kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяласа?, таби?атты аяла.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я люблю работать с детми, проводить разные уроки по новый технологии,имею артистические способности, петь песни,играть на домбре,участвую различных мероприятиях школы. Воспитваю двоих детеи. Старшый сын закончил ВУЗ ВКГУ и работает учителем технологии, младшая дочь на втаром класе, учиться на отлично.Проводила открытые уроки на тему "Алтай","Сельское хозяиство Казахстана"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяласа?, таби?атты аяла.»


Тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ,құрамы және маңызы , кластерлері.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің құрылымын, маңызын, негізгі салаларын, орналасу ерекшеліктерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.




Көрнекілік: Атлас, глобус, Қазақстанның экономикалық картасы т.б.

Сабақтың барысы:

І. «Қызығушылықты ояту»

Бір әңгіме қозғаушы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахаттабылмайды

Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.

деп М.Мақатаев жырлағандай бүгінгі ашық сабағымыз ауыл шаруашылығы тақырыбына арналады. Әркім өзінің туған, туып өскен жерін пір тұтып құрметтейді. Сондықтан ауылдық жерде тұрғандықтан, ауыл шаруашылығы бізге ең жақын сала. ІІ. Ауыл шаруашылығы сөзіне ассоциация құру

ІІІ. «Миға шабуыл» Сұрақтарға жауап.

IV. «Мағынаны ажырату» Оқушылар екі топқа бөлінеді. Өсімдік және мал шаруашылығына түсінік береді.

V. «Ой – толғаныс»

а)Кестемен жұмыс.

б)Сәйкестік тест орындау.

в)Диаграмма құру.

г)Кескін картаны талдау.

д)Венн диаграммасы.

е)Тест жұмысы.

Сергіту сәті

VI. «Білгенге маржан» Шығармашылық жұмыс.

Жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы салалары (реферат қорғау)

VII. «Қазақстан – 2050 стратегиясы» (жолдаумен таныстыру)

VIII. Үйге: «Болашақ ауылымның көркі қандай?» эссе жазу.



















Сабақтың тақырыбы: Гидросфера тарауы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

а) Гидросфера тарауы бойынша оқушылардың білімін қортындылап бекіту

б) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру; ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту

в) Айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Қайталау, оқушы білімін жан-жақты тексеру.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» Абай

Сабақтың көрнекілігі: Жоспар , тестілеу карточкалары, Дүние жүзінің физикалық картасы, тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру.

Бүгінгі сабағымыз ерекше, саяхат түрінде өтеді. Саяхатқа шығу үшін сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшылары мен орынбасарларын сайлап алайық.

І - топ –« Шоқан» тобы

ІІ – топ – «Қаныш» тобы

Қазір топ басшылары тізді топтың атын беріп отырған ағаларымен таныстырып өтсін

Шоқан , Қаныш ағаларың ХІХ ғасырда құрлықта, яғни литосферада саяхат жасап , зерттеулер жүргізсе, сендер ХХІ ғасырда құпиясы мен қызығы мол Жердің гидросфера қабатына саяхатқа шығасыңдар.

Ал енді саяхатқа шықпас бұрын, теңізшілердің денсаулығын, яғни білімдерін тексеруіміз керек.

ІІ. Топпен жұмыс (Оқушылар сұраққа жауап береді)

1.Гидросфера деп нені атайды ?

2.Судың қандай қасиеттерін білесіңдер ?

3. Дүние жүзілік су айналымы туралы не білесіңдер ?

4. Жерасты суы қандай жағдайларда пайда болады ?

ІІІ. Жеке оқушылармен жұмыс.

1.Мұхиттарды картадан көрсетіп , сипаттама бер.

2. Теңіздер олардың бөліктері.

3. Өзендер туралы не білеміз.

4. Көлдер түрлері

ІV. Карточка бойынша тапсырмалар орындау.(Сәйкестігін анықтау)

1.Магма 2. Эхолот 3. Қырат 4. Кратер 5. Шың 6. Гейзер 7. Ядро 8. Сейсмограф 9. Литосфера 10.Лава

1.Жер қыртысының қозғалысын анықтайтын аспап.

2.Жер қыртысы мен үстіңгі мантияны құрайтын қабық. 3. Жердің кіндігі. 4. Жердің терең қабатындағы балқыған зат. 5.Атқылайтын бұлақ. 6. Жанартаудың терең құлама шұңқыры. 7. Жер бетіне шығып төгілген магма. 8. Жазықтың абсалюттік биіктігі 200 – 500 метр болатын жер. 9.Таудың ең биік нүктесі. 10. Тереңдікті өлшейтін аспап.

V.Топ басшылары картаға географиялық координатаны анықтауға шығады. (Тексерудің қорытындысы бойынша барлықтарыңыздың денсаулықтарыңыз саяхатқа шығуға жарайды)

Теңіз аласапыран.

Толқындар бұрқанады.

Күркірейді жағада тас жаңғырып

Дауыл құшқан толқындар өршелене

Шапшиды аспанды ұрып


«Шоқан» тобының басшысы: Қараңдаршыбір нәрсе жүзіп келеді,құмыра сияқты (ішіндегі қағазды оқиды)


«Қаныш» тобының басшысы: Бізге бір тікұшақ таяп келеді, хабар айтпақшы.Әне бір зат тастамақшы. Алайық. (оқиды)








VI. «Ендіктер мен бойлықтар» ойыны

(Аустралия, Солтүстік Америка, Амазонка өзені, Ніл өзені)


VII. «А» әрпі бар географиялық атауларды жазу. (2 топ)


VIII. Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса,тірлік тамам, бауырым

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытымыз қадірін.



Біздің экологтар республикадағы көлдердің экологиялық проблеммаларымен таныстырады.


ІХ. Сөз жұмбақ шешу.


Х. Қортындылау.


(Екі топ бір – біріне ән – шашу жолдайды) Ш.Қалдаяқов «Ақ ерке – Ақ Жайық»

«Сыр сұлуы»








Р









А






М










А









З



А







Н





А








Й




ы









1.Су қабығы.

2. Төңірегін су қоршаған құрлық.

3. Гидросфераның негізгі бөлігі.

4. Мұхит суынан жауын – шашын қалай пайда болады.

5.Екі жағынан да материктің жағалары шектеп тұрған енсіз су.

6. Қыста жауатын жауын – шашын.

7. Гидросфераның бір бөлігі.

8. Жер бетіне шығып ататын тазамөлдір су.

9. Атлант мұхитындағы шығанақ.

10. Құрлыққа енген теңіздің бір бөлігі.




















Сабақтың тақырыбы: «Аяласаң табиғатты аяла!»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың табиғат жөіндегі ой – өрісін кеңейту, экологиялық мәселелер туралы түсінігін арттыру.

б) Ауызекі сөйлеу дағдысын, логикалық ойлауын дамыту.

в) Қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға дұрыс көзқарасқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы, Катонқарағай Ұлттық Паркі. (кітапша) т.б

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе. Қазіргі кезде Жер бетіндегі барлық адамзаттың алдында үлкен де жауапты міндеттің бірі – өзіміз өмір сүріп, тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану. Бұл бізден үлкен жауапкешілік сезімді талап етеді.Қоршаған тіршілік ортасын ата – бабаларымыз бізге сан ғасырлар бойы бүлдірмей , ластамай, көркейтіп жеткізді. Ал біздер келешек ұрпаққа не қалдырамыз? Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 38 – бабында :»Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауғажәне оның баилығын сақтауға міндетті» делінген, сол табиғатты қорғайтын сендер, экология деген сөз өз үйің, қоршаған орта дегенді білдіреді.Өз тұрған үйімізді қалай ұстасақ, табиғатты да солай таза ұстауымыз керек.

ІІІ. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кезден – ақ басталған. Осыған орай түрлі мақал – мәтелдер , өнегелі өсиеттер, даналық ақыл – ойлар , аңыз – әңгімелер айтылып атадан балаға , ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

а) Табиғат туралы даналық сөздерге тоқталсақ.

1) « Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады» Гете.

2) «Берекелі болса ел,

Жағасы жайлау ол бір көл

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел

Оның малы өзгеден

Өзгеше болып өсер төл»

Абай Құнанбаев.

3) «Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен – көлтау – тас ,өсімдіктер дүниесі – бәрі де адамға ләззат береді.Ес білгеннен бастап ата – анасының ,үлкендердің өне бойы айтып отыратын өсиеттерімен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұқсан келтірмейді және өзгеге де жол бергізбейді»

Шоқан Уалиханов.

4) «Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады»

Шыңғыс Айтматов


5) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ


Мұқағали Мақатаев


б) Табиғат туралы мақал – мәтелдер.

«Жері байдың - елі бай» «Күте білсең, жер жомарт» «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» «Ер – елдің көркі, орман, тоғай – жердің көркі» «Бір тал кессең, он тал ек» «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» т.б

в) Табиғатты қорғау туралы ырым – тыйымдар.

1) «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсауат бастырмайды.




2)»Көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

3) Малды теппейді, «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын» Малды басқа ұрмайды, «құты қашады» деп балағаттамайды.

4) « Сиырдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа баспайды.

5) Нан үгіндісін аяқпен таптауға болмайды. Нан құраннан да қасиетті.

6) « Судың да сұрауы бар» , «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деп суды бұрғызбайды.

7) Құстардың ұясын бұзғызбайды. «Бетіңе шұбар түседі» деп торғайдың жұмыртқасын шаққызбайды

8) «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды

9) Жылан киіз үйге кіріп кетсе , басына ақ құйып шығарады. т.б


IV. а) Енді «Аңшы мен бала» көрінісін тамашалайды.

б) «Нағашы мен жиеннің» шешендік жарыс сөзін тыңдайық.


V. «Біз – табиғат қорғаны» пікірталас.


VI. Ұлттық табиғат паркі.


VII. Қортындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Аяласа?, таби?атты аяла.

Автор: Кобелекова Самига Оразовна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291403


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства