Интеграцияланған сабақ – білім берудегі замануи технологияларының бірі ретінде.
Интеграцияланған сабақ – білім берудегі замануи технологияларының бірі ретінде.
Бұл мақалада география сабағын басқа пәндермен ықпалдасуы туралы жазылған. Өйткені география сабағын өзін өзі тану деген ерекше пәнмен де интеграциялауға болатын мысалы келтірілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазіргі білім берудегі кейбір интеграциялық процестер туралы Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана біле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы.
Интреграцияланған сабақтарға ұлы педагог ғалымдар да көп назар аударған: Я.А.Каменский, А.С. Макаренко, Н.К. Крупская, В.А.Сухомлинский, Д.Б. Эльконин - В.В. Давыдов, Дж. Дьюи, Г. Фрезинг, Е. Хофман.
Интеграцияланған сабақ бірнеше пәннен білімдерін біріктіріп жинақтап сабақтың мақсатына жететін, бірнеше пән бойынша мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін арнайы ұйымдастырылған сабақ.
Басқа сабақтарға қарағандағы айырмашылығы: ақпараттылығы жоғары, сондықтан оқушылардың танымдық әрекеттерін кеңейтеді. Бұндай сабақтарды ұйымдастырған кезде әр кезеңі, тапсырмалары нақты, жинақы болуы тиіс. Бұндай сабақтарда оқушылардың назары әр түрлі тапсырмалар мен әрекеттерде болғандықтан олар шаршамайды.
Бұнда оқушылар үшін бір қызықсыз пән деген болмайды, балалардың шығармашылық, танымдық әрекеттері дамиды.
Сонымен, интеграцияланған сабақтар келесі нәтижелерге қол жеткізуге жетелейді:
қоршаған ортаны танып білуге;
себеп-салдар байланыстарын анықтау;
логиканың, ойлау қабілеті, коммуникативті қабілеттерін дамытуға;
Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық белсенділіліктерін арттырады;
Интеграцияланған сабақтарын ұйымдастыру шарттары:
Сабақтың мақсатын дұрыс анықтау (екі үш пән кіріктірілгендіктен сабақтың негізгі басты мақсатын дұрыс анықтау керек);
Сабаққа дайындық кезеңіндегі пән мұғалімдерінің тығыз байланысы (дәстүрлі емес сабақ өткізу мұғалімдер үшін жақсы дайындықты талап етеді. Әсіресе сабақты өткізуде екі мұғалімде қатысқанда бұндай жағдайда әр кезеңді, әр тапсырманы нақтылап бөлісіп алу тиіс);
Интергацияланған сабақты міндетті түрде бірнеше мұғалім өткізбейді, оны бір мұғалім де өткізуі мүмкін;
Кез келген пәндерді интеграциялауға болады;
Интеграцияланған сабақта бір пән негізгі болуы тиіс;
Кері байланыстың болуы;
Қазіргі кезде әр пән бір бірімен байланыссыз автономды түрде жеке оқытылады. Бұл қазіргі уақыт талаптаын қанағаттандырмайды, ал интеграцияланған сабақтар көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер алдымен міндетті түрде пәнді оқыту керек деп санайды, ал өзінің қызметі туралы сұраққа: «Мен математиканы оқытамын», «Мен физиканы оқытамын», «Мен тарихты оқытамын» және т.б деп жауап береді, бірақ дұрыс жауап «Мен балаларды оқытамын» болуы қажет. Қандай пәнді оқытсақ та бірінші кезекте балаларды оқытатынымыз есімізде болуы керек. Сондықтан да тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинау емес, ішкі ар-ұжданның үнемі сәйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу үдерісінің ең маңыздысы болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы осындай мәселелерді шешу жолдарының бірі ықпалдастырылған сабақтар.
Бүгінгі таңда балалардың әусеқойлығы кітап емес, ғаламтор, әр түрлі ойындар, заманауи телефондар болып отыр. Осылардың бәрі балаларға кері әсерін тигізіп келеді. Компьютер ойындары балалардың мінез -құлқын өзгертіп, ұрыс- керіске, ұрлыққа,зорлық- зомбылыққа үйретіп отыр.
Ш.А.Амонашвили: «Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды» дегендей, білімді жандандыратын пәннің бірі өзін- өзі тану.
Сондықтан өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін басқа пәндерге кіріктіре отырып интеграцияланған сабақ ұйымдастыруға болады.
Тиімді әдістерінің бірі:
сыртқы ықпалдасу;
ішкі ықпалдасу.
Сыртқы ықпалдасу: тыныштық сәті, сабақтың мағынасын ашу үшін дәйек сөздер, шығармашылық әрекет, топпен ән айту, аңыз-әңгіме айту. Ішкі ықпалдастыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграцияланады.
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттері: сүйіспеншілік , қамқорлық, достық
Сабақтың мақсаты: Жер шарының ауа қабатының құрамы мен құрылысы туралы білімідерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының маңызын ұғындыру. Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Атмосфераның құрамы мен қабаттарымен таныстыра отырып, қоршаған ортаға қиянат жасамау керек екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелеу: Оқушыларды табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:оқулық, дәптер,ватман,маркер, ән мәтіні
Сыртқы сыртқы интеграция :
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау,
5 құралдарын түгендету.
5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық»
Балалар ережені есімізге түсіріп , сыныптағы тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтайық , бүгінгі күнімізді тек қана көңіл –күймен өткізейік.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Жер шарының жан – жағынан біртұтас ауа қабығы – атмосфера қоршап жатыр. Ауа біріңғай зат емес, әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78% - азот . 21% - оттегі құрайды. Ауа жер бетіндегі кез келген қуысты толтырады. Теңіздер мен көлдердің, өзеңдердің, жер асты суының құрамында да ауа бар. Онымен бүкіл жануарлар мен өсімдіктер тыныстайды. Ауа түссіз болғандықтан біз оны көрмейміз. Бірақ ауа бос кеңістік емес, зат. Сондықтан жердің тартылыс күші оны Әлем кеңістігіне шашырап кетеуге жібермей ұстап тұрады.
Ауа сияқты біздің өмірімзде жалпыадамзаттық құндылықтардың алатын орыны ерекше. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасаму. Осы құндылықтар бірі- бірімен үйлесімді болса адамдар ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамайды. Жалпыадамзаттық құндылықтардың ең тәтті жемісі – қиянат жасамау.
Біз әрдайым табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасай отырып қорғасақ, сонда ғана табиғатқа, ауаға қиянат жасамаймыз. Табиғат аясында отырып, таза ауамен тыныс алғанға не жетер еді, рахатқа бөленіп ішкі тыныштықтын орнауына көп ықпалын тиізеді.
Адам өмірінде ауаның рөлі өте маңызды, ауамыз таза болса, адамдар ауырмайды, денсаулықтары мықты болады. Сондықтан табиғатқа қиянат жасамау керек. Қазіргі уақытта ауамыз ластанып бара жатыр, себебі көп зауыттар, машинаның көп болуы, ормандардың өртенуі, осылардың бәрі атмосферадағы көмірқышқыл газының үлес салмағының көбеюіне алып келеді, ал бұл ауа райының, климаттың өзгеруіне себеп болады. Сондықтан біз қоршаған табиғатымызға қиянат жасамай қорғауымыз керек.
«Бір ағаш кессең, он ағаш ек»- мақал бекер айтылмаған, ауамызды тазарту үшін жасыл өсімдіктерімізді көбейтіп, орман алқаптарын кеңейтіп, зауыт пен фабрикалардың мұржаларына тазартқыш қондырғылар орнатсақ табиғат үшін қамқорлық жасағанымыз.
Дәйексөз «Ауа - өмірің, су – қазынаң, Жер- үйің, атамекенің» Оқушылар жазып алады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Нақыл сөзді балалар қалай түсінесіңдер?
Адам өмірінде ауаның маңыздылығы қандай ?
Суды неге қазына дейді?
«Жер - үйің, атамекенің» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ауамызды таза, сақтап қалу үшін біз табиғатқа қиянат жасамау керекпіз.
Үй тапсырмасы.
«Қазақстаның қандай жерлерінің атмосферасы лас» осы тақырып бойынша ақпарат жазып келу.
Сабақтың қорытындысы.
Балалар бүгін біз сабақта не өттік?
Қандай құндылықпен таныстық?
Табиғатқа қиянат жасаму дегенді қалай түсінесіңдер?
Топпен ән айту
Атамекен
Мұғалім сабақта ізгілікті стильді ұстанды. Өзіні- өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерің география сабағында қолдану өте тиімді, сабақтың құрлымы ерекшеленеді, дәстүрлі сабақтан қарағанда, сабақ өте қызықты, тартымды өтеді. Өзін -өзі тану пәнінің әдіс –тәсілдерін сабақта күнделікті қолданылуы жақсы жетістікке жеткізеді. Өзін - өзі тану әдіс –тәслідері оқушыларды өзін жеке тұлға ретінде тануға жол ашады, бір - біріне құрметпен қарауға көмектеседі, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға үйретеді, мұғаліммен еркін сөйлесіп, достарының ойын тыңдауға көп көмегін тигізеді деген қорытынды шығаруға болады.
Әлемді өзгерте алмаймыз , бірақ титтей болса да балалардың бойына жақсылық нәрін тамызып, санасына жапыадамзаттық құндылықтарын сіңіреміз.
Әр мұғалімнің міндеті: тек қане бір пәнді оқытып қоймай, пәнді оқыту арқылы тұлғаның бойына рухани адамгершілік құндылығын дамыту болып табылады.
Оқыту үдерісіндегі ең маңыздысы белгілі бір білім қорын жинақтау емес, жақсы мінез-құлықты, ішкі ар-ұждан даусымен сәйкес келетін лайықты тұлғаны тәрбиелеу.
Пайдаланған әдебиет тізімі.
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал: Педагогика мәселелері. №4, 2012ж
Ұлттық қоғамдық саяси журнал: Ақиқат №2, 2015ж
Өзін өзі тану жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы 2015 ж
География пәнінен жалпы орта білім беретін мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы 2015 ж
Жалпы орта білім беру мектептеріне арналған: Физикалық география оқулығы, 6 сынып; Алматы: Атамұра 2015ж