kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абсолютті жане салыстырмалы биіктік

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Саба?ты? та?ырыбы: Абсолют  ж?не салыстырмалы биіктік. Горизонтальдар

 

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі:                           О?ушылар?а абсолют ж?не салыстырмалы биіктік, горизонтальдар, бегштрих туралы ??ым ?алыптастыру

 

Дамытушылы?ы:              Жер бетіндегі таулар, ?ыраттар, ойпаттарды? горизонталь сыры? пен жергілікті жер пленымен топографиялы? карталарда бейнелеуін ажырата білуге да?дыландыру.

 

Т?рбиелігі:                           Адамны? іс-?рекеті ?шін ма?ыздылы?ын т?сіндіру.

 

Саба?ты? к?рнектілігі:    Карточкалар, терминдер, бергштрих, горизонталь абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік, топографиялы? суреттер. Де?гейлегіш ?лгісі.

 

Саба?ты? т?рі:                   Жа?а саба?

 

Саба? беру ?дісі:                 Т?сіндіру, с?ра?-жауап, ауызша

 

Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру б?лімі.

Саба?ты? ма?сатын, та?ырыбын айту.

  • Сендер к?нделікті ?мірде жер бетіні? тегіс емес екендігін к?ріп ж?рсі?дер. ??рлы?ы? бір жерінде басы б?лтпен талас?ан тауларды, екінші бір жерінде к?з ?шына дейін теп-тегіс жазы?ты, ?ыраттарды, т?белерді к?ресі?дер. М?хиттармен те?іздерді? т?бінде осы сия?ты ойлы-?ырлы келеді, біра? карта мен планны? беті тегіс. Планда жер бетіні? тегіс еместігін ?алай к?рсетеді?
  • ?рине сендер б?л с?ра??а жауап беруге ?иналасы?дар, сонды?тан б?л с?ра??а жауап беру ?шін б?гінгі саба?ты? та?ырыбын д?птерге жазы?дар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«абсолютті жане салыстырмалы биіктік »

Сабақтың тақырыбы: Абсолют және салыстырмалы биіктік. Горизонтальдар


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға абсолют және салыстырмалы биіктік, горизонтальдар, бегштрих туралы ұғым қалыптастыру


Дамытушылығы: Жер бетіндегі таулар, қыраттар, ойпаттардың горизонталь сырық пен жергілікті жер пленымен топографиялық карталарда бейнелеуін ажырата білуге дағдыландыру.


Тәрбиелігі: Адамның іс-әрекеті үшін маңыздылығын түсіндіру.


Сабақтың көрнектілігі: Карточкалар, терминдер, бергштрих, горизонталь абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік, топографиялық суреттер. Деңгейлегіш үлгісі.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Сабақ беру әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.

  • Сендер күнделікті өмірде жер бетінің тегіс емес екендігін көріп жүрсіңдер. Құрлықың бір жерінде басы бұлтпен таласқан тауларды, екінші бір жерінде көз ұшына дейін теп-тегіс жазықты, қыраттарды, төбелерді көресіңдер. Мұхиттармен теңіздердің түбінде осы сияқты ойлы-қырлы келеді, бірақ карта мен планның беті тегіс. Планда жер бетінің тегіс еместігін қалай көрсетеді?

  • Әрине сендер бұл сұраққа жауап беруге қиналасыңдар, сондықтан бұл сұраққа жауап беру үшін бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерге жазыңдар.


Тақтаға сабақтың тақырыбы мен күні жазылады.

Тақырыбы: Абсолют және салыстырмалы биіктік. Горизонтальдар

  1. Жаңа тақырыпты оқып үйрену.

Жаңа сабақтың жоспары.

1. Абсолют және салыстырмалы биіктіктер

2.Горизонтальдар, бергштрих


  1. Егер өзен жағасынан үй сатып алу керек болса, су 2м көтерілетін жағдайда, судың үйді басып кету қаупы бар ма? Оқушыларды екі ой бар:

  2. 1) су басады,

  3. 2) су баспайды.

  • Не себепті тура жауабы жоқ

  • Анық білеміз

  • Сондықтан бізге «Деңгейлегіш» құралы көмектеседі. Деңгейлегіш – қарапайым деңгейлегішті қолдан жасап алуға болады. Ұзындығы 1 м таяқтың басына өңделген бір қысқа ағашты нысана ретінде кесе-көлденең қағыңдар. Нысандардың дұрыс горизонталь тұруын жіпке байланған салмақты темір шығыршықпен тексеріп отырады.

Деңейлегіш арқылы жағаны судың жиегінен үй тұрған жерге дейін өлшейміз. 1 оқушы етекте тұрып, деңгейлегішті беткейге бағыттайды. Екінші оқушы көздеген жерді қазық қағып белгілейді. Сонда қазық қазылған нүкте деңгейлегіш қойылған жерден 1 м биік екені анықталады. Осыдан кейін деңгейлегішті қазық қазылған жерге алып барып, келесі нүктеге бағытталады. Сонымен үй тұрған жаға өзеннен 3 м биікте орналасқанын анықтадық.

  • Енді көктемдегі су тасуда үйді су басу қаупі бар ма?

  • Жоқ.

  • Оқулықтың 26 бетінен қараңдар, біз қандай биіктікті анықтадық? Жауапты анықтаңдар.

  • Салыстырмалы биіктік анықталды (оқушы салыстырмалы биіктікке анықтама береді)


Мұғалім тақтаға сурет іледі. Төбе бейнеленген. Мұғалім тақтаға 2 оқушыны шақырады: 1 оқушы деңгейлегіш арқылы батыс беткейін, екіншісі шығыс беткейін өлшейді.

Батыс беткейінің салыстырмалы биіктігі 5м, ал шығыс беткейінікі 2,5 м.

(Оқушылардың пікірлері әр түрлі)

  • Ортақ пікірге келу үшін биіктіктің екінші түрін білуіміз қажет. Ол үшін оқулықтың 26 бетін оқимыз.

  • Абсолютті биікік деп аталады. (оқушылр анықтамасын айтады)

  • Мына суретте не жетіспейді. (Мұхит немесе теңіз деңгейі)

  • Қандай қиындық туындайды? (Мұхиттар, теңіздер алыс, салыстырмалы биіктікпен өлшеу көп еңбекті қажет етеді.)

  • Сендерге енді топографиялық карта көмектеседі. Сендердің жұмыстарыңның бәрін топографтар істеген. Биіктік қалай көрсетілген? (қоңыр сызықтармен және нүктелермен)

  • Келесі суретке қараңдар.

  • Төбенің абсолютті биіктігін анықта. (159,3)

  • Салыстырмалы биіктікті батыс беткейінің етегінен анықтаңдар. (159,3м – 127м =32,3м)

  • Шығыс беткейінің етегінен салыстырмалы биіктікті анықта. (159,3м – 140м = 19,3м). Оқушылар. Абсолютті және салыстырмалы биіктіктерді анықтауды үйрендік.

  1. Горизонтальдар: Оқулықтағы 27 беттен оқушылар өздері горизонталь туралы анықтаманы оқып айтады.

  • Г
    оризонтальдар топографиялық картада белгілі биіктік сайын жүргізіледі. (1 м, 2,5м, 5 м, 10 м, т.с.с). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына қарай белгіленеді. Мәселен, 1:10000 масштабтағы топографиялық картада горизонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал қыратта 5,0 м сайын жүргізіледі.

  • М
    ұғалім тақтаға екі сурет іледі. Біріншісі төбе, екіншісі ойыс жер. Оқушылардан қайсысы төбе, қайсысы ойыс екенін сұрайды. Оқушылар жауап беруге ойланады.

  • Суреттің бір-біріне қандай айырмашылығы бар? (бірінші суретте қысқа сызықша бағытталған, екіншісінде қысқа сызықша ішке бағытталған).

  • Бұл сызықша Бергштрих деп аталады. Бұл қысқа сызықша ылдидың бағытын көрсееді.

  • Оқушылар суретте бейнеленген ойыс пен төбе екенін айтады.



3. Қорытындылау, сабақты бекіту.

1 вариант.

1. Қандай жер бедері суретте бейнеленген? (төбе)

2. Абсолютті биіктігі қанша? (49 м)

3. Неше метрден кейін горизонталь сызықтар түсірілген? (10 м)

4. Қой бағыты тік (Солт-батыс).


2 вариант.

1. Суретте қандай жер бедері бейнеленген? (ойыс жер)

2. Абсолютті биіктігі қанша? (37 м)

3. Орташа тереңдігі (18 м)

4. Неше метрден кейін горизонталь жүргізілген? (5 м)

5. Қай бағыты жазықтау? (Оңт - шығыс)

3 вариант.

1. Абсолютті биіктігі 23 м төбені сыз. Орташа биікітігі 17 м. Солтүстік беткейі жазық, оңтүстігі тік, горизонтальді 5 м жүргіз.

2. Абсолютті биіктігі 152 м. Ойыс сыз. Орташа тереңдігі 77 м. Горизонталь 25м жүргіз. Солтүстік беткейі тік.


4 вариант

Карточкамен жұмыс. А және в нүктелері аралығында горизонталь қалай жүргізілген.


4. Оқушылар жұмысын қорытындылау.

- бағалау.


5. Үйге тапсырма: §9 (3,4)

Дәптерге 23 м төбе сыз. Шығысы тік, батысы аласа, горизонталь 7 м түсір)

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
абсолютті жане салыстырмалы биіктік

Автор: Са?ынбаева Халида Шал?ыбаевна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 158083

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?р адам-?айталанбас т?л?а"
    ["seo_title"] => string(21) "radamkaitalanbastulga"
    ["file_id"] => string(6) "267874"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450468660"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства