kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бал?аш к?ліні? экологиялы? м?селелері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Жоба бойынша жалпы Бал?аш к?ліні? экологиялы? м?селелері туралы сараптау ж?не талдау н?тижесінде е? басты экологиялы? м?селелері аны?талды. ?асиеттерін іс-т?жіребие барысында ж?зеге асырылды.      Жалпы ?аза?станда?ы е? ірі к?лдеріні? бірі ?азіргі экологиялы? ахуалы туралы, оларды? шешілу жолдарын ?арастыру ж?не болаша?ымызды? таби?атын са?тап ?алу к?зделіп отыр. Бал?аш к?ліні? б?рын?ы жа?дайы мен ?азіргі жа?дайын зерттей отыра, зерттелу кезе?дері сипаттама беру. Сонымен ?атар ?азіргі кезде к?лді? экологиялы? м?селелерін шешуде ?андай м?селелер ?арастырылып жат?анын саралап талдау. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бал?аш к?ліні? экологиялы? м?селелері»»


Мазмұны


Кіріспе… ..........................................................................................................................4

Негізгі бөлім

1.1. Балқаш көлінің зерттелу тарихы ...........................................................................5

1.2. Балқаш көлін пайдалану жолындағы ластану түрлері..........................................8

1.3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері ............................................................12

1.4. Балқаш көлінің мәселесі жөніндегі іс-шаралар .................................................15

Қорытынды.....................................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................................18




















Аннотация

Жоба бойынша жалпы Балқаш көлінің экологиялық мәселелері туралы сараптау және талдау нәтижесінде ең басты экологиялық мәселелері анықталды. Қасиеттерін іс-тәжіребие барысында жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты:

Жалпы Қазақстандағы ең ірі көлдерінің бірі қазіргі экологиялық ахуалы туралы, олардың шешілу жолдарын қарастыру және болашағымыздың табиғатын сақтап қалу көзделіп отыр. Балқаш көлінің бұрынғы жағдайы мен қазіргі жағдайын зерттей отыра, зерттелу кезеңдері сипаттама беру. Сонымен қатар қазіргі кезде көлдің экологиялық мәселелерін шешуде қандай мәселелер қарастырылып жатқанын саралап талдау.

Міндеттері:

  1. Балқаш көлінің физикалық-географиялық сипатымен таныстыру.

  2. Балқаш көлінің зерттеу тарихына тоқталу.

  3. Көлдің табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру.

  4. Балқаш кғөлінің экологиялық мәселелері мен оның шешілу жолдарын қарастыру.

  5. Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттей отырып, өнеркәсіп орындарының орналасу негіздерін алу.

  6. Өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар Балқаш көлінің ластануындағы негізгі ластаушылардың бірі екендігін анықтау.

  7. Балқаш өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын анықтау.

  8. Балқаш көлінің суы мен биоресурстарын халық шаруашылығында пайдаланудың барынша тиімді жолдарын айқындау.






Кіріспе

1. Жұмыстың зерттелу кезеңі. Балқаш көлі – Қазақстандағы көлемі үлкен аумағы жөнінен Каспий теңіздерінен кейінгі су айдыны болып табылады. Көл фаунасы халық шаруашылығындағы үшін маңызды балықтарға бай және көл суының жағалауындағы өнеркәсіп орындары мен елді ме,кендер қажетіне пайдаланылады. Мұнда 81 мың тонна балық ауланады. Алайда көл суы мен оның ихтиофаунасын көп мөлшерде пайдалану салдары және көлдің маңындағы өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен ластануы қазііргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Балқаш көлі экологиясының нашарлауының басты себепкернлері табиғатты пайдаланушылар, оның ішінде өнеркәсіп орындары, әскери полтгондар болып табылады, сонымен қатар «Байқоңыр» ғарыш айлағының теріс әсерін де атап өту керек.

2. Жұмыстың мақсаты: Балқаш көлі мен маңындағы өңірдің қазіргі экологиялық жағдайына баға беру, жағалауындағы орналасқан өнеркәсіп орындарынан шыққан кешенді ластаушы заттарды анықтау.

3. Зерттеу нысанасы: Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

4. Жұмыстың міндеттері:

- Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттей отырып, өнеркәсіп орындарының орналасу негіздерін алу;

- Өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар Балқаш көлінің ластануындағы негізгі ластаушылардың бірі екендігін анықтау;

- Балқаш өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын анықтау;

- Балқаш көлінің суы мен биоресурстарын халық шаруашылығында пайдаланудың барынша тиімді жолдарын айқындау.

5. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде Балқаш көлі, оның биоресурстарын тиімді пайдалану және маңындағы орналасқан өнеркәсіп орындарының әсерін экологниялық-экономикалық тұрғыдан.



    1. Балқаш көлінің зерттелу тарихы

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады.[1]

Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. [2]















    1. Балқаш көлін пайдалану жолындағы ластану түрлері

Қазіргі кезде Балқаш көлінің суы ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды ластаудың негізгі көздері:

1) Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл әсіресе, күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі.

2) Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтарын;

3) Ағаш материалдарын дайындауға, өндегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары;

4) Су және темір жолдарының лас қалдықтары;

5) Техникалық өсімдіктерді алғашқы өндеудің қалдықтары. [3]

Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал  лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді. [1]

Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері – жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді. Соңғы жылдары егіс далаларында химиялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалануға байланысты, суларды ластауды пестицидтердің зиянды әсері көп болып отыр. Пестицидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне орнығады да биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді. [2]

Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи сулар құрамына хлоридтер, жолдардың қатып қалуына қарсы қолданылатын және жер суғарған кезде топырақтан жуылып шығатын тұздар өте зиянды әсер етеді. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін зиянды әсері зор. Әсісере, өзен, көлдер бойына шошқа фермаларын орналастыру бұл су көздерін түгелдей жойғанға тең. Бір шошқа фермасының өзі  суларды ластау дәрежесі жөнінен 2-3 өндіріс орнына тең. [3]

Балқаш көлінің экожүйесі бұл- тек облыстың ғана емес республикалық дәрежедегі мәселе болып отыр.  Бүгінгі күні бұл мәселе баяу шешіліп отыр. Жоғарғы қабат суларының сапасының төмендеу тенденциясы тоқтатылды, алайда олардың сапасының жақсарып кеткені байқалмайды.  Соңғы жылдар арлығында жоғары қабат суларына қосылатын тазаланған  су көлемінің жеткіліксіздігі (1996 жылғы 48 млн.куб.метрден 2006 жылы 6,5 млн.куб.метрге) төмендеді. Ластану дәрежесі жағынан облыстың су объектілерін нашар және өлшемді су классына жатқызуға болады. [4]

Балқаш суын негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының»  (2008 ж. – 1006,08 мың тонна, 2009 жылы – 922,6 мың тонна) мыс қорыту барысында бөлінетін күкірт газы заттары  құрап отыр. [5]

Балқаш көлінің тағы бір ластаушы көзі-Балқаш балық шаруашылығы. Балқаш балық шаруашылығы дамыған аймақ. Балық аулаудан және өңдеуден кейінгі шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары Балқаш көліне тасталып тұрады. Балқаш көлі мен оның маңындағы аймақтардың экологиялық жүйесіне осындағы кəсіпорындар мен Сарышыған əскери полигонын пайдаланудың техногендік қызметі де зиянды əсерін тигізуде. Əсересе, Балқаш жағалауының Қарағанды облысына кіретін солтүстік аймағы техногендік əсерге көбірек ұрынып отыр. Көлдің солтүстік аймағын ластандырушы ең үлкен көз Балқаш кен- металлургия комбинаты. Комбинаттың мыс зауыты, байыту фабрикасы, түсті металл өңдеу зауыты, жылу-электр орталығы, тағы басқа қосалқы өндірістік буындары ондаған жылдар бойы көлге ластанған, тазаланбаған ағын суын жіберіп келеді. Көлге тұзды су мен ауыр металдар қосылуын тоқтату мақсатында комбинат тоғандары арқылы қайталама су көздерін тазалаудың кешенді шараларын жүзеге асыруда. Мұның өзі судың сапалық құрамын жақсартуга жағдай жасайды. Балқаш көлінің солтүстік жағалауының атмосфералық ауасын БКМК көп жыл бойы өзінің күкіртті ангидридімен ластау үстінде. Бұл қазір ғана туындап отырған мəселе емес. Ол Балқаш комбинатындағы ауаны қорғау жұмысының тиімсіз жүргізілуінің салдары. [4]

Сарышыған əскери полигонына қатысты да көптеген жұмыстар бар. Бірақ қазіргі кезде біздегі ақпараттың шектеулі болуына байланысты оның ықпалына, бұл объектінің пайда болғаннан бергі барлық кезеңінде Балқаш өңірінің табиғатына қаншалықты зиян келтіргеніне нақты баға бере алмай отырмыз. Сондықтан да полигонның ықпалынан бүлінген аймақтарда кешенді сауықтыру жəне қалпына келтіру шараларын жүргізу əзірше мүмкін емес. Бұл мəселені шешу үшін Қазақстан Республикасының табиғат қорғау жөніндегі заңнамаларындағы полигон мен табиғат қорғау органдары арасында белгіленген қарым-қатынасқа сəйкес Ресей-Қазақстан арасында келісім жасалып, ол қабылдануы қажет. Мұндай келісімді қабылдау полигон қызметінің айналадағы ортаға, оның ішінде Балқаш көлінің экологиялық жүйесіне кері əсерін анықтауға жəне оны азайту жөніндегі шаралар жүргізуге мүмкіндік берер еді. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна жеңіл органикалық заттармен, 8 мың тоннадай минералды азотпен, 5 мың тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың тонна бормен, 0,7 мың тонна броммен, 70 тонна минералды фосформен, 60 тонна пропанамидпен, 3,4 тонна дихлоранилинмен, т.б. улы заттармен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шығындыларын, улы заттардың қоспасын жіберуде. [5]  

Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі артып, табаны батпақтанып, айдыны зауыт қалдықтарымен уланған. Балқаштың әу бастағы тылсым жаратылысы оның қазіргі тағдырына айналып бара жатқан тәрізді. Бір бөлігі ащы судан, бір бөлігі тұщы судан тұратын көлдің қазір тұзды бөлігі ұлғайып келеді. Бұған басты себептердің бірі – Іленің бастау қайнарында отырған қытайлықтардың өзен суын шаруашылыққа мейлінше молынан тұтынуында. Соның салдарынан көлге құятын тұщы су мөлшері азайып отыр. Балқаш көлі жайлы арнайы заң қабылдау керек, мұндай мәртебелі заң көрші Ресейде және басқа елдерде бар. Балқаштың балық қорының соңғы жылдары күрт азайып кетуінің негізгі көзі де осы қытай көршімізге байланысты болып отыр. Қ азір көл табанында ондаған шақырымды алып Қытайдан әкелінген сапасы нашар аулар жатыр. Бір салғанда-ақ сетінеп кететін аулардың талайы су түбінде қалғанын, ол аулардың балықтар үшін құрылған нағыз ажал тұзағы екенін Балқаш жағалауындағы кез келген балықшы айтып береді. Балқаштың балығы мен байлығы кемуіне бірнеше себеп бар. Елге Қытай тарапынан полиамидті және пластик жіппен тоқылған ауларды әкелуге тыйым салу керек және ол аулардың ел ішінде сатылуына толығымен шектеу қою керек. Балқаш айдынын мекен еткен алабұға балығы өт­кен ғасырдың 70-жылдары жойылып кетсе, сол дәуірде бекіре мен ақбалық, патшабалығы тұқымымен тұздай құрығанын қазір біреу білсе, біреу білмейді. Көлдегі балықтар патшалығының «құлдырауына» қазіргі басты себеп – тек қытайлық сапасыз аулардың теңіз табанында шөгіп жатуы ғана емес, бұл мәселеге Жетісудан құятын өзендердің жағаларындағы ирригациялық және су шаруашылықтары құрылғыларының тозығы жетуін, Көкше теңіздің солтүстік жағалауындағы мыс қорыту зауытының қалдықтарын залалсыздандыратын орынның ескіріп кетуін де айтуға болады. [6]




1.3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері

Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 –1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын,көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкіртоксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. [4]

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі..

