Жас ұрпақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды география сабағында өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
ІІІ. Қорытынды.
География сабағында оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету тәжірибемнен.
І. Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып, көптеген инновациялық технологиялар жасалынып, оқу бағдарламалары өзгертіліп, Ата оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде.
Осыған орай оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты, ал осыны жүзеге асыру сол мектепте жүргізілетін пәннің нысанасы, пәнді оқытатын мұғалімнің міндеті болмақ.
Ендеше география пәнінің ұстазы ретінде осыған қосар география пәнінің мүмкіндіктерін талдап көрейік.
География пәнінің мақсаты елжандылық пен жерге, туған өлкеге деген ықыласты сезімді жеке тұлға бойына сіңіру. Жаһандану қоғамындағы жас ұрпақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
-1-
Жоғарыда айтылғандарға байланысты болашақ мектепте географияны оқыту мынадай екі қағидаға сүйенсе:
оқушыларға фундаменталдық білім мен білікті меңгерту;
оқыту процесінде қолданбалы білік пен дағдыны қалыптастыру, яғни оқушылардың өмірлік компетенциясын қамтамасыз ету.
-2-
ІІ. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің жұмысына биік талаптар қояды. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушыны ізденіске, шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап етіп отырған деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.
Географиядан білім берудің мақсаты – «географиялық орта – адамның мекендейтін орны» деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру. Біз оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктерді беріп, үйретіп отыруымыз керек.
Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады:
географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі;
табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы, табиғатты қорғау
және оны ұтымды пайдалану жолдары. Қосымша материалды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етеді. Географиялық білімді күнделікті тиімді қолдана білу, өз жеріндегі табиғатты, шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді:
-3-
туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету оның проблемаларын шешуге өздерінің үлестерін қосу;
ақпараттардың алуан түрлі көздерін карталармен, географиялық суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.
Географиялық білімнің маңызды көзі – географиялық картаны оқып үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті өмірге, тіршіліккеқолдана білуді, географиялық, саяси – экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қатысты міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру.
Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге қазіргі басылымдарда шығып жатқан жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін, газет – журналдарды пайдаланудың маңызы өте зор.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылтындықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып
-4-
табылады. Ол мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан, оның өздік танымдылық іс-әрекеті белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптарының өзгерулерін талап етеді.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Қазақстанда Ә.Жүнісбектің, Ж.А.Қараевтің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Әлемнің әртүрлі елдерінде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, Бельгияда, Ресейде және т.б.) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқа міндеттерінің, мазмұнын, формалары мен әдістерін күрделі және ашық жүйелері, мұнда
әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.»
Жас ұрпақты жан-жақты білім, тәлімді тәрбие беру - әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушылардың география пәніне ынтасын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды етіп өткізу мақсатында оқыту үрдісінде әр түрлі әдістерді пайдаланған тиімді. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, оларды
-5-
еңбектенуге, ізденуге баулитын сабақ – ойын элементтері.
Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық нәрсе.
Сабақ барысында менің басты ұстанымым – баланың ынта-ықыласы мен қызығуын арттыру.
Мысалы 5 сыныптағы оқулықтың «§ 7. Күн жүйесі» тақырыбы бойынша оқушылар әр ғаламшар туралы оқулықтағы мәліметті жинақтап, ролге бөлініп әңгімелеп берулері қызықты, әрі есте сақтауларына тиімді болды.
Ойын элементтерін пайдаланған сабақтарды жарыс түрінде өткізген өте қызықты.
Оқушылар өз құрбыларынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Мысалы 5 сыныптағы «§ 16. Материктер мен аралдар» тақырыбын өткенде жарты шарлар картасымен жұмыс істеу кезінде «Кім картаны жақсы біледі?» ойнату тиімді. Оқушылар 2 топқа бөлініп аталған материктің, аралдардың картадан географиялық орнын тауып, жұлдызшамен белгілеп отырады.
Сабақтың сапасын арттыру үшін оқушылардың пәнге деген қызығуын дамыту мақсатында олармен жүргізілетін жекелей зерттеу жұмыстарының маңызы зор. Оқушымен жеке жұмыстың бір түрі – дәптермен жұмыс.
Оқушы дәптерін тексеру арқылы оның жазу үлгісін, түрлі
-6-
сызбаларды, кестелерді, схемаларды сызба білу дағдыларын, үй жұмысын орындау іскерліктерін бағалауға болады. Дәптер оқушы мен мұғалім арасындағы тікелей байланыс құралы.
Жалпы білім беретін мектептердің 9 сыныптарында жаңа оқу бағдарламасы бойынша тірек – сызбалар оқулықты негізге ала отырып құрастырылады. Тірек – сызбаларды әр мұғалім өз қосымшаларын енгізу арқылы одан әрі жетілдіруіне болады. Әр тірек – сызбаларды әсіресе, қайталау сабақтарында пайдаланудың маңызы зор.
Қазіргі кезде мұғалім оқу тірек – сызбаларын құрастыру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамытуына болады.
Оқушылардың жан-жақты білімді болуға баулу - мұғалімнің басты мақсаты болғандықтан сабақ барысында да, ҰБТ-ге дайындық кезінде де оқытудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, үй тапсырмасын тиянақты орындауға үйрету көзделеді.
«Қазақстанның халық шаруашылығы» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырманы сызба түрінде сыздыру.
-7-
Мысалы: 1. тапсырма
1. 1. 1.
2. 2. 2.
3. 3. 3.
4. 4. 4.
немесе
6 – тапсырма. Туған жер географиясына берілген жоспар бойынша сипаттама беріңдер:
1. географиялық орны ______________________________________
2. табиғат байлығы______________________________________
3. халқы, ұлттық құрамы ____________________________________
4. Шаруашылығының негізгі салалары _______________________
6. Туған жер табиғатын қорғау жұмыстары ____________________
Әр сабақта мүмкіндігіне қарай бағдарламадан тыс материалдардан,
ғылыми – көпшілік әдебиеттерден тақырыпқа сәйкес өз бетімен
-8-
ізденетін тапсырмалар беріп отыру, білімге құштар оқушылардың сабаққа ынтасын одан әрі арттыра түседі.
-9-
-10-
2-ТСН (Сабаққа қолданылатын тірек сызба нұсқа)
-11-
Венн диаграммасы
(Батыс және Шығыс Қазақстан экономикалық
аудандарына өнеркәсіп салаларын салыстыру)
-12-
1-кесте
(Батыс Қазақстан экономикалық ауданы бойынша оқулықпен жұмыс)
№
Салыстыру жоспары
Ембі мұнай алабы
Маңғыстау мұнай алабы
1.
Географиялық орны
Каспий маңы ойпаты
Маңғыстау түбегі
2.
Өңдеу орталығы
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты
3.
Сапасы
Күкірті, парафині аз, технологиялық сапасы жоғары, одан алынған жанармай өте жоғары бағаланады.
Күкірт жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көп, парафинді мұнай жылдам қатады, тасымалдау үшін жылу керек.
4.
Орталықтары
Мақат, Доссор, Қосшағыл, Құлсары, Прорва, Теңіз.
Өзен, Жетібай
-13-
Қазақстанның ірі табиғат аудандары.
(Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, кестемен жұмыс)
Табиғат аудандарының атауы
География
лық орны
Геологиялық құрылысы мен жер бедері
Пайдалы қазбалары
Климаты
Өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары
Өсімдіктер дүниесі
Жануарлар дүниесі
-14-
(кескін картамен жұмыс)
-15-
Қазақ сахарасында «Құйрықты жұлдыз» атанған XIX ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым Ш.Ш.Уалиханов туралы өткізген «Ұлы Шоқан ізі – ұрпаққа үлгі» тақырыбындағы 8 сынып оқушыларының шарасы өз беттерімен ізденуімен өткізіледі. Халқымыздың ұлы перзенті, географы, саяхатшы Шоқанның өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуын армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асыруға жұмыстанып жатқандығы туралы айтылды.
8 сынып бойынша «Қорықтар» тақырыбындағы сабақ экологиялық білім және тәрбиеге негізделеді. Оқушылар өз беттерімен қазақтың ақын – жазушыларының өлең жолдарынан үзінділер оқып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануарлар туралы, Қазақстанның табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосу қажеттілігі туралы әңгімеледі. Еліміздегі табиғатты қорғау мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтылды. Қорытындысында ой – пікірлерімен берілген өз тіркестерін таңдап аяқтау болды:
- Маған ой салғаны...
