Ма?саты:.о?ушыларды ?аза?станды? патриотизм мен шы?армашылы? жа?ынан дамы?ан жеке т?л?а ретінде т?рбиелеу аса ?ажет, …б?гіннен бастап ?лтты? мінез-??лы?, биік тал?ампазды?, т?к?ппарлы?, тектілік, білімділік, ?лтты? намыс ?асиеттерін сі?іріп ?алыптастыру керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеялар аясында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру
Тақырыбы:5-6- сыныптардың жаратылыстану және география пәндері бағдарламасының білім мазмұнына «Мәңгілік ел» идеясын кіріктіру жолдары
(Инновациялық жоба аясында)
Мақсаты: ...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, …бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. Ендеше аталаған жобаны іске асыруға мұғалімдер үлкен үлесуімізді қосуымыз керек. Ол үшін күнделікті сабақ барысында елбасы жолдауында атқарылуға тиіс істерді болашақ ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек. Мектеп бағдарламасындағы қандай пән болса да, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға өз үлесін қосу керек. Сондықтан бүгін мен география пәнінің мұғалімі ретінде «5-6- сыныптардың жаратылыстану және география пәндері бағдарламасының білім мазмұнына «Мәңгілік ел» идеясын кіріктіру жолдары» атты инновациялық жобамды ұсынбақпын. Толықтай орындалмаған жлба болса да, болашақта іске асыруға болады деп ойлаймын. Күнделікті сабағымызға кіріктірмесекте, әр түрлі тақырыпта оқушыны «Мәңгілік ел-Қазақстан» екенін ұғындыра алатындай дәрежеде болу керек.
3-5 слайд: Ендеше, біз мұғалімдер «Мәңгілік елдің» ертеңі бола алатын ұрпақты, бастауыш сыныптан бастап тәрбиелеуіміз қажет. Тәрбиенің басын бүлдіршіндеріміздің Мемлекеттік рәміздерімізді ажырата білуінен бастауымыз керек. Рәміздеріміздің түр-түсі мен авторларын ғана жаттатып қоймай, рәміздеріміздің орналасуымен, құрметтелуі жайлы да мағлұмат беру керек. Сонда ғана «Мәңгілік елдің» ертеңі бола алатындай бүлдіршін кезінен бастап, болашаққа бағдар беру керек.
6-слайд: Бастауыш сыныптағы балаға рәміздер арқылы патриоттық тәрбие берсек, 5-6-сыныптарға келгенде «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайтына көз жеткізе алатындай бағыт беруміз қажет.
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы: 1.Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі 2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім 3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық 4.Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім 5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.
7-cлайд: Оқушы бесінші сыныпқа келгенде Жаратылыстану пәнімен танысады. Бастауышта дүниетану пәнінен алған білімдерін толықтырады. Жаратылыстану пәні арқылы да балаға «Мәңгілік ел» идеясын ұғындыруға болады. Мысалға алатын болсақ, жаратылыстану оқулығының IV бөлімі «Адам және табиғат» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар: $55 Табиғат байлығы
$59 Қорғалатын табиғи аумақтар
$60 Қазақстанның қорықтары
$61 Қызыл кітап
$62 Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар
$63 Сирек кездесетін өсімдіктер
$64 Табиғатта жүріп тұрудың ережелері –атты тақырыптармен танысады. Бұл тақырыптарға Елбасының жолдауын кіріктіре отырып түсінік беруге болады.
8-слайд: Негізгі аталған тарауға «Мәңгілік ел» идеясы жобасында белгілі бір мақсат қою керек.
Мақсаты:
– оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
– жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
– ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар бойынша тақырыптармен сабақ барысында оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізуге болады.
9-слайд: Мысалға алып қарастыратын болсақ, оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мақсатын негізге ала отырып $55 Табиғат байлығы атты тақырыпты түсіндіру мақсатына тоқтала кетсек: Сабаққа мақсат қойған кезде «Мәңгілік ел» ұлттық идея ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтын сабаққа қойған мақсатымызға ерекше назар аударуымыз қажет.
Аталған тақырып бойынша сабаққа мынандай мақсат қойылуы тиіс: Оқушыларға табиғат байлығы және табиғат байлығының түрлері жайлы түсінік бере келіп, еліміздегі табиғат байлықтары жайлы сөз ету. Табиғат байлықтарының адамзат әсеріне бүлінуі мен өзгеру әсері жайлы ұғындыру. Сабақ барысында «Мәңгілік ел» идеясы Қазақстанның байлығы мен оны қолданысқа жарату келешек жас ұрпақтың қолында екенін түсіндіру болса, негізгі мақсат жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.
Қойылған мақсаттан күтілетін нәтиже оқушы табиғат байлықтары жайлы мағлұмат ала отырып, «Мәңгілік ел» жобасы бойынша атқарылып жатқан істермен де таныс болады. Бала бойында Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікпен, байлығын игеру мен сақтау сезімі оянады.
10 –слайд: Аталған тақырыппен байланыстыра отырып $60 Қазақстанның қорықтары тақырыбына да тоқталып өтейік. Тақырып қызықты, әрі күрделі. Негізгі мақсат: жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту. Ал сабаққа қояр мақсатым: Оқушыларға Қазақстанның қорықтары жайлы мағлұмат бере отырып, Отанымыздың көрікті мекендерін қорғау ол-болашаққа нық қадаммен басу. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, «Мәңгілік ел» идеясы аясында тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу. Табиғатты аялау-болашақ ұрпақтың денсаулығын аялау екенін ұғындыру.
Қойылған мақсатымызға жетсек күтілетін нәтиже мынандай болмақ: Қазақстан аумағындағы қорықтарды танып білген бала, өз Отанын мақтаныш ете алады. Мақтаныш ете алған «Мәңгілік елдің» ертеңі сенімді боларын бағдарлап біле алады және болашаққа нық қадам баса алады.
11-слайд: Бесінші сыныптан алған білімін оқушы алтыншы сыныпта физикалық география пәні бойынша толықтыра түседі. Бесінші сынып пен алытыншы сыныптың оқулықтарында пән аралық байланыс болса, сол сияқты сабақ барысында да «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында байланыс болуы тиіс. Сол мақсатта мысалға алтыншы сынып бағдарламасынан IV тарау «Географиялық қабықтағы адамзаттың орны» бойынша $59 Қазақстан әлем картасында тақырыбын алып қарастырайық. Тақырыптарға ортақ мақсат: жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту. Ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу
Аталған тақырыпты өту барысында сабаққа қойылатын мақсат: Оқушыларға Қазақстанның әлем картасы мен әлемдегі орны жайлы түсінік беру. Қазақстанның әлем алдындағы беделінің күн санап өсуі мен әлем елдерінің ішіндегі өркениетті елдер қатарына қосылуы жайлы түсіндіру. Әлем тарихындағы Қазақстанның Мәңгілік ел болып қалыптасуына сеніммен қарап, оқушылардың оған өз үлесін қосатын ұрпақ болуып өсуіне ықпал жасау. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті екенін ұғындыру.
Оқушыларға құрғақ мәлімет бергеннен, Елбасының жолдауынан үзінді тыңдатуға да болады.
Мақсатымыз жүйелі болған жағдайда оқушы өз елін мақтаныш ете алатын дәрежеге жетеді. Себебі әлем алдындағы Қазақстанның беделін танып, біле түседі. Танып біле түсті деген сөз болашақ елдің ертеңі «Мәңгілік ел» екеніне көз жеткізе алады. Бала бойында, ойында елдің ертеңіне деген сенімділік туады. Сенімділік туса, болашақта бала ел игілігі үшін жұмыс жасай алады.
Сөзімді қорытындылайтын болсам: Мәңгілік елдің ұрпағын тәрбиелеу ол: «сен мәңгілік елдің ұрпағысың»- деп айта салу емес, күнделікті баланың іс- әрекетімен, білім мазмұнына кіріктіре отырып тәрбиелеу. Ол үшін ұстаздарымыз «»Мәңгілік ел» ертеңі бола алатындай ұрпақты тәрбиелеу керек. Ол үшін мұғалімнің де өзіндік жаңа инновациялық жоба аясында жұмыс жасай алатындай қабілеті болуы қажет. Жаңашыл мұғалім-жаңа ғасыр азаматы мен «Мәңгілік ел» идеясын толық жүзеге асыра алатындай ұрпақ тәрбиелеуі тиіс деп ойлаймын.
«Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!»-деп сөзімді елбасымыз, ұлт көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын.