kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Африканы? ?зендері мен к?лдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Африка материгіні? ?зендері мен

Білімділік:               к?лдеріне сипаттама беру ж?не де

                                 ?зендеріні? аса ма?ызды

                                 ерекшеліктерін аны?тау.

Дамытушылы?:      О?ушылар?а ?зендері мен к?лдерді?

                                 таралуыны? жер бедері мен климат?а

                                 байланыстылы?ын к?рсете отырып ой-

                                 ?рісін дамыту

Т?рбиелік:               О?ушыларды елін, жерін, Отанын,с?юге,

                                 ?ор?ау?а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Африканы? ?зендері мен к?лдері »

Избасханова Жансауле Калдыбаевна

География пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп


Сыныбы: 7 «ә»


Сабақтың тақырыбы: §48. Африканың өзендері мен көлдері


Сабақтың мақсаты: Африка материгінің өзендері мен

Білімділік: көлдеріне сипаттама беру және де

өзендерінің аса маңызды

ерекшеліктерін анықтау.

Дамытушылық: Оқушыларға өзендері мен көлдердің

таралуының жер бедері мен климатқа

байланыстылығын көрсете отырып ой-

өрісін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын,сүюге,

қорғауға тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


І топ

Климат қалыптастырушы факторлар


ІІ топ

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер


ІІІ топ

Тропиктік және субтропиктік белдеулер


Жұмбақ-сұрақ ойыны


Арғы тегі жағынан

Адамға жақын келетін.

Мәңгі жасыл орманда

Африда өмір сүретін.

Аса үлкен маймылды

Кім айтады айбынды? (горилла)

  • (Жауын-шашын жыл бойы мол (3000мм) болатын климатты не деп атайды?

сирақтары сырықтай

мойын деген құрықтай.

шөк десең шөкпейді,

мойны жерге түспейді. (керік)

  • Субэкваторлық климаттың экваторлық климаттан айырмашылығы қандай?


жылқы тұқымды,

матрос киімді ,

есек жалды ,

білесің бе бұл аңды? (зебра)

  • Ауыспалы ылғалды климат дегеніміз не?

тұмсығы насос, кран да,

таңғаламын бұл аңға.

Шөпті қорек етеді,

Тиіспейді еш жанға (піл)

  • Сахара шөлінің пайда болу себебі?


Аң патшасы десекте

Піл, керіктен жасқанған.

Мысық текті хайуан,

Зебра көрсе бас салған.

Білсең айт

Білмесең, біліп қайт (арыстан)

  • Африкада қандай дәнді дақылдар өсіріледі?


Бір қараған адамға

Аса үлкен икесіртке.

Суда жақсы жүзеді,

Етті жақсы көреді.

Адамға да, малға да,

Толық әлі келеді (қолтырауын)


  • Африканың “ең таза” ауданы аталатын жер? Неге олай айтамыз?


3. «кім жылдам?» ойыны

  • Африка –

  • 6671 –

  • Шөлдері –

  • 30,3 млн

  • +58° -

  • Піл –

  • Мадагаскар –

  • 5895 –

  • Ассаль –

  • Альмади –

  • Дебунджа –

  • Сағым -




ІІІ. Жаңа сабақ


Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі тараған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісінше, кеуіп қалған арналар көп кездеседі. Жер бетінің шығысқа қарай көтеріңкі болуына байланысты өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк ауданының 3/1-і ішкі тұйық алапқа жатады.

Материктегі ірі өзен жүйелеріне Ніл, Конго, Нигер, Замбези өзендері жатады.

Ніл – жер шарындағы ең ұзын өзен. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы басқа көлдер арқылы ағып өтеді.

Конго – Африканың ең мол сулы өзені, су жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орын алады. Конго экваторды екі рет кесіп өтеді, сондықтан суы жыл бойы мол болады. өзен жоғарғы ағысында сатылы таулы үстірттер арқылы ағып өтетіндіктен көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар түзеді.

Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жарылыстарының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбінесе созылыңқы болып келеді. Көлдер өте терең, жан-жағын тік беткейлі, биік таулар қоршай орналасады. Көлдердің ең терңі Танганьиканың ені 50-80 км, ал ұзындығы 650 км-ге жетеді. Африканың ең үлкен көлі – Виктория платформаның аздап төмен түсіп, майысқан жерінде орналасқан.

Бекіту сұрақтары:

  • Африка өзендері қандай алаптарға жатады?

  • Ең ұзын өзені туралы не білесің?

  • Қандай өзендерін білесің?

  • Ең терең көлі?

  • Ең үлкен көлі қандай?

  • Шұрат дегеніміз не?

  • Туризмді дамытуға қолайлы ма?


  • Үйге тапсырма:

§48. Африканың өзендері мен көлдері

Өзендері мен көлдерін контур картаға түсіру
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Африканы? ?зендері мен к?лдері

Автор: Избасханова Жансауле Калдыбаевна

Дата: 13.06.2015

Номер свидетельства: 219431


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства