Просмотр содержимого документа
«7 сыныпқа арналған тест жұмысы»
Литосфералық тақталардың қалыңдығы шамамен А) 5-15 км В) 35-40 км С) 70-80 км D) 60-100 км Е) 80-120 км
Жер қыртысының тегістелген, тұрақты бөліктері А) Литосфералық тақталар. В) Платформалар. С) Геосинклинальдар. D) Таулар. Е) Жазықтар.
Ежелгі платформалардың қатты кристалды жыныстарының жер бетіне шығып жатқан бөлігі А) Тақта В) Геосинклиналь С) Қалқан D) Платформа Е) Рифт
Платформалардың шөгінді жыныстар жауып жатқан бөлігі А) Тақта В) Геосинклиналь С) Қалқан D) Платформа Е) Рифт
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері А) Тақта В) Геосинклиналь С) Қалқан D) Платформа Е) Рифт
Пішіні, көлемі, жасы, биіктігі бойынша жер бетінің сипаты А) Табиғат компоненттері В) Жер бедері С) Тік қозғалыстар D) Сыртқы күштер әрекеті Е) Үгілу
Жер бедері дегеніміз А) Жер бетінің ойлы-қырлы сипаты В) Табиғат компоненттерінің жиынтығы С) Ішкі және сыртқы күштердің әсері D) Ғасырлық тербелмелі қозғалыстар Е) Үгілу өнімдерінің тасымалдануы
Мұхит табанының ең басты ерекшелігі ... болуы А) Материктік қайраңдардың В) Материктік беткейлердің С) Су асты жоталарының D) Ірі жазықтықтардың Е) Терең ойыстардың
Белгілі климат зерттеуші ғалым: A) Н.Н. Баранский B) Б.П. Алисов C) А. Вегенер D) В.В. Докучаев E) Қ. Сәтбаев
Жер шарында климаттық белдеулердің қалыптасу .... байланысты А) Жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне. В) Қысымның таралуына. С) Жауын-шашынның таралуына. D) Ауа қозғалысына. Е) Жердің өз білігінен айналуына.
Ауа массалары дегеніміз А) Атмосфералық қысым. В) Жел. С) Жауын-шашын. D) Бір текті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауа. Е) Температура.
Жер шарындағы Б.П.Алисов ажыратқан климаттық белдеулер саны А) 10 В) 11 С) 12 D) 13 Е) 14
Тұрақты желдердің қалыптасуы ... байланысты А) Қысым белдеулеріне. В) Жер бедеріне. С) Биіктікке. D) Ағыстарға. Е) Климаттық белдеулерге.
Ауа массаларының негізгі түрлері А) Субарктикалық, қоңыржай, субэкваторлық, экваторлық. В) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық. С) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық. D) Қоңыржай, тропиктік. Е) Субтропиктік, арктикалық, субэкваторлық.