Киік немесе а?б?кен – ?аза? даласыны? ма?танышы, с?ні. Егер ?аза? елінде планетамызда?ы е? ма?ызды спортты? дода – жаз?ы Олимипиада ойындары ?тетін болса, киік оны? бойт?мары болып алынатына еш к?м?н жо?.
Ке? жазира ?аза? даласында?ы ертедегі адамдар сал?ан таста?ы жануарлар суреттеріні? ішінде танауы торси?ан киік те бар.
А?б?кенні? ?азба ?алды?тары плейстоцен ?абатынан Батыс Англиядан Шы?ыс Аляска?а дейінгі аралы?тан табыл?ан. А?б?кендер Мо??олияда, ?алма? даласы мен ?аза?станда ?ана са?тал?ан.
Республикамызда А?б?кендерді? бір-бірінен жеке дара б?лінген Бетпа?дала – Арыс, ?стірт ж?не Еділ – Жайы? деген топтары мекендейді.
Текелеріні? дене т?р?ы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене т?р?ы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.
Зерттеу ж?мысымны? барысында мен ?рт?рлі ?деби кітаптарды, баспаларды а?тардым, мектеп кітапханасын пайдаландым. М??алім зерттеуге тиіс ?дістерді к?рсетіп, ба?ыт берді. Мен зерттеу ж?мысымды саралау, талдау, салыстыру, ой т?ю, интервью алу ?дістерімен іздене отырып ж?ргіздім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ту?ан жерім Тор?айымны? бойт?мары - а?б?кен »
«Туған жер Торғайымның бойтұмары – ақбөкен»
тақырыбына жазылған ғылыми –
ізденіс жұмысының мазмұны:
І. Аннотация
ІІ. Кіріспе ....................................................................................... бет
ІІІ. Зерттеу бөлімі ........................................................................... бет
Киік жануары жайлы негізгі түсінік ................. бет
Қауіптер, аурулар, жаулар ............ бет
Киік киелі жануар ..................................................... бет
Адам өміріндегі киіктің маңызы ............................................................ бет
Келешек ұрпақ үшін киікті сақтап қалайық............................. бет
ІV Қорытынды .............................................................................. бет
V Пайдаланылған әдебиеттер .................................................... бет
Оқушының аты – жөні – Жағалбайлы Ерзат
Жданов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы.
Туған жер Торғайымның бойтұмары – ақбөкен
АННОТАЦИЯ
Бұл жұмыстың жалпы мақсаты Киік – қазақтың киелі жануары жайлы мағлұмат беру. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Алайда табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар заңсыз аңшылықтың салдарынан әлемде тек Қазақстанның шөлейт аймақтары мен қалмақ даласында ғана кездесетін киіктер жойылып кету алдында тұрғанын айту, жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру ісімен танысу, киік туралы мәліметтерде жинақтау, топтастыру, салыстырулар арқылы айырмашылықтарын ашып көрсету осы жұмысты жасаушы 8- сынып Жағалбайлы Ерзаттың өз пікірі мен ойы арқылы дәлелдемелер жасалып ұсынылған.
Осы жұмысты жүргізу барысында Ерзат көптеген әдебиеттерді оқып онда жазылған мәліметтермен танысқан.
Облыстық, аудандық кітапханаларға барған, ҚБСА-ң Ырғыз-Торғай резерватының инспекторының мәліметтерімен танысқан. Ақкөл ауылында инспекторлардың берген кітаптарын пайлаланған. Ерзат өз туған жерінің ақбөкендері туралы осы жинақталған мәліметтер бойынша өзі компьютермен жұмыс жасай отырып «Киік жануары жайлы түсінік», «Қазақстанда күрт кеміп отырған бөкендер саны», «Киелі жануардың емдік қасиеті», «Бөкендердің жауы –қаскерлер» деген тақырыптармен жазған.
Осы жасалған жұмысты ,,,,
Сондықтан да аталған жұмыс өз тақырыбына сай жасалған, және өз мақсатына жете алған – деп айта аламын.
Мақсатым киік — даланың киесі, символы. Киіктің киелі жануар және Қазақтың қызыл кітабына кірген екенің тереңірек білу.
Торғайдың кең даласын кезген киіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Ертеден табиғатпен етене өмір сүрген қазақ халқының жан- жануар, табиғат жөніндегі сазды әуендер «Ақсақ киік» атты күй, «Жез киік» атты ән, «Киік қашқан» поэмасы бар.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары.
Киік немесе ақбөкен – қазақ даласының мақтанышы, сәні. Егер қазақ елінде планетамыздағы ең маңызды спорттық дода – жазғы Олимипиада ойындары өтетін болса, киік оның бойтұмары болып алынатына еш күмән жоқ.
Кең жазира қазақ даласындағы ертедегі адамдар салған тастағы жануарлар суреттерінің ішінде танауы торсиған киік те бар.
Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған.
Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.
Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдеби кітаптарды, баспаларды ақтардым, мектеп кітапханасын пайдаландым. Мұғалім зерттеуге тиіс әдістерді көрсетіп , бағыт берді. Мен зерттеу жұмысымды саралау, талдау, салыстыру, ой түю, интервью алу әдістерімен іздене отырып жүргіздім.
даланың кер маралы Киік жануары жайлы
Киік қазіргі уақытта төрт мемлекеттің аумағында : Қазақстанда, Ресейде, Қалмақ елінде, Өзбекстанда, Монғолияда сонымен бірге бұрын Түркіменстан территориясында да кездесетін. Әр халықтың бұл аңға берген өз атауы бар. Қазақтар – ақ бөкен, бөкен, ақ киік, киік, өзбектер- сайғақ, түркімендер- кейик, түріктер- ақ құйрық, қалмақтар – бухин, монғолдар – бухэн деп атайды.
Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.
Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.
Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Жануарлар үшін бір ерекшелік – не үнемі қуып жету, үнемі қашып кету керек. Осы жағынан келгенде қазақ даласында киікке жетер желаяқ жоқ! Аса шапшаң жүгіреді, қысқа қашықтарда сағатына 70-80 шақырым жылдамдық көрсете алады. Осындай жылдамдық көрсете алу оның жүрегінің ерекшелігіне байланысты. Қазақстан жеріндегі барлық тұяқты аңдар ішінде ең жүрегі үлкені- осы ақбөкен. Қатты жүгіріп келе жатқан ақбөкен кенет тоқтап 90 * қа жалт бұрылып қайтадан өте үлкен жылдамдықпен басқа бағытқа жүгіре алады.
Ерекше тұмсық- тұмсығы қонқиған, пілдін тұмсығындай ерекше көрінеді. Жай тұрған уақытта төмен салбырап тұрады. Жүгірген кезде екі жаққа маятник тәрізді екі жаққа шайқалады. Тұмсықтың ішкі құрылысы дала тіршілігіне ерекше бейімделген, ішкі мұрын сүйектері мүлде жоқ, осы өзгешілік оны барлық жазық дала жануарларыннан ерекшелей түседі. Мұрын қуысында талшықтар өте көп , ол ақбөкен басын төмен салып жүгірген кезде сүзгі ретінде жұтылған ауаны шаңнан тазартып отырады. Суық кезде ауаны жылытып, ыстық ауаны салқындатады. Жаздың аптап ыстығында пілдің құлағы сияқты желдеткіш ретінде денесін қызудан сақтайды.
Киіктердің иіс сезу қабілеті жақсы дамыған: олардың өмірінде иістің үлкен мәні бар. Иіс арқылы анасы балаларын тауып алады, иістің көмегімен жеуге жарамды өсімдіктерді таңдайды. Тіпті төніп тұрған қауіптің өзін олар иіс арқылы сезеді.
Бұл жануарлардың есту қабілеттері де жақсы дамыған, өте сақ. Сезгіш құлақтары естілер естілер-естілмес үндерді естіп қояды.
Киік өте жүйрік жүгіргіш қана емес, сонымен бірге ол өте тамаша жүзігіш. Ол жарты шақырымды, керек болса, одан да көп ара- қашықтықты жүзіп өте алады, қиындықсыз кең өзендерді жүзіп өтеді.
Қысқа қарай киіктер ұзындығы жеті-он сантиметрге жететін бір тектес ашық түсті қылшықты тон киеді. Ал көктемде жануарлар қысқы тондарын шешіп, олардың түстері сары я қызыл қошқыл түске боялады. Мұндай түстер оларға қыста қарлы шөлдің, ал жазда сары сұр болып кеуіп қалатын шөлде өсетін өсімдіктердің арасында көрінбей қалуларына көмектеседі.
Денесін көмкеріп тұратын қылдары өте тығыз болады. Сондықтан оларға даладағы борандар, желдер қорқынышты емес, 40 градус ыстықтан 50 градус ыстыққа дейінгі температураның құбылуын біршама оңай көтереді.
Киіктер өте төзімді , шыдамды. Қыста олар шөлдерін қураған шөптерді жұла отырып, қармен қандырады. Көктемде, жазда көпке дейін су ішпей –ақ ылғалды жасыл шөптермен бірге алады. Дегенмен олар сусыз өмір сүре алмайды, сондықтан суы жоқ жерлерде көпке дейін жүре алмайды.
Суат бойы киіктерге қауіпті болғандықтан , олар суға ақырындап келеді. Табынды ересек ұрғашы бастап келеді. Егер қауіп болмаса, олар суға келеді. 4-5 минут шөлдерін қандырады.
Киіктер қыста олар шөптердің бірнеше түрімен қоректенеді: баялыш, қылша, изен, бұйырған, жусан сияқты шөптермен қоректенсе көктемде талғампаз болып келеді. Жазда киіктер едәуір байып шөптердің 80 түріне дейін жейді. Күзде шөптердің көбісі қатқылданғанда , киік ылғалы бар жусан, сораң, қылша, мия шөптерін қоректенеді.
Киіктер наурыз айына қарай құстар сияқты солтүстікке аттанады. Осы уақытта ұрпақ әкелетін ұрғашылары тыныш орындарды іздеп алыс шеттерге яғни өздеріне қауіпсіз жерлерге кетеді.
Мамырдың басында осындай перзенханада жиналған ұрғашылар лақтары пайда бола бастайды. Ұрғашы ең бірінші лағын бір жасында әкеледі, бір жастан асқан ересек ұрғашылар көбінесе екі лақтан әкеледі.маыр айында болатын суық шықтар күннің бірінші сәулелерінде кеуіп кетеді. Жаңа туған лақтар топырақтың үстіңде көрінбей жатады. Қауіп төнгенде олар тығылып , көздерін жұмып жатады. Мұндай лақты екі-үш қадамнан да көрмей қаласын. Лақтары кішкене аяқтана бастағанда , кіиктер жайлауға қарай жол алады.
Күші бойынан тасып тұрған екі аңның күрес- таласы басталады. Олар бір-бірімен бар күштерімен мүйіздерімен айқасады.
Ең күшті еркек мал 200-500 жануардан тұратын аралас табындар ұрғашыларымен лақтарын қоса санағанда 10-30, ал еркегі біреу болатын табынға ие болады. Ұрғашыларының кетіп қалмауын және өздерінің отбасы жоқ басқа мүйізділердің қол сұғушылығынан қорғайды.
Қауіптер, аурулар, жаулары
Киіктердің өмірі қауіп-қатерге толы. Адамнан басқа , киіктерге ауа-райы жағдайлары да өзінің теріс әсерін тигізуі мүмкін. Жұт кезінде мыңдаған табындар жойылды. Жұт дегенімз- ауа райының қолайсыздығынан табынның қырылып қалуы: қардың өте қалың және тығыз болуы, көк тайғақ, созылмалы борандар, бораннан кейін болатын аса қатты желдер.
Тұяқтылардың өте көп шоғырланған жерлерінде олардың ауруларданда өлім- жітімге ұшырауы байқалады. Әсіресе аурудан көбінесе жаңа туған әлсіз жас лақтар көп шығынға ұшырайды. Ауа –райының қолайлы жағдайларының өзінде де жас киіктердің төртен бір бөлігі қаза тапса , ал аусыл, сарып, пастереллез сияқты індеттерде тең жартысы қырылып қалады.
Бұлардан басқа, киіктердің нағыз қас жаулары да бар. Олар - жауыз қасқырлар мен қу түлкі, алғыр үй иті мен қыран , дала бүркіті. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі – қасқыр.
Қасқырлардың үлкен емес үйірлерінің өзі киік табынына көп шығын әкеледі.
Қаскерлер- киіктің жауы.
Бірақ бұл жүйе 90 жылдардың басында табиғатты пайдаланудың бүкіл кеңес жүйесі сияқты күйреді. Киіктерге аңшылық жасауды және қорғауды бақылау жоғалып кетті. Әр түрлі жеке фирмалар пайда болды., мемлекеттің рұқсатымен киіктердің мүйіздерін шекарадан тыс жерлерге шығарылып отырды. жергілікті тұрғындар мен «олжа аңшылары» мүйізді іздеп далаға ұмтылды. Сөйтіп осы жануарды үлкен ауқымда қыру басталды.
Мемлекет 1998 жылы киікке аңшылық етуге тыйым салды, бірақ бұл тым кеш болды. Қаскерлік тек киіктердің көбісі жоғалғаннан кейін табуға қиын соққанда ғана барып азайды. 1993 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстанда киіктердің саны 97,8 пайызға түсіп кетті.
Келтірілген деректерге жүгінсек, киікті қорғауға қатысты атқарылған шараларға қарамастан, оны ату оқиғалары толастамаған. 2009-2010 жылы осындай 31 факт тіркеліп, 312 киік атылған. Нысанаға негізінен аталық киіктер іліккен, бұл да – оның өсіміне үлкен тежеу.
Киік –экономикалық жағынан пайдалы жануар.
Бұл түрдің жоғалу қаупі тек сатылудан түскен шығынмен ғана байланысты емес. Киіктің жоғалуы басқа жануарлардың түрінің жоғалып кетуіне әкеледі, өсімдіктердің жамылғысы мен топырағының нашарлауына әкеп соғады.
Басқа тұяқтылардың еш біреуі киіктей шөлді жердің қиындығына икемді бола алмайды.
Киік киелі жануар
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз – әңгімелер мен теңеулер көп. Асан Қайғы бабамыз жерұйық іздеп жүргенінде әр өңірге өзіндік бағасын жырменен беріп отырған ғой. Сонда оның «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деп те айтқаны бар. Шалкиіз ақын болса «Ақсақ киіктің шабар жері майдан дүр» деп толғаса, Бұқар жырау «Киігін қойдай қайырған», - дейді. Сәке Сейфулин де «Ақсақ киік» деген өлеңінде:
Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.
Киікті атып аңшы өлтіргенде,
Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Басқаға жануарды-ау теңгермедім.
Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ кәсіп қылып киікті атқан.
Мүйізін пайда қылып-ау шетке сатқан.
Сандалған бір киікті ұшыраттым,
Бір жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.
Бетпақта келе жатыр ақсақ киік,
Бір жүріп, бірде тоқтап, басын иіп.
Қоярға шыбын жанын жер таппайды,
Мергеннің кеудесінде болып күйік.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі бітіп, жығылады.
Сандалып келе жатыр ақсақ киік,
Бір тоқтап, бірде жүріп әлін жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып.
Ақбөкен сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген.
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегінен атқан мерген.
Яғни , ұлттық энциклопедиямызда ақбөкен аталып, ақбөкен деп жазылып жүрген жануар негізінен киіктер.
Әрбір халық аң-құсты , табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай олардың әрқайсысы өзіндік бағасын берді. Біздің елімізде де солай. Отанымыздағы өзге ұлттардан гөрі қазақтар киікті керемет жақсы көріп, оны киелі жануар санайды. Киікті атауда да сондай жағдай қалыптасқан.
Ақбөкен –киік түсінің қыста ақшыл татуына байланысты айтылған атау. Торғай өңірінің Сарторғай жерінде түстері ақшыл, ертегі жануарындай сұп- сұлу ақбөкенді кездестіргенбіз.
Начало формыақ
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Дала жануарлары, оның ішінде құрып кетуге әзер тұрған киіктерді қорғап , басын көбейту тек қана табиғат қорғаушыларының міндеті емес , жалпы қоғамға ортақ іс екендігін ұғынғанымыз жөн. Киік дархан даланың киесі ғана емес, оның сақтаушысы әрі түлетушісі. Ғалымдар осыны анықтады. Жануарлардың тұяғы тимеген шабындық жайлымдарды атабиғи өсімдіктердің өзі тұқым шаша алмайды. Шашса да көктеп шығу үшін жерге ене алмай , орнына қажетсіз өсімдіктер өсіп, жерге суды сіндірмейді. Бұл үдеріс топырақтың құнарлауына , өсімдіктер дүниесінің дамуына кері әсерін тигізетіндігі, мұндай жерлердің өртеніп кетуге бейім тұратындығы көп жылғы тәжірибеден дәлелденген.
Осы жерлерді киітердің тұяғымен түлетіп даламызды көріктеңдіруге болады. Киіктер шөптің жұмсақ жерін жейді, қой секілді түбірін үзбейді. Сондықан өсімдіктердің өсуі тоқтамайды, керісінше шөп тозаңын тұмсығы арқылы таратып, тұқымын үшкір аша тұяқтарымен өзге жерлерге енгізеді.
Адам өміріндегі киіктің маңызы
Киік –бағалы жануар. 50 ші жылдардың басында Қазақстанда киік мәселесі өзінің оң шешімін таба бастағанда, екінші бір мәселе туындайды.
Мыңдаған табындар ауыл шаруашылығына көп шығын әкелді: егінді жеп- құртып, таптап дегендей. Сонда ғалым – билгтар олардың санын реттеу үшін киіктің етін, мүйзін, терісін сататын мемлекеттік аңшылық мекемелерін ашуды ұсынды.
Одан түскен экономикалық табыс ойлағаннан жоғары болды. Киіктің еті Францияның мейрамханалы нарығында жоғары бағаланды, киіктің мүйізі Қытайға сатылып, онда шығыс медицинасы үшін пайдаланды, ал терісі өте жоғары сапалы былғары жасауда пайдаланылды.
Сонымен қырық жыл ішінде 90-ші жылдарға дейінгі 5,5 млн бас киік ауланып, олардан АҚШ долларымен 120 млн табыс түсті. Соның өзінде бұл жануарлардың санына ешқандай зиян келтірілген жоқ, өйткені олардың саны қатаң есепке алынып және оларды аулаудың биологиялық нормалары сақталрды.
Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.
Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.
Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.
Келешек ұрпақ үшін киікті сақтап қалайық
Киіктердің шығу тарихын, ағзаларының ерекшеліктерін білдік, осы жануардың түрінен түсетін экономикалық табысты қарастыра отырып, оны сақтап қалу қажеттілігін түсіндік. Бірақ біздің ең негізгі мақсатымыз киіктердің табынын көбейтіп, сақтап қалу, оларды тірідей көру мүмкіндігінен айрылып қалмау және олар туралы ақпарат жинау мүмкіндігін жоғалтпау.
Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары киіктің жоғалып кетуі жаында бірінші болып дабыл қаға бастаған.
1995 жылы СИТЕС Конвенциясының қосымшасына киік енгізілді. 2001 жылы СИТЕС ел- қатысушылары киіктің жоғалып кетуі қаупі бар болғандықтан Ресей мен Қазақстаннан киіктердің мүйізін импорттауға, тыйым салуды ұсынды.
1996 жылы бұл түр Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының «Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер тізіміне» енгізілді. 2004 жылы ХТҚО Жердегі биологиялық сан алуандылықты сақтап қалу мәслесі ішіндегілердің ең маңыздысы осы киік мәселесі деп жарияланды.
2006 жылы Алматы қаласында Қоныс аударатын жабайы жануарлардың түрлерін сақтау Бонн Конвенциясы және Қазақстан Республикасының Үкіметінің атынан Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті киіктерді сақтау, олардың санын көтеру және тұрақты пайдалану мәселелерін шешу үшін бірінші халықаралық кеңес шақырды. Киіктерді қорғау мәселелерімен айналысатын бүкіл әлем бойынша 45 тен астам ұйымдар, институттар және табиғат қорғау қорлары жиналып келесі жылдары киіктерді жоғалып кетуден сақтауға не істеу керектігін талқылады.
Қазақстанда киікті зерттеу мен қорғау саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы комитеті , Қазақстанның биоалуантүрлікті сақтау ассоциациясы «ҚБСА», білім және ғылым министірлігінің Қазақ зоологиялық институты, Сеймар әлеуметтік қоры тәрізі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, институттар мен қорлар қызмет етуде. Сонымен қоса, осы мәселе төңірегінде біздің мемлекетте ғана емес, халықаралық деңгейде жұмыс атқаратын Франфурт зоологиялық қоғамы бар.
Бірақ осы киікке адамның «Қасқыры» көбейіп тұр. Біз соған ұрпақ болып тосқауыл қоюымыз керек. Соңғы санақ ойынша елімізде киік саны -256700-ге жетіп отыр. Елбасы Н.Назарбаев 2020 жылға дейін оның санын 500 мыңға жеткізу керек деген міндет қойды. Содықтан бізге даламызға көрік болған, Халықаралық «Қызыл кітапқа»
Енген киіктерді көздің қарашығындай етіп қорғауға қоғамның біркісідей жұмылып, атсалысу ісі ғана қалды.
Киіктер өзге дала аңдарына қарағанда ақылдылау келеді, қолға тез үйренеді. «Азайып бара жатқан киіктің қатарын көбейту үшін неге арнайы питомниктер ашып, қолға үйретпеске»,— деген бастама кезінде елімізде көтерілді. Бірақ бұл нәтижесіз болады екен. Өйткені, олар адамға тез үйренеді және өте өсімтал. Аналықтары жеті айда, аталықтары бір жылда жыныстық жағынан жетіледі. Қолға баққан киігің көбейгеннен кейінгі мақсатың — далаға жіберу. Нағыз қиындық осы кезде туады. Қолда болған киіктер далаға жіберілгеннен соң шөп жұлып жайыла алмайды, қайтып орнына айналып келе береді. Ол бір жағынан сырттан келетін «жауына» бірден жем болады. Бұндай іс Ресейдің Калмыкия елінде қолға алынған, бірақ нәтижесі жоғарыдағыдай болды. Қорыта айтқанда бұндай киіктер қоршаған ортаға бейімсіз.
Ресми деректер бойынша 1960 жылдары елімізде киіктердің саны 1 миллион 300 мыңнан асыпты. Алайда мүйізі мен тұяғы үшін қырып-жоюдың, 1988 жылы Торғай өңірінде 500 мың киіктің қырылып қалуының салдарынан 2003 жылы еліміздегі киіктердің саны күрт азайып олардың 21 мыңдайы ғана сақталып қалды.
1981 жылы Торғай өңірінде 180 мың бас, 1988 жылы 500мың бас, 2011-2012 жылдары ғана қайта өсе бастаған.
Ғаламдық Экологиялық Қор Қазақстан Үкіметімен бірлесе отырып киіктер мекендейтін аумақтарды дамытуға арналған кең көлемді жобаны әзірлеуде. Сонымен бірге 2005 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстандағы сирек тұяқтыларды, оның ішінде киіктерді қорғау және олардың тіршілігімен танысуға арналған бағдарламасын іске асыру басталды.
Қорытынды
Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат,
Басқа жердің алтын тасын да мақтап жатпайды
Қ.Сәтбаев
«Қазақ жеріндегі киіктерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған ақбөкендерден өзен суы көрінбей қалды» П.Рычков. 1772 жылы киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.
Біз осы бір ғажайып аң киіктер туралы көп мәліметтер алдық. Олардың шығу тарихын, ағзаларының ерекшеліктерін , өмір сүру ерекшеліктерін білдік; осы бір жануардың түрінен түсетін экономикалық табысты қарастыра отыры, оны сақтап қалу қажеттілігін түсіндік. Бірақ біздің ең негізгі мақсатымыз киіктердің табынын көбейтіп, сақтап қалу, оларды тірідей көру мүмкіндігінен айрылып қалмау және олар туралы ақпарат жинау мүмкіндігін жоғалтпау.