«География п?нінен о?ушыларды ?БТ-леуге дайындау жолдары»
«География п?нінен о?ушыларды ?БТ-леуге дайындау жолдары»
«География п?нінен о?ушыларды ?БТ-леуге дайындау жолдары»
Білім негізі - мектепте. Ірге тасы берік ?йді? азып тозбайтыны, мы?ты болатыны сия?ты толы??анды орта білім ал?ан т?лек ?ана жо?ары о?у орындарынан халы?аралы? стандарттар?а сай тере? білім алып, ?ала?ан маманды?ын игереді.О?ушыларды ?БТ-леуге дайындауда?ы міндеттерім:
Просмотр содержимого документа
««География п?нінен о?ушыларды ?БТ-леуге дайындау жолдары» »
«География пәнінен оқушыларды ҰБТ-леуге дайындау жолдары»
.
Білім негізі - мектепте. Ірге тасы берік үйдің азып тозбайтыны, мықты болатыны сияқты толыққанды орта білім алған түлек қана жоғары оқу орындарынан халықаралық стандарттарға сай терең білім алып, қалаған мамандығын игереді.Оқушыларды ҰБТ-леуге дайындаудағы міндеттерім:
1. Оқушылардың білімін жинақтау.
2. Оқушылардың білімін жүйелеп, қайталау.
3. Алған білімдерін жүйелеу, білуге дағдыландыру.
4. Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
5. Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйрету.
6. Оқушылар бойында жинақылық туғызу
7. Дүниетанымын кеңейту
8. Оқушылардың алған білімдерінің деңгейін бағалау.
9. Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
ҰБТ-леудің қажеттілігі.
1. Білім беру ұйымдарын объективті бағалау.
2. Оқушылар мен мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру.
3. Білім берудің тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
География пәнін таңдау қандай мамандықтар үшін қажет.
1. Білім беру ісі
2. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
3. Жаратылыстану ғылымы
4. техникалық ғылымдар
5. Ауыл шаруашылық ғылымдары – су ресурстары.
6. Қызмет көрсету мамандықтары үшін қажет.
ҰБТ дайындауда ең бірінші төмендегідей жұмыстар жүргізген тиімді деп ойлаймын.
1. Пән бойынша бағдарлама құрастыру.
2. Тест жинағын жинақтау.
3. ҰБТ-леудегі сұрақтарға талдау жүргізу.
Бағдарламаның негізгі міндеті:
11-сынып оқушыларын «География» пәнінен өз білімдерін тиянақтап, жинақтап, ҰБТ-леуге дайындау. 5-11 сыныптардағы алған білімдерін жүйелі түрде қайталау.
Бағдарлама мектептегі стандартты білім жүйесіне сай құрастырылады
Оқушыларға бағдарламаға сәйкес теориялық білім беріледі.
Пән бойынша тарауларға арналған тестлер жинағын дайындаған жөн.
Тестілеуге дайындауда оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды 4 топқа жіктедім.
1. Географиялық білім негіздерін қалыптастыру.
2. Тест тапсырмалары арқылы білім деңгейлерін тексеру
3. Алынған тестілерді талқылау.
4. Топпен жұмыс істеу.
Әрбір алынған тестілерін талқылау оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді.
1. Қателескен сұрақтарын жазып, жауаптарын, оқулық пен лекция дәптерлерінен іздейді.
2. Жауаптарын тауып, жазады.
3. Өзара сұрақтар қойып, талқылайды, бағалайды.
Топпен жұмыс істеу
1 топ 2 топ 3 топ
(18 ұпайдан жоғары) (18-14 - дейін) (1-14 дейін)
Топпен жұмыс істеу қандай нәтижеге жеткізеді.
1. Оқушылардың жоғары нәтижеге талпынысын ынталандырады
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.
ҰБТ-леудегі оқушыларды дайындау нәтижесі.
2006 жылы 37 оқушының сапа көрсеткіші 46%. Орта ұпай 16 ұпай. 2007 жылы 28 оқушының сапа көрсеткіші-64,2% орта ұпай 19,3 ұпай.2009 жылы 100
Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский-«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге терең үңілуге мүмкіндік алуымен де өзін-өзі үйретеді» деген. Ал, асқан дарынды геохим Форций «Не істеп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін» деген екен.
Сондықтан зор табысқа жету үшін, шәкірттерге өздері шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етемін.
Тестлеуге даярлық кезінде ұстанымдармен танысыңыз,мүмкін олар өз іс-әрекетіңізді шын мәнінде оңтайлы ұйымдастыруға жәрдемдесер.Тестлеуге дайындық:
-Сабаққа арналған орынды дайындаңыз,үстел үстіндегі артық заттарды жинап, қажет болатын оқулықтарды,оқу құралдарын ыңғайлы етіп қойыңыз;
-Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізіңіз,олар зияткерлік белсенділікті арттырады.
-Сабақтың жоспарын жасаңыз,ең алдымен өзіңіздің «үкі» немесе «бозторғай» екендігіңізді анықтап алыңыз.
-Ең қиын бөлімнен ,ең нашар білетін материалдан бастаңыз;
-Сабақ оқу мен демалуды кезектестіріп отырыңыз;
-Қолыңызға секундамер алып,жаттығыңыз,тестіні орындау уақытын есептеп көріңіз;
Сабақтың тақырыбы: Латын Америкасының шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.
Мақсаты: 1.Оқушыларға Латын Америкасы елдерінің шаруашылығы туралы түсінік беру.Оқушылардың алған білімдерін дамыту
2.Оқушыларды ұжымдық, жеке , топпен жұмыс жасай білуге үйрету