kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамны? ?орша?ан орта?а тигізетін ?сері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?сімдіктер мен жануарларды? ?леміне т?нген ?ауіп туралы т?сіндіру, ?ор?ау?а алын?ан кейбір ?сімдіктер мен жануарлар туралы т?сіндіру.

Саба?ты? міндеттері:

  • О?ушылар?а адам іс-?рекетіні?таби?ат?а теріс ?сер тигізуі м?мкін екендігі туралы ??ым ?алыптастыру.

  • Танымды? белсенділікті, ?жымда ж?мыс істеу, ?з бетімен м?тінмен ж?мыс істеу, с?ра?тар?а жауап табу да?дысын дамыту.

  • Таби?атты аялау?а, баулу?а ы?пал ету.

    К?тілетін н?тиже:

    п?ндік: таби?и ресурстарды орынсыз ж?не жауапсыз пайдалану салдарын, адамны? жануарларды ?ор?ау бойынша іс-?рекеті туралы білу; ?ызыл кітап?а енгізілген жануарлар мен ?сімдіктерді ?ор?ау ережелерін са?тау;

    жеке-т?л?алы?: ?орша?ан ортаны ?ор?ау?а ж?не са?тау?а талпыну;

    ж?йелілік-?рекеттілік: а?паратты талдай ж?не ж?йелей білу; танымды?, зерттеу, жобалау ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін к?рсете білу.

    К?рнекілігі: ?ызыл кітап, ?аза?станны? физикалы? картасы,  ?ызыл кітап?а енген ?сімдіктер мен жануарларды? суреттері, жа?даяттарды шешуге арнал?ан пара?тар. постер, маркер,ба?алау пара?шалары.

    П?наралы? байланыстар: ?аза? тілі (тіл дамыту), ?зін-?зі тану(?з ойын ашы? жеткізе білу)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамны? ?орша?ан орта?а тигізетін ?сері»

Дүниетану


Сабақтың тақырыбы: «Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

Сабақтың мақсаты: өсімдіктер мен жануарлардың әлеміне төнген қауіп туралы түсіндіру, қорғауға алынған кейбір өсімдіктер мен жануарлар туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға адам іс-әрекетінің табиғатқа теріс әсер тигізуі мүмкін екендігі туралы ұғым қалыптастыру.

  • Танымдық белсенділікті, ұжымда жұмыс істеу, өз бетімен мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап табу дағдысын дамыту.

  • Табиғатты аялауға, баулуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: табиғи ресурстарды орынсыз және жауапсыз пайдалану салдарын, адамның жануарларды қорғау бойынша іс-әрекеті туралы білу; Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтау;

жеке-тұлғалық: қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға талпыну;

жүйелілік-әрекеттілік: ақпаратты талдай және жүйелей білу; танымдық, зерттеу, жобалау және шығармашылық қабілеттерін көрсете білу.

Көрнекілігі: Қызыл кітап, Қазақстанның физикалық картасы, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, жағдаяттарды шешуге арналған парақтар. постер, маркер,бағалау парақшалары.

Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі (тіл дамыту), өзін-өзі тану(өз ойын ашық жеткізе білу)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық көңіл-күй.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.


ІІ. Білімді өзектендіру. Миға шабуыл. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

Өз топтарында олар адамдар табиғат ресурстарын қалай пайдаланады? Табиғаттан адам не алады? (пайдалы қазбалар, су, ағаштарды кесіп, отынға пайдалану т.б)


ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

1.Өзекті сұрақ:

-Балалар, адам әрекеті қоршаған ортаны өзгертеді деген пікірмен келісесіңдер ме? (ойларын айтып, дәлелдеу)

2. Оқулықпен жұмыс.(Мәтін 3 бөлікке бөлінеді)

1-топ. Мәтіннің 1 бөлігімен жұмыс жасайды. Тірек сөздер көмегімен мазмұнын айту.

Тірек сөздер: пайдалы қазбалар, табиғи орта , орманды қорғау, қорықтар

2 -топ. Мәтіннің 2 бөлігімен жұмыс жасайды.

Тірек сөздер: жерді игеру, қар тоқтату, минералды тыңайтқыштар.

3-топ. Мәтіннің 3 бөлігімен танысады.

Тірек сөздер: Қызыл кітап, қорғауға алынған аңдар мен өсімдіктер.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

-Мәтінде Қызыл кітап, қорықтар туралы айтылды. Қызыл кітап не үшін қажет?

-Сирек кездесетін, жылдан жылға азайып, не жойылып бара жатқан, айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктерді Қызыл кітапқа тіркейді. Қызыл кітап 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып шықты.(Қызыл кітапты көрсету. Тақтаға қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың суретін ілу.)

-Қорықтар мен саябақтар қандай мақсатта ұйымдастырылған? (саны сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрін қайта қалпына келтіру. Қазақстанда 10 қорық пен 8 ұлттық саябақ бар.)

3. Физикалық картамен жұмыс.

-Оқушылар, алдарыңда берілген қорықтар мен саябақтардың орналасқан жерін анықтап, картадан көрсетіңдер.

ІҮ. Оқушылардың білімін бекіту. Топтық жұмыс(зерттеу жұмысы)

1-топ. Адамдардың қоршаған ортаға әсерін суреттер арқылы рет-ретімен орналастырып,қорғау.

2-топ. Адамдардың қоршаған ортаға әсерін берілген суреттер арқылы рет-ретімен орналастырып,қорғау.

3-топ. Қоршаған ортаны қорғау үшін сендер не істер едіңдер? (постермен қорғау)

Ү. Бағалау. Топ басшылары бағалау парақтары арқылы бағалайды.

ҮІ. Рефлексия.(Сабақта барлығынан да .....ұнады, Бүгін мен......түсіндім)

ҮІІ. Үй тапсырмасы. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бір өсімдік немесе бір жануар туралы буклет жасап келу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Адамны? ?орша?ан орта?а тигізетін ?сері

Автор: Ташимова Альфия Сериккалиевна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279420


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства