?азіргі уа?ытта ?орша?ан ортаны? ластан?аны, жо?алып-??ру жа?дайында екендігі жиі айтылады. ?йтсе де м?ны жою немесе т?зету о?ай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ?ылымда таби?атты тазалау?а арнал?ан ??рал ойлап табылса да, м?ны? ?зі сырт?ы тазалы?ты са?тау болып ?алма?.Ал адамдарды улап жат?ан газ, т?тін, улы заттар адамзатты? рухани ?леміне де ?з кесірін тигізуде.Адамдарды? к?пшілігі т?рлі ауру?а ?шырауда,б?л тек ауа,су, тама?ты? ластануынан ?ана болып жат?ан жо?.Егер адам баласыны? рухани ?лемі м?ншама ластанба?ан болса, адамдар барлы? сырт?ы уларды жоя алатын еді. Біра? ауру ішкі ластанудан, я?ни ойды?, с?зді?, істі? ластануынан басталады.
Осы ішкі ластану сырттай к?рініс табады. На?ыз сырт?ы ?згеріс ішкі ?згерістен со? пайда болады.Демек, сырт?ы ?лем рухани ?лемні? на?ты ж?не материалды? бейнесі.Сонды?тан ауырмай, таза болу ?шін адам ішкі тазалы?ына м?н беруі керек, я?ни ойы,сезімі, тілегі, м?раты таза бол?анда ?ана, сырт?ы ?леммен ?йлесімділік болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақ барысы: Ой қозғау Жұмбақ шешіп,тақырыпты ашу.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді / су /
1.Ұйымдастыру бөлімі:Шаттық шеңбері
«Табиғаттың төрт тылсымы»
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға топырақ нәсілі көп қосылса,
Мінезінің ауырлығы содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға жел нәсілі көп қосылса,
Дегбірсіздік, сабырсыздық содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға от нәсілі көп қосылса,
Ашуланшақ болуы содан екен.
Адамзат төрт нәрседен болған екен,
Адамзатты төрт нәрседен қылған екен.
Адамға су нәсілі көп қосылса,
Жомарттық, шешен болмақ содан екен. (Шал ақын)
ІІ.Негізгі бөлім Әңгімелесу «Ойланайық, пікірлесейік» айдары
1. Суды біз қайдан аламыз?
2.Судың пайдасы мен зияны қандай ?
3Адамның – табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы қандай?
Оқу ақпаратты
«Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі. Адам мен табиғат арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатыр. Адам өмір табиғатқа тәуелді.
«Табиғатты қорғау-өз өміріңді қорғау»
дейтініміз де сондықтан.
Дәйексөз:
«Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс»деген мақалдың мәнін ашу.
«Жағдаят шешу»
Жағдаяттарды талдау барысында оқушылардың ортаға өз ойларын еркін
салуына баса назар аударылады.
І жағдаят шешу
Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек
бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді
де,тұрып қалды ...
ІІ жағдаят шешу
Арман достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері келіп
тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер,қоқыстардан бітеліп
қалғанын көрді...
Табиғат ғажаптары:
Ең биік Анхель сарқырамасы биіктігі 1054 метр
Каспийдің шуы
Каспий аққулары Каспий жағасы
Шығармашылық тапсырма:
Өз қалауларыңмен асқар тауға, айдын көлге, ну тоғайға, қалың орманға, биік шыңға, өсімдікке, жүгірген аңға, ұшқан құсқа, кең далаға хат жазу.
ІІІ-бөлім. Қорытынды.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ.Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде.Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда,бұл тек ауа,су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ.Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады.
Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады.Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі.Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы,сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Табиғаттың тылсым күші ,адамның өмірге құштарлығын оятады.
Адамдар табиғатқа өз үлесін қосу қажет,ол әрбір азаматтың парызы деп білемін.