О?ушылар?а Батыс ?аза?стан облысы туралы экологиялы? т?сінік беру к?здері
О?ушылар?а Батыс ?аза?стан облысы туралы экологиялы? т?сінік беру к?здері
Облысты? бар туристік ?леуетін бірегей ету экологиялы?, м?дени-танымды?, жа?ажай, тау-ша??ы ж?не іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ?за? мерзімді келешекте ?аза?станды? ж?не халы?аралы? нары?тарда б?секеге ?абілетті кешенді туристік ?німді ?амтамасыз етеді. М?ндай ?німді жасау негізінде ?олайлы климатты? жа?дай, су, бальнеологиялы? ресурстарыны? болуы, бай ландшафтты-рекреациялы? ?леует, сонымен ?атар ?зіндік тарихи-м?дени м?ра, халы?аралы? ма?ызы бар бірегей м?ражайлы? кешендерді? болуы жатыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушылар?а Батыс ?аза?стан облысы туралы экологиялы? т?сінік беру к?здері»
Оқушыларға Батыс Қазақстан облысы туралы экологиялық түсінік беру көздері
Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр. [2]
Батыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар бар (Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 1966 археологиялық ескерткіш тіркелген. Соңғы жеті жылда 1600-ден астам жаңа археологиялық ескерткіш ашылған).
Батыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік, рекреациялық аймақтары: Шалқар көлі мен тарихқа толы Орал қаласы мен Бөкей ордасы ауданы болып табылады.
Бұл ретте туристік имиджді қалыптастыруға және туристік өнімді әлемдік туристік қызметтер нарығына ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінді: 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қазақстанның ресми делегациясының құрамында Лондон (Ұлыбритания), Пекин (ҚХР), Мәскеу (РФ), Новосібір (РФ), Алматы KITF (ҚР), Астана «Астана-Демалыс» (ҚР) қалаларында өткізілген ірі халықаралық туристік биржалар, көрмелер мен жәрмеңкелерге жыл сайынғы қатысуы қамтамасыз етілуде.
Батыс Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында туристік индустрия субъектілерімен бірлесіп, бұқаралық, облыстық, имидждік, туристік іс-шаралар өткізілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда туризмнің қолданыстағы барлық түрлері іс жүзінде бар. Туристік кластерді дамыту аясында облыста туристік кластер түрлері айқындалған:
өңір ландшафтын пайдаланатын экологиялық туризм;
қазіргі бар тарихи-археологиялық әлеует пен мәдени мұраны ашып көрсетуге бағытталған мәдени-танымдық туризм;
балалар мен жасөспірімдер туризмі
Белсенді туризмнің аймақ бойынша таралуы:
Экологиялық туризм
Су туризмі
Жаяу
Экскурсиялық
Тарихи туризм
Батыс Қазақстан облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды. Олардың ішінде үшеуі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олар - Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы. Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын 7 табиғи аумақ құрылды: 1.«Дубрава» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы 2.«Большая Ичка» жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші 3.«Селекционный» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы 4.«Садовское көлі» жергілікті маңызы бар ландшафтты табиғат ескерткіші 5.«Ақ-Құм» жергілікті маңызы бар ландшафтты табиғи қаумалы 6.«Миргород» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаника-зоологиялық қаумалы 7.«Орда» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы.
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілері:
Айдарлы тауы Ақтау тауы Алмастау тауы Большая Ичка тауы Сантас тауы Сасай тауы Шатырлы тауы Бұлдырты өзенінің жоғарғы сағасындағы Қараағаш құмы Утва, Бұлдырты және Қалдығайты өзендерінің бастауындағы борлы таулар Шолақаңқаты және Есананқаты өзендерінің жоғарғы сағаларындағы бор қалдықтары Семиглавый Мар ауылындағы борлы төбешіктер Қалдығайты өзенінің жоғарғы сағасындағы Аққұм құмы Шилі өзені мен Жақсыбай өзенінің аралығындағы Көкөзекқұмы және Қарағандықұмы құмдары
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының геоморфологиялық объектілері:
Қараағаш құмындағы Сарқырама өзеніндегі Сарқырама су құламасы Жалпы Сырт үстіртіндегі борлы қалдықтар Алебастр жары Ақбалшық жары Жамбыл жары Долинный жары Қызылмектеп жары Полоусов жары Сауркин жары Упорный жары. [3]