Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2.Картография және картографиялық деректер базасы | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 7 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Географиялық картасхемаларды қолдану |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) | 7.2.1.1.- тақырып бойынша картасхемаларды жасай алады. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: План және шартты белгілердің не екендігін біледі. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: План құруда шартты белгілерді қалай пайдалану керек екендігін біледі. |
Кейбір оқушылар орындай алады: Шартты белгілерді пайдаланып, қарапайым планды оқи алады. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Бағалау критерийі | «План» және «шартты белгілер» ұғымын айтады. План құрастыруда пайдаланылатын шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің қарапайым планын оқиды. |
Тілдік мақсаттар | Айтылым географиялық карта, картасхема, план, шартты белгілер, масштаб, планшет Жазылым Картада ...көрсетуге, ... есептеуге, ...анықтауға болады. Карта мен план .... ұқсас болса да, айырмашылықтары келесідей... Тақырыпқа қатысты терминдерді танысып қасиеттерін ажыратып, зерделейді. Сабақ барысында кездесетін сөз тіркестерін топтық жұмыс барысында тиімді пайдалана алады. |
Құндылықтарға баулу | Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, көшбасшылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дамыту. |
Пәнаралық байланыс | Математика, геометрия, бейнелеу |
Алдыңғы білім | Географияда графикалық әдістердің қолданылуы |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Дереккөздер, ресурстар |
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. 2. Көңіл – күйлерін көтеру үшін психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір -біріне жылы тілектерін айтады. 3. Қала, өзен, көпірдің суреттері берілген карточкалар арқылы топқа бөлу. 1 – топ. «Қала» 2 – топ. «Өзен» 3 – топ. «Көпір» 4. «Взгляд на мир» атты бейнероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. -Оқушылар, қалай ойласыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы неге байланысты деп ойлайсындар? - Сабақтың мақсатың сұрақ-жауап арқылы ашады. Ой қозғау әдісі арқылы сұрақтақтарға жауап береді: 1. Карта дегеніміз не? 2. Карталар масштабына қарай қалай бөлінеді? 3. Мазмұнына қарай қнадай топтарға бөлінеді? | https://twig-bilim.kz/film/ways-of-looking-at-the-world-6738/ |
Сабақтың ортасы Білу Түсіну Қолдану | «Джигсо» әдісі арқылы әр топтағы 3 оқушыға үш түрлі тапсырма беріледі. 1,2,3 оқушылар өзара топтарға бірігіп, берілген тапсырманы талқылайды. Қайтадан өз топтарына келіп, топ ішінде талқылайды. келесі топқа тақырыптары бойынша мәліметтер бере отырып, түсіндіреді. Оқулықтың 24,25 – беттеріндегі 9,10 – суреттерді пайдаланып, тапсырмаларға жауап беру. № 1 оқушы Жергілікті жердің бейнелерінің түрлері № 2 оқушы Планның картадан айырмашылығы № 3 оқушы Шартты белгілер І-топ ІІ –топ
ІІІ-топ
Д. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі
· шартты белгілер беріледі, әңгіме құрастыруға уақыт беріңіз; · одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз; · осы тапсырма бойынша өздері құрастырған әңгімені сыныпқа айтуын ұсыныңыз. планда көрсетілген шартты белгілерді пайдаланып, табиғатқа танымжорық жасау маршрутын баяндайтын әңгіме құрастырыңыз
Жергілікті жерді планға түсіру бойынша жұмыс ретін баяндау үшін сөйлемдерді тиісті ретімен сәйкестеңдіріңіз:
Сәйкестеңдіру: заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу | | 5 | планшетке шартты белгілерді түсіру | | 3 | масштабты анықтау. | | 1 | планшетті дайындау | | 4 | заттарға қатысты бағытты анықтау | | 2 |
Дескриптор Білім алушы План мен шартты белгілер ұғымдарын айтады Жергілікті жердің планын сызу үшін, кестеге план сызу алгоритмін дұрыс көрсетеді Шартты белгілерді қолданып, әңгіме құрастырады Шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын сызады | География 7 сынып Атамұра 2017 |
Сабақтың соңы | «Басбармақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың қалай өткендігін анықтау. | |
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
Саралау тапсырмалары оқушылардың деңгейіне қарай құрастырылды. Жоғары деңгейлі оқушылар – тапсырмаларды орындай алады Төменгі деңгейлі оқушыларға тапсырманы орындау алгоритмі беріледі. Әр сабақ сайын уәждеп отырамын. | Бағдаршам Басбармақ Екі жұлдыз, бір тілек | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |