kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шеңберіндегі жобалау қызметінің орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Алдымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не дегенге тоқталайық. Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. [1, 1 б.]

Тақырыптың өзектілігі Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау болып табылады. Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик. [2, 11 б.]

Жобалау қызметін география сабағында қолданудағы негізгі мақсатым –өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне географиялық сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

География сабағында қолданудағы негізгі міндеттерім: оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру; теориялық білімді практикалық түрде көрсету; оқушыны көп әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттау; оқушыларды ғылыми-зерттеу институт мамандарымен жұмыс істеуге бейімдеу.

2. Күнделікті өмірге үңілсек қарапайым тәулік бойынша ауысатын ауа райымыз, көктем келсе егетін егініміз, аспанда болып жатқан тылсым құбылыстар, бір жерге саяхатқа шығу үшін де, жеріміздің байлығын білу үшін де, адам өміріне әсер етуші табиғаттың тылсым күштерін алдын ала болжап білім отыру барлығы географиялық білім көзіне келіп тіреледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шеңберіндегі жобалау қызметінің орны»

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОРНЫ

Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шеңберіндегі жобалау қызметінің орны

    1. Жобалау қызметін іс жүзінде қолдану

    2. Жобалау қызметі нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуы

  3. Қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар

1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Алдымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не дегенге тоқталайық... Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. [1, 1 б.]

Тақырыптың өзектілігі Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау болып табылады. Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик. [2, 11 б.]

Жобалау қызметін география сабағында қолданудағы негізгі мақсатым –өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне географиялық сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

География сабағында қолданудағы негізгі міндеттерім: оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру; теориялық білімді практикалық түрде көрсету; оқушыны көп әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттау; оқушыларды ғылыми-зерттеу институт мамандарымен жұмыс істеуге бейімдеу.

2. Күнделікті өмірге үңілсек қарапайым тәулік бойынша ауысатын ауа райымыз, көктем келсе егетін егініміз, аспанда болып жатқан тылсым құбылыстар, бір жерге саяхатқа шығу үшін де, жеріміздің байлығын білу үшін де, адам өміріне әсер етуші табиғаттың тылсым күштерін алдын ала болжап білім отыру барлығы географиялық білім көзіне келіп тіреледі.

2.1 Жобалау қызметі маған және менің оқушыларыма ойда жүрген армандарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сабақта проблемалық тапсырмаларды қолдана отырып оқушы бойында таным шырағын жағуға болады. Балалар бұрын соңды өздері мән бермеген, қызықтырмаған нәрселерге қызыға бастайды. Жоба бала алдына қойған сұраққа жауап алуға көмектеседі. Сонда мен Каринаға сұрақ түрінде қалған тақырып бойынша жұмыс істеуге және сол сұрағына жауап алып, өзі сияқты басқа оқушыларға да қол жетімді етуді өтіндім. Соның нәтижесінде оқушының күш жігерімен жасалған, аудан тоырағынан толық кескін жасалып, ажыратылған және топрырақ тақырыбын өткен кездегі көптеген сұрақтардың шешімін табуға көмектесетін «Бородулиха ауданының топырақ жамылғысына сипаттама» атты ғылыми жоба пайда болды. Жоба республикалық дәрежеде 1 орынға ие болып, «Шығыс Дарындары» кітабына еңгізілді.

Жұмыс бірден практикалық маңызға ие болды. Келесі жобаны жазуға ой оқушылардың бірі ауданымыздың топырақ типін облыстың оңтүстік бөлігінің топырақ түрлерімен салыстырып қарап көруге қызығушылық танытқанда пайда болды. Кент пен Үржардың топырағын салыстыруға мүмкіндік беретін, ШҚО-ның солтүстігі мен оңтүстігінің топырағының ерекшеліктерін көрсететін «Жезкент кенті мен Үржар ауданының топырақ жамылғысына салыстырмалы сипаттама» атты жоба Мұздыбаева Арайлыммен жазылды (қосымша №3). Осы жоба аудан және облыс көлемінде қорғалып, маңызға ие болды. Неге тағы топырақ? Себебі, бұл бірінші жобаның жалғасы және оқушылар мүлдем мән бермейтін тақырыптардың бірі.

Жобамен жұмыс істегенде балалар ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуын, алдына қойған міндеттерін жаратылыстану ғылымдарының, яғни химия, биология, физика және экология мен валеология тұрғысынан қарағанды қолдаймын. Тек осы кезде ғана зерттеудің толық суретін ашуға болады. Соңғы уақытта балалар зерттеу тақырыптарын өздері іздеп табатын болды. Және олардың барлығы күнделікті өмірмен өте тығыз байланысты.

«Жезкент кентінің 2014-2016 жылдар аралығындағы ауа температурасының өзгерісі және халық өміріне әсері» атты ғылыми жоба осылай пайда болды. Жоба нәтижесінде үш жыл ішіндегі ауа температурасының өзгерісі анықталып, жылыну үрдісінің орын алып жатқандығы және оның жыл сайын кент тұрғындарының өміріне қалай әсер етіп жатқандығы анықталды. Осы ақпаратқа барлығы құлағдар болу үшін авторы Диас мектеп, аудан және облыс оқушылары мен ұстаздары алдында сөз сөйледі. Өте өзекті проблеманың біздің өмірімізде де болып жатқандығын жеткізді. Болдырмау шараларын ұсынып, экологияны сақтауды талап етті.

2.2 Осыған орай орта буын оқушылары арасында зерттеу жұмысын жүргіузе байланысты сауалнама жүргіздім. Сауалнама төрт сұрақтан құрылды. Нәтижесі бойынша оқушылардың тең жартысы тек мұғалімнің айтуымен нұсқауымен істеген жөн деп көреді, ал 19,6%-ын мүлдем қызықтырмайтын болды. Тек 20,4% оқушы осы уақытқа дейін жоба жазып, қатысып көрген екен (қосымша №2). Осы сауалнама нәтижесінде оқушылар бойынан көп сенімсіздік байқадым. Сенімсіздік қасиеттерін жою – менің мақсатым.

Жоба қызметін жүргізудегі оқушылардың бойында өз тәжірибемде қалыптасқан функционалдық сауатттылықтарды кесте түрінде көрсеттім (қосымша №1). Бұл қасиеттерді қазір қалыптастыру арқылы үлкен өмірге, қоғамдағы орнына жол ашады.

3. Егер олимпиадаларда белгілі пән бойынша жетістіктерге жетіп жүрген оқушылар қатысса, ал жоба барлық оқушыларды қызықтырып, функционалдық сауаттылығын көтереді. Жоба жұмысын бағыттай жүріп, түйгенім жұмысының жемісін көргенде балаларда қуаныш пен шаттық сезімі оянып, құлшынысы арта түседі. Дәл осы жобалар кез келген ғылым саласы бойынша білімдерін өмірде кездесетін әр түрлі мәселелерді шешуде, практика жүзінде кіріктіруге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жыл 25 маусым.

2. Метод проектов в школе " /Журналға арнайы қосымша "Лицейское и гимназическое образование" , шығ. 4, 2003 ж.


Қосымша №1 Қалыптасатын қасиеттер

Реті

Кезеңі

Қасиеттері

1

Дайындық

Əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

2

Жоспарлау

Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді.

3

Зерттеу жұмысы

Білімін əр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4

Нəтижені талқылау

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа, бір-біріне деген сыйластыққа шақырады.

5

Жұмыстың тұсау-кесері

Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.



Қосымша №2

Қосымша №3

Сауалнама нәтижесі

Топырақтың механикалық құрамын анықтау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шеңберіндегі жобалау қызметінің орны

Автор: Маратқызы Эльмира

Дата: 24.04.2019

Номер свидетельства: 508331


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства