kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аласа таулар.Қазақстанның биік таулы аймағы. «Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

:    Қазақстанның жер бедерінің құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру. Қазақстанның биік таулы аймағы мен аласа таулы өлкелер туралы білімін ұлғайту

 Оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жету. 

:    Қазақстанның жер бедерінің құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру. Қазақстанның биік таулы аймағы мен аласа таулы өлкелер туралы білімін ұлғайту

 Оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жету. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аласа таулар.Қазақстанның биік таулы аймағы. «Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы»

География. 8 сынып

20.10.2017ж

Аласа таулар.Қазақстанның биік таулы аймағы

«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы


Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедерінің құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру. Қазақстанның биік таулы аймағы мен аласа таулы өлкелер туралы білімін ұлғайту

Оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жету. Ақпаратты өз бетінше меңгеру құзыреттілігін дамыту. Оқушылар үшін индукция және дедукция, зейін, қабылдау, жадыны жаттықтыру және толығымен ойлау түрлерін түйінді дамыту

Күтілетін нәтиже: Қазақстанның жер бедерінің құрылысы туралы түсінігі қалыптасады. Таулы өлкелер туралы білімі ұлғаяды.

Негізгі ұғымдар: Тау, таулардың биіктігі бойынша бөлінуі.
Түрі: Жаңа сабақты баяндау, өз беттерімен іздену,


Міндеттері:

Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;

есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;

пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;

өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;

өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.


Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: слайд, атлас, ООМ,ТСО.


Сабақтың барысы:


Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1 кезең.

Ұйымдастыру


Оқушылардың зейінін жинақтау:

Таулар –Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,

қатты тілімденген биік бөліктерін таулар деп атайды

Таулар биіктігіне қарай бөлінуі. аласа, 400 м-ден 1000 м

орташа 1000 м-ден 20000 м-ге

биік 2000 м-ден асатын таулар

Таулар. жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі.

Физикалық картада таулар қалай бейнеленеді? Таулар физ.картада қоңыр түспен бейнеленеді.



ООМ

А

Б

В

С

Д

Е


































2 кезең.

Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасының орындалысын тексеру: „ Қазақстан жазықтары. ” тақырыбы бойынша сұрақтар қою

1.Қазақстан жерінің қанша бөлігін жазықтар алып жатыр? 1/3

2.Батыс Сібір жазығы еліміздің қай бөлігінде орналасқан? Қай жерлерді қамтиды? Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылып жатыр

3.Жазық қандай жыныстардан тұрады? Саз, саздауыт, құмнан

4.Сарыарқамен шектесетін жерінде жазықтың биіктігі қанша метр болады? 200 метр

5.Батыс Сібір жазығын орнына қарай нешеге бөлеміз? 2, Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазығы

6.Тұран ойпаты еліміздің қай жерлерін алып жатыр? Оңтүстік-батысын

7.Тұран ойпаты қандай жыныстардан тұрады? Лесс тәрізді саз, құм, құмайт

8.Сырдария өзені Қазақстан жерінде Тұран ойпатын қандай бөліктерге бөледі? Солтүстік және оңтүстік

9.Оңтүстік бөлігінде не жатыр? Қызылқұм

10.Солтүстік бөлігінде не бар? Арал маңы Қарақұмы, Үлкен және Кіші Борсық құмдары

11.Каспий маңы ойпаты қай жерде орналасқан? Еліміздің батысында

12.Каспий теңізі жағалауында ойпат теңіз деңгейінен қанша метр төменде жатыр? -27 метр

13.Каспий маңы ойпатында қандай құмдар бар? Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм

14.Құмдардың ең үлкені қайсысы? Нарын

15.Бэр төбешіктері деген не? Каспий маңы ойпатындағы күмбез тәрізді қыраттар

16.Бэр төбешіктері қандай пайдалы қазбалардан тұрады? Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б.

17.Қазақстан үстірттерін атап, картадан көрсет. Үстірт, Торғай, Орал алды (Жем), Бетпақдала үстірттері, Жалпы Сырт қыраты, Балқаш маңы жазығы

18.Қазақстан жеріндегі ең биік жері қанша, қалай аталады? Мұзбел, 340 метр

19.Торғай үстірті қай жерде орналасқан? Мұғалжар мен Сарыарқа аралығында

20Орал алды (Жем) үстірті еліміздің қай бөлігінде орналасқан? Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар таулары аралығында

21. Орал алды үстіртінің орташа биіктігі қанша метр? 100-300 метрге жуық

22.Жалпы Сырт қай жерде орналасқан қырат? Орал тауы мен Еділ өзені аралығында

23.Жалпы Сырт қандай жыныстардан түзілген? Әктас, бор, т.б.

24.Бетпақдала үстірті қай жерде орналасқан? Сарысу мен Балқаш көлі, Сарыарқа мен Шу өзендері аралығында





Оқушылардан ООМ арқылы сұралады.Алдымен сұрақ қоямыз,одан кейін ООМ көрсетеміз. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус таңбасы қойылады.

3 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру




Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.

Тірек сөздер

1.Аласа тау 8.Орал

2.Сарыарқа 9.Мұғалжар

3.Таулы өлке 10.Үлкен Боқтыбай

4. Тау торабы  11Алтай

5. Тау жотасы  12.Тянь-Шань

6.Маңқыстау 13.Қарақия

7.ТМД 14.Шыңы


Барлығына дайындығын тексеру мақсатында шапалақ соқтырамын.


Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады

4 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

Аласа тау - биіктігі 500-1000м аралығын қамтиды.

Сарыарқа — Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Қазақтың усақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр.

Бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жалғаса түзіліп жатқан тауларды тау жотасы дейді.

Ал тау жоталары келіп түйісетін жерді тау торабы деп а

Тау жоталары бір-бірінен тау аңғарларымен бөлінеді. Тау жоталары шоғырланып, таулы өлке құрайды.

Жеке тұрған таулар жан-жағынан ортасына қарай биіктейді. Оның биік, жоғарғы бөлігі тау басы, оқшауланған төбесі шыңы деп аталады.

Мұғалжардың ең биік жері - Үлкен Боқтыбай (657 м).

Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы (556 м).

Маңқыстау тауларының оңтүстігінде Қарақия немесе Батыр ойысы орналаскан. Ол - Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (-132 м) жаткан жері. 

Алтай-биік тау,пайдалы қазбаларға бай.Тянь-Шань тауы-қытай тілінен аударғанда «тәңір шыңы» деп аталады

Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 4 мин.

5 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қиылыс сұрақтар

1.Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне қай таулар жатады? Сарыарқа, Мұғалжар, Маңқыстау

2.Сарыарқа қай жерлерді алып жатыр? Қазақстанның орталық бөлігін

3.Сарыарқаның екінші атауы қалай аталады? Қазақтың ұсақ шоқысы

4.Сарыарқа қай жерлермен шектеседі? Солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақдаламен, батысында Торғай үстіртімен және Тұран ойпатымен, шығысында Алтай, Сауыр-Тарбағатай тауларымен

5.Сарыарқа қандай таулы өлке? Мүжілген ең ежелгі, аласа таулы өлке

6.Сарыарқаның орташа биіктігі қанша? 500-600 метр

10.Сарыарқаның ең биік таулары қатарына қай таулар жатады? Қызыларай, Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау таулары

11.Сарыарқаның ең биік тауын, оның ең биік нүктесін ата. Қызыларай (Ақсораң 1565 м)

12.«Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атаймыз? Көкшетауды

13.Сарыарқаның табиғи әсем жерлерін ата. „Жұмбақтас”, „Оқжетпес„, „Жеке батыр”, „Салт атты”, „Көкшенің шоқылары”, т.б.

14.Қазақстанның аумағына Орал тауларының қай бөлігі кіреді? Оңтүстігі

15.Қазақстан аумағындағы Орал тауларының жалғасы қалай аталады? Мұғалжар

17.Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километрге созылып жатыр? Солтүстіктен оңтүстүстікке қарай 450 км-ге созылып жатыр

18.Мұғалжар қандай тау жыныстарынан тұрады? Шөгінді және магмалық жыныстардан

19.Мұғалжардың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Үлкен Боқтыбай, биіктігі 657 метр

20.Маңқыстау таулары қай жерлерді алып жатыр? Каспий теңізінің Маңқыстау түбегін

21.Маңқыстау тауларына қай тау тізбектері кіреді? Ақтау, Қаратау

26.Маңқыстаудың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Қаратау тау Бесшоқы, биіктігі 556 метр

28.Қаратау, Ақтау тауларының атауы неліктен осылай аталған? Қара және ақ әктастан тұруынан

29.Маңқыстау тауларының оңтүстігінде не орналасқан? Қарақия (Батыр) ойысы (-136 метр)

30.Қарақия немесе Батыр ойысы тереңдігі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? ТМД елдері ішінде 1-орында, дүниежүзі бойынша 5-орында

.Қазақстанның биік таулары қай уақытта көтерілген? Палеозой қатпарлығында

Алтай тауларының Қазақстан жеріне қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-батыс бөлігі

Сауыр жотасының ең биік жері қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Мұзтау (3816 м)

Тарбағатайдың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Тастау (2992 м)

Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның қай бөлігін ала орналасқан? Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын

Алматы қаласы қай таудың етегінде орналасқан? Іле Алатауының



Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.


Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.






6 кезең

Бақылау және өзін-өзі бақылау






Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.


5+30

Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін

30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.

Осы тақырып бойынша

І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады, ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді.


Сергіту

Тау қандай болады?

Оқушылар іс-қимылмен келтірулері тиіс.




7 кезең.

Бекітуді

алғашқы

ұйымдастыру

ТСҚ

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды. Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру. Жіберілген қателерді талдау.

Өтілген тақырып бойынша ТСҚ жазу.


5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.


8 класс-63 сөз болу керек.




8 кезең.

Талдау және қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

Оқушылар көңіл-күйлерін стикерге жазып,өздеріне ұнаған тауға апарып жабыстырады немесе көкейінде қояр сауалын білдіре алады

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

5 балдық шкаламен бағаланады.

9кезең.

Үйге тапсырма

Таулы өлкеге саяхат жасау....

§16. „Қазақстанның пайдалы қазбалары” тақырыбымен танысып келу.

Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.


5 мектеп-лицей






«Аласа таулар.Қазақстанның биік таулы аймағы»

(мектепішілік семинарда БжС технологиясы бойынша өткізілген ашық сабақ )




Өткізген: Баймурзина Г.К

Сыныбы: 8«в»













2017-2018 оқу жылы





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аласа таулар.Қазақстанның биік таулы аймағы. «Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 25.10.2017

Номер свидетельства: 434448


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства