Просмотр содержимого документа
«1.Сабақтың тақырыбы: Географиялық карталар,олардың жіктелуі»
Сынып сағатының тақырыбы:» Мен- өз елімнің Патриотымын!»
Мақсаты:-Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге,құрметтеп қастерлеуге,өз елінің тарихын білуге,бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,махаббат сезімін ояту;
-Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызуғышылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,шығармашылықпен жұмыс жасап,мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті,Қазақстан Республикасының картасы,рәсімдер,қанатты сөздер,гүлдер,
Барысы:
Негізгі бөлімі:- Сәлематсыздарма оқушылар! Тірбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын Біз «Ұлы Дала елі» деп аталумыз керек деп есептеймін. Біз-ұлы даланың ұрпағымыз.Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған.
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ ЕXPO-2017 Астана қаласында өткізілді.Елбасының «Қазақстан жолы-2050»:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»атты жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы-болашаұ табыстардың негізі.Ал ең бастысы еліміздің рухын көтеретін,ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел»ұлттық идеясы былтыр жарияланды.Ол елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасыннан орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман тұрмысы,бақ-қуатты,түтіні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық,Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға «Отаншыл»,»Намысшыл»,»Білімді» топ аттарын жасырылады.Кім қай топты таңдаса,сол топқа кіреді.
Ой шақыру:Мұғалімнің сөзі:
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан-сенің тұған елің,туған жерің,дос-жарандарың,туған туысқаның.Отан-бұл өзіңнің тұратын,өмір сүретін,қызмет ететін жерің.Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді.Себебі,Отан сендерді анаңдай қорғайды,көмектеседі,күш береді.Біз Отанымызды,елімізді сүйеміз.
-Отан ттуралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
«Отансыз адам –қай жерде жүрседе бейшара адам.Өзіңнің еліңе,Отанына,жеріңе,ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек.Қайда жүрседе, не істесе де қазағын,елін ойлап,осыны көркейтсем,кіндік қаным тамған елім аман болып,оның дәрежесі жоғары болса,қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек»
Отан деген не?
(Балалардың пікірі)
Мағынаны таңдау.
Үш топқа қағаз таратылады.Оқушылар берілген қағаздарға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады,топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді.
Постер қорғау»Патриот деген ол ....»Оқушылар сөйлемді жалғасырып жазады.
Сұрақ жауап ойны:
Сұрақтары:
1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген?тұлпар,шаңырақ,жұлдызша күн
2.Қазақстан өз Тәуелсіздігін қай жылы алды?1991ж16желтоқсан
3.»Отан қорғау дегенді қалай түсінесің?
4.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?Қытай,Ресей,Қырғыз,Өзбек,Түркменистан,Әзірбайжан
12.ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
«Туған жеріңе не бересің?» пікір талас
Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.
Жақсылық-рефлексия
Балаларды ортаға шығарып,шеңбер құрастыру
-Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп.Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін.Қолға түскен жіпті саусаққа орап,алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер.
-Бізбен жіп не істеді?
-Қалай ойлайсыңдар,бұл жақсылықтың белгісі ме?
-Дұрыс,жіп бізді біріктірді.Әрқашанда бірге болуымыз керек.Бір шаңырақ астында тату өмір сүруміз керек.Мектепте болып жатқан әртүрлі шаралардан қалыспауға,өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз.Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп,еліміздің өсіп өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана,еліміз де көркейіп,гүлденеді.
Алғашқы сынып сағатымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр.»Өз Отанының патриоты болу-Қазақстанды өз жүрегінде ұялату».