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері,

Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау баласының парызы. [6]

























1.4. Балқаш көлінің мәселесі жөніндегі іс-шаралар

Балқашқа құйылатын судың 80% Іле өзені берсе, қалғапн 20%-ын басқа өзендер береді. Егер Қытай жағы Іле суының 15% ғана алса, Балқашқа Арал теңізінің кейпін кию қауіпі бар. Қытай қазір Шыңжаң-Ұйғыр ауданына орталықтан көптеп адамдар көшіріп, онда керемет ауыл шаруашылығын дамытып, өнеркәсіп орындарын салып жатыр. Оның бәріне су керек. Сондықтан қазір олар Іленің бойында көптеген сі қоймаларын салып, қатты жұмыс істеп жатыр және Балқаш соңғы жылдары ауа райының жылы боп тұрғанынан ғана әзірге шыдап тұр дейді экологтар. [2]

Сонымен қатар, қазіргі дүние жүзінде ауа райының жылуы салдарынан біздің таулардағы мұздар қатты еріп жатыр. Соның салдарынан әзірге Балқаш суалмай тұр, әйтпесе Балқаш баяғыда-ақ екінші Арал болар еді. Бірақ таудағы мұздардың еруі де алда қауіпті мәселе, екі жарым мың километр жердегі Аралдан ұшқан тұздар тау мұздықтарына шөгіп оны тез ерітіп жатқанын ғалым мамандары тексеріп айтып отыр. Балқаш 500 км жерде ғана. Біз өткен ғасырдың 50-ші жылдарымен салыстырғанда тау мұздықтарының үштен бірін жоғалтыппыз. Бұдан әрі мұздықтар одан да тез ериді деген болжам бар. Егер мұздықтар еріп кетсе, Балқаш батпаққа айналып, бұл маңайда болуы мүмкін.

Қазір Қытай Іле суының жартысын алып жатқаны туралы Алматыдағы География институтының гидрология зертхана қызметкерлері: «Кезінде жылына 16 текше километр суды Балқашқа құйып отырған Іле қазір, тек қана 11 текше километр су құйып отыр. Демек қытайлықтар 5 текше километр суды алып жатыр. Алда оны жетіге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондықтан Іленің болашағы өте қауіпті. Біз осы жолмен кете берсек, Балқаш Аралдың кейпін киеді. Бірақ Арал теңізі суының көлемі мен ауқымы арқасында 20 жылға шыдады ғой, ал Балқаш тез арада 3-4 жылда суалып кетеді, себебі ол өте таяз, көлемі Аралға қарағанда он есе аз». Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1.Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2.Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

3.Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

4.Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

5.Суармалы жерлердің көлемін шектеу. [7]


























Қорытынды

Бүгін Қазақтан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қауіпін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қауіпі бар.

Балқаш көлемі бойынша Орталфқ Азияда 4 көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар. Алайда Балқашқа қауіп төндіретін басты күш ол адамның іс-әрекеті. Көлдің негізгі қайнар көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады. [7]

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп құбылыстарды тежеу, тоқтату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінің басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының пікір – ұсыныстарын есепке ала тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез арада асырудуң бағыттары мен жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда. Бұл бағыттағы ең басты шаралардың бірі Балқашты біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Аяулы табиғат – алтын бесігіміз, адам қоғамының тіршілік етуінің ең басты шарты. Оның керекті, әлде керексіз бөліктері жоқ. Бәрі – керек. Адам үшін туған өлкенің ауасы, топырағы да, тауы мен тасы, өзен – суы, орман – тоғайы, қос қанаттысы, мен жер бауырлаушысы… бәрі, бәрі қымбат. [8] 

.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бейсенова Ә.,Самақова А.,Есполов Т.,Шілдебаев Ж. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. «Ғылым»,2004.134-137б

  2. Адамбекова Х. Арқаның омырауында алқасындай // Орталық Қазақстан.- 2003.- 14 тамыз.-4 б.

  3. Аралым-арым, Балқашым-бағым / Құрастырушы Н.Жүнiсбаев.-Алматы: Қайнар, 1988.-264 бет.

  4. Арал-арымыз, Балқаш бағымыз емес пе едi: Мəжiлiстiң экология жөнiндегi үкiметтiк сағатында айтылған ой-көзқарастары// Азия Транзит.- 2000.-N6.-22-27 б.

  5. Ахметов Қ. Үлкен үмiт күтемiн// Орталық Қазақстан.- 2001.-1 желтоқсан

  6. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы-2004 ж

  7. Ә. С. Бейсенова «Экология ел тағдыры»-Алматы, 2006ж

  8. Ұ. Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаы қорғау» -Алматы,2002



18



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Бал?аш к?ліні? экологиялы? м?селелері»

Автор: Калыбекова Сымбат Бектасовна

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 275131


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства