Катон?ара?ай ауданы 1928 жылы 17 ?а?тарда Поздняковка болыстарды? б?лігінен, Бухтырма уездінен ж?не Зайсан шекаралык уездінен курыл?ан.
?аза? ССР жо?ар?ы ке?есіні? т?рал?асыны? Жарлы?ымен 1963 жылы 2 ?а?тарда аудан тар?атылып, аума? Большенарым ауданыны? ??рамына енді.
?аза? ССР жо?ар?ы ке?есіні? т?рал?асыны? Жарлы?ымен 1970 жылы 4 желто?санынан бастап Катон?ара?ай ауданы ??рылды орталы?ы Катон?ара?ай ауылы.
?аза?стан Республикасыны? Президентіні? Жарлы?ымен 1997 жылы 23 мамырынан аудан ??рамы таратылып Большенарым ауданны? аума?ына кірді, орталы?ы Большенарым ауылы болды.
Шы?ыс ?аза?стан облысты? маслихата 2009 жылды? шешімімен Катон?ара?ай ауданында елдімекен ?атары ж?не ауылды? округтер атауы ?айта ?згертіліп Большенарымское ауылы ?лкен Нарын болып ?згертілді.
Ауданда 13 ауылды? округтер, 51 ауылды? елдімекен бар.
Катон?ара?ай ауданы – таби?аты ерекше ?йткені ?аза?станны? шекарасы Ресей ж?не ?ытай шектеліп жат?ан жерінде орналас?ан. А??айран к?лі, Кокколь, Арасан сар?ырамасы, Берел ?ор?аны, ескі Австриялы? жолы, Белуха м?зтауы, ерекше бастауы барлы? ?аза?станны? к?рікті орындары болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«т?рбие са?аты "Ту?ан ?лкемні? экономикасы" »
Сабақтың тақырыбы:
Туған өлкемнің экономикасы!
Сабақтың мақсаты:
Туған өлкеміздің экономикалық жағдайымен кеңірек танысу.
1. Кіріспе бөлім.
“ОЙ-ҚОЗҒАУ”
1. “Туған өлке” сөзінің мағынасын ашыңыздар!
2. “Экономика” сөзінің мағынасын ашыңыздар!
2. Шығармашылық бөлім.
Туған өлке!
ӨЛКЕТАНУ –
Өлкені танып, білу,
Өзгені де мол сырға қанықтыру.
Өскен жердің, өзен, көл, табиғатын,
Өркениет жолына алып шығу.
ӨЛКЕТАНУ –
Өрелі ой ойлай білу.
Өз еліңнің тарихын толғай білу.
Өз өлкеңнің табиғатын, аң-құсын,
Өгейсітпей өбектеп қорғай жүру.
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ
Катонқарағай ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Поздняковка болыстардың бөлігінен, Бухтырма уездінен және Зайсан шекаралык уездінен курылған.
Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің төралқасының Жарлығымен 1963 жылы 2 қаңтарда аудан тарқатылып, аумақ Большенарым ауданының құрамына енді.
Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің төралқасының Жарлығымен 1970 жылы 4 желтоқсанынан бастап Катонқарағай ауданы құрылды орталығы Катонқарағай ауылы.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 23 мамырынан аудан құрамы таратылып Большенарым ауданның аумағына кірді, орталығы Большенарым ауылы болды.
Шығыс Қазақстан облыстық маслихата 2009 жылдың шешімімен Катонқарағай ауданында елдімекен қатары және ауылдық округтер атауы қайта өзгертіліп Большенарымское ауылы Үлкен Нарын болып өзгертілді.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫ.
Ауданның аумағы 13,2 мың шаршы километрге тең (ШҚО–ның аумаағынан 4,6 % құрайды).
Ауданда 13 ауылдық округтер, 51 ауылдық елдімекен бар.
Катонқарағай ауданы – табиғаты ерекше өйткені Қазақстанның шекарасы Ресей және Қытай шектеліп жатқан жерінде орналасқан. Аққайран көлі, Кокколь, Арасан сарқырамасы, Берел қорғаны, ескі Австриялық жолы, Белуха мұзтауы, ерекше бастауы барлық Қазақстанның көрікті орындары болып табылады.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ.
Аудан облыстың солтүстік-шығыс аумағында орналасқан. Катонқарағай ауданы солтүстік және солтүстік-шығыс аумағында Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі, оңтүстік – шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Күршім ауданымен, солтүстігінде Зырян ауданымен шекараласады, батыс аумағында Бұхтарма бөгені алып жатыр. Агроклиматтық жағдайлар бойынша Катонқарағай ауданы таулы аймақ және ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы.
Аудан ызғарлы қыс, қысқа мерзімді көктем және күз мезгілімен сипатталады. Катонқарағай ауданының аумағы төрт климаттық алқабқа бөлінеді:– Биік таулы аймақ (тундралық-шалғындық);– Орманды-таулы аймақ (ылғалды);– Таулы, орманды дала аймағы (ылғалды);– Тау-түздік аймағы.Орманды-таулы және биік таулы аймақта ауа райы ылғалды, суық, кейбір алқаптарда өте суық болып келеді. Аймақтың солтүстік жағы жыл бойы 550-560 мм жауын-шашынды болады, ал шілде айы жауын-шашынды болып келеді. Орта айлық есепбен желдің жылдамдығы жыл бойына 1,7м/сек құрайды. Жыл бойғы желді күндердің саны 7, ал боранды жел 10 күнді құрайды.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ.
Катонқарағай ауданы Қытай мен Ресей мемлекеттерінің шекарасымен шектелген аймақта орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының солүстік-шығысында орналасқан, Зырян, Курчум және Көкпекті ауданымен шектеледі.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫ.
Аудан тұрғындарының сандық құрамы – 28 019 адамды құрайды.
Еңбекке жарамды тұрғындар 14 980.
Жұмыссыз тұрғындар 730 адам.
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ инфраструктурасы.
Аудан бойынша мектеп саны – 48,
мектеп алды интернат – 3,
балалар музыка мектебі – 2,
жас турист станциясы – 1,
түзету кабинеті – 1,
агротехникалық колледж – 1.
Ауданда жұмыс істеп тұр мектепке дейнгі балалар ұйымы – 46, сонымен қатар ұсақ орталықтар – 36, бала бақша – 10.
Ауданда АҚ «Казпочта» 26 бөлім жұмыс істейді, онын ішінде 18 орнықты, 8 ауыспалы.
Ауданда барлығы 43 мәдениет орталығы, онын ішінде 2 мәдениет үйі, 21 клуб,18 кітапхана, 1 Шыңғыстай аулында Оралхан Бөкейдің мұражай үйі, 1 Улкен Нарын ауылында орналасқан өлкенітану тарихи мұражай.
Денсауықтыру комплексі жұмыс істеп тұр – 2, дене шынықтыру залы – 26. Аудан дәрігерлік ұйым жүиесімен толық қамтылған 2 емхана ұйымы жұмыс істеп тұр. Ауылдық аурухана - 3, 6 емхана амбулаториясы.
41 аудан тұрғындарына дәрігерлік көмекке дейінгі ауруханалық көмек көрсету пунктері бар.
Катонқарағай ауданындағы Экономиканың негізгі бағыттары:
1. Ауыл шаруашылық өндірісі.
2. Орман шаруашылығы, ағаш өңдеу.
3. Марал шарушылығы .(Пантамен емдеу кешендері мен шипажайлар)
4. Омарта шарушылығы.
5. Туризм (Табиғи, мәдени және тарихи мәнді ескерткіштер)
1. Ауыл шаруашылық өндірісі.
Катонқарағай ауданының аймағында кірпіш өндірісімен 2012 жылдан бастап «Ердар» ЖШС-гі айналысады мезгіліне 5 миллион кірпіш өндіріп шығарады. – Асфальт өндірісі сағатына 40 тонна өндіреді; – Шлакоблок өндіретін 8 жеке кәсіпорын бар; – Тәулігіне 3 тонна табиғи май өндіріп шығаратын 5 өнеркәсіп жұмыс істейді; – Панты өнімдерін өндіретін 3 кәсіпорны бар; – Нан тоқаш өнімдерін өндіретін 8 наубайхана бар; – Сары май өндіретін 1 кәсіпорын; – 3 Жиһаз жинау кәсіпорны бар. Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешенінің маңызы өте зор орын алады, едәуір экономикалық әлуетті алады. Аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және сатылымдағы қауіпсіздік деңгеиінің дәрежесі ауданның дамуын анықтайды. Аудандағы ауыл шаруашылығы мал шаруашылығымен және дамыған өсімдік шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің 58% мал шаруашылығын алады. Ауданда мал шаруашылығының ерекшелігі оның көп салалығы. Ауданда таби-климаттық жағдайына байланысты етті- сүтті мал шаруашылығы, қой, жылқы, шошқа, құс, марал, бұғы және ара шаруашылығы жақсы дамып келеді. Марал және бұғы шаруашылығының дамуы және панты өнімдері өндірістегі монополист болып текқана облыста емес және республикада табылады. Табиғи-климаттық жағдайына байланысты Катонқарағай ауданы ерекше аймаққа жатады. Бұл аймақ жазық және таулы ландшафтпен шектеліп жатыр. Тасымалдау көлігі автокөлік болып табылады.
2. Орман шаруашылығы, ағаш өңдеу.
КАТОНҚАРАҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТІҢ территориясы жобаланып отырған Қазақстандық территорияның Алтай-Саян экоаймақ бөлігінің құрамына кіреді. ПАРКТІҢ АУДАНЫ 643,477 МЫҢ ГА. Бұл парктің негізі болып оның 34 %-ын құрайтын орманды алқаптар. Мұндағы орманда көбінесе қылқан жапырақты ағаштар өседі. Сонымен қатар парк фауна мен флораның өкілдеріне де бай. Оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлері де бар. ТАБИҒИ ПАРКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – басқарылатын туризм мен дем алысқа жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатпен ұлттық паркте сұранысқа бай бірнеше маршруттар алынған. Олар: Берел қорымдарына. Оңтүстік-батыс Алтайда, Бұқтырма өзенінің даласында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан.
3. Марал шарушылығы..(Пантамен емдеу кешендері мен шипажайлар)
«РАХМАН ҚАЙНАРЛАРЫ» ШИПАЖАЙЫ
Рахман көлі, Арасан – Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су. «Рахман қайнарлары» шипажайы облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым, 3 мемлекеттің Қазақстан, Россия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан көлі жағасында теңіз деңгейінен 1760 м. биіктікте орналасқан. Бұл родонға бай термиялық қайнар. Суы буын, тері, жүйке ауруларына шипа болып табылатын санаторийге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келіп, елге де, жерге де алғысын айтып қайтып жатады. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды емдеуде қолданылады. Қосымша массаж, ЕДТ, физиотерапия, фитотерапия кабинеттері қызмет көрсетеді. Шипажай емдеу корпустарынан, асханадан, тұрғын котедждерден тұрады. Демалушыларға арналған қайықтар, катамарандар, салт атты жүріске арналған аттар прокаты жұмыс істейді.
«НҰР БҰЛАҚ» ШИПАЖАЙЫ
Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылының оңтүстік-шығысында, жол бойынан 0,5 шақырым жерде, Алтай тауының бөктерінде орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия, комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы, инемен емдеу терапиясы, биоэнергокоррекция, тренажерлық зал), Спорттық шаралар, спорттық алаңдар мен бөлмелер, Туристік (оның ішінде: атпен серуендеу, тауға шығатын велосипед, жаяу серуендеу, авто-тур, шаңғымен серуендеу, қарда сырғанайтын көлікпен серуендеу, біріктірілген маршруттар) – тек қана демалушылар ғана емес, сонымен қатар спортпен шұғылдануға ниет еткен спортшыларға және де сауықтырудың бар мүмкіншілігін жасау үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі жас шамасындағы адамдарға комплекстік спорттық, емдік – медициналық және сауықтыру процедуралары біріктіріліп, жасалған бағдарлама енгізілген. Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі. Кешен жыл бойы жұмыс істейді, барлық талаптарға сәйкес, кәсіптік және әуесқой спортшыларға, сауықтыру, барлық әлеуметтік топтағы адамдардың талаптарына сәйкестендірілген. Ауданымыздың экономикалық өсуі мен дамуына қосалқы үлес қосады. Жаңадан жұмыс орындары ашылуына және сауықтыру мен демалуды ұйымдастыруға зор ықпал етеді.
«БАЯН» ПАНТАМЕН ЕМДЕУ КЕШЕНІ
Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: климатотерапия, комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу, тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур, біріктірілген маршруттар). Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.
«АҚ ҚАЙЫҢ» ПАНТАМЕН ЕМДЕУ КЕШЕНІ
Катонқарағай ауданында орналасқан. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: сауықтыру (оның ішінде: комплексті терапия, фитотерапия, саунотерапия, сауықтыру массажы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу, тауға шығатын атпен, жаяу серуендеу, авто-тур, біріктірілген маршруттар). Жоғары және орта деңгейлі қонақ үй қызметі көрсетіледі.
4. Омарта шарушылығы.
Шығыс Қазақстан облысы соның ішінде Катонқарағай ауданында омарта шаруашылығымен айналысады. Катонқарағай ауданының омарта шаруашылығында теңдесі жоқ дәмді және сапалы, денсаулыққа пайдалы бал алынады. Келген туристер жыл сайын балға деген сұраныстарын арттырып келеді.
5. Туризм(Табиғи, мәдени және тарихи мәнді ескерткіштер)
МҰЗТАУ – ЖЕР АНАНЫҢ КІНДІГІ
Мұзтау (Шығыс шыңы) – Алтай тауларының солтүстік-шығысында жатыр, Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі (4506 м.). Ақ Берел өзені бастауында орналасқан. Мұзтау - қос өркешті. Алыстан қарасаң-аттың еріне ұқсайды... Алтайдың жон арқасына аппақ күміс ерді жарқыратып ерттей салған секілді. Мұзтаудың жан-жағы көз көрім көкжиекке дейін ала шұбар шың - жартастар. Қара орманды, қапсал шатқалды таулардың ажарында Мұзтау ғана қақ күмісше жарқырап жатады. Жер шарының энергетикалық өрісі осы Мұзтауда тоғысқан деген сенім бар. Ол энергетикалық өріс ғарышпен байланысты, сол арқылы бұл маңайға келген адамдарға Мұзтау күш – қуат беріп, жан сарайын тазартады, денсаулығын түзейді. Мұзтау туралы алғашқы ғылыми деректер 18 ғасырда пайда бола бастаған. Оны - қар мен мұздың, дүркіреген көшкілердің және жарқыраған сарқырамалардың патшасы дейді. Екі шыңының да беткейлері мәңгі қарлар және мұздықтар шамамен 70 шаршы км. жуық ауданы жауып жатыр. Ресей жағындағы Мұзтау сілемдері Дүниежүзі Табиғи Мұра Тізіміне енгізілген.
ЯЗОВАЯ САРҚЫРАМАСЫ
Катонқарағай ауданы, Қараайрық ауылынан 10 км солтүстік батыстағы бір аттас көлден 2 км төмендегі ағып шыққан Язовая өзенінде орналасқан. Су ағысының көп ғасырлық жұмысының нәтижесінде тілімденген арна өңделмеген пішінді. Онда сарқырама түзетін, табалдырық және құламалық құйылулардан кішігірім кемерлер бірінен кейін бірі жалғасқан.
РАХМАН САРҚЫРАМАСЫ
Рахман сарқырамасы Катонқарағай ауданы, Рахман Қайнары ауылы, Арасан өзені аңғарының оң өңірінде орналасқан. Бұл бұлақ биік таулы мареналық көлден (теңіз деңгейінен 2265 м ) бастау алып, Рахман көліне құяды.Термальді көздер емдік қасиеті бар, олар әлсіз минеральді (0,19 г/л) гидрокарбонатты- кальцийлі және құрамы 0,03 г/л дейін еркін көмірқышқылынан, 45-80 мг/л кремний қышқылынан, 10-35 эман радонынан тұрады.
БЕРЕЛ ҚОРЫМДАРЫ
Берел қорымдары – Катонқарағай ауданының Берел аулының маңындағы Бұқтырма жазығында орналасқан, әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Бұқтырма аңғары бойында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте, шамамен біздің дәуірімізге дейін төртінші ғасырдағы сақ княздерінің мүрделері мен табыттары, алтындалған әшекейлі заттары табылды. Мәңгі мұз тоңның әсерімен ескерткіштер бұзылмай, сол қалпында жақсы сақталған. Көпшілігі әлі зерттелмеген, отыздан астам обасы бар бұл қорымды ғалымдар «патшалар алқабы» деп атап кетті. 1998 ж. Ә. Х. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Халықаралық Қазақ - Француз - Итальян археологиялық экспидициясы Берел қорғанында Сақ бекзадасының қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Қорғанның астындағы "мәңгілік тоңның" әсерімен ағаштан, киізден, теріден жасалған бұйымдар да жақсы сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған құнды ескерткіштің бірі - осыдан 2500 жыл бұрын жерленген сақ көсемі мен оның әйелінің мәйігі. Берел қорымынан табылған заттар әлемдік ғылымдағы ең теңдесі жоқ дүниелер.