Арал мен Бал?ашты? кешегісі, б?гінгісі ж?не ерте?і
Арал мен Бал?ашты? кешегісі, б?гінгісі ж?не ерте?і
Мен сергалиева Зауреш Фазылоавна география ж?не биология п?ніні? м??алімімін. ж?мыс жасап келе жат?аныма 22 жыл болды. мен барлы? жарыстар?а ?атысып сонымен о?ушыларым жарыс?а олимпиадалар?а ?атысып ж?лделі орын?а ие болады. менсіздерді? ж?мыстары?ыз?а табыс тілеймін. ?р?ашанда мы?ты ?стаздар сіздерге сапалы саба?тарын ж?ктесін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Арал мен Бал?ашты? кешегісі, б?гінгісі ж?не ерте?і»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы«Ақтас негізгі мектебі» КММ
География биология пәнінің мұғалімі
Сергалиева Зауреш Фазыловна
Арал мен Балқаштың кешегісі, бүгінгісі және ертеңі
Сабақтың мақсаты: Арал мен Балқаш туралы мағлұматтар арқылы оқушылардың «Ішкі сулар» тақырыбы бойынша білімдерін тереңдету. Екі көлдің экологиялық жағдайын таныстырып, табиғатты қорғауға, тіршілік көзі –суды қастерлеуге тәрбиелеу арқылы дүниетанымдық қабілетінарттыру. Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып, ұлттық сана –сезімдерін ояту.Оқушыларды экологиялық сауаттылыққа , табиғатты, туған жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу,
Көрнекіліктері: Қазақстан физикалық картасы, суреттер, нақыл сөздер. Слайдтер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, биология, тарих.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру . Үй жұмысын пысықтау. Оқушыларға Қазақстанның ішкі сулары төңірегіндегі сұрақтар беріледі.
1.Қазақстанда неше су алабы бар?
2.Қазақстан сулары немен қоректенеді?
3.Ішкі суларға қандай сулар кіреді?( өзендер, көлдер,бөгендер, мұздықтар, ішкі сулары) 4. Осы тарау бойынша Каспий теңізіне сипаттама беру.
Оқушылардың тарау бойынша білімдерін тиянақтау үшін шағын экспресс –сұрақтар қойылады.
1.Ақмола облысында қандай көлдер бар? (Сілте, Қорғалжын, Теңіз)
2.Қорықтар аумағында қандай көлдер бар? (Теңіз, Қорғалжын, Марқакөл)
3.Ағынды көлдер дегенді қалай түсінесіз? (Өзенге құяды және ағып шығады)
5.Бөген деген не? (Өзендерді бөгеу арқылы жасалған жасанды көл)
Жаңа сабақ.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін және әр топқа ат қойылады. «Арал», «Балқаш».
Содан кейін өткен сабақта Каспий теңізін сипаттағанда құрылған жоспар бойынша Арал мен Балқашқа тоқталамыз.
Жоспар: 1.Географиялық орны.
2.Көлемі, тереңдігі, ұзындығы.
3.Зерттелуі.
4.Климаты.
5.Табиғи байлықтары.
6.Экологиясы
Осы жоспарды негізге ала отырып, мынадай аялдамаларға тоқтаймыз.
Аялдамалар
Арал
Балқаш
Тапсырмалар
«Анықтама бюросы»
Оңтүстік тектоникалық қазан шұңқырда орналасқан
Оңтүстік шығыста орналасқан
« Сандар сыры»
Жер көлемі.
64,5 мың км
53 м биіктікте
ең ұзын жері -428м
18,2мың км мұхит деңгейінен ең терең жері 27м
ұзындығы -605км
(әр топтан бір оқушыдан келіп картадан көрсетеді)
Сырдария сағасы 46с.е . 62ш.б.
Іленің сағасы
45с.е. 74 ш.б.
географиялық координатарын анықтау
«Тарих»
Алғашқы деректер грек ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген.
Кейін орыс саяхатшысы Л.С. Берг зерттеген.
Неміс ғалымы Гумбольд, орыс саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С.берг, қазақтың тұңғыш саяхатшысы, сғалым Ш.Уәлиханов
«Метеорологиялық
орталық»
Қатаң континенті құрғақ климат, жауын -шашын өте аз -100 мм, теңіз бетінде +24 +26
қыста түгел қатады
Климаты континентті +24 - 8
жауын -шашынның жылдық мөлшері 120мм
қыста қатады.
«Экология»
1.Теңіз деңгейі 14м төмендеді
2.Өз жағалауынан 100 шақырым шегінді.
3.800 мың га тоғай құрыды.
4.Маңында мекндейтін 57 түрлі аң- құстың түрі қалды.
5.Барсакелмес қорығы басқа жерге көшірілді.
1.2м төмендеді.
2.Көл түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанған.
3.Бір кездері жағасындағы өскен ну қамыс қурап, оның ішіндегі аң құстар құрып бітуге жақын.
4.Көлде ауланатын көксертке балығы жеуге жарамсыз деп танылып отыр.
Экологиялық проблемалардың туу себептері:
1. Адамдардың табиатқа аяушылықпен қарамауы.
2.Суармалы егістіктердің ұлғаюына байланысты өзендерге( Сырдария, Іле) канал, су қоймаларының салынуы.
3.Өндіріс орындарының пайдаланылған суды тазартпай көлге қайта жіберуі.
4. Егіс алқаптарында тыңайтқыш, түрлі улы химиялық заттардың шамадан тыс қолданылуы, олардың еріген қар -жаңбыр суымен,өзен суымен шайылып келуі.
Бұл көлдердің, әсіресе Арал тағдыры тек Қазақстан ғана емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесінде тек эколог ғалымдарымыз ғана емес, «елім»дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар. Осындай ағалардың арқасында «Арал Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегіең беделді ұйымдардың бірі ЮНЕСКО тарапынан халықаралық кеңес болып өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікістан, Түркменистан республикаларының танымал эколог ғалымдары қатысты. Егер нақты шаралар қолданылмаса барынан, байлығынан айырылған өлі көлге айналмақ. Белгілі ақын Қ.Салықов ағамыздың мына өлең жолдары соны білдіреді.
Аясаңшы беу тағдыр, жаралыңды Тоқтатайық, адамдар, құм ағысын
Неге ұлғайта бересің нала мұнды?! Әму мен Сыр уланып жылады ішім
Ырысым мен танысым, көк теңізім Құтқарайық апаттан Арал маңын
Қайда әкетіп барасын Аралымды? Адам үшін! Ар үшін! Құран үшін!
Пысықтау қорытынды.
Кешегісі - Арал мен Балқаш дүние жүзіндегі ірі көлдің бірі, Қазақстанда мың көлдің сі
Бүгінгісі - су деңгейлері м ге төмендеген. Аң, құстары,балықтары құрудың алдында.
Ертеңі - нақты шаралар қолданылмаса , өлі көлгше айналады.
Үй тапсырмасы: Шағын шығарма «эссе» жазып келу. « Егер мен табиғат қорғау министрі болсам....»