Просмотр содержимого документа
«География сабағында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ өткізудің тиімді тәсілдері»
География сабағында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ өткізудің тиімді тәсілдері
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.
Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Ауыстырудың орнына сенім білдіру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Басқарудың орнына қатысу;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудің орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үдірісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушы белсенділік танытады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Жаңа әдіс-тәсілдер жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-бір тиімді жоба. Осы орайда «Африканың өзендері мен көлдері» тақырыбы негізіде сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты: Африка өзендерінің бастауы мен сағасы, алабы және көлдері жайлы түсінік беру барысында оқушылардың білім-білік дағдыларын өздігінен қалыптастыру.
Міндеттері:
Африканың ішкі суларымен жалпылама таныстыру;
Өзендерінің бастаулары мен алабына, қоректену режиміне сипаттама беру;
Көлдерінің пайда болу типіне тоқталу;
Күтілетін нәтиже:
Африка материгінің ішкі суларының географиялық орнын біледі;
Картамен жұмыс жүргізу барысында ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін ажыратады;
Африка материгінің ішкі сулары жайында алған ақпараттарын жинақтап, кластер құрайды.
Сабақ кезеңдері
Тапсырмалар жүйесі
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Ойлау мен танымдық деңгейі ж/е балл
«Қызығушылықты ояту» кезеңі
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру, таңдап алған түрлі түсті лента бойынша топқа бөлу. Таңдап алынған лентада топ атаулары жазылады. Бағалау парақтарын тарату.
1-топ. Мадагаскар
2-топ. Ніл
Сабақты ұйымдастырады, бағыттайды, бақылайды.
Жаңа білімді қабылдайды, жаңа түсініктер қалыптасады, еске түсіреді.
Төменгі
5 ұпай
«Қорытынды журналының» бірінші бағаны толтырылады.
Тақырып бойынша бізге не белгілі?
Мен мәтіннен жаңа не білдім?
+
«Мағынаны таныту» Оқулық, картамен жұмыс жүргізу. Венн диаграмаын толтырады.
Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. Пікір алмасады. Бейнероликті, оқулықты пайдаланып, картамен жұмыс жасайды.
1-топ. Мадагаскар. Мадагаскар аралына сипаттама береді.
2-топ. Ніл. Ніл өзеніне сипаттама береді.
Картамен жұмыс жасауға үйрету.
Қадағалайды, бірлесіп жұмыс жасауына ықпал жасайды
Жаңа білімді өздігінен оқып біледі. Бір-біріне көмектеседі. Топпен жұмыс жасайды.
Жоғары
10 ұпай
Ойларын толықтырып, картамен жұмыс жасайды.
Картада санмен берілген географиялық нысанды кескін картаға белгілеңдер.
1. Өзен------------(Ніл)
2.Таулы қырат------------(Эфиопия таулы қыраты)
3.Тау------------( Кили------------манджаро тауы)
4. Арал------------(Мадагаскар)
5.Шөл------------(Сахара)
6.Жаңартау------------(Камерун)
7. Көл------------(Виктория)
8.Қала------------(Египет)
9. Өзен------------(Замбези)
10. Көл------------(Танганьика)
Венн диаграммасы. Африка мен Оңтүстік Америка материктерінің ішкі суларын «Ең...Ең...Ең...» түсінігі бойынша салыстыру.
Африка
Оңтүстік Америка
Ніл
Ең ұзын өзен
Амазонка
Конго
Ең суы мол өзен
Амазонка
Танганьика
Ең терең көл
Титикака
Виктория
Ең биік сарқырама
Анхель
Виктория
Ең ірі көл
Маракайбо
Картамен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ойларын жүйелеуге жетелейді.
Ойларын жүйелейді. Картамен жұмыс жасайды.
Жоғары
10 ұпай
«Ой толғаныс» Кластер стратегиясы
Кластер құру; Африка материгінің өзендері мен көлдері екі топқа бірдей беріледі.
Қорытынды журналының» екінші бағаны толтырылады.
Тақырып бойынша бізге не белгілі?
Мен мәтіннен жаңа не білдім?
+
Ойларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Бағалау қорытындысын шығарады.
Жаңа тақырып бойынша не білгендерін жүйелейді. Ойларын қорытындылайды. Бір-бірін бағалайды. Пікір алмасады.
Жоғары
10 ұпай
Үйге тапсырма
Сұрақтарға жауап беру.
Қазіргі кезде материктердің үстінде Озон қабатының жұқару себептерін анықтап, өз ойларынды жазып келіңдер. Егер, сендер болашақта ғалым болсаңыз бұл мәселені шешуге қандай үлес қосар едіңдер?