Просмотр содержимого документа
«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ»
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған технологиялардың, жаңа әдіс-тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы – білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Білім беру үрдісіндегі заманға сай жаңа ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігінен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония, т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың «жобалау» технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, «Блум» таксономиясымен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады: -оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; -оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы; -оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы; -оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.
Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: – заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім: -жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; -шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; -өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; -өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану.
«Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» деген екен В.Г.Белинский. Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндетті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан – жақты дамыған, өзіндік ой – пікірі қалыптасқан, өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға ретінде қалыптасу – оқушының оқу процесіндегі басты мақсат болып табылады. Тұлға – тұтастық күйде дамыған, қалыптасқан адам. Абай айтқан «толық адам» болмысын жасауды міндет ету – оқу-танымдық процестің де негізгі мұраты.
Кәсіби маман болу үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогикалық шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Мен де өз сабақтарымда Блум таксономиясын пайдаланамын. Өйткені Блум таксономиясы, толып жатқан әдіс-тәсілдері, стратегиялары оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне көмектесіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, еркін ойлап, сол ойын шебер жеткізе білетін тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, топтастыру, пікір-талас, «инсерт» кестесі т.б/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
Блум таксономиясы «білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау» кезеңдерінен түзіледі. Осы алты кезеңнің әрбіреуіне СТО технологиясының түрлі стратегиялары қолданылады. Блум таксономиясының «білу» кезеңінде белгілі бір әдісті пайдалана отырып, бұрынғы білімді еске түсіреді, сақтайды, ойлайды. Мәселен қызығушылықты ояту кезеңіне ой шақыру, топтастыру, ұқсастық пен даралық т.б, мағынаны тануда ЖИГСО-І, ЖИГСО-ІІ өзара оқыту, жұптасып оқу, ой бөлісу қорытынды шығару, сұрақ қою-қайтадан сұрақ қою, ББҮ, кубизм, INSERT, екі түрлі түсіндірмелі күнделік т.б ой толғаныс кезеңіне венн диаграммасы, сәйкестік кестесі, бес жолды өлең, эссе, пікір-талас, әлемді шарлау т.б. Ал «түсіну» кезеңінде жаңа білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау үшін тақырыптың негізін көрсете алатындай сұрақтар беру арқылы болжау жасату. Осы кезеңді жүзеге асыруда топтық, жұптық жұмыстар арқылы жүргізуге болады. Үшінші «қолдану» кезеңінде алған білімдерін пайдалана білуге, проблемаларды шеше алуға, мысалы «қатемді тап», «тақырыпқа сай сөйлем құра», «салыстыр», т.б. пайдалануға болады. «Талдау» кезеңінде топтық талқыға «кубизм» әдісі арқылы салыстыру, зерттеу, тақырыптағы негізгі түйінде анықтауға бағыт беріледі. Бесінші «жинақтау» кезеңінде шашылған дүниеден жаңа дүние жасауға көмектеседі. «Бағалау» кезеңінде материалдың өзі үшін қажеттігін анықтайды, идеялар алмасады, бірін-бірі бағалайды.
Бұл стратегияда оқушылардың сөйлеу мәнері, шеберлігі артып, өз ойын тиянақты жеткізе білуге үйренеді.
«Венн диаграммасы» стратегиясын екі материктердің немесе екі елдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда пайдалану өте тиімді. Осы арқылы оқушылар сол елдердің немесе материктердің негізгі ерекшеліктерін, ұқсастықтарын естеріне жақсы сақтайды. «Эссе» стратегиясын саяхатшылардың өмірі мен ашқан жаңалықтары, жетістіктері туралы тақырыптарда қолдандым. Мәселен; «Магеллан – ержүрек саяхатшы», «Васко да Гама саяхатының маңызы», «Қазақтың жарық жұлдызы - Шоқан», «Антарктидаға сапар», т.б.
Эссе стартегиясы оқушылардың тіл байлығын дамытып қана қоймай, оның шығармашылық қабілеттерінің артуына да үлкен септігін тигізеді.
Өзгерісті енгізуде мен ең алдымен, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатып алу керек екенін түсіндім. Әр сабақ сайын оқушылармен бірге көңілді-күймен сабақты бастап, кері байланыс арқылы сабақты аяқтап отыру қажет. Ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады деп тұжырымдалады. Сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған жағдайда оқытудың сапалы және табысты болатынына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар оқушыларды топтастыру арқылы оқушыларға топпен жұмыс жасаудың ережесін, мақсатын түсінеді. Топпен жұмыс барысында топ бір-бірінің ойпікірін тыңдауға, бір-бірімен ой бөлісуге міндет екенін түсінеді. Топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күй байқалады. Сырттан бақылап тұрған адамға сыныпта орнатылған жақсы психологиялық ахуал сезіліп тұрады. Топтық жұмыста оқушылар өзара достық қарым-қатынаста болады; бір-бірінен білмегендерін сұрай отырып білімдерін жетілдіреді; өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеуге үйренеді; «менен сұрап қалады-ау» деген ой мазаламайды, сұраған жағдайда топ болып жауап береді; оқушылардың мектепке және сабаққа деген көзқарасы өзгереді; әр сабақ сайын уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді; топтық жұмыста бос қарап отыратын оқушы болмайды.
Мұғалімге әр сабаққа тыңғылықты дайындық пен шеберлік қажет етеді. Тапсырмаларды түрлендіріп беруде сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отыру қажет. Сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі.
Жаңа әдіс-тәсіл бойынша сабақ басталар алдында, оқушылар бір –біріне сұрақ қоюға, ойын еркін ашық айтуға болатынын ескерту қажет.
Жаңа сабақты меңгертуде «Ойлан, Жұптас, Бірік» әдісінде атқарылған топтық жұмысы бойынша оқушыларды жасаған жұмыстарын бағалау мен марапаттауға болады. Негізінен, оқу үшін бағалау оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептерін қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге назар аударатады.
Ал, «Сұрақты ұстап ал» әдісінде Выготcкийдің «Жaқын aрaдaғы дaму aймaғын» көруге болады және кеңейтілген тапсырмаларды орындауда А деңгейлі оқушының бойынан оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктерінің бірі ұтымдылықты байқауға, яғни дәлелдерді талап етіп, кез-келген дәлелді есепке алып отыратындығын көруге болады.
Қорытындылай келе оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдана отырып, оқушының өзіндік пікірін тыңдау арқылы оған жауап берген келесі оқушының ойын салыстыра отырып өздерінің шешім табуына жол табу мүмкіндігі туатынын және сыни көзқараспен топішілік бағалау сәттері шынайылық танытатынын байқадым. Жеті модульді қамти отырып, өткізілген сабақтар білім сапасын арттыруда нәтижеге ұмтылдыратындығына сенімдімін. Сөзімнің соңында өзімнің ойымнан туындаған жеке көзқарасымды айта кетер болсам, білім беру жүйесіне заманауи осындай бағдарламалар қазіргі жас ұрпақтың дамуына, қабілеттері мен сана-сезіміне сай оңтайластырылып, енгізілуде деп ойлаймын . Бұл жаңа әдістердің оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдіруіне пайдасы өте зор. Римдік философ Сенека Луцийдің: «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де көп нәрсе үйренеміз» – деген нақыл сөзін басшылыққа алатын болсақ, қазіргі заманға сай білім жүйесіне еңгізіліп жатқан түрлі бағдарламалар бойынша білімімізді жетілдірудің арқасында, ой-өрісіміз дамып, оқу үдерісінде жаңашыл мұғалімдер қатары көбейіп, көптеген тың дүниелер пайда болуда. Сондай-ақ бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың, жаңа әдіс тәсілдердің оқушылардың дұрыс білім алуына, әсіресе ауыл балаларының бойындағы оқуға деген қызығушылығының даму үрдісін арттыруға көп көмегі тиюде. Жаңа технологиялардың оқушы бойына дұрыс таралуы мен сапалы білім берілуі мұғалімнің жан-жақты болуы және шеберлігіне байланысты және осы мамандықты сүйіп таңдаған кез-келген ұстаздың қолынан келетін іс екеніне ешкімнің дауы жоқ екені айдан анық. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту біздердің, яғни ұстаздардың үлесі деп ойлаймын.
«Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі