kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Государства Эритрея - специализирующаяся область

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентация о государстве Эритрея. географическое положение, граница и экономика.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Государства Эритрея - специализирующаяся область»

«Эритрея мемлекеті»

«Эритрея мемлекеті»

Эритрея (араб.: إرتريا ‎ ) — Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км². Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні, 24 мамыр (1993). БҰҰ-ның (1993), Африка Одағының (2002) мүшесі.

Эритрея (араб.: إرتريا ) — Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км². Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні, 24 мамыр (1993). БҰҰ-ның (1993), Африка Одағының (2002) мүшесі.

Ақша бірлігі – накфа.Астанасы-Асмэра қаласы

Ақша бірлігі – накфа.Астанасы-Асмэра қаласы

Географиясы Жерінің көп бөлігін Эфиопия таулы қыраты, оңт.-шығысын Афар ойысы, Қызыл тау жағалауының бойын шөлейт және саванна табиғат белдемдері алып жатыр. Эритрея үстіртіндегі ең биік жері – Соира тауы (2989 м). Климаты субэкваторлық, шөлді. Орташа айлық температурасы 23 – 37қС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 50 – 200 мм, Э. үстіртінде 500 – 850 мм. Жиі құрғақшылық болып тұрады. Басты өзені – Тэкэзе. Шөл және шөлейттік өсімдіктер, сонымен қатар жағалауларда агава, акация, құрма пальмасы, эвкалипт, саваннада баобаб, биік тауларда сикоморе ағашы, т.б. өседі. Жануарлар түрлері өте бай: киіктер, бегемот, шибөрі, тау ешкі, леопард тектес мысық, қоян, қолтырауын, арыстан, мүйізтұмсық, піл, тасбақа, қорқау қасқыр, әр түрлі маймылдар, кеміргіштер және құстардың көптеген түрлері, суларында балықтардың 250 түрі кездеседі. Пайдалы қазбалары – алтын, мыс, темір, никель, хром, слюда, титан, мұнай, күміс, күкірт, калий және ас тұздары, магний, мрамор, мырыш, т.б.

Географиясы

Жерінің көп бөлігін Эфиопия таулы қыраты, оңт.-шығысын Афар ойысы, Қызыл тау жағалауының бойын шөлейт және саванна табиғат белдемдері алып жатыр. Эритрея үстіртіндегі ең биік жері – Соира тауы (2989 м). Климаты субэкваторлық, шөлді. Орташа айлық температурасы 23 – 37қС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 50 – 200 мм, Э. үстіртінде 500 – 850 мм. Жиі құрғақшылық болып тұрады. Басты өзені – Тэкэзе. Шөл және шөлейттік өсімдіктер, сонымен қатар жағалауларда агава, акация, құрма пальмасы, эвкалипт, саваннада баобаб, биік тауларда сикоморе ағашы, т.б. өседі. Жануарлар түрлері өте бай: киіктер, бегемот, шибөрі, тау ешкі, леопард тектес мысық, қоян, қолтырауын, арыстан, мүйізтұмсық, піл, тасбақа, қорқау қасқыр, әр түрлі маймылдар, кеміргіштер және құстардың көптеген түрлері, суларында балықтардың 250 түрі кездеседі. Пайдалы қазбалары – алтын, мыс, темір, никель, хром, слюда, титан, мұнай, күміс, күкірт, калий және ас тұздары, магний, мрамор, мырыш, т.б.

Тарихы

Қазіргі Эритрея аумағында 4 – 7 ғ-лардаАксум патшалығы өмір сүрді. 8 ғ-да елге ислам діні енді. 12 – 16 ғ-ларда Эритрея жерінің дені Эфиопиялық Абиссиния патшалығының құрамына кірді. 16 ғ-дың ортасынан Осман сұлтандығына қарады. 1889 – 1941 ж. Италияның отары болды. 1941 – 51 ж. Ұлыбританияға бағынды. 1952 – 62 ж. Эфиопияның автономиялы облысы, 1962 – 87 ж. Эфиопияның провинциясы, әкімш. ауданы болды. 1962 жылдан басталған Эритрея халықтық азат ету майданының Эфиопиядан тәуелсіздік алу жолында 30 жылға созылған күресі барысында 150 мың адам құрбан болды. 1991 ж. көтерілісшілер Асмэраны азат етіп, эфиоп әскерлерін елден қуып шықты. 1993 ж. жүргізілген референдум барысында Эритрея тәуелсіздігі жарияланды. 500 мыңнан астам елден кеткен босқындар елге орала бастады. 1997 ж. Э-ның жаңа конституциясы қабылданды. 1998 ж. Эфиопиямен арадағы даулы аумаққа байланысты жаңа соғыс басталып, 2000 ж. Эритреяның жеңілуімен аяқталды. Екі ел бейбіт бітімге қол қойды. Дегенмен бұл соғыс барысында екі жақтан 10 мыңдаған адам қаза тауып, экономикаға аса ауыр нұқсан келді. Көптеген Эритреялықтар көрші Суданға, Еуропа елдері мен АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Елдегі халықтың 70%-ы халықараралық ұйымдардан азық-түлік көмегін алады.

Экономикасы Эритрея – аграрлы ел. Ел экономикасының негізгі саласы – а. ш. Құрма пальмасы, дәнді бұршақ және майлы дақылдар, көкөніс өсіріледі. Негізгі азық-түлік дақылдары – сорго, тары, бидау, жүгері, т.б. Ірі қара, қой, ешкі, түйе, үй құстары өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өнеркәсібінің негізгі салалары – мұнай айыру, тоқыма, тігін, химия, былғары аяқ киім, ағаш өңдеу, цемент, тамақ. Теңізден тұз өндіріледі. Басты теңіз порттары – Асэб,Массауа. Сыртқа – тоқыма, тері, былғарыдан жасалған тауарлар, тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өнімдері, темекі, т.б. шығарылады. Басқа елдерден машина, ауыр машина жасау құралдары, көлік құрал-жабдықтары, мұнай, тамақ өнімдері және мал, негізгі өнеркәсіп тауарлары, электроника сатып алынады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1010 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – Эфиопия, Сауд Арабиясы, Италия, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі.

Экономикасы

Эритрея – аграрлы ел. Ел экономикасының негізгі саласы – а. ш. Құрма пальмасы, дәнді бұршақ және майлы дақылдар, көкөніс өсіріледі. Негізгі азық-түлік дақылдары – сорго, тары, бидау, жүгері, т.б. Ірі қара, қой, ешкі, түйе, үй құстары өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өнеркәсібінің негізгі салалары – мұнай айыру, тоқыма, тігін, химия, былғары аяқ киім, ағаш өңдеу, цемент, тамақ. Теңізден тұз өндіріледі. Басты теңіз порттары – Асэб,Массауа. Сыртқа – тоқыма, тері, былғарыдан жасалған тауарлар, тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өнімдері, темекі, т.б. шығарылады. Басқа елдерден машина, ауыр машина жасау құралдары, көлік құрал-жабдықтары, мұнай, тамақ өнімдері және мал, негізгі өнеркәсіп тауарлары, электроника сатып алынады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1010 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – Эфиопия, Сауд Арабиясы, Италия, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Государства Эритрея - специализирующаяся область

Автор: Жапекова Арайлым Ардынбайқызы

Дата: 27.01.2019

Номер свидетельства: 497369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства