Просмотр содержимого документа
«Африка материгіні? географиялы? орны. Зерттелу тарихы. Материк жа?алауында?ы м?хиттар мен те?іздер »
Ақсу негізгі мектебі
Африка материгінің географиялық орны. Зерттелу тарихы.
Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
(7 сынып )
Құрастырған: жоғары деңгейлі маман,
санаты бірінші география мұғалімі
Нургалиева Ж.Е .
Сабақтың тақырыбы: Африка материгинің географиялық орны. Зерттеу тарихы. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :
1) Африка материгінің географиялық орнының ерекшелігін түсіну.
2) Ашылу мен игеру тарихымен танысу.
3) Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан көрсете білу.
Дамытушылық :
1) Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
2) Қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.
Ұжымдық қарым – қатынас, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, зымыран суреті, ғарышкер Талғат Әубәкіров, Талғат Мұсабаевтың суреті, бағалау парағы, үлестірмелер, тест сұрақтары.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. «Байқоңыр айлығы»
III. «Тексеру пункті» IV. «Жаңалық ғаламшар»
V. «Білгірлер ғаламшары»
VI. «Бекіту ғаламшары»
VII. Қорытынды
VIII. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ
Біз саяхатқа , «Қазақстан - 2050»зымыранмен шығамыз. Біз ғарышқа «Байқоңыр» айлығынан аттанамыз. Ол үшін экипаж капитанын сайлап алу керек. Кім келесі сұраққа жауап береді, сол экипаж капитаны болады.
I - кезең: «Байқоңыр айлығы»
Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?
Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұщқан ғарышкер кім?
Елбасы Н.Ә Назарбаев «Қазақстан - 2050» бағдарламасын халыққа қашан жолдады.
II - кезең: «Тексеру пункті»
Балалар мына пакетте бізге арналған сұрақтар бар екен. Осы сұрақтарға жауап берсек, онда «Тексеру пунктінен» өтіп аспан әлеміне аттануға болады.
1. Оңтүстік Америка жерінің жалпы ауданы .
2. Оңтүстік Америка материгіне қай мұхиттың әсері күшті? Неге?
3. Оңтүстік Америка материгіне ең алғаш аяқ басқан саяхатшы.
4. Материгтегі ірі тау жүйесі. Оның ең биік нүктесі.
5. Оңтүстік Американың ең суы мол өзен.
6. Анд тауының қандай ірі техтоникалық көл бар
7. Оңтүстік Америка ммтеригін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді? 8. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама. Ол қай өзеннің саласында орналасқан?
9. Оңтүстік Американың ең үлкен мемлекеті.
III кезең: «Жаңалық ғаламшары».
Дүрыс, алдымыздағы «Жаңалық ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда жаңалықты білетін, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Қане, сендер көп білу үшін мен көмектесіп жіберейін. Бүгін тыңдайтын жаңалықтарың «Африка материгінің географиялық орны. Зерттелу тарихы»
Балалар, сендер Африка туралы не білесіңдер? Теледидардан, кітаптан, алдыңғы сабақтардан Африка материгі туралы естігендерің, көргендерің, оқығандарың бар шығар. Сол білгендеріңді мына кестедегі «Білемін» бағанасына толтырыңдар. (Әр оқушыға сараптау кестесі беріледі)
Біл Білемін
Білдім
БілгіБілгім келеді
Балалар, осы материк туралы білімімізді одан әрі толықтырамыз.
1. (1-ші слайд көрсетіледі)
2. Географиялық орны (мұғалім түсіндіреді)
3. Оқулықпен жұмыс.
А) I қатардағы оқушылар материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, бұғаздар, аралдарды анықтау.
Ә) II қатардағы оқушылар материк жағалуындағы ағыстарды, олардың материкке әсерін анықтау (әр қатардан 1 оқушы шығып қорғайды)
4. Зерттелу тарихы
Мәтінді оқып, кестені толтыру (немесе слайд көрсету)
№
Кай жылы
Кім зерттеді
Ашқан жаңалығы
1
1352-1353ж.
Әбу Ибн Баттута
2
1497-1499ж.
Васко да Гама
3
1849-1871ж.
Давид Ливингстон
4
1871-1877ж.
Генри Стэнли
5
1880-1883ж.
В.В. Юнкер
6
1926-1927ж.
Н.И. Вавилов
IV кезең. «Білгірлер ғаламшары»
Балалар, осы планетада ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіровпен пен Талғат Мұсабаев болып, тапсырма қалдырып кетіпті, қандай тапсырма екен?
Африка материгінің шеткі нүктелерін анықтаңдар және кескін картаға түсіріңдер.
V кезең. «Бекіту ғаламшары»
Бүгінгі саяхатымызда аяқталып қалды. Байқоңырда бізді репортерлер күтіп тұр, қане басқа ғаламшардан не үйрендік, не білдік, қайталап әңгімелеп берейік. Саяхатымыздың басында толтырған кестенің «Білдім» бөлімін толықтырайық.
VI кезең. Қорытынды.
-Міне, жерге де қондық.
Бағалау. Ғарышкер ағаларымыз сендерге сыйлық беріп жіберіпті. «5» -ке жауап берген оқушыларға қызыл, «4» - ке жауап бергендерге көк, «3» - ке жауап бергендерге сары зымыран.
VII кезең. Үйне тапсырма: кестедегі «Білгім келеді» бөліміне материк туралы туындаған сұрақтарды жазып келу. Кескін картаға аралдар, бұғаздар, шығанақтар мен теңіздер, мұхиттарды түсіру.
Рефлексив : Смайлик тарату. Кімге сабақ қалай ұнады.
«Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
География сырына» - дей отыра сабағымызды аяқтаймыз.