Тақырыбы: «Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы мен
әкімшілік-аумақтық құрылымын анықтау»
Мақсаты: Қазақстанның ЭГЖ мен саяси әкімшілік құрылымына анықтама
беру; елдің, облыстың, облыс орталықтарының, аймақтардың
шекараларын көрсете білу.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның саяси картасы, Дүние жүзінің саяси картасы
БАРЫСЫ:
Тапсырмалар:
Қазақстан ЭГЖ – ның ең маңызды сипаттарын ата. Олардың экономика мен экономикалық байланыстарға әсеріне мысалдар келтір:
себеп
салдар
Еуразия материгінің түкпірінде орналасуы
Елдің транзттік мүмкіндіктерінің дамуы, әлемдік нарыққа шығуы
Жұмысты кескін картада орында:
Облыс шекараларын жүргізіп шық;
Облыстардың атауларын, олардың орталықтарын және республикалық маңызы бар қалалардың атауларын жаз. Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік, Орталық және Батыс облыстарын әр түрлі түспен боя (оқулық қосарбетін қара). Картаға түсірілген нысандардың орналасуы мен атауларын еске сақта (номенклатура). Номенклатураны бағаға тапсыр.
Құрлықта бір мезгілде:
Түркіменстан мен Өзбекстанмен;
Ресеймен және Қытаймен;
Өзбекстанмен және Қырғыстанмен;
Ресеймен және Өзбекстанмен;
Қытаймен және Қырғызстанмен шектесетін Қазақстанның облысын тап.
Қосымша №1
қосымша № 2
№ 2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Карта бойынша еліміздегі халықтың орналасуындағы заңдылықтарды,
облыстар бойынша халықтың табиғи өсімін, урбандалу деңгейі мен көші –
қон деңгейлерін анықтау»
Мақсаты: карта бойынша елдегі халықтың таралып орналасу заңдылықтарын, облыстар
бойынша халықтың табғи өсім көрсеткіштерін, урбандалу деңгейін анықтау,
оқулық мәліметтері бойынша облысаралық көші-қон деңгейіне талдау жасау;
«Қазақстан халқы» кестесін құрастыру.
Көрнекі құралдар: Қазақстанның саяси картасы, Дүние жүзінің саяси картасы
БАРЫСЫ:
Тапсырмалар:
Халықтың орналасуы.
Кестедегі мәліметтер бойынша астанадағы, республикалық астаналық және басқа облыстардың ауылдық аудандарындағы халық тығыздығын есептеп шығар.
аудан
облыс
аудан мың км2
халқы мың адам
тығыздығы, адам/км2
Астана қ.
0,7
778,1
Ақмола обл.
146,2
732,9
Бурабай
Ақмола обл.
5,9
75,0
Қорғалжын
Ақмола обл.
9,3
9,5
Қарасай
Ақмола обл.
2,3
280,9
Сайрам
ОҚО
1,7
311,1
Ұлытау
Қарағанды обл.
122,9
13,9
Қазақстан аймақтарындағы халықтың урбандалу деңгейі.
58 – суреттегі мәліметтерді пайдалана отырып, облыстарды урбандалу деңгейі бойынша топта. Нәтижені кесетеге жаз.
облыстар:
аз урбандалған
орташа урбандалған
жоғары урбандалған
Қорытынды.
Халықты орналастырудағы анықталған заңдылықтардың себептерін түсіндір.
Қандай облыстар көп екенін анықта. Бір облыстарда урбандалу деңгейінің жоғары, екіншісінде төмен болуы немен байланысты екендігін түсіндір.
Қалай ойлайсың, статистика мен есептеулерге жүгінбей – ақ кесте бойынша елдің урбандалу деңгейін анықтауға бола ма?
№ 3 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру»
Мақсаты: Қазақстан экономикасы салалары үшін қажетті пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтап, көрсете білу, кескін картаға мұнайдың, газдың, көмір бассейндерінің кен орындарын түсіру.
Көрнекі құралдар: атлас карталар, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, оқулық.
БАРЫСЫ:
Тапсырмалар:
Кескін картаға оқулықта берілген көмір, мұнай, газ кен орындарын түсір. Олардың аттарын жаз. Кен орындарынан номенклатура тапсыр.
«Көмір өнеркәсібінің географиясы» картасын (72 - сурет) пайдалаынп, болашағы бар бір көмір алабына немесе кен орнына төмендегі жоспар бойынша сипаттама бер:
Географиялық орны;
Қоры;
Түрі және көмір сапасы;
Жағдайы және өндіру әдісі (шахталық, ашық түрде);
Өзіндік құны;
Жергілікті жерде немесе республикамыздың басқа аймақтарындағы пайдалану мүмкіншілігі.
Қорытынды.
Көмір алабын игерудің қолайлы жақтарын анықтап, өз ойыңды жаз.
№ 4 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің салаішілік және салааралық сызбасын құрастыру»
Мақсаты: Металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсіптері бойынша білімдерін бекіту. Өнеркәсіптердің салаішілік және салааралық сызбаларын құрастыру.
Көрнекі құралдар: статистикалық мәліметтер, оқулықтар, қосымша материалдар.
БАРЫСЫ:
Тапсырмалар:
104 – сурет бойынша зерттеу жүргіз:
Қазақстанда тағы да қандай құрылыс материалдары шығарылатынын;
Олардың орталықтары қайда орналасқанын анықта.
Нәтижесін кесте түрінде көрсет:
құрылыс материалдарының түрлері
олардың өндіріс орталықтары
асбест – цемент бұйымдары
(шифер, құбыр)
?
?
?
?
?
Статистикалық материалдар бойынша еліміздің аумағы мен оның жеке бөліктерінің ормандылық көрсеткішін есептеп шығар. Соңында мәліметтерге талдау жаса. Қазақстан мен оның аймақтары аумақтың қай тобына (орманға зәру, орманмен қамтамасыз етілген, орманы көп) жататынын анықта. Қорытынды жаса.
Статистикалық материалдар: Қазақстанның жалпы алып жатқан жері және орманның аумағы (1.01.2012ж.)
Қазақстан аймақтары
жалпы жер аумағы, млн.га
орман аумағы, млн.га
ормандылық, (%)
Солтүстік Батыс
56,6
70,5
1,4
0,3
Оңтүстік Шығыс
70,1
28,3
8,8
1,8
Орталық Қазақстан
35,6
216,1
0,1
12,4
Сурет бойынша цемент өндірісін анықта. Өндіру көрсеткіші бойынша ірі үш облысқа бөл. Қазақстанның қай аймағында цемент зауыты кездеспейді?
Қорытынды.
№ 5 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуына
сараптама жаса.»
Мақсаты: Оқулық, атлас карталарды және қосымша материалдарды пайдалана отырып,
еліміздегі тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің негізгі салаларының орналасуын
зерттеу арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.
Көрнекі құралдары: оқулық, атлас карталар, қосымша материалдар.
Барысы:
Тапсырмалар:
Оқулық мәтініндегі 126,130 – суреттерді және атлас картаны пайдаланып, тамақ өнеркәсібінің негізгі салаларның орналасуын оқып зертте.
Зерттеу нәтижесін кесте түрінде көрсет.
шешуші әсер ететін факторлар
тамақ өнеркәсібінің саласы
негізгі орталықтары
130 – сурет пен «Мақта – мата өндірісі» картасына сүйене отырып, берілген жоспар бойынша «Қазақстанның мақта – қағаз өнеркәсібі» деген анықтаманы орында:
Анықтама жоспары:
Саланың шикізат базасы қай жерде орналасқан;
Мақта –қағаз өнеркәсібінің 2 орталығын;
Өндірілетін өнім көлемінде қандай өзгерістер бар?
ХVI ғасырда өнідірістің шұғыл құлауы немен байланысты?
Қай облыс және қай орталық көшбасшы болып табылады?
Қорытынды.
№ 6 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Орталық және Шығыс Қазақстан өнеркәсіптерінің салыстырмалы
экономикалық-географиялық сипаттамасы»
Мақсаты: Орталық және Шығыс Қазақстанның өнідірісіне салыстырмалы сипаттама
беру, даму факторларын, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
Көрнекі құралдары: Қазақстанның саяси – әкімшілік картасы, физикалық картасы,
оқулықтағы мәліметтер.
Барысы
Тапсырмалар:
Оқулықтағы мәліметтерді, карталарды және атласты пайдаланып, ауданның негізгі статистикалық, географиялық және экономикалық көрсеткіштерін анықта. Қорытындыны кестеге толтыр:
Сипаттама
Орталық Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Мамандану салалары
Өндіретін өнеркәсібі:
а) пайдалы қазбалары
б) негізгі өндіруші орталықтар
Өңдеуші өнеркәсіп:
а) шикізат көздері
б) негізгі өндіріс орталықтары
Қосымша салалары
Қызмет көрсету салалары
Экономикалық аудандардың өнеркәсіптерінің дамуы туралы қорытынды жаса, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Мына жоспар бойынша кескін картаға түсір:
а) экономикалық аудан шекараларын;
ә) өзендер, көлдер
б) негізгі өндіріс орталықтарын, өнімдерді өңдейтін секторларды.
Қорытынды.
№ 7 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Солтүстік және Оңтүстік экономикалық аудандардың ауыл
шаруашылығына салыстырмалы сипаттама»
Мақсаты: Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның аударының ауыл шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беру, екі ауданның табиғи – климаттық жағдайларының айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау.
Көрнекі құралдары: Қазақстанның саяси – әкімшілік картасы, физикалық картасы,
оқулықтағы мәліметтер.
БАРЫСЫ
Тапсырмалары:
Төмендегі жоспар бойынша құрастыр:
Табиғи – климаттық жағдайлары
Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы
Өсімдік өсіру салаларының мамандануы
Мал шаруашылығы мамандануының салалары
Ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы қорытынды жаса.
№ 8 практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Қазақстанның экономикалық аймақтарын кешенді салыстыру»
Мақсаты: негізгі экономикалық – географиялық ұғымдар жайлы маңызды мәліметтерді қайталап бекіту.
Көрнекі құралдары: Қазақстанның саяси – әкімшілік картасы, физикалық картасы,
оқулықтағы мәліметтер.
БАРЫСЫ
Тапсырмалары:
Бес экономикалық ауданның аумақ құрамын сипаттау, аудандардың экономика-географиялық жағдайын салыстыру;
Әрбір экономикалық ауданның еңбек ресурстарымен қамтылуын салыстыру;
Әрбір экономикалық ауданның табиғи жағдайларын бағалау және салыстыру;
Әрбір экономикалық ауданның ресурстарын бағалау және салыстыру;
Әрбір экономикалық аудан аумағының қоныстануы туралы тарихи анықтама құру;
Экономикалық аудандар шаруашылығының мамандануын салыстыру;
Әрбір экономикалық ауданның ірі аумақтық-өндірістік кешендерін көрсетіп, олардың мамандануын анықтау.
Жұмыстың орындалу үлгісі:
тапсырмалар
жұмыстың нәтижесі
Орталық
Шығыс
Батыс
Солтүстік
Оңтүстік
Аумағының құрамы
Аумақтық ЭГЖ
Еңбек ресурстары
Табиғи жағдайлар
Қоныстану тарихы
Мамандануы
АӨК (мамандануы)
Оқушы жұмысының қорытындысы ретінде қысқаша логикалық конспект (кесте) және презентация болуы керек.