?азіргі кезде елімізді? білім беру ісінде т?бірлі ?згерістер болып жат?аны м?лім. Ал б?гінгі та?да мектепті?, м??алімні? е? ?асиетті міндеті-рухани бай, жан-жа?ты дамы?ан жеке, дарынды т?л?аны ?алыптастыру.
Жас ?рпа??а саналы т?рбие ж?не сапалы білім беру де?гейі е? алдымен м??алімні? даярлы?ына, оны? іс-т?жірибесіні? ?алыптасып шы?далуына байланысты.
М??алім-баланы? жеке т?л?асын ?алыптастырушы, ма?ызды т?лім-т?рбие ?негесіні? бастаушысы, жар?ын ?лгісі, бала ?иялын сам?атып, арманын к?кке ?сындырушы басты т?л?а. Б?гінгі жас ?ркенні? ерте?гі ?леуметтік –саяси ?о?ам м?шесі ретінде ?алыптасуында т?лім-т?рбиені? ма?ызы зор екендігі белгілі. Ендеше ?о?амда?ы ?ол жеткен т?рбиелік жа?сы д?ст?р атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік ?асиеттерге баулу, т?рбиелеу-м??алімні? басты міндеті. М??алім жан-жа?ты жетілген білімді, ?дістемелік шы?армашылы? шеберлік иесі, халы?ты? д?ст?р, ?дет-??рып пен салт-сана ерекшеліктерін ?леуметтік ?арым-?атынастар т?рлерін к?сіби т?рде ме?геруі тиіс. ?сіресесе осы к?сіби білік да?дыларын шы?дауы оны? ?стазды? т?жірибе жина?тауыны? е? басты ал?ы шарты болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама. География п?нін о?ытуды? ма?ыздылы?ы»
Баяндама
География пәнін оқытудың маңыздылығы
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.
Географиядан берілетін білім мақсаттары: Негізгі мектепте географияны оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуге бағытталған: - негізгі географиялық ұғымдар, географиялық қабық және оның -жердің көлемі мен пішіні, оның географиялық маңызы; - жер шарының халқы, адамзаттың негізгі нәсілдері; - өзінің туған өлкесі мен Отанына деген патриоттық тәрбие; -оқушылырдың табиғат заттары мен табиғи құбылыстар туралы көзқарасы; - әлеуметтік- экономикалық міндеттерді географиялық білім негізінде шешу; - ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық есептерді шешу. Географиялық білімнің мазмұны: Мектепте географиялық білім берудің мазмұндық құрылымы: - Жер заңдылықтарын нақты түсіндіретін ғылыми білім беру; - географиялық қабық және табиғат кешендері туралы ілім; - географиялық зерттеу әдістері: бақылау, далалық зерттеулер;
- табиғи объектілер, жер, оның қабықтары. Материктер мен мұхиттар; - әлеуметтік-экономикалық объектілер. Аймақтар, елдер, облыстар, аудандар; - жердегі тіршілік барысын анықтайтын процестер мен құбылыстар; - табиғи процестер; табиғаттағы су айналымы; - ауа райы мен климаттың өзгерісі; - жер бетіндегі тараған негізгі нәсілдер мен халықтар. Жер шары халқының өсуі. Демографиялық саясат; - адамзаттың өмір сүруі мен өмірлік танымы; - адамның шаруашылық әрекеті, оның қоршаған ортаға бейімделуі; - қазіргі заман географиясы; - әлемдік шаруашылық пен ұлттық шаруашылықтың өзара байланысы; - адамзаттың жаһандық проблемалары.
География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т.б.көптеген себептерге байланысты.
Мектеп оқушыға жыл бойы нені үйретеді, нені оқытады деген сұраққа педагог мамандар «Табиғатты» деп жауап береді. Адам өмірге келгеннен өмірден озғанынша табиғатпен біте қайнасып, табиғатты зерттеп, табиғатты өлшеп, табиғатты жырлаумен күн кешеді. Демек табиғат адам өміріндегі бітпейтін өлшеусіз лаборатория болып табылмақ.
Осы алып лаборатория — «табиғатты» география пәнінен ажыратып тастау мүмкін бе? Жоқ. Адам ұғымындағы бұл екі сөз атауы жағынан айырмашылық жасағанымен бірлескен біртұтас дүние. Бұл жерде айтпағым, бүкіл оқу жүйесі географияны оқытады дей келе, геогафия пәнін елеусіз тұрғыда қарастыруға мүлдем болмайды демекпін. География пәнін оқыту барысында әрбір сабақты сарамандық жүйеде өтіп келемін.
Ал енді география сабағын сарамандық жүйеде оқыту дарынды оқушының қаншалықты тиянақты білім алуына жағадй туғызатындығына тоқталайық.
География пәнін 6-сыныптан бастағанда әр тарау, әр тақырыпты күнделікті оқушының әс-әрекеті арқылы жүргізіп отыру қажет.
Мысалы, «План және карта», «Атмосфера» тараулары оқушымен бірлесіп, әр сабақта картамен, географиялық алаңды пайдалана отырып саамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, георафиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі.
Жетінші сыныпта география пәнін оқытуды күрделендіре түсу керек.
Мысалы, әр тақырыпты мұғалім картадан оқып түсіндіреді. Бұл оқушының одан әрі қарай сол жаңа сабақты оқып түсінуіне жағдай туғызады.
Осы жүйені қалыптастыру үшін пән мұғалімінің теориялық білімі жеткілікті және әр оқушыда атлас пен контур картасы болуы керек.
Ұлы Абай «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- дей отырып болашақ ұрапқтан арлы, білімдар, ақиқатшыл әрі еңбекқор, көпшіл, жақсылықты жанқиярлықпен жақтаушы, қайратын жалындатқан, ақыл-парасатын көрегендікке бағыттаған азаматты аңсады. Лайымда, әр жас өрен ұлы Абай аңсағандай азамат атанса, халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болары хақ.
Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәләм-тәрбие беру.
Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті.