kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Биоақпараттандыру және Синергетика (БжС) білім беру технологиясын география сабағында қолдану»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Республика бойынша кейбір мектептерде эксперимент түрінде оқыту сапасын басқару технологиясы енгізіліп келе жатқан,  авторы – ғалым- практик Вассерман Федор Яковлевич

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Биоақпараттандыру және Синергетика (БжС) білім беру технологиясын география сабағында қолдану»»

5 орта мектеп







«Биоақпараттандыру және Синергетика (БжС) білім беру технологиясын география сабағында қолдану»

(аудандық тамыз кеңесі )








Дайындаған:Баймурзина Г.К






















Шалқар, 2017 жыл


Баймурзина Гулден Кадирбаевна-Шалқар қаласының,№5орта мектебінің география пәні мұғалімі

Тақырыбы: «Биоақпараттандыру және синергетика білім беру технологиясын география сабағында қолдану»


Республика бойынша кейбір мектептерде эксперимент түрінде оқыту сапасын басқару технологиясы енгізіліп келе жатқан ,  авторы – ғалым- практик Вассерман Федор Яковлевич.

Биоақпараттану және синергетика (БжС) технологиясының мақсаты-  айқын бейнелейді, қажетті нәтижелер оқу сапасын басқаруды қажет етеді. Сапаны қамтиды, шынайылық сапаны тиімді басқаруда мүмкіндік береді. Технологияны нақты және жоспарлы түрде енгізуде оқу сапасын көтереді, оқушылардың оқу және жетілу сапасын бірнеше есе көтереді.

Оқыту сапасын     көтеру –   бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі.Педагог алдында білім, тәрбие берудің тың жаңашыл бағыттары жолға қойылуда. Олар – оқу, тәрбие, даму процестерін  жандандыру. Бұлардың  барлығы жеткіншектерге жүйелі білім , саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттігінен туып отыр.

Технологиялық қызметтің міндеттері:

-Мектептегі технологиялық үрдіске қойылымды ұйымдастыру

-Сапалы білім беруді басқару

-Өздік жұмыстар мен нормативтерді бақылау

-Оқушылардың ойлауын шынықтыру мен дамыту

-Әр түрлі ойлау жолдары бойынша жарыстар өткізу

Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру,  білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда  кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын ұйымдастыру формаларын анықтайды. Орал қаласының №19 орта жалпы білім беретін мектеп Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының бұйрығымен 2011 жылдан бастап   қазақстандық ғалым Ф.Я. Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясын қабылдады.Автор көптеген қазақстандық және халықаралық  педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының  нормативтік көрсеткішін құрды. Оның жасаған қорытындысы  бойынша оқыту сапасын басқару -оқыту нәтижесін толық  көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана  сапаның  нақты көрсеткіштері  көрінеді. Өлшем нормаларының  бірі  –  тапсырманы  орындау уақыты. Оқу процесін    дамытуда  «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні  тәжірибеде дәлелденіп отыр. «Биоақпараттандыру және синергетика» білім  беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті  технологиялық  карталар құрылымын да ұсынған.

«БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі: 
-Мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады.

-Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы. 

-Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

-Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді

- Өзара қарым-қатынас қалыптасады.

-Жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады.

- Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады.

-Машықтандыру жаттығулары жасалады.

-Оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі 
-Сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды; 
-Мұғалімнің сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. 
-Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор. 

«БжС» технологиясы  бойынша өткізілген  сабақтардың  дәстүрлі сабақтарданайырмашылықтары: 
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
–Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. 
Сыныптағы  5 оқушы тапсырманы  орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі.
«Биоақпараттану  және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.Білім  сапасы  мен деңгейін арттыруда  тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда  сабақ барлық пән бойынша  өзіне сәйкес келетін технологиялық  карталармен жоспарланады.Әр  картаның өзіндік   ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне  де негізделген.
Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек.

Ендігі кезекті осы оқу жылының жоспарына сәйкес, «Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясы-сапалы білім беру кепілі»тақырыбында өткізілген аудандық семинарда берген сабағымды назарларыңызға ұсынамын: Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері «Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы

Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалардың әсері туралы толық білім беру. Оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жету. Ақпаратты өз бетінше меңгеру құзыреттілігін дамыту. Оқушылар үшін индукция және дедукция, зейін, қабылдау, жадыны жаттықтыру және толығымен ойлау түрлерін түйінді дамыту

Міндеттері:

  • Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;

  • есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;

  • пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;

  • өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;

  • өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: слайд, атлас, ООМ,ТСО.

Сабақтың барысы:


Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1 кезең.

Ұйымдастыру


Оқушылардың зейінін жинақтау:


Тірі ағза  (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе.

ООМ

А

Б

В

С

Д

Е
































2 кезең.

Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасының орындалысын тексеру: „ Тірі ағзалардың қалыптасу заңдылықтары” тақырыбы бойынша сұрақтар қою

1.Жер бетінде өсімдіктердің қанша түрі таралған? 500 мыңдай

2.Жер бетінде жануарлардың қанша түрі таралған? 1 миллионнан асады

3.Табиғат зоналарының аттары көбіне немен сәйкес келеді? Зоналардағы басым өсімдік түрлерінің атауымен

4.Неліктен бунақденелілердің, микроағзалардың, яғни бактериялар мен саңырауқұлақшалардың санының тап басып айту қиындық туғызады? Ғалымдар жыл сайын олардың жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа түрлерін ашуда (табуда)

5.Сүтқоректілер мен құстардың жаңа түрлерінің ашылулары қай жерлерде кездеседі? Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ормандарында

6.Тірі ағзалардың тіршілік формасы қандай? Сан алуан

7.Тірі ағзалардың бір жерден екінші жерге өткенде тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты несі ауысады? Тіршілік формасы

8.Өсімдіктердің тіршілік формаларына мысал келтір. Ағаштың түрлері (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл ормандар), бұталар, шала бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер, т.б.

9.Жануарлардың қандай тіршілік формаларын білесің? Сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, бунақденелілер

10.Өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың таралу заңдылығын қандай ғылым зерттейді? Биогеография

11.Биогеография ғылымы өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың таралу заңдылығымен бірге тағы нені зерттейді? Олардың бірлестіктерін, яғни биоценоздарды

12.Биоценоз неден тұруы мүмкін? Жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден

13.Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын не анықтайды? Өсімдік

14.Өсімдік жер бетінде қалай таралған? Жер бетінде түгелдей таралған

15.Өсімдіктерсіз не тіршілік ете алмас еді? Жануарлар мен микроағзалар

16.Неліктен өсімдіктерсіз жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмас еді? Өйткені, тек қана өсімдіктер күн сәулесін сіңіре отырып, көмірқышқыл газын, су және минералдық заттарды құрай алады

17.Кез келген биоценоздағы жануарлар дүниесінің бай болуына не әсер етеді? Өсімдіктерге бай болуы

18.Жер бетінде өсімдіктер қалай таралған? Белгілі заңдылықтарға сәйкес

19.Өсімдіктердің түрі қай аймақтарда аз болып келеді? Полярлық аймақтарда

20.Қай аймақтарда өсімдіктер өте қалың және түрі де көп таралған? Экваторлық аймақтарда

21.Жануарлар мен өсімдіктердің таралуы неге байланысты?Климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына)

22.Құрлықта климаттың өзгеруіне байланысты жануарлар мен өсімдіктер қалай таралған? Климаттың өзгеруіне сәйкес экватордан полюстерге қарай өзгереді

23.Жердегі тіршіліктің таралуындағы зоналылық заңдылықтарын қалай түсіндіруге болады? Күннен келетін жылудың жер бетіне таралуымен

24.Климаттың экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес жер бетінде не өзгереді? Топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі

25.Климаттың өзгеруіне байланысты топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі де өзгереді, соған сәйкес жер бетінде не қалыптасады? Табиғат зоналары




Оқушылардан ООМ арқылы сұралады.Алдымен сұрақ қоямыз,одан кейін ООМ көрсетеміз. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус таңбасы қойылады.

3 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру









Тірек сөздермен жұмыс


Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.

1.Жер 12.Атмосфера

2.Климат 13.Гидросфера

3.Фотосинтез 14.Литосфера

4.Қара шірік


Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады

4 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 4 мин.

5 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қиылыс сұрақтар

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Ғалымдар Жердің жеке планета ретінде бұдан қанша жыл бұрын пайда болғандығын айтады? 5 млрд жыл бұрын

2.Біздің планетамыз өзінің дамуында қанша кезеңді бастан кешірді? 2 кезеңді

3.Жер планетасы өзінің дамуында қандай кезеңдерді бастан кешірді? Тіршілікке дейінгі кезең және тіршілік кезеңі

4.Жердегі алғашқы қарапайым ағзалар қашан пайда болған? 3 млрд жыл бұрын

5.Тірі ағзалар жер қабықтарын қалай өзгерткен? Алғашқы қалпынан өзгертіп жіберген

6.Жер атмосферасының қазіргі күйі ненің нәтижесінде қалыптасқан? Ағзалардың тіршілік әрекетінің әсерінен

7.Ауаның құрамындағы оттегі қалай пайда болған? Өсімдіктердің күн қуатының күшімен көмірқышқыл газын ыдыратуының нәтижесінде

8.Ғалымдар қазіргі кезде атмосферада бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер қанша жылда бөліп шығаратындығын айтқан? 10 000 жылда

9.Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеймеуі неліктен? Жануарлардың тыныс алуына, жануға және тағы басқа құбылыстарға байланысты

10.Фотосинтез құбылысы дегеніміз не? Өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаруы

11.Ауадағы газ құрамы ненің әсерінен реттеліп отырылады? Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің әсерінен

12.Гидросфераның ағзалардың тіршілік әрекетіне қандай қатысы бар? Ағзалар ұдайы суды бойына тартады және шығарып отырады

13.Әсіресе қай ағзалар суды бойына көп тартады? Өсімдіктер

14.Жыл сайын құрлықтан буланатын судың тек орман өсімдігінің үлесіне қаншасы тиеді? 10%-ы

15.Тірі ағзалар Жер бетіндегі бүкіл суды қанша уақытта денесінен өткізіп шығаратындығы дәлелденген? 2 млн жылда

16.Ағзалардың тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді қалдықтар ненің құрамына әсер етеді? Құрлықтағы судың құрамына

17.Дүниежүзілік мұхиттың тұз құрамы да неге байланысты? Ағзаларға

18.Ағзалардың литосфераға әсері неден байқалады? Екі түрлі жағдайда (олардың құрылуына және үгілуіне қатысады)

19.Ағза қалдықтарынан тау жыныстарының қандай тобы құралады? Органикалық тау жыныстары

20.Органикалық тау жыныстарына нелер жатады? Әктас, ұлутас, тас көмір, шымтезек, жанғыш тақтатас, мұнай, т.б.

21.Ағзалардың литосфераға әсерінің екінші түрін ата. Тау жыныстарының үгілуіне әсер етеді

22.Топырақ қай жерде түзіледі? Литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында

23.Топырақ деген не? Тірі және өлі табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене

24.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуы неге байланысты? Климат жағдайларына

25.Топырақ жамылғысы жер бетінде қалай таралады?Өсімдіктер сияқты, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді

26.Қандай топырақтың құнарлылығы жоғары болады? Құрамында қарашірігі көп топырақтың

27.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуын қайдан көруге болады? Топырақ картасындағы түрлі-түсті бояуларынан

28.Қандай топырақ ең құнарлы болып саналады? Қара топырақ

29.Қай жердің топырағы қарашірікке бай болады? Даланың топырағы

30.Оңтүстікке қарай топырақтың түсі бозаң тарта беретіндігі неліктен?Құрғақ климат жағдайында өсімдіктердің түгелдей қурап кетіп, топыраққа қарашіріктің аз қосылуынан

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Ғалымдар Жердің жеке планета ретінде бұдан 8 млрд жыл бұрын пайда болғандығын айтады. –

2.Біздің планетамыз өзінің дамуында 5 кезеңді бастан кешірді. –

3.Жер планетасы өзінің дамуында тіршілікке дейінгі кезең, тіршілік қалыптаса бастаған кезең және тіршілік кезеңдерін бастан кешірді. –

4.Жердегі алғашқы қарапайым ағзалар 5 млрд жыл бұрын пайда бола бастаған.–

5.Тірі ағзалар жер қабықтарын алғашқы қалпынан өзгертіп жіберген. +

6.Жер атмосферасының қазіргі күйі ағзалардың тіршілік әрекетінің әсері нәтижесінде қалыптаспаған. –

7.Ауаның құрамындағы оттегі адамдардың тыныс алу нәтижесінде пайда болған. –

8.Ғалымдар қазіргі кезде атмосферада бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер 20 000 жылда бөліп шығаратындығын айтқан. –

9.Жануарлардың тыныс алуына, жануға және тағы басқа құбылыстарға байланысты ауадағы оттегі мөлшері көбейеді. –

10.Фотосинтез құбылысы деген өсімдіктердің оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығаруы. –

11.Ауадағы газ құрамы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің әсерінен реттеліп отырады. +

12.Гидросфераның ағзалардың тіршілік әрекетіне әсері –ағзалар ұдайы суды бойына тартады және шығарып отырады. +

13.Жануарлар суды бойына көп тартады. –

14.Жыл сайын құрлықтан буланатын судың тек 6%-ы орман өсімдігінің үлесіне тиеді. –

15.Тірі ағзалар Жер бетіндегі бүкіл суды 1млн жылда денесінен өткізіп шығаратындығы дәлелденген. –

16.Ағзалар тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді қалдықтар құрлықтағы судың құрамына әсер етеді. +

17.Дүниежүзілік мұхиттың тұз құрамының ағзаларға байланысы жоқ. –

18.Ағзалар литосфераға екі түрлі жағдайда (олардың құрылуына және үгілуіне қатысады) әсер етеді. +

19.Ағза қалдықтарынан тау жыныстарының шөгінді тау жыныстары тобы құралады. –

20.Шөгінді тау жыныстарына – әктас, ұлутас, тас көмір, шымтезек, жанғыш тақтатас, мұнай жатады. –

21.Ағзалардың литосфераға әсерінің екінші түрі – тау жыныстарының үгілуіне әсер етеді. +

22.Топырақ – литосфераның төменгі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында түзіледі. –

23.Топырақ деген тірі және өлі табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене. +

24.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларына байланысты емес. –

25.Топырақ жамылғысы жер бетінде қалай өсімдіктер сияқты, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді. +

26.Құрамында қарашірігі аз топырақтың құнарлылығы жоғары болады. –

27.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуын топырақ картасындағы түрлі-түсті бояуларынан көреміз. +

28.Сұр топырақ ең құнарлы болып саналады. –

29.Даланың топырағы қарашірікке бай болады. +

30.Құрғақ климат жағдайында өсімдіктердің түгелдей қурап кетіп, топыраққа қарашіріктің аз қосылуынан топырақтың түсі ақшыл қоңыр болады. –

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.


Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.

6 кезең.

Бекітуді

алғашқы

ұйымдастыру

ТСҚ

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.

5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

7 кезең.

Талдау және қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

5 балдық шкаламен бағаланады.

8 кезең.

Үйге тапсырма

§51. „ Топырақ-биосфера іргетасы ” тақырыбымен танысып келу.

Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.



Қорытындылай келе,Ұстаздардың  шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар құрудың тәрбиелік мәні зор.  Мектебімізде  жаңа технологияға байланысты 95ұстаз сертификатталды. Әріптестерім де бұл технологияны сабақта үнемі қолданып,бір-бірімізбен тәжірибе алмасып отырамыз.Әр сыныптан оқушылардан құралған кеңес мүшелері сайланған. Мысалы:оқу,тәртіп,ақпарат,мәдениет секторларына бөлінеді.Олар мектеп оқушыларынан жиі бақылау жұмыстары мен сөздік қорлар алып отырады.


Ұсыныстар:

-Биоақпараттану және синергетика технологиясы бойынша пән апталықтары мен семинарлар өткізу

-Сабақ жоспарының үлгісін дайындау;

-Сертификат 3жылға емес,5жылға берілсе екен.


Рефлексия. 1.Өзіңіз осы технологияны сабақта қолданасыз ба?

2.БжС технологиясының сіз үшін басты тиімділігі қандай?

3.Бүгінгі сабақтан алған әсерініз?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 25.10.2017

Номер свидетельства: 434449


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства