Просмотр содержимого документа
«Экология ж?не адам денсаулы?ы »
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘБДІРАХМАН ӘЙТИЕВ ОРТА МЕКТЕБІ
Экологиялық жобаны жасаушы:
Қырғызбай Гүлнара Нұрланқызы 5 «А» сыныбы
Қуанышбаева Сауина Алиевна 5 «Ә» сыныбы
Мазмұны
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Экология.
2.2. Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
2.3. «Таза болса , табиғат, Аман болар адамзат!»
3. Қорытынды.
2
3
Сонда, экология үй - жайындағы ғылым болғаны ғой.
4
„Экология“ сөзінен „эколог“ сөзі пайда болған.
Экологтар — экологиямен айналысатын адамдар, олар табиғатты қорғайды.
5
Бізді қоршаған әлем әртүсті, ашық.
Алайда экологтардың сүйікті түсі - жасыл. Ол Жерді қорғау символына айналды.
6
6
«Қоршаған әлемге, Жерге ұқыптылықпен қарау керек, өйткені ол біздің Жасыл үйіміз. Ал үйді әрқашан сақтау және қорғау керек.», - дейді экологтар.
8
Бұл үйде кереметтің көбін ай!
9
9
9
Біздің Жасыл үйімізде бәрі дұрыс па екен?
12
«Экология» сөзі радио, теледидардан жиі айтыла бастады, газеттерде жарияланатын болды. Оның бәрі де біздің табиғи үйімізге қауіп төніп тұрғандықтан болар.
13
Өндірістік қалдықтардан өзеннің ластануы
13
Мұнайдың төгілуі
13
Орманның шабылуы
13
Автокөліктің әсерінен ластануы
13
Екінші заттың қайта өңделмеуі
13
ҚОҚЫС СВАЛКАСЫ
13
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ АШЫҚ ТҮРДЕ ҚОЛДАНУ
13
ФАБРИКАЛАР МЕН ЗАУЫТТАР
13
РАДИОАКТИВТІК ҚАЛДЫҚТАР
13
ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРЛАР
13
ОСЫНЫҢ БӘРІНЕ КІМ КІНӘЛІ?
24
ӨКІНІШТІСІ, АДАМДАРДЫҢ ӨЗІ КІНӘЛІ. КЕЙДЕ КЕЙБІРЕУЛЕР ЖЕРДІ ҚОРҒАМАЙДЫ!
25
Ей замандас, ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік,
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға.
Х. Ерғалиев
Радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, жылу, шулар, және тербелістер
Ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдар
Кіріспе
Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде экология барлық ғылымдар саласын сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйесінен тұрады. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі адамзат өмір сүріп отырған «Жер – Ананы» сақтап, қорғау. Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық .Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзілуіне мыңдаған жылдар кететінін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтыруда. Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері , қолдан жасалған заттар тағы басқа ғылыми прогрес жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп қатер туғызуда.
Бір ғана мысал:бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған озон қабаты тесілуінің өзі-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулыға зауал болмақ. Бұның бәрін бір апта немесе бір кеште айтып шығу мүмкін емес.
Елбасымыздың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай үлестерге жетуге мүмкіндік берді.
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар Күн Ана, Жер Ана, Ауа мен Су. Осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.
Адамзат Жерді анадай ардақтайды.
Күн барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер Ана тіршілікке нәр береді.
Су-өмір тірегі болып тұрған құдірет.
Ауа - өмір тынысы.
« Табиғатты қорғау- болашақты ойлау»
Табиғатты қорғау дегеніміз-табиғат ресурстарын пайдалану барысында тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да табиғатты қорғауға көп көңіл бөлініп отыр.1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты-еліміздің табиғатын қорғау және оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтың салтанатты өмірі үшін сақтау.
1. Негізгі бөлім.
1.1 Экология
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Қазір дүниежүзілік экономиканы дамытудың құрамдас бөлігі-қоршаған ортаны қорғау, биосфераның тазалығын сақтау әдісі, яғни экологиялық проблема болып табылады. Ғаламдық әскери қауіпті бәсеңдету, тұрақты түрде кездесетін экологиялық дағдарыс жайынан аман қалу- адамзат алдындағы басты проблема болуда. Экологиялық шиеленіс сонымен бірге ғылыми-техникалық прогрестің ұдайы дамуымен, әлеуметтік- экономикалық жағдайлармен де байланысты. Ноосфера ілімінің негізін қалаушы академик В.И. Вернадский: ХХ ғасырдың 40-жылдарында «адамдардың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде өтіп жататын геологиялық процестерден кем әсер етпейді » ,- деп жазған болатын. Содан бері қоғам мен табиғат арасындағы «зат алмасу» үнемі өсіп келеді. Адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде, қоршаған ортаның табиғи бейнесі өзгеріп, ластанып, бүлінуде. Олар қуатты өндірістік күшті неғұрлым меңгерген сайын, қоршаған орта соғұрлым зияндық көреді. Экологиялық проблемалар – қоғам мен табиғаттың арақатынасы жайлы проблема. Шартты түрде мұндай қатынастың үш тобын бөліп көрсетуге болады:
Табиғатты ұтымсыз пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаның нашарлауы, мысалы, орманның сиреуі, топырақтың құнарсыздануы.
Литосфера, гидросфера және атмасфераның антропогендік әрекет әсерінен қатты, сұйық және газ түріндегі қалдықтармен ластануы.
Өндіріс процесі барысында жасалынатын химиялық заттармен қоршаған ортаның улануы.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
29
1. 2 Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
Экологиялық жағдайлар ғаламдық проблемаға айналғандықтан, табиғатты қорғау ісі дүние жүзі ынтымақтастығымен ұштасады. 1972 жылы БҰҰ тарабынан «БҰҰ-ның қоршаған орта жайлы бағдарламасы» жарияланып, халықаралық деңгейдегі әр түрлі мекемелермен бірге (ЮНЕСКО , ВОЗ, ФАО, МАГАТЕ) табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу қолға алынуда. Экология және денсаулықты сақтау.
Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы – ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.
Каспий мұнайын өндіруде шетелдіктер қазір тек табыс көзін ойлап отырғаны белгілі, ондағы итбалықтың, теңіздің басқа да жануарларының жылма-жыл қырылып жатқаны табиғатқа үлкен зиян келіп тұрғанынан екенін ешкім ойлап жатқан жоқ.
Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Әлемдік қоғамдастықпен қатар қазақстандықтардың да қалыпты салт-тұрмысы экологиялық жағдайларға қарай алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.
Экологияның нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады.
Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.
Солтүстік Қазақстан бойынша, құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 100 мың га, техногенді ластану 2,5 млн. га жерді, жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн. га жерді қамтып отырса, 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануға көміліп отыр. Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Онда техногендік, өндірістік ластану, жайылымдардың тозуы, металдармен ластануы, радиоактивті және зымыран-ғарыш қалдықтарымен ластану жоғары деңгейге жетуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдай Арал өңіріне тән Әмурдария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар экожүйелерді бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га қара сексеуіл орындарының құрып кетуі тағы бар.
Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Капшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарының егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп соқтырды. Әсіресе, Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай елінің алып қоюы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түрлі-түсті металлургия, вольфрам, уран, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына көп қолайсыздық туғызуда.
Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.
29
1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған. Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Адамның денсаулығының төмендеуі, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО- Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер (грек тілінен аударғанда embryo, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады.
31
Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде. Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б. Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сына п тың — 60%-ы шығарылады. Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады. Сынап қ оршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті. Асбест с оңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған. Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
32
1.3 «Таза болса , табиғат, Аман болар адамзат!»
Адам-табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршіліктің анасы-табиғат ана,
екіншісі-адамның анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Бірақ, біз адамдар, солай етіп жүрміз бе?
Жер Ананың тағдыры. Жер Ананы ренжітсек, өз нәрімізді суалтқанымыз.
Жер Ананы аяламасаң адам тіршілігі жоғалады екен.
Табиғаттың тарылтпасын
Мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің
Тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана
Қатігездік жасайсың?
1991 жылы 29 тамызда Қ.Р.-ның бұйрығымен елімізге тажал отын шашқан Семей полигоны жабылса,1997 жылы қыркүйекте Қазақстанның бастауымен ядролық қаруды қолданбау туралы халықаралық конференция өткізілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 56875 экологиялық зардап тартқызар қалдықтар орын алса, соның 39872-сі адамдардың өз қолдарымен жасалған. Сондықтан да экология ел тағдыры- басты мәселе болып тұр.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында президентіміз ел экологиясына ерекше тоқтала отырып, қоршаған ортаны қорғаудың 3 аймақтық орталығын белгіледі.
I.- Каспий теңізі аймағы;
II.-Шығыста Нұра мен Ертісті сынаптан тазарту;
III.-Оңтүстікте Қызылорда, Шымкент аймағының экологиясын жақсарту.
«Табиғатты қорғау- басты борышың»,- деп Қ.Р.-ның Ата Заңында да бекітілген.
Қ.Р. азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Ендеше:1) Халқымыз бақытты да мәнді, сәнді өмір сүрсін десең;
«Ей, адамзат! Табиғатты аялайық! Жер Ананы құрметтейік!»
Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әр түрлі газдар қоспасынан құралған қара-көкшіл түсті шаң (түтін) басып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе үлкен қалаларда орналасқан зауыт, фабрикалардың мұржаларынан бөлініп шыққан қап-қара түтіндердің жиынтығы.
33
Ірі қалаларда ауаның ластануына, кейінгі кезде өте көбейіп кеткен, автокөліктер де үлкен әсерін тигізеді. Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы 70%-ға дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде. Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр. Семей мен Арал жерлерінде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы байқалып, соның нәтижесінде көптеген автомобильдер газ отынға көшірілген, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік атаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылған. Эколог ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға бес млн. тоннадай лас заттар шығарылады екен. Осы жағдайлар ауаны ластай отырып, жауын-шашынмен, қармен араласып су қоймаларына, топыраққа, топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды.
Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Сондықтан бізді қоршаған табиғи ортаны сақтау, оны ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар. Ормандар ішінде, өзен, көлдер жағасында ауа таза болады. Сондықтан көптен бері қалыптасып келе жатқан әдіс-көптеп ағаштар отырғызу. Олар қаладағы желдің жылдамдығын, айқай-шуды, ең негізгісі жоғарыда айтылған газ, түтіндерді бойына сіңіріп алады. Өз кезегінде ағаштардың өзі де қатты зардап шегеді. Мысалы, жөке ағашы орманды жерде 400 жыл өмір сүрсе, қала ішінде 50-80 жыл ғана өмір сүруге шамасы жетеді екен.
34
Көшелерді көгалдандырудың, Ұлттық парктер салудың да маңызы зор. Бұл жерлерде ауа әлдеқайда таза, адамдарға дем алуға, денсаулықты қалыпқа келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға жағдай жасалынады. Өйткені өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады. Яғни, оттегін шығарушы өсімдік болса-оны пайдаланушы адамдар мен жануарлар. Ал көміртегін шығарушы адам мен жануарлар болса, оны пайдаланушы өсімдік. Аулаларды, көшелерді көгалдандыруда мектеп оқушылары да өз үлестерін қоса алады. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіру үшін зауыттар мен фабрикаларда түтіндер ұстап қалатын сүзгі тазалығыш қондырғаларды орнату қажет, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану керек және әрбір адам қоршаған ортаға сүйіспешілікпен қараса өте дұрыс болар еді, яғни:
"Ластама, былғама
Айналанды қоршаған.
Таза тыныс, таза ауа
Сыйлайтұғын сол саған."
Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс. Табиғатты қорғау керек және қолдану керек. Бұнсыз адам қоғамындағы прогрес мүмкін емес. Адамдар арасындағы табиғатты қорғау принциптері мен ережелерінің сақталуы оны заңдастырылған жағдайда ғана сақталады. Ең негізгі табиғатты қорғау заңы болып - табиғатты әркімнің, қазақстан халықтарының аса бағалы байлығы ретінде, әлеуметтік, экономикалық дамуы мен адамзаттың жағдайының жақсаруының ең негізгі кепілі ретінде тануы болып табылады. Бірақ Заң автоматты түрде жүзеге асырылмайды, олар мемлекеттің басқарылуымен бақылаушы ұйымдар, прокуратура, сот, арбитражды сот, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер арқылы бақыланып отыралады. Бұл Заңдар азаматтардың бойында ешкімнің зорлығынсыз, күштеуінсіз, өз еркімен адамгершілік негізде қалануы керек. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері ережелерін сақтау және табиғатты қорғау, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірімен келешегі үшін үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде Жердің барлық: атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бәрі ластанаған, атмосферадағы газ баланысының өзгеруі, ластануының өсуі, оны қорғаудың, сақтаудың түрлі шараларын қатаң сақтауға, өндіріс орындарына жоғарғы сапалы тазартқыш қондырғылар орнатуға, өнеркәсіпте айналмалы процестер циклін қолдану және жаңашаландыра отырып қолға алуға баса көп көңіл бөлінуде. Суды уақытында қорғап, үнемді, тиімді пайдалану, оның қажеттілігі мен қолдану мүмкіншіліктерін арттырады. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет. Өсімдіктер, соның ішінде орман – орнын толтыруға болатын табиғат ресурстарының бірі. Оларды тиімді пайдалану, өсімдіктер бірлестігінің өзгерісі мен орнына келтіру экологиялық заңдылықтарға негізделген. Жануарлар дүниесі – табиғаттың орнына келтірілетін бөлігі ретінде адамдар оларды экологиялық заңдылықтарға сәйкес реттеп отырады, мысалы: өндірістік жануарларды белгілі бір тәртіп бойынша аулау, құрып бара жатқан және сирек кездесетін түрлерді қорғау мен қалпына келтіру, орман және ауылшаруашылық өнімдеріне қауіп төндіруші жәндіктердің санын азайту немесе керісінше, пайдалы жәндіктер санын өсіру сияқты жұмыстар жүргізіледі.
35
Қорытынды:
Адамзат баласы үшін табиғат-кең сарай мәңгі тозбас баспана. Демек өз төрінің басындағы тәртіп пен тазалықты қалар болсаң, түптеп келгенде табиғатпен санасу, оған қамқор болу – адамзат баласының асыл парызы. Балыққа – су, құсқа-ау, аңға-орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю-Отаныңа қамқор болу деген сөз.
Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогрестік мейлінше жетілуіне орай, табиғатқа қамқорлық та ерекше қажет болып отыр. Ал жер бетіндегі торғайдың ұясынан бастап, ғарыш кемесіндегі тіршілікке қажет игілік атаулының бәрі де табиғатқа қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау-ана сүтін ақтамағанмен тең болып саналады. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен уланбаған болуы тиіс. Біз бұны табиғат тазалығы дейміз.
Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, сансыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.
Табиғаттың тарлытпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасыма,
Өзің-дағы содан тудың-табиғаттың ұлысың!
36
36
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ЗЕРРТЕУ
ИЗУЧЕНИЕ РАСТЕНИЙ И ЖИВОТНЫХ
ҚОРЫҚТАР МЕН ҚОРЫҚШАЛАР ТҰРҒЫЗУ
СТРОИТЕЛЬСТВО ЗАПОВЕДНИКОВ И ЗАКАЗНИКОВ
СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГІЗУ ЗАНЕСЕНИЕ РЕДКИХ РАСТЕНИЙ И ЖИВОТНЫХ В КРАСНУЮ КНИГУ
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫН ТҰРҒЫЗУ СТРОИТЕЛЬСТВО МУСОРОПЕРЕРАБАТЫВАЮЩИХ ЗАВОДОВ
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ САНАЛЫ ЖОЛМЕН АЛУ
РАЗУМНАЯ ДОБЫЧА ПОЛЕЗНЫХ ИСКОПАЕМЫХ
Ол сөзді біз жиі естиміз, өйткені экология өз ғаламшарымызды қалай қорғау керектігін үйретеді.
40
Табиғат – Ана құшағын аялайық,
Қорғау үшін күш жігер аямайық.
Ол болмаса сен жоқсың осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында “Жасыл ел” бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Бүгінгі жобадан алған білімімізді тәжірибемен ұштастыра отырып, туған еліміздің, жеріміздің табиғатын аялап, қорғай білуіміз керек.
Шығармашылық ізденіс сабақтарының оқушылардың тіл байлығын дамытуға, ой өрісін кеңейтуге, логикалық қабілетін жетілдіруге ықпалы орасан зор деп білеміз.
Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңіне өзіміздің Ш.Уалиханов (1835-1865) экология ғылымының дамуына өз үлесін қосты.
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,С.Сейфулин, М.Жұмабаев, І. Жансүгіров,
Қ. Аманжолов, М.Әуезов өз еңбектерінде табиғаттың кіршіксіз тазалығын, әсемдігін сиппаттай келіп, көпшілік қауымды оны қорғауға, аялауға әрі адам мен табиғат арасындағы байланыстың қалпын сақтауға шақырады.