- Мен мынадай сезімде болдым...
- Мені мазалағаны...
- Бәрінен кереметі...
Сонымен, оқушыларға «Жер – Ана мен саған табынамын!» деген
тақырыпта мынадай шығармашылық жұмыс түрлерінің біреуін
--16-
орындап келу тапсырылды:
шығарма жазу;
сурет салу;
мақал – мәтелдер жинақтау;
бүктемелер жасау;
кескін картаға қорықтарды қызыл жұлдызшалармен белгілеу;
-17-
ІІІ. Оқыту мен тәрбиелеуде оқушының шығармашылық қабілетін ашып, өздігінен білім алуда, оқушының теориялық білімін кеңейтіп, жеке қабілетін дамытуда, ізденіске жағдай жасауда өз бетімен жұмыстың рөлі ерекше.
Мектеп жұмысының жемісті болуы сабақтардың өз бетінше жұмыстар орындауға берілген уақытын тиімді пайдалана білуге байланысты.
Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындайды. Берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінкті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады.
Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру, кезеңінде, қайталау сабағында сабақты бекітукезеңдерінде, т.б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын – ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға қарай дамиды.
-18-
-19-
Өз бетінше жұмыстың нәтижелігі оның балаға түсінкті болуына және алдын-ала дайындалуына байланысты. Сабақтың тақырыбы мазмұнына қарай бір сабақта бірнеше өзіндік жұмыстар тапсыруға болады.
Баланың жеке қасиеттерін ескеріп, саралап оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Өйткені әр баланың танымдық қабілеттері, қызығуы, бейімділігі, білімі ір түрлі. Сондықтан жалпылама берілетін тапсырмаларды орындату ешқандай нәтижеге жеткізбейді, бала үшін де ондай жұмыстың берері аз.
Өз бетінше жұмыстар оқушының ойлауын шығармашылықты талап ететіндей болып келгені дұрыс.
Өзіндік жұмыстар арқылы бала алған білім , білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуге, талдай, нақтылай, жинақтай, нақтылай білуге үйретілуі керек. Сонда ғана бала психологиясында өзгерістер болып, дамуы ілгерілейді. Ал бұл – бүгінгі күннің басты талабы.
Мектепке келгенде әрбір оқушы оқимын деген ниетпен келеді. Бірақ, бәрі бірдей оқи алмайды. Себебі әр оқушының қабілеті, бейімділігі әр түрлі болғандықтан, олардың даму ерекшеліктері де сондай. Сондықтан қабілетті оқушыны да назардан тыс қалдырмай, нашар оқушыға жеке көмек түрін ұйымдастырмаса, онда екеуі де жаман оқушылар қатарына қосылады. Сол себепті оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, саралап оқыту әдісін қолдану керек. Бұл дегеніміз – оқуға берілетін көмекті саралау, әрбір оқушы ең жоғары нәтижеге жетуі үшін мұғалімнің істейтін
іс-әрекеттерінің жиынтығы. Мұндай әрекеттерді іске асыру үшін
-20-
мұғалім ең алдымен сыныптық «педконсилиум» мәліметтерімен танысуы керек.
Бұл тұрғыдан алғанда. әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытқан жөн. Мысалы, қабілетті оқушылары көп сыныпта логикалық ойлауы жетілген, оқулықпен жұмыс істей алатын оқушылар үшін жаңа материалды түсіндіргенде проблемалық – ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал орташа, нашар оқушылары көп сыныпта репродуктивті әдісті қолдана отырып, сабақ ойын, әңгімелесу түрінде өткені ұтымды. Саралап оқытудың ең басты шарты – сынып оқушыларын топқа бөліп оқыту.
Қазақта «шәкіртсіз – ұстаз тұл» деген сөз бар. Мен өзімнің 20 жылдан астам ұстаздық өмірімде алдымнан дәріс алып, болашақ өмірінде география пәнін өздеріне серік еткен, педагогикалық оқу орнына түскен шәкірттерімді (биылғы түлектердің ішінде 11 сынып оқушысы Әділова Нұргүл география факультеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университеті ) талаптарын ұштай білулеріне және олардың болашақтарынан зор үміт күтетінімді айтқым келеді.