Білімділік: Аустралия Ода?ыны? мемлекеттік ??рылымы,?алыптасу тарихы, шаруашылы?ыны? мамандан?ан салалары сия?ты т.б даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, осы ерекшеліктерді ?з еліні? шаруашылы?ымен салыстыру?а да?дыландыру.
Дамытушылы?: О?ушылар ?здігінен м?тінмен, картамен, ?осымша а?парат к?здерінен алын?ан м?ліметтерді пайдалана отырып Австралияны? жалпы таби?атыны? алуан т?рлілігін талдап, саралай білуге да?дыландыру; ?з ойларын ж?йелеп жеткізуге бейімдеу.
Т?рбиелілік: Аустралия Ода?ыны? мемлекеттік ??рылымымен таныстыра отырып о?ушылар?а патриотты? т?рбие беру, елжандылы??а, ынтыма?тасты??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. "Аустарлия Ода?ы" »
Күні:23.04.2013ж
Сынып: 7 «а»
Сабақтың тақырыбы: § 56 Аустралия Одағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аустралия Одағының мемлекеттік құрылымы,қалыптасу тарихы, шаруашылығының маманданған салалары сияқты т.б даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, осы ерекшеліктерді өз елінің шаруашылығымен салыстыруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның жалпы табиғатының алуан түрлілігін талдап, саралай білуге дағдыландыру; Өз ойларын жүйелеп жеткізуге бейімдеу.
Тәрбиелілік: Аустралия Одағының мемлекеттік құрылымымен таныстыра отырып оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елжандылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
1.Оқушылар үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында сіздерге суреттер беріледі, атауларын тауып жазуыңыз керек.
2.Үй тапсырмасын кім қалай меңгергенін тексеру мақсатында «ортадағы қаламсап» стратегиясын қолдану арқылы сіздердің білімдеріңді тексеремін.
Оқушыларға тақтада ұяшықта жасырылған сұрақтар беріледі.
Аустралияның өлі жүрегі деп аталатын көл?
Аустралияның батысындағы ең биік нүкте?
Аустралия материгіндегі шаңды дауылдар мен құйындарды не деп атаймыз?
Биіктігі 1,8 метрге жететін ұшпайтын құс ?
Солтүстік және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты қандай ормандар таралған?
1841 ж саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді не деп атаған?
Аустралия материгінің солтүстік нүктесі?
Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым?
Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай қандай климаттық белдеулер алып жатыр?
Тек қана қоңыржай климаттық белдеу қай аралдың оңтүстік бөлігін алып жатыр?
Аустралия материгіндегі дүние жүзіне әйгілі ұлттық парктерді ата?
Аустралия материгін алып жатқан бір ғана ел?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Мұғалім: Аустралия материгі мен көршіліес орналасқан Тасман аралын бір ғана ел - Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша дүниежүзінде 6 – шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Халқының саны - 22 млн адам. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалауындағы қалаларда тұрады. Елдегі қала халқы 86% құрайды.
2. Видео Ролик:
Оқушылар бүгінгі біздің сабағымызға байланысты
тарих пәні мұғалімі Айтбаев Марат ағай Аустралияның құрылуы туралы мәлімет береді назар аударайық.
Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1 % ғана құрайды.
Аборигендер бір – бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 – ден аса тайпалардан құралған.Олар экваторлық қара нәсілдің Аустралиялық тобына жатады. Өңі қара – қошқыл,бұйра қара шашты,кең танаулы,қабақтары шығыңқы болып келеді. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған ағаш түрінде болады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді,егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді. Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінінің қалыптасқан өмір салтын сақтап қалған.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алуан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен тау – кен өнеркәсібі қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау,химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде.Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жоғары дамыған. Еуропалықтар өздері басып алған жақсы жерлерді табиғат жағдайларына бейімдеп қой шаруашылығын дамытқан.
3.Аустралия Одағында жақса дамыған дүниежүзіне танымал алдыңға орында тұрғанын білесіңдер. Қой шаруашылығының Аустралия Одғында қандай түрлері олардың сұрыпталулары туралы бізге биология пәні мұғалімі Тажиева Айнурды ортаға шақырамын.
Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған
ІV.Сабақты бекіту: «иә» және «жоқ» жауаптары арқылы оқушылардың сабақты меңгеруін тексеру.
Аустралияның жер көлемі 7,6 млн км2?+
Қазіргі кезде Аустралия халқының 1 % аборигендер құрайды?+
Аустралия материгінде тек бір ғана ел Аустралия Одағы орналасқан?+
1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалауындағы шөлді Налларбор деп атаған. Осы Налларборды латын тілінен аударғанда «көгілдір бұталар » деген мағынаны білдіреді ?-
Аустралия Одағының байырғы халқы банту ?-
«Аустралияның өлі жүрегі» деп Эйр көлі аталады?+
Аборигендер монголоид нәсілге жатады?-
Аустралия Одағының қазіргі халқын Еуропадан келген ағылшындар құрайды?+
Аустралия Одағы дүниежүзінде жер көлемі бойынша 4 орында?-
Аустралия Одағының халық саны 30 млн адам?-
Аустралия материгінің байырғы халықтары аборигендер?+
Аустралия Одағы қой өсіруден 1 орында?+
Аустралия Одағының қала халқы 90% құрайды?-
Аустралия Одағының халқы негізі еуропалықтар?-
Аустралия Одағының халқының саны 22 млн адам?+
Семантикалық карта.
Қ/с
Атауы
Арал
Астана
Ғалым
Тау
Өсімдік
Жануар
Жел даулды шаң
Көл
Өзен
1
Эйр
+
2
Тасмания
+
3
Кенгуру
+
4
Эвкалипт
+
5
Муррей
+
6
Үлкен Суайрық
+
7
Коала
+
8
А.Тасман
+
9
Канберра
+
10
Ж.Гвинея
+
11
Вилли - вилли
+
12
Вомбат
+
13
казуар
+
V.Бағалау: сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §56 Аустралия Одағы туралы қызықты мәліметтер жинақтау.