kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды о?ушыны? ?абілеті мен талантын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашеева ?азиза Бержановна

Алматы облысы,

?арасай ауданы

Жамбыл орта мектебі

биология п?ніні? м??алімі.

Дарынды о?ушыны? ?абілеті мен талантын дамыту

Психикалы? ?асиеттер – бір адамды екінші адамнан ажырату?а негіз болатын е? ма?ызды, е? т?рлаулы ерекшеліктер. Б??ан ?рбір адамны? мінезі мен темпераменті, ?абілеті мен д?ниетанымы, сенімі мен тал?амы, ?ызы?уы жатады.

Біз бала?а «?абілетті» деген мінездеме береміз. ?абілеттілік ?р алуан. Мектепте о?ушылар?а т?рлі ж?мыстар ж?ктелгенде де оларды? кейбіреулеріні? ?йымдастыр?ышты?, екіншісіні? музыкалы?, ?шіншісіні? суретшілік ?абілеті еске алынып, б??ан ерекше м?н беріліп отырады. Б?л мысалда ?р адамны? ?рекетті? бір т?ріне жарамдылы?ын к?рсететін дара ерекшелігі болатынын бай?атады. Ерекшеліктер іс-?рекетті орындау ?стінде, ?сіресе оны? н?тижесінен жа?сы к?рінеді. М?селен, біреу ?олына ал?ан ісін б?р?ыратып тез бітіріп тастайды ж?не оны н?тижелі етіп шы?арады. Ал екінші біреу ?те баяу ?имылдап, сапасыз орындайды. Б?л мысалда да бірінші адамны? іске ?абілеттілігі екіншіге ?ара?анда ?лде?айда жо?ары екені к?рініп т?р.

?андай да болсын бір н?рсеге ?ажеті жо? адам болмайды. Ол біреуде к?шті, біреуде шамалы болып келуі м?мкін. Т?жірибе мен парасат адамдарды? те? емес екенін д?лелдейді. Те?дік деген адамдарды? ?абілеттеріні? те?дігі немесе дене к?штері мен рухани ?абілеттеріні? бірдейлігі деп т?сінеміз.

Адамны? ?згеше ?асиеттері ана ??рса?ында пайда болады. Анатомиялы? нышан – баланы? ата-анасына ??сап тууы. Физиологиялы? нышан – ж?йке ж?йесіні? кейбір анализаторларыны? ерекшелігі. Анализаторды? ерекшелігі ?абілетті? к?рінуіне себін тигізеді. Егер адамны? туысында нышан болып, ол т?рбиеленбесе, оны? ?абілеті дамымайды. ?олайлыра? жа?дай туса, ?иыннан ?иыстырып м?селе шеуде ізденімпаз болып шы?а келеді.

Нышанны? ы?палымен ?алыптас?ан ?абілеттілікті? т?рін дарындылы? деп атайды. Дарынды балалар мектеп ба?дарламасын жылдам ме?гереді. Зеректік, бай?а?ышты? ?асиеттері жо?ары болады. Оларды? к?пшілігі ?з уа?ыттарыншы?армашылы? ж?мыс?а арнайды. Сурет салады, ?ле? жазады. Мысалы, Ч.Дарвин к?п уа?ытын к?белек ?уып, коллекция жинау?а б?леді екен.

Дарын ?кілдеріні? ?уат-?абілетіні? шары?тайтын шегі болады. Ондайда оларды? санасы барынша ?ткірленіп, мейлінше ай?ындалады, ба?ылампазды?ы онан сайын арта т?седі.

Ж.Аймауытовты? пікірінше, адам ?мірге ?зіндік таби?и ?асиеттерімен, ?абілеттерімен келеді. Ал баланы? бойында?ы туа біткен ?асиеттерлі дамытатын – о?ыту мен т?рбие.

«Не??рлым баланы? ?абілеті мен талантын дамыту?а ертерек к??іл б?лінсе, со??рлым оны толы? ашу?а м?мкіндік туады. Бала бойында?ы ерекше ?асиеттерді о?ан жа?ын жасы ?лкендер д?рыс, жеткілікті ба?аламаса, оны? ?згелер сия?ты болып ?оюы м?мкін» дейді америкалы? ?алымдар.

Дарындылы? т?мендегідей топтар?а жіктеледі:

Ой-?рісті? жо?арылы?ы

Академиялы? табыс

Шы?армашылы? ж?не тиімді ойлау, пікір айту

К?ркемдік ?рекет

?атынас ж?не белсенділік

?оз?ал?ышты?

Адам жан-жа?ты даму мен ?здігінен жетілу (?зіні? жа?сы ?асиеттерін,

?абілеттерін саналы т?рде т?рбиелеп жетілдіру) ?шін бас?а адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды аны?та?анда ж?не олармен ж?мыс істегенде сол бала жанында?ы ортаны? педагогикалы?, психологиялы?, ?леуметтік жа?дайына баса назар аударуымыз керек.

            Бала?а ?сер ететін орталар:

ата-ана, м??алім, мектеп, ж?ртшылы?, БА?, жолдастары

Ж?мыс істеу барысында баланы? осы орталармен байланысын

жете ба?ылап отыру керек. Ол ?шін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен ж?мыс істеуді? со??ы н?тижесі білімді ?з еркімен, ?зі игере алатын д?режеге жеткізумен ая?талады. 

Дарынды балалармен ж?мыс барысында м??алім ?р ?ырынан к?рінуі

шарт. Алдымен к?сіптік ?абілетіне талап ?ойылады.

Ба?ылау ж?ргізу ?абілеті. Аны?таудав тест, ба?дарлама ??ра білуі

Диагностикалы? тексерулерден ал?ан ?орытындылар бойынша баламен ж?мыс істеу ба?дарламасын ??ра білуі

О?у ба?дарламаларын ?ажетіне ?арай ?згерте білу

О?ушыны? икем ба?ытын на?ты ажырату, о?ан ы?пал ету жолдарын с?тті талдауда?ы ептілік

Арнайы о?у жоспарымен ж?мыс жасауы

С?йлеу шеберлігі, ой ?орыту жо?арылы?ы

ата-аналармен байланыс жасауы ж?не ке?ес бере білуі

М??алім о?ыту барысында кездесетін терминдермен, ??ымдармен таныс болуы керек. ?з м?мкіндіктеріне ?немі ба?а бере білсе, ?зіні? ?лсіз, к?шті жа?тарын ?немі ескеріп отырса, д?рыс болма?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды о?ушыны? ?абілеті мен талантын дамыту »

Ашеева Ғазиза Бержановна


Алматы облысы,

қарасай ауданы

Жамбыл орта мектебі

биология пәнінің мұғалімі.


Дарынды оқушының қабілеті мен талантын дамыту


Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалда әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап, сапасыз орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.

Қандай да болсын бір нәрсеге қажеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді. Теңдік деген адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігі деп түсінеміз.

Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшелігі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шеуде ізденімпаз болып шыға келеді.

Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттіліктің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарыншығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен.

Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Ондайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.

Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерлі дамытатын – оқыту мен тәрбие.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.

Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:

Ой-өрістің жоғарылығы

Академиялық табыс

Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту

Көркемдік әрекет

Қатынас және белсенділік

Қозғалғыштық


Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін,

қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.

Балаға әсер ететін орталар:

ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, БАҚ, жолдастары

Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын

жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі

шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.

Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтаудав тест, бағдарлама құра білуі

Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі

Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу

Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік

Арнайы оқу жоспарымен жұмыс жасауы

Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы

ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі


Мұғалім оқыту барысында кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек. Өз мүмкіндіктеріне үнемі баға бере білсе, өзінің әлсіз, күшті жақтарын үнемі ескеріп отырса, дұрыс болмақ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Дарынды о?ушыны? ?абілеті мен талантын дамыту

Автор: Ашеева Газиза Бержановна

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 182979


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства