ИСА БАЙЗАҚОВ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ДИНАМИКАСЫ (1999-2009жж)
ИСА БАЙЗАҚОВ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ДИНАМИКАСЫ (1999-2009жж)
Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытындыдан тұрады. Жұмыс компьютерде тіркелген 16-беттен, 1-диаграмма, 3-кесте, 4-сурет, және *пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жобада Иса Байзаков халқы мен орналасуы ерекшеліктері, демографиялық мәселелері қарастырылған.
Түйінді сөздер: демография, миграция, урбандалу, туу коэфиценті.
Берілген ғылыми жұмыс Иса Байзаков елді мекенінің халық санына талдау жасалған. Жұмыс барысында қарастырылатын мәселелер ауыл халқының он жыл ішінде қандай өзегерістерге ұшырағаны, көші-қон, туу мен өлім-жітім сонымен қатар болашақта ауылдың жағдайын көркейту ұсыныстары берілген. Әр бөлім нақты кесте, суретпен және мамандардан алынған сұхбаттармен толықтырылған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ИСА БАЙЗАҚОВ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ДИНАМИКАСЫ (1999-2009жж)»
ИСА БАЙЗАҚОВ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ДИНАМИКАСЫ
(1999-2009жж)
КУПЕЕВ А.М
10 сынып оқушысы, Максим Горький ЖОББМ
ИЛЬЯСОВ Д.Х.
ғылыми жетекшісі, география пәнінің мұғалімі
Іргесі берік елді, жау ала алмас.
Ауызы бір елді, дау ала алмас.
Халық ауызынан..
Кіріспе
Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытындыдан тұрады. Жұмыс компьютерде тіркелген 16-беттен, 1-диаграмма, 3-кесте, 4-сурет, және *пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жобада Иса Байзаков халқы мен орналасуы ерекшеліктері, демографиялық мәселелері қарастырылған.
Түйінді сөздер: демография, миграция, урбандалу, туу коэфиценті.
Берілген ғылыми жұмыс Иса Байзаков елді мекенінің халық санына талдау жасалған. Жұмыс барысында қарастырылатын мәселелер ауыл халқының он жыл ішінде қандай өзегерістерге ұшырағаны, көші-қон, туу мен өлім-жітім сонымен қатар болашақта ауылдың жағдайын көркейту ұсыныстары берілген. Әр бөлім нақты кесте, суретпен және мамандардан алынған сұхбаттармен толықтырылған.
1 Халық санының динамикасы
Демография ұғымы
Демография (грекше демос - халық) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Дем ография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды.
Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады.
Көші-қон
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады.
Оған негізгі себептер болатын жағдайлар - халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің ауысуына байланысты:
- қайтып оралмайтын көші-қон;
- тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
- жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
- басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
- елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
- ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.
Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған «Көшіп келу туралы», 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемлекет және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды.
1.3 Табиғи өсім
Халықтың табиғи өсімі – белгілі бір уақыт аралығында туылғандар (N) мен қайтыс болғандардың (M) саны арасындағы айырманың абсолюттік шамасы. Егер туылғандардың саны қайтыс болғандардың санынан асатын болса, Халықтың табиғи өсімі оң өсім болмақ.
Өлім-жітім өте көп болғанда немесе туу деңгейі өте төмен болғанда өлім-жітім саны туу санынан көп болып, халықтың табиғи өсімі теріс өсімге (-) айналады. Кейбір аумақтар үшін халықтың жалпы өсімі мен халықтың миграциялық өсімі арасындағы айырма ретінде де есептелуі мүмкін. Жалпы жер шары халқы ғана тек табиғи өсім нәтижесінде өзгереді. Қазақстанда Халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 1990 ж. 14,3, 1995 ж. 6,8, 2000 ж. 4,8, 2005 ж. 8,0 адамнан келді.
2 Иса Байзаков ауылының халық санының динамикасына талдау жасау (1999-2009жж.)
2.1 Зерттеу бөлімі
Тақырыпқа сай жұмыс барысы өзімнің тұрып жатқан өлкемнен басталды. Жұмыс барысында ауыл әкімшілігінде қызмет атқаратын ауылдың бас маманы Омарова Динара Балғабайқызы, аулдық кітапхананың бас маманы Кротова Елена Василевна және Иса Байзаков елді мекенінің ДА (дәрігерлік амбулатория) қызметкерлерінен сұхбат алынды. Алғашқы сұхбат ауылдық кітапханашы Кротова Е.В-дан басталды. Өз келген жұмыс сапарымды түсіндірдім. Елена Василевна мені өте жылы қарсы алды. Бірден жұмыс барысына кірістік.
- Елена Владимировна сіз осы Иса Байзаков кітапханашысы болып жұмыс жасап отырғаныңызға қанша уақыт өтті?
Елена Владимировна:
-«Мен осы кітапхананың алғаш іргесін басқаннан бері он жылдан астам уақыт өтті. Заманға сай өмірімізбен бірге оқырмандар саны да өзгерістерге ұшырады.»
- Есіңізге түсірсеңіз 1999 жылдан 2009 жылдар аралығында ауыл тарихында, тұрғындар санына байланысты сонымен қатар оқырмандар санында қандай өзгерістер байқалып отыр?
- Әрине 1999 жылдағы халық саны бүгінгімен салыстыруға болмайды. Себебі сол уақытта ауыл тұрғындар саны әлде қайда көп болатын. Статистика тілінде айтатын болсам 1999 жылы 2000-нан астам халықтың оның ішінде оқырмандар оқушылар, мектеп қызметкерлерін қосқанда 1300-ден астам ауыл кітапхана оқырмандары болатын. Ал қазіргі кезде не бәрі 600-ден астамы қалды. Жылдан-жылға миграция өз күшін алуда, оған себеп ауылымыздың экономикалық инфрақұрлымының әлсіздігі айқын көрінуде. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі байырғы тұрғындар. Жастардың көбісі осы ауылда тіркелгендігімен қалаға кетуде. Әрине қалада еңбек табысы сонымен қатар өз ауқаттарын көтеру мақсаты.
- Сіздің осы жағдайды яғни жастардың миграциялануын сәл тежеу үшін, әрине ауыл халқының саны артсын деген ойыңызбен бөліссеңіз..
- Мұндай шаралар менен ғана байланысты емес)).. Әрине аулымыздың халық саны арта берсін дегім келеді. Қазіргі таңда Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ауылды дамыту стратегилары жасалып отыр. Ауылымыздың жаңадан өркендеу кезеңінің басталуы 2008 жылдардан басталды деп айтуға болады. Осы уақыттан бері елдімекенімізде почта, мәдени үйіміз күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ ауылымызда жақын арада жаңа мектеп салынды. Ендігі кезекте «СПЕЦПЛАСТВОДСТРОЙ ЖШС» ауылымызға 2015 жылы әр үйді сумен қамтамасыз еткелі отыр. Осы су жүйесінің ашылуы ауылымыздың күрделі жандануына әсер етеді деп үлкен үміт артамыз. Осы жаңалықтар мүмкін ауылымыздың миграциясының азауюына әсер етеді деп ойлаймын.
- Елена Владимировна алтын уақытыңызді бөліп сұхбат бергеніңізге мыңда бір рахмет, жұмысыңыз жемісті болсын сау болыңыз.
- Көп рахмет! Өзіңе де шығармашылық табыс тілеймін. Аман есен келесі жүздескенше сау бол.
Ендгі кезекте ауылдағы ДА (дәрігерлік амбулаторияға) бет бұрдым.
Мұнда мені амбулотория қызметкерлері де өте жылы қарсы алды. Негізгі мақсатым бұл мекемеден ауылымыздың демографияға қатысты сатистикалық мәліметтер алу. И.Байзаков ДА акушер қызметкері Ильясова Махаббат Муратқызы сонымен қатар потронаждық медбике Кажкеева Жанна Кабиденовна, медбике Уразова Руфия Рихфатовна, фельдшер Кайрбаев Кайрат Кайргельдинович өз алтын уақыттарын бөліп маған көмек көрсетті. Дәрігерлердің айтуынша. денсаулық сақтау ұймы жылдан-жылға жақсарып отыр. Дәрі-дәрмектер, құрал жабдықтар үнемі жаңартылып отырады. Өздерінің жұмыс жасауына жағадай өте жақсы жасалғандығын айтып өтті. Бірақ та, туу деңгейі ауылымызда өкінішке орай жылдан-жылға азаюда. Жұмыс барысында төменде көрсеткіштер көрсетілген.
Мәліметтерді іздестіру барысы.
Иса Байзаков кітапханасы
Иса Байзаков дәрігерлік амулаториясы
Ауыл кітапханашысы Кротова Елена Владимировна мен кездесу.
Табылған мәліметтерді саралау жұмыстары.
Жұмыстың соңғы кезеңі. Алынған мәліметтерді реттеу, жүйелеп, ретке келтіру барысы.
2.2 Иса Байзаков халық саны мен табиғи өсімі
Еліміз 1991ж 16 желтоқсанда егемендігімізді алағаннан кейін, тұңғыш халық санағы 1999 жылы өткізілді. Осы санақтың көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, Иса Байзаков халқы 1999 жылғы санақ бойынша 2100 адамға жетті. Ал, 2009 жылғы санақ бойынша 860 адамға жетті. Арадағы он жыл ішінде ауыл тұрғындарының саны 1240 адамға азайғаны айқын. Халық санының аз болуы – бұл әлсіз ішкі нарық яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің экономикалық әлсіреуін белгілейді. Сондықтан да бүгінгі таңда халық санын көбейту – қоғамның негізгі мәселелерінің бірі. Иса Байзаков ауылы халық саны бойынша орташа ауылдар тобына жатады. Жалпы халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекетіміз оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде әр 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. (1-кесте)
1-кесте. Иса Байзаков ауылының халықының көші-қон көрсеткіштері
Елді мекен
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
Иса Байзаков
2100
1963
1823
1688
1548
1413
1273
1153
1013
940
860
Жоғарыдағы кестедегі маліметтерді талдайтын болсақ, Алғашқы жалпы халықтық санағы ауылда 1999 жылы, ал соңғысы 2009 жылы болған. Бұл уақыт ішінде ауылымыздың халық саны 1240 адамға азайғанын көреміз. 1999 жылы жалпы халық санағы бойынша 2100 адам болса ал 2009 жылы 860 адам саналды сол 10 жыл ішінде біздің ауылдың демографиялық көрсеткіші айтарлықтай төмендей түсті. Зерттеу барысында ауыл тұрғындарынан сәл сауалнама жүргізілді. Статистикаға сүйенетін болсақ жылдан-жылға ауыл халқы төмендеуде. Жастар өз жағдайын жақсарту барыснда қалаға кетуде. Халық - экономиканың тірегі. Халық бар жерде экономикада ілгері жүреді. Ал оны дамыту үшін үкімет тарапынан қойылған шараларды шапшаң түрде жүзеге асыру қажет.
Қорытындылап айтсақ қазіргі кезде аудан-ауылдардың адам санын көбейту керек өйткені ауыл-қаланың «тынысы».
1-сурет. Иса Байзаков ауылының халықының жылдан-жылға азаю көрсеткіші.
Көші-қон – өте күрделі әлеуметтік процесс (былайша айтқанда, танымайтын жерге орынығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақтылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісу байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - ауылдың даму деңгейін көрсетеді.
кесте. Иса Байзаков елді мекенінің Туу көресткіші
Жынысы
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
Ерлер
5
5
3
2
5
7
6
2
4
6
3
Қыздар
5
1
4
3
4
4
2
5
7
6
2
Жоғарыдағы 2-кестедегі мәліметтерден туу көрсеткіші 1999 жылдан бастап 2009 жылға дейін қыз бен ерлердің туу коэфицентін көреміз. Халық санағы бойынша 10 жыл аралығында қыз бен ерлердің туу көрсеткіші айтарлықтай төмендей түсті. Сонымен ауыл демографиясы теріс сальдоға ие.
2-сурет. Жас-жыныстық пирамида 100 адамға шаққанда.
Әйелдер
Менің ойымша ауыл демографиясын көтеру үшін адамдарды ауылға тарту керек, оған жаңадан әлеуметтік жағдай жасау керек. Айтып кететін болсақ, жаңа үйлер, жаңадан жұмыс орындарын ашып, келген халықты қызықтыру керек. Үкімет тарапынан жастарға арнап арнайы саясат жасау қажет. Әр ауылға байланысты қандай сала мамнданған сол саланы ілгері тарту қажет. Мысалы өз ауылымды айтатын болсам, 2015 жылы жоспар бойынша СПЕЦПЛАСТВОДСТРОЙ ЖШС ауылды сумен қамтамасыз етпек. Иса Байзаков елді мекені географиялық тұрғыдан қарастырсақ, топыоағы құнарлы, негізінен картоп, егін, жеміспен, мал шаруашылығын дамытуға өте тиімді. Қазақстың мақалына сүйенетін болсақ «Су-бар жерде тіршілік те бар» дегендей осы үлкен жоспарлар іске асырылса ауылымыздың экономикасы әлде қайда артпақ. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдо (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Оң белгілі сальдо - халықтың өсімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді.
Табиғи өсім келесідей формуламен есептеледі:
Тө=Туу – Ө.
Мұндағы Туу, 1 жыл ішінде дүниеге келген нәрестелер саны,
Тө, 1 жыл ішінде өлім-жітімге тап болғандар саны.
Егер Тө=«-» болса, халқтың жылдық азауюын көрсетеді. Қазіргі уақыттағы табиғи өсімге көңіл аударатын болсақ (3-кесте) ауыл халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 58-65 жас аралығы.
3-кесте. Табиғи өсім
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
Туу
10
6
7
5
9
11
8
7
11
12
5
Өлім
7
10
5
7
10
15
6
8
6
10
13
Табиғи өсім
+3
-4
+2
-2
-1
-4
+1
-1
+5
+2
-5
біз халықтың жылдан-жылға табиғи өсімін көреміз. 1999 жылы мен 2009 жыл аралығында туу көрсеткіші азайып отырса, өлім деңгейі ауыл халқы арасында көбейіп жатыр. Бірқ мына 10 жыл аралығында табиғи өсім айқын көрінеді, Өйткені ауылда 2007-2009 жылдар аралығында «СпецПластВодСтрой ЖШС» су кешені құрыла бастады, жаңа мектеп, мәдени үй, пошта, АТС, шағын бала орталығы ашылып, ауылға адамдар тартыла бастады. Яғни жаңа жұмыс орындар ашыла бастап, ауыл халқы сәл миграциясын тежеді. Осыған орай басқа аймақтардан отбасылар көшіп келіп жатыр. Мектепке «Дипломмен ауылға бағдарлама бойынша» жаңа мамандар келіп шаңырақ құрып жатыр.
3-сурет Ерлер мен қыздардың туу көресткіші.
1999 жылмен 2009 жыл ішінде көшіп кеткендердің бағытын талдайтын болсақ
4-кесте. Көші-қон бағыты
Елдер
%
Ресей
55
Украина
40
Германия
5
Көшіп кеткен халықтар саны 1999-шы жыл мен 2009 жыл аралығы Ресейге 55%, Украинаға 40%, Германияға 5% құрады. Ауыл халықтың саны жылдан-жылға азайып жатыр.
4-сурет. Шет елдерге қоныс аударғандардың үлесі.
Қорытынды
Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол тұрғын халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде.
Ауылмыздың жастары туған өлкеде қалып, көтерілсін десек мемлекет тарапынан келесідей жұмыстар жүргізілсін деп ойлаймын:
Жастарға арнайы бизнестік бағдарлама жасалса. Мысалы мал басын көбейту үшін баніктерден пайызссыз несие кем дегенде 3 жылдай босатылған.
Дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы тек қана мектеп мамандары емес, сондай-ақ арнайы кәсіппен шұғылдана алатын. Мысалы, отбасылық бизнесті дамыту, шағын жеке кәсіпшілікпен айналысатын.
Су мәселесі егер де шешілетін болса, жер өңдеу жұмыстары, мысалы, картоп, күнбағыс, бақша өнеркәсіптері және т.б. дамытуға болады.
Жоғарыдағы айтылған ұсыныстарды орындау үшін тікелей мемлекеттің көмегі қажет деп ойлаймын. Егер де, бұл мәселелер дұрыс ойластырылып қарастырылса, ауылдарымыз өте кең қанат жаяды деп ойлаймын. Жастар керісінше қаладан ауылға ұмтылады. Ауыл – қала тынысы. Осыны жастарға ұмытпағаны жөн деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ханкелді Әбжанов, Ғабит Кенжебаев. Тәуелсіз Қазақстан. – «Баспалар үйі» Алматы, 2009.