Просмотр содержимого документа
«"Экскурсиядағы сөйлеу" дәріс»
Сабақ жоспары
Оқытушы: Узбайрова Айгерим Турымжановна
Пән:Экскурсия жүргізу
Мамандық, топ:Туристтік агент, ТАк-2
Тақырыбы:Экскурсоводтың сөйлеуі
Күні:________
Сабақ түрі, өткізу үлгісі (жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; сайыс-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері) дәріс, білім тексеру сабағы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: жаңа тақырыпты түсіндіру, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді жазу
Дамытушылығы: жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, экскурсоводтың сөйлеу мәнерін меңгеру
Тәрбиелілігі: пәнге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мәдени сөйлеуді үйрету
Негізгі: Емельянов Б.В. Экскурсоведение., учебник., - М., 2004.
Қосымша: Методика подготовки и проведение экскурсии: Уч.пособие. – М., 1980.
Экскурсиляқ тақырыпты қабылдау дыбыстық және бейнелеу бойынша құрылады. Дыбыстық қабылдаудың қайнар көзі экскурсоводтың сөзі болып таьбылады.
Экскурсовод экскурсанттармен араласу барысында мынадай тұлға болу керек:
Ақпарат беруші – топқа білім береді;
Түсіндіруші – эксвкурсиялық объектіні бақылау және әңгімелеу барысында түсіндіріп өту керек;
Сұхбаттасушы (собоседник) – экскурсанттар сұрақтар қою арқылы экскурсововдты әңгісмеге тартады;
Кеңесші – экскурсияны әңгімілеу барысында экскурсовод ақыл айту керек. Мысалы, мемориалдық ескерткіштерді әңгімелеу барысында, осы тұлғаға ұқсауға тырысындар деп немесе өндірістік кәсіпорынға экскурсия жасау барысында, жұмысшылардың еңбегін құрметтендер деп кеңес беруі мүмкін.
Экскурсовод экскурсия әңгімелеу кезіңде екі форма қолданады: ішкі сөйлеу және сыртқысөйлеу болып.
Ішкі сөйлеу – аудиторияға хабарланатын ойды алдын-ала қалыптастыратын ішкі сөйлеу.
Сыртқы сөйлеу - объектілер туралы ақпарат беру.
Экскурсовод экскурсия кезінде екі формаларды да қолданады, бірақ сыртқы сөйлеу ішкі сөйлеуге қарағанда басымырақ қолданады.
Ал экскурсанттар экскурсоводтың хабарламасын қабылдай отырып ішкі сөйлеуді көбірек қолданады, себебі бұл қабылданған білімдерді түсінуге және есте сақтауға көмектеседі.
Сөйлеу стилі – бұл сөйлеудің әртүрлілігі. Мысалы, тұрмыстық тіл ресми тілден ерекшеленеді, ал ғылыми тіл педагогтардың сөйлеу тілінен ерекшеленеді, сол секілді экскурсоводтың сөйлеуі қарапайым тілден, ғылыми тілден, іскерлік тілденерекшеленеді, көбірек әдеби, тілдесу тіліне ұқсас келеді.
Экскурсоводтың сөйлеуінде стандартты сөз және сөйлемдер қолданбауы кере: «осылай айтқанда», «осылай», «қысқаша айтқанда».
Мәдени сөйлеу сөз байлыққа сипатталған.
Экскурсия жүргізушінің сөйлеу темпі мен ритмі әңгіменің мазмұнына байланысты. Олар экскурсия кезінде өзгереді – бәсеңдейді немесе жылдамдайды. Сөйлеу темптері тез, орташа, баяу, ақырындап өзгеретін және үзілмелі болып бөлінеді. Сөйлеу темпі әңгіменің мазмұнының тыңдаушыға әсерлі жеткізуі тиіс. Экскурсида сөйлеудің темпі: тез темп - минутына 75 сөз сөйлеу, орташа темп - минутына 60 сөз сөйлеу, асықпай темп - минутына 45 сөз сөйлеу.
Экскурсиядағы үзіліссіз тез және экскурсия барысындағы бір қалыпты темпті экскурсанттар қабылдамайды.
Экскурсоводта жақсы дикция болғаны жөн.
Экскурсия жүргізуші жақсы дикция - буындардын, сөздің және сөйлемнің нақты, түсінікті айтылуы.
Сөйлеудің кемшілігіне: сөз жұрнағы ағына дейін айтылмауы, сөздің бәсен болуы, сөздің бір қалыпты болуы.
Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетіне сөздің шеберлігі, грамматикалық тіркестердің көп қолданылуы, сөйлеудің нақтылығы
Экскурсовод сөйлеу мәнерін техникалық сөйлеуді меңгергеннен кейін үйренеді, яғни техникалық мәнер (тынысы, дауысы, дикциясы).
Экскурсовод барлық екпіндер (ударение) түрлерін білген жөн. Екпін түрлері: сөзге түсетін екпін, аяғында немесе басында, сөйлемдегі екпін, логикалық екпін - бір сөзді немесе сөйлемді ерекшелеу барысында дауысының тонымен көтереді. Экскурсияда сөйлеу барысында логикалық екпін көп қолданылады.
Логикалық екпін – сөйлеу барысында ең маңызды сәтті ерекшелеу барысында қолданылады. Бұндай екпін үш түрге бөлінеді: экскурсанттардың назарын аударатындай екпін, оларды ойластыратындай екпін, бір шешімге келтіретін екпін