аяз атаның мекені атанған жер.
2 Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең тұйық көл, үлкендігіне қарай теңіз деп аталады, бұл қандай көл
ІІ топ жанашырларына сұрақ.
1 Еліміздегі ең ірі су электр станциясы.
2 Олар өз қоғамында өтірік айтуға, жалқаулыққа жол бермеген.Үлкенді сыйлауға, тұрмысы нашар адамдарға көмек беруге үйреткен,тіпті зейнетақы тағайындау да осы ортадан бастау алған.
Сұрақ.Бұл қандай мемлекет.?
Шырқау (әр топқа терезе ашу 1,2,3,4,5,6)
Сұрақ
Мақалды аяқта.
Мүлгіген мидай дала. Жапан далада жалғыз жолаушы. Күн батып, қас қарая бастайды.Секем алған жолаушы жан-жағынан отын жинап, от жағады. Түннің бір уағына дейін от жағып отырған жолаушы ақыры ұйқыға кетеді.Таңертең отқа түскен ірілі-ұсақты кесектер қызарып сөнбеген. Оттан алыстау жатқанын алып қараса, қап-қара күйе екен. Бұл жерді белгілеп кетейін деп, түйеге теңделген тұздың екі кесегін таңдап алып, бір-біріне сүйеп белгі қояды. Содан бері бұл жер қалай аталған?
Сұрақ
Мақалды аяқта
Өте ертеде қазақтар далада көшіп- қонып жүргенде, таудың бір шыңында бір тау бүркіт өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзбен қарап отырады екен. Сұлтандар осы бүркітті өлтірейін десе оқтары тимейді екен.Кейбіреулері ұясына шығайын десе шыға алмапты. Бұл жұмбақ жер қалай аталған?