kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

11 класс. География. Ұлыбритания

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока. География. 11 класс. Великобритания 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«11 класс. География. Ұлыбритания»

Мұғалім: Сейтханова Ф.Ж., Каткенова К.

Жұмыс орны: М.Әуезов атындағы №96 ЖОББМ

Мерзімі: 06.12.2019ж.

Пәні: География

Сынып: 11 «А» ЖМБ

Тексерілді:

Тарау:

ІІ тарау. Еуропа елдері

2- тақырып. Еуропаның жоғары дамыған елдері

Сабақ тақырыбы:

§5. Ұлыбритания.

Сабақтың мақсаты:


Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік - дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт - дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.

Күтілетін нәтиже:

Еуропаның жоғары дамыған елдерінің бірі – Ұлыбританиямен танысады, экономикалық -географиялық жағдайын нақтылайды, табиғат жағдайы мен ресурстарына баға бере алады, халқын статистикалық мәліметтермен салыстырып, қорытынды шығара алады. АКТ-ны пайдалану арқылы қосымша ақпарат алады. Алған білімді дамыта отырып, оны өмірде қолдана алады.

Табыс критерийлері

  • Ұлыбританияның экономикалық-географиялық жағдайын біледі

  • Табиғат жағдайы мен ресурстары туралы білімді толықтырып, баға бере алады

  • Демографиялық білімін пайдалана отырып, статистикалық материалдармен жұмыс жасай алады

  • Номенклатуралық білімін жетілдіреді

  • Тақырыптық терминдерді дұрыс пайдаланады

Негізгі түйіндер

  • Ұлыбритания жоғары дамыған ел

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі:

  • Төңкерілген сабақ.

  • Ағылышын тілі пәнімен кіріктірілген сабақ.

Пән аралық байланыс:

Тарих, ағылшын тілі



Сабақтың өтілу барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басталуы

5 минут

  1. Оқушыларды түгендеу.

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  3. Топқа біріктіру.

  4. Психологиялық жағымды ахуал жасау.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.А.Құнанбаев

Үй тапсырмасын сұрау:

Тапсырма. «Резюме әдісі» бойынша Германия мемлекетіне талдау жасау

1.Жерінің ауданы

2.Астанасы

3.Мемлекеттік құрылымы

4.Мемлекет басшысы

5.Халқы

6.Мемлекттік тілі

7.Діні

8.Өнеркәсібі

9.Ауыл шаруашылығы

10.Көлік жүйесі

География. Дүниежүзіне аймақтық шолу. Алматы «Мектеп» 2015 жыл

Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова , Ж.Достай.


Қазақстан, Германия, Ұлыбритания елдерінің тулары,

Кескін карта.

д/ж саяси картасы.

д/ж физикалық картасы.

Интернет материалдары.

Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сабақ.

Ұлыбритания. Бейне сюжет.

Тапсырма

Ағылшын тіліндегі мәтінмен жұмыс.


Тапсырма.

«Лондон» сөзжұмбағын шешу.


What Language do people speak in Great Britain?

What is Big Ben?

Who rules the UK?

Where in the UK is Lake District?

How many parts does UK consist of?

What is the Longest river in the UK?


Тапсырма.

Топтық жұмыс. «Үш конверт әдісі». Нақты мәліметтер, мысалдар келтіру.

1 - топ. Елдің басты ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: - ресми атауы; орналасқан жері; - тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ - ң ерекшеліктері; қолайлығы; - елдің геосаяси жағдайы; - мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; - тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; - елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі.

2 - топ. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарына сипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы.

3 - топ. Халқы туралы: Британ аралдарының байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері.


Тапсырма.


Жұптық тапсырма. Кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға Ұлыбританияның 4 аймағының аттарын жазу.

Астансын және жағалауын шайып су нысандарын белгілеу.

Тапсырма.

Ағылшын ұлтына тән өмір салтының ерекшеліктері:

1. Таңғы асқа сұлы жармасынан жасалған быламық жеу

2. Ұлыбритания халқының саны 63 миллион, олардың 53 миллионы Англияда тұрады.

3. Метроның туған жері – Лондон. Метрода газеттер тегін таратылады.

4. Big Ben – атақты мұнарадағы сағаттың атауы емес, ол қоңыраудын аты, ал мұнара Әулие Стефан деп аталады.

5. Француз тілі 300 жыл бойы Ұлыбританияда ресми тіл болған.

6. Лондон – ежелгі қала. Римдіктер оны б.з. 43 жылы құрып, «Лондиниум» деп атады.

7. Хайуанаттар бағы алғаш болып Англияда ашылған. Ол 1829 жылы Лондонда пайда болды.

8. Белгілі британдық ғалымдар – Чарльз Дарвин, Майкл Фарадей, Исаак Ньютон, Стивен Хокинг.

9. Британияда жолыңызды кесіп өткен қара мысық, сәттілік пен байлықты білдіреді.

10. Британдықтар алғаш болып жаңбырдан қорғану үшін қолшатырды (зонт) қолданды, оған дейін қолшатырлар тек күн сәулесінен қорғану үшін қолданылған.

Британдықтар спортты өте жақсы көреді, келесі спорт түрлері Ұлыбританияда шыққан: бокс, көгалдағы хоккей, футбол, гольф, крикет, регби.

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау. 

Топбасшының бағалауы.

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Кері байланыс. «Дейін-кейін» әдісі

Үйге тапсырма беру.

§5. Ұлыбритания.

§6. Ұлыбритания шаруашылығы.

5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын даярлау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
11 класс. География. Ұлыбритания

Автор: Сейтханова Фатима Жаксыбайкызы

Дата: 02.01.2020

Номер свидетельства: 534258

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "11 класс. География"
    ["seo_title"] => string(19) "11_klass_geografiia"
    ["file_id"] => string(6) "534257"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577983673"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства