kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МА??ЫСТАУ ??ІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫ? М?СЕЛЕЛЕР

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма??ыстау ??іріндегі бір?атар экологиялы? проблемаларды шешу ар?ылы оны зерттеу болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МА??ЫСТАУ ??ІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫ? М?СЕЛЕЛЕР»

«МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР»



Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мұнай өндірудің және ондағы қолданылып жүрген технология қоршаған орта тепе-теңдігінің бұзылуына, экологиялық дағдарысқа әкеліп тіреуде. Зерттеулер нәтижесі бойынша аймақта кеңінен қолданылып жүрген геологиялық барлау, газ-мұнай кәсіпшілігі мен өңдеуші өндірістер жұмысы бұл өңірдің онсыз да нашар экологиялық жағдайды шиеленістіріп, қосымша шығындар шығаруға мәжбүр етеді. Оның әсері күкіртті сутегі мен басқа да уландырғыш заттары өте көп көмірсутегі, кен орындарының ашылып пайдаланылуымен байланысты одан сайын өлшеусіз өсе түсуде.

Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Қарамандыбас кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Маңғыстау облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

Мұнай-газ өдіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. «Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет» - делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа Жолдауында. Демек, мұнай-газ өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 50 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.

Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.

Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т.

Мұнай - газ кен орындарын өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан алынатын шикізаттың көбі әртүрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында, яғни геологиялық барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.

Мұнай-газ, жылу-энергетика, тау-кен металлургия өндіріс орталықтарындағы экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстандық ғалымдар, мысалы Адырышов А.Қ., Бішімбаев В.Қ., Дюсебаев М.Қ., Естемесов З.А., Жалғасұлы Н., Махамбетова Ұ.Қ., Нұркеев С.С., Нұрпейісова М.Б., Өмірбек ұлы Т., Тілебаев М.Б., Уманец В.Н., және т.б. елеулі үлес қосты. Сонымен қатар елімізде геоэкология ғылымының бағыты нығайып, ауқымды ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қомақты монографиялар мен тақырыптық ғылыми жинақтардың жарық көріп жатқаны, халықаралық конференциялар өткізіліп, онда экология мәселелері көтеріліп жатырғаны мәлім.

Қазақстан Республикасында экологиялық бақылаудың мониторинг жүргізу мен қоршаған орта сапасын басқарудың жетілдірген жүйесі қалыптасып келеді. Десекте, автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүргізу өте күрделі. Оның күрделілігі – аспаптық базаның өте қымбаттылығы. Көптеген өндіріс орындарында бақылау, сынақ алу аспаптары мен жабдықтары жоқтың қасы. Сол себептен қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау, алынған нәтижелерді талдау және болжау жасауды кешеуілдетеді де, табиғатты қорғау шаралары дер кезінде жүзеге аспайды, яғни, ол мониторинг жүргізу техникасының осы күнгі талаптарға сай еместігі.

2001 жылдың екінші жарты жылдығында әлемдік экономиканы зерттеу орталығының мәліметтері жарияланды. Олардың есептеулеріне сүйенсек, жер шарындағы қазіргі мұнай көлемі – 140,0 млрд. тонна, газ – 149,5 трлн. текше метр. Қазақстанда мұнайдың қоры 7-8 млрд. тонна. 2000 жылы 40 млн. тонна, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш – 100 млн. тоннаға жетпекші. Болжау деректеріне көз жіберсек, 2015 жылдары елімізде жылдық мұнай өндірудің көлемі 120-130 млн. тоннаға жетпек. Осыған байланысты мұнай өндірілетін аймақтарда экологиялық жағдайдың экономикалық проблемалары күрделене түспек. Әсіресе, Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай-газ кен орындарында пайдаланып жатқан технологиялық процестердің әсерінен жер қыртысы «өлі топыраққа» айналған, шаруашылықтың өзге салаларымен айналысуға табиғи жер жағдайы келмейтін, ауыз суға тапшы аймақтың жергілікті тұрғын халқы үшін қиын болмақ.

Мұнай кен орындарын игеру кезінде бүлінген территориялар:

-   ауыр техника жүріп өткен жерлердің құнарлы жер қыртысы бүлініп, қу тақырға айналып жатуы;

-   мұнаймен бірге жер бетіне шығарылған қосалқы сулардың көлемі 1 миллиардтан асқан, елді мекендердің территориясына жіберілген, мұнаймен ластанған кей жерлердің қалыңдығы 10 метрге дейін жеткен;

-   «Эмбімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» АҚ кәсіпорындары жылына 200 миллион м3 мұнаймен шығатын газды ашық аспанда жағады. Соңғы 30 жылда «Прорванефть» кәсіпорын 6 млрд. м3 газ жаққан. 2000 жылы біріккен кәсіпорын «Теңізшевройл» 32 мың тонна газ жаққан, оның 15 пайызы токсикалды. «Жаиықтрансгаз» кәсіпорны жылына 20 мың тоннадан астам азот т.б. токсикалды заттарды қоршаған ортаға тастайды:

Бүгінде Қазақстандағы мұнай қорының 75 пайызы, газдың 79 пайызы шетелдік капиталдың иелігінде. Елімізде жұмыс жасап жатқан шетелдік компаниялар «ОКИОК», «КИО», Харикеин Құмкөл Мұнай , «Теңізшевройл» қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын сақтамайды. Тек, «КИО» 1998 жылы – 6,4 мың, 1999 жылы – 15 мың, 2000 жылы – 25 мың тоннадан астам азот, күкірт, көмірсутегі қышқылдарын ауаға тастаған. Ал, 2001 жылы Каспий шельфінде жұмыс жасап жатқан «ОКИОК» компаниясы теңізге тәулігіне 40 тоннадан астам жеткіліксіз тазаланған ерітінділерді жіберген.

Мұнай және газ кен орындарын барлап, пайдалану жұмыстары кезінде экологияға теріс ықпалын тигізетіндер:

- бұрғылау;

- скважиналарды тексеру мен сынау.

Қазіргі кезде Қазақстанның мұнай кен орындарында терең бұрғылаудың көлемі жылына 1 миллион метрден астам болып отыр. Бұрғылау жұмыстары кезінде көптеген улы заттар бөлініп шығып, айнала қоршаған ортаға үлкен зиян-зардабын тигізеді. Қуатты дизель қозғағыштарымен жарақтандырылған бірнеше жүз бұрғылау қондырғылары бір мезетте жұмыс жасап, жер ресурстарына, әсіресе топыраққа зиянын тигізеді. Топырақтағы уландырғыш заттардың мөлшері мен құрамына іс жүзінде еш жерде бақылау жасалмайды.

Скважиналарды сынаған кезде де көмірсутегінің жануынан құрамында күкіртсутегі бар заттардың атмосфераға шығуы қоршаған ортаға экологиялық зиянын тигізуде. Мұнай өнімдерін қабылдап алу мен өлшеудің жабық жүйелері және осы кезгі құралдарының жоқтығы мұнай өнімдерінің толық жанып бітпеуіне және күкірт қышқылы қосындыларының пайда болуына әкеліп соқтыруда. Олар атмосфера ылғалымен қосылып, жерге «қышқыл шық» немесе «қышқыл жаңбыр» болып жауып, топырақ жарамсыз болып, өсімдік дүниесінің жойылуына тікелей әсер етуде.

Бұрғылау мұналары тұрған жерлердің территориясының ластануы:

-   өсімдік дүниесінің түрі мен саны азайған немесе мүлдем жойылған;

-   қазылған қазаншұңқырлар, орлар, төбешіктер пайда болып, рельеф келбеті күрделі өзгеріске ұшыраған;

-   темір қалдықтары, сынықтары шашылып белгілі бір территорияны алып жатыр;

-   бұрғылау мұнаралары мен құбырлар алынбай қалып кетіп, жерді пайдалануға жарамсыз жасауда;

-   бұрғылау объектілерінің нормативтен 2-3 есе асып түсетін территорияны пайдалануы;

-   ауыр техниканың топырақтың өсімдік өсетін қабатын зақымдауы.

Маңғыстау облысындағы мұнай-газ өндіру жеріндегі геошаруашылық жүйе әрі табиғи, әрі техногенді факторлардың ішіндегі мұнайды жинау пунктері және мұнай дайындау мен тасымалдау кәсіпорындары, мұнай құбырлары мен транспорттық орталықтары және т.б жұмыс жасайтын кәсіптер жиынтығының нәтижесінде құрылды. Бұл жүйенің барлық элементтері бір-бірімен энергожүйелер және коммуникациялар арқылы байланысқан.

Сондықтан да мұнай өндіру ауданы аймағын табиғи ортаға техногенді әсер ететін орта деп санауға болады.

Мұнай-газ кешенінің тереңдікте және көптеген потиенциалды мүмкіндіктерімен қоса қоршаған ортаға (геологиялық ортаға, топыраққа, атмосфераға, жер асты және жер үсті суларына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне) нақты теріс әсер етуі, аймақтағы басқа да кешендер мен жылу-энергетикалық кешенінен асып түседі. Сонымен бірге табиғи ортаның барлық компоненттеріне әсер етуі мүмкін. Геологиялық орта жағдайының көптеп бұзылуы мен теріс экологиялық жағдайлары ең алдымен мұнай-газ кешені объектілерінің үздіксіз жұмыс жасауымен тығыз байланысты.

Дегенмен, Маңғыстау облысында табиғатты қорғау талаптарына сай келмейтін ескірген техника және бұрынғы технологиямен мұнайдың біраз бөлігі өндірілуде. Магистральды құбырлардың көп бөлігі ұзақ жылдар пайдаланылуда және олар толық жаңа құбырлармен жаңартылмаған. Осы жағдайлардың бәрі өнімнің тасып, төгіліп апаттық жағдайға әкеледі, кейде оның қоршаған орта үшін қаупін жою өте қиынға соғады.





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Шрусов Э.Б., и др. Экология и экономика природопользования – М: 1998 – С 260-271.

2. Кулманов М.Е., Амрин К.Р., Байзаков Т.Б. О гигиенических территориальных комплексных схемах охраны природы // Гигиена и санитария – 1986 - №4. 12-14с.

3. Шигаева М.Х., и др. Мутагены и комутагены окружающей среды – Алматы: Ғылым, 1984 – 255с.

4. Н.К. и др. Новые нефти Казахстана и их использование технология повышения нефтеизвлечения – Алма-Ата: Наука, 1982 – 276с.

5. Интернет мәліметтері

6. О.Көшбайұлы Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау – Алматы: 2005ж.

7. Р. Өтемісов Ақиқатқа айналған арман // Алматы – 1973ж.

 

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
МА??ЫСТАУ ??ІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫ? М?СЕЛЕЛЕР

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства